Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 08:51, лекция
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы егемендігі, даму туралы мәлімет беру тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау, көрсету. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік қасиеті тұнған ұлы ұғым»
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы егемендігі, даму туралы мәлімет беру тәуелсіз Қазақстанның тарихын әңгімелеу, тәуелсіздікке қалай жеткендігін баяндау, көрсету. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз елінің ұлтжанды патриоты болуға баулу, өз елінің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі:Елтаңба, Ән ұран, Ту, Суреттер, Нақыл сөздер.
Жүру барысы:
1-жүргізуші.
Рухсыз ұлт-ұлт емес. Оны тарих дәлелдеген. 80 жылдардың екінші жартысында біздің халқымыздың рухы өсті, мұхиттай буырқанып, бусанып жатты. Тәуелсіздіктің өкпек желі үздіксіз соғып тұрады.
2-жүргізуші.
Қазақстан ол кезде әлде болса Қызыл империяның құрсаңында болатын, бірақ әне-міне деп құлдық шынжыр үзілгелі тұр еді. Осы құлдық шынжырды мезгілінен бұрын үзген, алдаспан қылыштай болған уақиға 1986 жылдың 16-желтоқсанында Алматы қаласында болған қазақ жастарының көтерілісі еді. «Мен-Қазақпын» деген әрбір қазақ бұны білуі тиіс.
1 оқушы: Баймұрат
Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Мен қазақпын, бір биік белеспін мен
Еуропа да, Азия да емеспін мен
Аралықпын жетінші құрлықтай
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
2 оқушы: Гауһар
Мен-Қазақпын, биікпін,байтақ елмін,
Қайта тудым,өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1-жүргізуші
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді.Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама?
2-жүргізуші
Иә, өткен ғасырлардағы, үстіміздегі ғасырдың басындағы қандышайқастар, ірілі-ұсақты небір көтерілістер, ең ақырғысы тарихқа «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен енген кейіннен «Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі» деген бағаға ие болған 1986 жылғы жастар мен студенттердің жанкештігі, бостандық үшін жас жанын пида еткен жас боздақтардың ерліктері халық санасынан, мына сіздердің саналарыңыздан өшер ме?
Есенжанова Ақсәуленің Тәуелсіздікке орай шығарған өз өлеңін
Ән: Хормен Отаным Қазақстан
1-жүргізуші
Жазықсыз опат болған жас боздақтар қаншама! Қан-жоса болған қайран тағдырлар-ай! Өздерінің туған жерінде жүріп керзі етік пен кесірліктің табанына түскен қайран жастық-ай!
Ата-ана:Аружан. Ләззатты жоқтау.
Қызғалдағы еркін өскен
Ұға білген тәрбиесін ананың
Желтоқсанда суық ұрған бәйшешек,
Кете бардың құрбаны боп жаланын
Әсем едің, ашық еді қабағың,
Биіктердің көрінгендей талабың.
Әділетсіз жандар барын білмеп пе ең,
Айтшы, жаным, неге өлімді қаладың?
Ата-ана:
Алау жүрек, намыс оты қайнаған,
Тәуелсіздік болған еді ізгі арман.
Сенсіз міне өтіп жатыр тіршілік,
Бүлдіршін қыз ғұмырыңды жалғаған.
Сүйе білген тілін, елін-бесігін,
Қиянатын надандардың кешірген.
Қайдасыздар, Желтоқсанның батыры,
Мәңгі өшпес жүректерден есімің.
2-жүргізуші
1986 жыл.Желтоқсан Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсн желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Ата-ана: Аружан
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болам деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!
Би: Дәмелі «Саржайлау»
1-жүргізуші
Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді?
Елбең-елбең жүгірген.
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген қаратып
Ақ сауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр!
Ақбөбек
Қаймана қазақ қамы үшін
Қараусыз шықтық алңға
Алыстан әскер алдырып
Қырып салды-ау табанда
Сөйлесем даусым жетпейтін
Кез болдық мынау заманға
Шовинизм еді ғой
Басты себеп
жанжалға,-деп жыр нөсерін
Көрініс:
Тергеуші Қайратқа сұрақ қояды.
Тергеуші: Сен өзіңнің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па?
Қайрат: Жоқ, мен Савицкийді өлтіргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер, атыңдар! Көзін құртыңдар!
Қайрат:
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
«Еркек тоқты-құрбандық»,
Атам десең атыңдар
Қайраттың ең соңғы сағынышты да қайғылы мәңгі қоштасу хаты.
Ғасырбек:Хаты
Ән: Хормен «Көгершін»
Жұлдызай. «Тәуелсіздік»
1-жүргізуші
Бірлік болсын-ел аман,
Тыныш болсын бұл заман
Берекесін бере берсін
Бейбіт жатқан бұл далам!
2-жүргізуші:
Міне ,балалар мұғалімдер, Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Осы тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәртіп керек. Болашақ өз ұлтын сүйетін, өз елін, жерін, Отанын сүйетін ұлтжанды, өр намысты, биік рухты сендердің қолдарыңда. Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былай және мәңгі тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса бермек! Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна, Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Әнұран орындалады.