Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 12:31, реферат
Оңтүстік Қазақстан - республиканың ірі аграрлы-индустриалды қаудандарының бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%.Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркөсіптері мен машина жасау саналады.
Оңтүстік
Қазақстанның шаруашылық
географиясы
Оңтүстік Қазақстан - республиканың ірі аграрлы-индустриалды қаудандарының бірі. Ауданның жалпы өнім өндірудегі үлесі 34%.Жетекші салалары болып агроөнеркәсіп кешенінің салалары, түсті металлургия, кен-химия өнеркөсіптері мен машина жасау саналады.
Оңүстік Қазақстан - дайын өнім шығарудан ең жылдам дамып келе жатқан аудан.
Ауданда респуликадағы
шығарылатын өнімнін, 21%-ға жуығын өндіретін
4 мыңдай кәсіпорндар жұмыс істейді.
Өңдеуші салалардың үлесі (86%) басым
болып келеді ( трансформатор қосалқы
стансалары , теледидарлар, гипсокартон
жазық беттері , медициналық пластик ыдыстар,
лак-бояу препараттары жөне тағы басқа).
1.Өнеркәсібі .Түсті металлургия салалары Қаратау (Шалкия мен Ащысай кен орындары) мен Жетісу Алатауындағы (Тұйық )полиметалл кендерін өндірумен жөне олардың концентраттарын шығарумен байланысты. Қорғасын концентраттарын Шымкент қорғасын зауытына , ал цинкті - Өскеменге жөнелтеді.
Қаратаудағы фосфорит өндіру мен байытудың маңызы ерекше.Таразда минералды тыңайтқыштар өндіретін суперфосфат зауыты бар.Оңтүстік Қазақстан лак пен бояу өндіруденде алда қеледі.
Су жүйесін жабдықтайтын полиэтиленді құбыр (Алматы) және ауылшаруашылық техникалары мен автокөліктерге арналған шиналар (Шымкент , Оңтүстік Қазақстан облысында) шығарады.
Ең
үлкен «Химфарм» зауыты (Шымкент)
- барлық елдегі шығарылатын дерілік(
Машина
жасау кәсіпорындары
Құрылыс материалдары өнеркәсібі, ең алдымен кірпіш (жалпы республика бойынша шығарылатын өнімнің 63%-ы) пен цемент(19%-ы) өндіру дамыған.Оңтүстік Қазақстан облысында цемент өндіру зауыттары(Шымкент пен Састөбе) салынған.
Өндірістің
энергетикалық негізін
Ағаш
өңдеу өнеркөсібі әртүрлі жиһаз
шығарумен айналысады ( кеңселік және
үй жиһаздары),ауданның барлық облыстарында
жалпы өнімнің,70%-дан астамын
Оңтүстік
экономикалық аудан республика бойынша
өндірілетін мұнайдың 19%-ын (Қызылорда
облысы) және газдың 4%-ын береді.
2.Ауылшаруашылығы.
Оңтүстік Қазақстан - мақта өсірудің басты орталығы.Одан басқа мұнда қант қызылшасы,темекі,әртүрлі көкөністермен жемістер әсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан,негізінен техникалық дақылдар өсіруге маманданған.Оның негізгілері - мақта,қант қызылшасы және темекі.Оларды суару үшін Киров,Арыс - Түркістан,Талас -Асы,Қартал суландыру жүйелері салынған.
Суармалы жерлерде
дәнді дақылдардан күріш
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен қант, көкөніс, жеміс-консервілеу , майшайқау ,мақта тазалау, мақта-мата және тоқыма салалары айналысады.
Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығының жетекші салалары - қой және ірі қара мал өсіру.Аудан қой,ешкі,мүйізді ірі қара өсіруі жөнінен республикада 1-орын алады, ал шошқа өсіруден Солтүстік аудандан кейінгі орынды алады.
Қой өсіру саласында әлемдік тәжірибедегі сияқты, санынан гөрі сапалық жағына көбірек көңіл бөлінеді.
