Сауд Арабиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 17:59, доклад

Описание работы

Сауд Арабиясы Арабия түбегінің 80% (2240 мың км2) алып жатыр және құрлықта солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Йеменмен, Оманмен, БАӘ-мен және Катармен шекаралас.
Сауд Арабиясы ыстық шөлдік климат аумағында орналасқан, сондықтан оның территориясының көп бөлігін шөлдер алып жатыр. Орман өсімдіктері тек қана елдің оңтүстік-батысында орналасқан Асир тауының бөктерлерін жауып жатады. Орман аумақтары Хиджаз алқаптарында да кездеседі. Әртүрлі аудандарда климаттың өзіндік ерекшелігі бар. Қызыл теңіз жағалауы – Тихама шөлді аумағы («Ыстық ел») – жер шарының ең ыстық және тымырсық жерлері қатарына жатады. Мұнда температура ешқашан +15 0С түспейді және көбіне +45 0С жоғары болады. Қызыл теңізде су +30 0С дейін ысыйды, ал бір жылда буланатын су қабаты 3,5 м құрайды. Буланудың көп мөлшерде ауаға сіңетіні сондай, күнге жайылған ылғал орамал кеппей қалады.

Работа содержит 1 файл

Болатбек - Сауд Арабиясы.docx

— 18.26 Кб (Скачать)

     САУД  АРАБИЯСЫ 

     Сауд  Арабиясы Арабия түбегінің 80% (2240 мың км2) алып жатыр және құрлықта солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында Йеменмен, Оманмен, БАӘ-мен және Катармен шекаралас.

      Сауд  Арабиясы ыстық шөлдік климат аумағында  орналасқан, сондықтан оның территориясының  көп бөлігін шөлдер алып жатыр. Орман өсімдіктері тек қана елдің оңтүстік-батысында орналасқан Асир тауының бөктерлерін жауып жатады. Орман аумақтары Хиджаз алқаптарында да кездеседі. Әртүрлі аудандарда климаттың өзіндік ерекшелігі бар. Қызыл теңіз жағалауы – Тихама шөлді аумағы («Ыстық ел») – жер шарының ең ыстық және тымырсық жерлері қатарына жатады. Мұнда температура ешқашан +15 0С түспейді және көбіне +45 0С жоғары болады. Қызыл теңізде су +30 0С дейін ысыйды, ал бір жылда буланатын су қабаты 3,5 м құрайды. Буланудың көп мөлшерде ауаға сіңетіні сондай, күнге жайылған ылғал орамал кеппей қалады.

      Ішкі  аудандардың климаты құрғақтығымен  және континентальдығымен ерекшеленеді. Ауаның орташа тәуліктік температурасы  шілде айында +30 0С, қаңтар айында - +10 0С құрайды. 20-25  0С құрайтын тәуліктік ауытқулар өте қатты байқалады. Самум желі қолайсыз климаттық фактор болып табылады, ол кез келген жыл мезгілінде, көбіне көктем мен жазда болып тұрады. Самум – көп мөлшердегі құм мен шаңды көшіріп, күнді қараңғылайтын күшті және қысқа мерзімді (3 сағатқа дейін) дауыл. Орын алған жағдайда ауа температурасы +50 0С жетеді, ал салыстырмалы ылғалдық нольге жуық болады.

      Жауын-шашын  өте сирек жауады. Жауын-шашынның көп мөлшері қыста болып, Хиджаз аумағына концентрацияланады. Жауын-шашындар қысқа мерзімді нөсер түрінде  болады, ол қатты екпінді тасқын тудырады. Ежелгі уақытта олар ыңғайлы жол ретінде құрғақ алқаптың түбімен жүретін  керуендердің опат болуының себепші болды. Уақытша тасқын сулары шөлде адасып кетеді, олар құм арқылы тереңірек ағып өтіп, жер асты су қорын толтырады. Төмен жерлерде жер асты сулары жер бетіне шығады да, оазистердің қалыптасуына ықпал етеді. Эль-Хаса ауданында (Парсы түбегі жағалауы) жер асты сулары ең әртүрлі қайнар көзі ретінде шығады: салқын, ыстық, тұщы, тұзды, күкіртті. Эль-Хасаның оңтүстігінде орналасқан Хуфуф оазисінде судың 40 жуық қайнар көзі бар. Елдің басқа аудандарында қайнар көздер сирек кездеседі. Сауд Арабиясының көптеген провинцияларының табиғат жағдайлары негізінен туризмнің дамуына қолайсыз.

