Жер кадастры туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 18:49, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272,5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи – шаруашылық аумақ пен 2 табиғи – шаруашылық облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112,2 млн га/, шөлейт /37,3 млн га/ және дала /62,4 млн га/ аумақтарында болып отыр.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Жер кадастры
Жер кадастрының негізгі принциптері;
Жер кадастрының объектісі және оның классификациясы
ІІІ.Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

табигатты пайдалану экономикасы.docx

— 39.34 Кб (Скачать)

Практикалық мәселелерді  шешу үшін және жер қорын құқықтық реттеу үшін, көрсетілген бөлінулер  жеткіліксіз. Сондықтнан жер қорының  сипаттамасы кадастр объектісі  ретінде, көбірек толық болуы  және оның халық шаруашылығының бөлек  салаларында міндет атқаруы көрсетілуі керек. Өндірістік талабын ескеріп  отырып, бәрінен бұрын жерлер сипаттарға /категорияға/ бөлінеді.

Республиканың мемлекеттік  органдары республика шегінде бірыңғай мемлекеттік жер қорына билік  етеді, оны пайдаланудың келешектік жоспарын жасайды, жерді пайдалау тәртібін белгілейді, сондай-ақ жер қатынастарын реттейді. Облыстық, аудандық /қалалық/, мемлекеттік органдар, өз кезегінде  жерді ұтымды пайдалану және қорғау, жердің пайдалануы мен олардың жерге  орналастыруына мемлекеттік бақылау  жасау бойынша көптеген мәселелерді  шешеді. Сондықтан, бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде, мемлекеттік-шаруашылық органдарының шаруашылық және құқықтық қызметін жүзеге асыру, осы бөлімшелер бойынша  жер қорын есепке алынуының  нақты қажеттілігін тудырады. Қазақстан  Республикасының аймақтары және облыстары бойынша жер қорының  жағдайы, бөлінуі екінші, үшінші кестелерде келтірілген.

2-кесте мәліметтерінен  көрініп тұрғандай Қазақстан  Республикасының жер аумағы 272490,2 млн. га құрайды, өзара 15 әкімшілік  аумақтық бірліктерге бөлінеді. Бұнда үлкен жер ауданына Қарағанды-42798,2 мың га, Ақтөбе-30062,9 мың га және Шығыс Қазақстан – 28322,6 мың га облыстары ие.

Республикамызда 169 әкімшілік  аудан бар, қалалар мен поселкелер саны - 304, ал ауылдық елді мекендері саны – 7164. Бұл көрсеткіштер республиканың жер қорының мөлшері үлкен және әкімшілік бөліну объектілерінің санының көп екендігін көрсетеді, мұнда жер кадастры бойынша жүргізетін жұмыстар да көп болуы тиісті. Бұндай үлкен көлемді кадастрлық жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі республикалық Агенттігі, 14 облыстық, 169 аудандық және біршама қалалық комитеттер барлық деңгейдегі әкімшіліктер

3-кесте - Қазақстан Республикасының территориясы,

аудандар мен елді мекендер саны /01.01.2004 ж./

 

Облыстар атауы

Аумағы

мың.га

Аудандар саны

Қалалар

мен пос.,

саны

Ауылдық елді

Мекендер

саны

1

Ақмола

14621,9

14

19

502

2

Ақтөбе

30062,9

12

10

431

3

Алматы

22396,3

16

27

728

4

Атырау

11863,1

7

16

129

5

Шығыс Қазақстан

28322,6

15

54

121

6

Жамбыл

14426,4

10

16

367

7

Батыс Қазақстан 

15133,9

12

6

528

8

Қарағанды

42798,2

10

54

389

9

Қызылорда

22601,9

7

18

201

10

Қостанай

19601,1

16

20

733

11

Маңғыстау

16564,2

4

10

24

12

Павлодар

12475,5

10

15

506

13

Солтүс. Қазақстан

9799,3

16

16

967

14

Оңтүст. Қазақстан

11724,9

12

20

838

15

Алматы қ.

28,0

6

1

-

16

Астана қ.

71,0

2

1

-


мен ведомстволары, жерге  орналастыру органдары және басқа  да мамандандырылған кәспорындар орындауы керек.

 

4-кесте - Қазақстан Республикасының табиғи ауыл шаруашылық аймақтары бойынша жер қоры /мың га/ 01.01.2004 ж.

 

Аймақтар 

Барлық 

Жерлер

А/ш алқаптар

Соның ішінде

егістік

1

Орманды дала

758.2

506,2

262,5

2

Далалық

26448.0

23514,7

12051,8

3

Құрғақ далалық

62386.8

55617,1

10768,0

4

Шөлейт

37258.8

33858,7

205,7

5

Шөл

112152.3

83473,9

184,5

6

Тауалды – шөлді

12286,8

10241,8

1745,0

7

Субтропикалық шөл

4376,7

3800,7

51,8

8

Субтропикалық-тауалды шөлейт

3509,9

3053,5

666,0

9

Орта азия таулы облысы

10138,6

7064,4

435,2

10

Оңтүстік сібір таулы  облысы

3174,3

1433,1

240,0

11

Республика бойынша барлығы

272490,2

222568,7

26610,7


Қазақстан Республикасының  территориясы табиғи-климаттық, топырақтық жағдайларының әр түрлі болғандығына байланысты 10 табиғи-ауыл шаруашылық аймақтарға бөлінген /3-кесте/. Республика жерінің  ең үлкен ауданы құрғақ далалы – 62386,8 мың га, шөлейт – 37258,8 мың га, далалық - 26448,0 мың га аумақтарында орналасқан. Ең үлкен егістік аудандары: далалық - 26448,0 мың га және далалық - 10768,0 мың га аймақтары орталығында орналасқан. Жалпы егістік ауданы республикада – 26610,7 мың га, ал ауыл шаруашылық алқаптарының ауданы- 222568,7 мың га құрайды.

Қолданылған әдебиеттер

  1. www.Google.kz
  2. Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж., Нюсупова Г.Н. Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу (Оқулық) – Алматы:  2005 –    179 бет.
  3. kk.wikipedia.org/wiki/жер_кадастры

Информация о работе Жер кадастры туралы түсінік