Малшаруашылығының азықтық базасына жазықтар мен тау етектеріндегі маусымдық жайылымдықтар мен шабындықтарды жатқызуға болады. Биік таулар жазғы жайылымдық, ал шөлді жерлер - қысқы жайылымдық есебінде пайдаланылады.
Шошқа өсіруде астық шаруашылығының, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының (қант,ұнтарту және тағы басқа) қалдықтары мен азықтық бақшалық және көкөніс дақылдарын пайдаланады.
Жеңіл өнеркөсіптің
ең дамыған салалары мақта-мата(99%-дай),жүн
маталарын шығару(100%),аяқ
Оңтүстік Қазақстанда
ірі өндіріс тораптары
Алматы мен кала маңы негізінен, халық тұтынатын тауарлар шығаруға маманданған.Ірі кәсіпорындар - мақта-мата және шұға комбинаттары, тоқыма, тері және тігін фабрикалары, кант және сыра қайнату зауыттары, жеміс-консерві комбинаты.
Қаратау-Тараз
АӨК-ні Тараз, Қаратау, Жаңатас қалалары
мен бірнеше кенттерді
Бұл ауданның оңтүстік бөлігі ежелгі уақыттан бері жайылымдық мал шаруашылығы мен өзен аңғарларындағы жер шару ашылығына маманданған. Полиметалл кені мен фосфорит өндіруге байланысты түсті металлургия мен химия өнеркөсібі,сонымен қатар машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері салалары дамыды.
Шымкент-Кентау енеркәсіп торабы қорғасын өндіру мен балқытуда цемент, фармацевтикалық бұйымдар, пресс - автоматтар шығарумен ұштастырылған.
3.Экологиялық проблемалары.Соңғы жылдары оңтүстік аймақтардың өнеркәсіп кәсіпорындарынан бөлінетін лас қалдықтар төмендегі салалардың еншісінде.
Мұнай өңдеу - мұнайды еңдеу барасында улы заттардың белінуі.Құрылыс материалдары - құрылыс саласының қарқынды дамуынан,жылу қуаты-қалалардың ұлғаюы және жылу мен электр қуатына деген сұраныстың артуы.
Аймақтағы негізгі экологиялық проблема ірі қалаларда болып отыр (Шымкент, Алматы,Қызылорда, тағы басқа)- Оның себебі автокөлік санының көбеюі, ескі құрал-жабдықпен жұмыс істейтін кәсіпорындардың әлі күнге дейін жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға мыңдаған тонна газ бөліп шығарады.Қоршаған ортаның табиғат жағдайына кері әсерін тигізуде.
Мысалы, Шымкент қаласындағы өлшенген шаң-тозаң қоспасының орташа көрсеткіші нормадан 4 есе артық. Азот диоксиді -екі есе,аммиак 1,5 есе,формальдегид 6 есе.
4.Қалалары. Оңтүстік экономикалық ауданда 78 қаламен кенттер бар.Басты қалалары - Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда.Олардың барлығы калалар пайда болуының алғашқы екі кезеңінде қалыптасқан.Бірінші кезеңде - Тараз, Түркістан қалалары, қалғандары екінші кезеңде (XVIII - XIX ғасыр) пайда болған.
Қалалардың көпішлігі тау жоталарының етегінде, өзен аңғарларында орналасқан.
Іле Алатауының етегінде, теңіз де ңгейінен 700 - 900 м биіктікте,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аңғарында Алматы қаласы орналасқан (1209 мың адам). 1929 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстанның ресми астанасы болды.
Алматы. (1370 мың адам) - мемлекеттік дәрежедегі қала, ірі саяси, сауда, өндірістік, мәдени, ғылыми және туристік орталық.Мұнда Қазақстан Президентінің резиденциясы, елшіліктер мен әлемнің көптеген елдерінің өкілді ктері орналаскан.
