Табиғаттағы су айналымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 09:52, реферат

Описание работы

Су – бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады.
Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін.

Содержание

Мазмұны
1 Суды зерттеу
1.1 Гидрология
1.2 Жер асты сулары
1.3 Табиғаттағы су айналымы
2 Суды тазарту жолдары
3 Судың физикалық қасиеті
4 Химиялық қасиеті
4.1 Жай заттармен әрекеттесуі:
4.2 Күрделі заттармен әрекеттесуі:
5 Су - еріткіш
5.1 Пайдаланылған сілтемелер

Работа содержит 1 файл

345.doc

— 77.00 Кб (Скачать)

    Са + 2НОН = Са(ОН)2+ Н2↑ 

    Белсенділігі  тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі:

    Mg + НОН = MgO + H2 

    Белсенділігі  төмен металдар сумен әрекеттеспейді. 

    II. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі - ол «су газы» деп аталады:

    С + НОН=СО↑+Н2↑ 

    Көмірді жағарда оған су қосып шылайтынын білесіңдер, сонда түзілген екі газ  да жанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі.

    Сl2 + НОН = НСlO + HCl

    [өңдеу]  Күрделі заттармен әрекеттесуі: 

    I. Активті металдардың оксидтерімен  әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер) түзеді.

    Na20 + Н20 = 2NaOH 

    Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н20 Са (ОН)2 + QМеталл оксидтері + су = негіз 
 

    II. Кейбір бейметалдардың оксидтері  сумен әрекеттескенде қышқыл  түзеді. Күкірттің бір түйірін  алып жақсак оның оксиді түзіледі:

    S + O2 =SO2 

    Жану  өнімін суға жіберсек: S02 + Н20 = H2S03 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl20 + H20 = 2HCl0 N2O3 + H20 = 2HN02Бейметалл оксидтері + су = қышқыл 
 

    III. Белсенділігі жоғары металдардың  гидридтері де сумен әрекеттесіп гидроксидтер береді.

    NaH + НОН = NaOH + Н2↑ 

    IV. Кейбір тұздар сумен химиялық  әрекеттесіп кристаллогидраттар  түзеді:

    CuS04 + 5H20 = CuS04 * 5H20 мыс купоросы;

    FeS04 * 7H20 темір купоросы;

    Na2S04 * 10H20 глаубер тұзы. 

    Кристаллогидраттардың молекулалық массасын - тұздың молекулалық массасына су молекулаларының массаларын қосып табамыз. 

    Mr(Na2C03*10H20) =106+180=286.[7] 

    Сутектік  байланыс моделі (1) су молекулалары арасында

    Су - еріткіш 

    Су - біршама инертті биологиялық  еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен. 

    Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс  қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында - 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай. 

    Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л ). 

    Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға  байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым  артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. 

    Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий тендзінде 13 г / л , Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады. 

    Берілген  зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери  алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп аталады. 
 
 

    Пайдаланылған сілтемелер 
 

    1 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын баскарған  э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

    2 Қазақ тілі терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    3 Мұнай және газ геологиясы  танымдық және кәсіптік-технологиялық  терминдерінің түсіндірме сөздігі.  Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0

Информация о работе Табиғаттағы су айналымы