Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 14:00, доклад
Беларусь Республикасы (белор. Рэспубліка Беларусь, орыс. Республика Беларусь) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумағы жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні — православие (70%). Ақшасы — рубль. Ұлттық
Тарихы
Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған.
Олар 1918 ж. ақпанның 19-нан 20-на қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып алды да, Беларусь Халық Республикасын құрды. 1919 ж. қаңтарда бұл үкіметті Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 ж. 1 қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. 30 желтоқсанда КСРО құрамына енді. Молотов — Рибентроп келісімі бойынша 1939 ж. қараша айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғайды.