Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:58, лекция
Өсімдіктердің суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Топырақ, өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбірі саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады.
Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады.. Жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі.Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді