ҚР-ның агроөнеркәсіптік реттеудің заманауи мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:40, контрольная работа

Описание работы

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.

Работа содержит 1 файл

эмр4а.doc

— 53.00 Кб (Скачать)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

      

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР-ның агроөнеркәсіптік реттеудің заманауи мәселелері

 

 

                                                                                               

                                                                                               

 

 

 

 

 

                                                                                                Орындаған: Сакен Асем

                                                                                                                                       Ф10К5                         

                                                                                                 Тексерген: Байгисиев М.К.

 

 

 

 

                                                     

                                                       

 

 

 

 

2012 жыл

 

 

 

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды. Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекеттік реттеу жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.  Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді. Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату.

Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады.

Өкімет басшылығымен құрылған компания қызметі – Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.Мақсаттары:

- лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;

- өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;

- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.
 

Міндеттері:

- инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру;

- Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;

- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.

- жабдықтардың жекелеген түрлерінің импортын қосылған құн салығынан босату.

«ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:

- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары

- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін

- Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу

- Инвестициялық басымдықтарға сәйкес болу.

Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды талап етеді. Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің несиеге қаржы алуына жол ашады.
Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және құқықтық жағдайдың әлі де болса дайын еместігіне қарамастан, несие кооперативі жүйесін кезең-кезеңімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін ауыл тұрғындары сұраныстарына толық жауап бере алатын «Несие кооперативтері туралы» Заң жобасын дайындау қажет. Ал бүгінгі орын алып отырған банк несиелеріне қол жеткізудің күрделілігі жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің кең көлемде дамуы теориялық жағынан да, практикалық тұрғыда да мүмкін емес. Менің ойымша, жалпы, несие беруде қазіргі таңдалып алынған схема ауыл шаруашылығын дамыту операцияларын жүргізудің заманауи талаптарына жауап бере алмайды. Бұл схема, әсіресе, дәл бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған мәселе бойынша, Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жетуге ұмтылуға бет бұрған кезде өзін ақтамайды. Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын реформалау кезіндегі тәжірибесін еске алудың өзі жетіп жатыр. Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік елдерінен айырмашылығымыз, бізде күні бүгінге дейін республика аграрлық секторын мемлекеттік реттеудің күшті және белсенді саясаты қажет екендігін ҚР Үкіметі түсінбей келеді. Ауыл шаруашылығы халықаралық қаржы құрылымдарының айтуымен мемлекеттің монетарлық саясатының нысаны күйінде қалып отыр. Осылай отандық ауыл шаруашылығының несие және инвестиция тартуға тартымдылығын қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда. Бұл проблеманы шешуді мемлекеттің белсенді түрде араласуынсыз бірде-бір ел шеше алмаған. Мемлекеттің аграрлық секторға несие-қаржы механизмі арқылы қолдау көрсетуге ұмтылысында жүйелілік сипаттың жоқ болып тұрғаны да сол себепті. Өйткені оның көптеген элементтері заң жүзінде бекітілмеген, сондықтан да тауар өндірушілер үшін ол болашақтың айқын бағдары бола алмайды.. Сонымен қатар қолдау шаралары мемлекеттік реттеудің басқа формаларынан тыс та (мысалы, монополияға қарсы) қолданылады. Оларды қолдану нәтижесінің негізгі пайдасы көбіне ауыл емес, сонымен аралас монополияландырылған салаларға (минералдық тыңайтқыштарға дотация, тауарлық несие, т.б.) тиіп жатады. Яғни тиімсіз болып отырған қолдау көрсету формасының өзі емес, оны басқа да проблемалар шешімін таппай тұрған жағдайда жүзеге асыру әдісі.

 



Информация о работе ҚР-ның агроөнеркәсіптік реттеудің заманауи мәселелері