      Археологиялық жағынан Сауд Арабиясы аз зерттелген, және оның ежелгі тарихы да нашар зерттелген. Алғашқы ең мықты араб мемлекеті астанасы Медина (662 ж.) болған  Араб Халифаты еді. Сауд Арабиясы қазіргі шекарасымен 1926 жылы құрылды, ал атауын 1932 жылы алды. Мәдени-тарихи объектілер негізінен діни архитектуралық ескерткіштермен – мешіттер мен мешіт мұнараларымен ұсынылған. Эр-Рияд, Мекке, Джидда және басқа да қалалардың іскер орталықтарының қазіргі заманға сай архитектурасы қызықтырады. Негізінен мәдени-тарихи әлеуеті елдің территориясына мықты бөлініп-бөлініп орналасқан және танымдық туризмнің дәстүрлі формаларын ұйымдастыруда аз қолданылады. соған қарамастан, территориясында ислам діні қалыптасқан ел ретінде Сауд Арабиясы барлық әлем мұсылмандарының қажылық орталығы болып табылады. Қажылықтың басты объектілері болып Мекке мен Мадина қалалары табылады.

      Мекке Қызыл теңіз жағалауынан 77 км жерде  құмды төбелер мен вулкандық  жартастардың қоршауында орналасқан. Мекке – Хиджаз провинциясының әкімшілік  орталығы және әлемдік исламның діни орталығы. Мұнда Меккенің орталық  мешітінің ішкі сарайында орналасқан мұсылмандардың ең басты құрмет тұтатын  қасиетті Қағба («Куб») ғибадатханасы  орналасқан. Қағба куб секілді  болып келген және қара жібек матамен  жабылған. Ғибадатхананың қабырғаларының біріне алақан пішініндегі қара тас кіргізіліп орналастырылған. Аңыз бойынша оны періште Жебрейіл Адам Атаға берген. Арабтар бұл тасқа исламға дейінгі дәуірде табынған. Қағбаның қасында таңқаларлық дәмді суымен қасиетті бұлақ Зәм-Зәм – Зәм орналасқан. Орталық мешіттің Қағба айналасындағы ашық аулаға дұға ету кезінде бір мезгілде 750 мың қажыны сыйғызады.

      Меккеге қажылыққа (хадж) қасиетті рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң барады. Қажылық исламға қарағанда ертерек  пайда болған, және оның пайда болуын Авраам және Исаак ұлы әкелердің атымен байланыстырады. Қазіргі формасын оған Мұхаммед берді, ол Меккеге соңғы рет 632 жылы барған. Орталық мешітке барғандағы басты рәсім болып Қағбаны жеті рет айналу мен қасиетті тасты сүю табылады. Меккеге барғаннан басқа қажылық кезінде мұсылмандар Арафат пен Муздалиф алқаптарына да бағыт алады.

      Әрбір қажы айлы он екінші айдың тоғызыншы  күнінде күн батқанға дейін  Арафат даласына бару керек, әйтпесе қажылығы текке болып саналады. Осы күні 2 млн қажы Арафатта жиналады және уақыттарының көп бөлігін дұға етумен өткізеді. Арабтардың шызып тұрған күнінің астында бір күн бойы болған кейбір көптеген әлсіз қажылар ыстықтан, ауруының асқынуынан немесе инфарктқа ұшырағаннан қаза болады. Осыған байланысты Сауд Арабияның билік басшылары микроклиматты жақсарту мақстатында Арафат алқабының абаттандырылуын қамтамасыз етті. Алқапта он мыңға жуық тал отырғызылды және су себетін, яғни ауа температурасын  100С төмендететін, арнайы суландыру құрылғылдарымен жарақтандырылды.

      Күн батқаннан кейін қажылар  «шайтандарды таспен атқылау» жорасын жүзеге асыру  үшін Муздалиф (Арафаттан 8 км жерде) алқабына бағыт алады. Екі миллиондық шеруге  түн бойы Арафат-Муздалиф бағдарымен жолға шығатын12 мың автобус қызмет көрсетеді. «Шайтандарды таспен атқылау» жорасы үш күнге созылады. Шайтанның нақышы үш баған болып табылады, олар арқылы мұсылмандар «жеті жердегі жеті» (49) тас лақтыру керек. Ертеректе бұл жора кейбір қажылар үшін мықты сығылысудан қайғылы аяқталып жүрді. Қазіргі таңда қауіпсіздік шарасы ретінде баған-нағыштар шұңқыр тәрізді құдықтарға орналастырылған, шеттерінде ернеулері бар, ал бағаналар арқылы «бұршақтан көп, бірақ ірі бұршақтан аз» тастар лақтыруға рұқсат берілген.

