Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:40, реферат
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды.
Ауыз қуысы
Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma — ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).
Ауыз қуысына күтім жасау
Ауыз қуысының саулығы үшін тамақтан кейін қанты жоқ сағызды пайдаланудың тиімділігі клиникалық дәлелденген. Қанты жоқ сағыз ауыз қуысының саулығына түрлі тәсілдермен әсер етеді:
Сілекейдің бөлінуіне әсер етеді
Сілекей ауыз қуысының мықты қорғаушысы болып табылады, себебі оның құрамында бактерияға қарсы заттар бар. Ал сағыз медициналық препараттарды қабылдамай-ақ, сілекейдің бөлінуін көбейтудің тиімді әрі жағымды тәсілі. Сілекей тамақ қалдығын ерітіп, шайады, бикарбонат тіс қағының пайда болуын туғызатын қышқылдардың әсерін бейтараптандырып, жояды, ал кальций мен фосфат иондары тісжегіні бірден жойып, тіс эмалінің реминералдануына көмектеседі.
Ауыздың құрғауы сияқты жағымсыз сезімді жояды
Тіс эмалін қалпына келтіруге және тістерді нығайтуға көмектеседі
Тісжегінің пайда болу қаупін төмендетеді
Дақтардың пайда болуының алдын алып, оның азаюы арқылы тістің ағаруына көмектеседі.
Тіс сау болуы үшін қанты жоқ сағызды қолданудың пайдасы зор екендігі туралы жарияланған ғылыми зерттеулер көп. Тамақтан кейін қанты жоқ сағызды пайдалану ауыз қуысы гигиенасын сақтауда маңызды қосымша құрал болып табылады.
Ауыз қуысының саулығына қатысты соңғы зерттеулерге сәйкес «Ауыздың саулығы» тісжегі ауруының төмендеуіне ғана байланысты емес, оған ағзаның жалпы саулығы да басты рөл атқара алады.