      Осы салтанатты шара біткеннен кейін  бірден әрбір мұсылман құрбандық шалу керек. Ертеректе әрбір қажы осы жаралғыны өз бетінше жасады. Қазіргі уақытта құрбандық шалу жаңа формаларға ие болды. Көптеген қажылар Ислам даму банкіне 365 риал  (шамамен АҚШ-тың 100 доллары) төлейді және қажы атынан мал сойылып, бөлініп, мұздатылып, мұқтаж ислам елдерінің біріне жіберілгендігін растайтын түбіртек алады. Көптеген мұсылмандар құрбандық шалу үшін Түркия мен Сириядан келетін қасапшылардың қызметін пайдаланады. Тек кейбір қажылар салт-дәстүрді қатаң сақтайды және малды құрбандыққа өздері шалады.

      Қажылық кезінде мұсылмандар Джидда мен  Меккеде қонақүйлерде және жеке пәтерлерде тұрақтайды, бірақ қажылардың көп  бөлігі Мина алқабындағы жүз мыңдаған палаткадан құралған шатыр қалашыққа тоқтайды. Қажылар оларда 3 күн тұрады. 1997 жылы лагерде қауіпсіздіктің ережесінің бұзылуынан 70 мың шатыр жанып кетті, 300 астам адам қаза тапты және мыңдағандары жараланды. Осыдан кейін лагер территориясында плиткалар мен примустар қолдануға тыйым салынды. Қажыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету орталықтан жүзеге асырылады. Қажылық кезінде Сауд Арабиясының билік басшылары қажыларға 50 млн ауыз су бөтелкесі мен 78 млн нан таратады.

      Қажылық аяқталысымен көптеген қажылар Мединаға бағыт алады. Қаланың толық атауы  Медина-Рас-эль-Алла немесе Медина-эн-Наби, яғни «Пайғамбар қаласы». Қажылықтың объектісі  аңыз бойынша пайғамбер қаза тапқан жерде тұрғызылған Мұхаммед мешіті болып табылады. Мешітте Мұхаммедтің мазары, сонымен қатар алғашқы араб халифтарының мазарлары орналасқан.

      Қажылықты ұйымдастырумен және қажылар ағымын реттеумен Сауд Арабия билік басшылары  айналысады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1988 жылдан бастап Сауд Арабиясы әлем елдерінің барлық қажыларына квота енгізді – әрбір мемлекеттің  халқы санының 1%.  Қасиетті орындарға барудың арнайы ережелері бекітілді, ол бойынша қажылықтың жол бағдары нақты уақыты мен қажылар мен агенттіктердің (бюро), қажыларға қызмет көрсетушілердің міндеттері көрсетілді. Қажылардың келетін және кететін орындары болып Джиддедағы әуежай мен теңіз порты, сонымен қатар Янбодағы (Янбу) меңіз порты саналды. Әрбір топпен тәртіпті қамтамасыз ету үшін метуаф (жолсерік) жүреді, ол жораларға жетекшілік етеді, дұғалар оқиды және топтардың орналасуын ұйымдастырады. Метуафтың кәсібі мұра арқылы таралады және Сауд Арабиясында аса абыройлы жұмыс болып есептеледі. Қажылықтың шығынын әрбір қажы өзбетінше өтейді, және ол бірнеше мың долларды құрауы мүмкін, оның негізгі бөлігі Сауд Арабияға дейінгі жолға кетеді.

      Қажылар, қажылық уақытында келген, 1990 жылдардың  ортасында Сауд Арабияның барлық халықаралық келушілерінің 60 пайызын  құрады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 75 пайызды  құраған. Қалған бөлігі – қажылар, басқа  жыл мезгілінде сапар сегетіндер, туристтер, Эр-Рияд, Джидду, Эль-Хуфф және басқа да қалаларға іскерлік мақсатпен келетіндер (турситтік ағымның 11%), транзиттік келушілер, БАӘ мен Йеменнен автокөлікпен Сауд Арабиясы арқылы бағыт алғандар. Сауд Арабияның ерекшелігі сол, рекреациялық туризм шетелдік келушілер құрылымының тек қана 4 % құрайтындығы. Әрбір халықаралық келушілерден түскен табыс Таяу Шығыстағы орташа мөлшерден төмен (1995 жылы олар 530 долларға қарағанда шамамен 365 АҚШ долларын құрады).

Информация о работе Сауд Арабиясы