Қалада мұнай өндіру мен металлургиядан басқа барлық өнеркәсіп салалары дамыған.Мұнда жалпы өндіріс көлемінің 78%-ын құрайтын 1500-дей өндіріс кәсіпорындары орналасқан.Негізшгі салалар - машина жасау мен тамақ өнеркәсібі (қалада шығарылатын өнім көлемінің 64%-ын құрайды ).Мысалы,Алматы ауыр машина жасау зауыты (ААМЗ),тракторларға қосалқы бөлшектер шығаратын «Поршень» зауыты, теледидар және басқа да күрделі техникалар жинайтын зауыттар және тағы басқа.
Тамақ өнеркәсібі салаларын «Алтыннан», нан-токаш комбинаты , «Рахат» кондитер фабркасы, маргарин зауыты мен «Сеймар»құс фабрикасы сияқты ірі кәсіпорындар құрайды.
Қалада Ұлттық
Ғылым академиясының
Жоғары оқу орындарынан : әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Техникалық университеті,Заң академиясы және тағы басқа атауға болады.
Мұнда 200-ден астам орта оқу орындары бар,оның ішінде ТМД-да жалғыз - Техникалық лицеймен ғарыштық табиғаттану мектебі жұмыс істейді.
Алматы - көрікті қала.Мұнда 50-ден астам өсімдік түрлері отырғызылған.145 га жерлерде 40-тан астам саябақтармен гүлзарлар орналақан.
Қалада әсем жерлер көп.Солардың бірі - Көктөбе. Ол биіктігі 1070 м алаңда орналасқан, оған аспалы жол мен шығуға болады. Сол сияқты Даңк мемориалы , Мәңгілік Алауымен әйгілі 28-панфиловшылар саябағы бар. Биік таудағы «Медеу» мұз айдыны, 2000-2500 м биіктікте орналасқан «Шымбұлақ » тау шаңғысы курорты әлемге әйгілі.Ол казіргі құрал-жабдықтармен камтамасыз етілген, екі аспалы жолы бар.
Алматы маңында табиғаттың ерекше ескерткіштері — Шарын каньоны, Түрген сарқырамасы және көптеген көлдер - Үлкен Алматы, Есік, Көлсай және тағы басқа бар.
Талдықорған қаласы (134 м ы ң адам) 2001 жылдан Алматы облысының орталығына айналды. Қазіргі уақытта ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің негізгі орталықтарының бірі. Мұнда жеміс - консерві комбинаты, қант зауыты мен «Ажар» тігін фирмасы жұмыс істейді(100-ден астам өнім түрлерін шығарады).
Машина жасау өнеркәсібі де дамыған, ТМД-дағы жалғыз аккумулятор зауыты жұмыс істейді.Құрылыс материалдарын шығаратын комбинат, темір-бетон, асфальт, кабель зауыттары бар.
Талдықорғанда Гуманитарлық университет пен бірнеше колледждер бар. Жамбыл облысында Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі - Тараз орналасқан (338 мың адам). Ежелгі Тараз қаласының орны қазіргі құрылыстар астында жасырылған.
Тараз - облыстың әкімшілік орталығы. Жуықта ол өзінің 2000-жылдығын мерекеледі.Бұл-Ұлы Жібек жолында салынған ежелгі қалалардың бірі. Сол уақыттардың өзінде ол маңызды рөл атқарды.1936 жылға дейін Әулие -ата, 1936-1939 жылдары аралығында Мирзоян қаласы деп, ал 1938 жылдан бері айтыскер ақын Жамбыл атамыздың есімімен аталып келді.1998 жылы қалаға өзінің тарихи атауы қайтарылды.
Осы уакытқа дейін жеткен тарихи ескерткіштерден қалада мұсылмандық құрылыстың інжу-маржандары - Айша бибі, Бабаджа қатын мазарлары бар.
1950-1970 жылдар
қала дамуының негізгі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы - Шымкент қаласы (535 мың адам).
Шымкент - маңызды темір жол торабы. Қалада әр түрлі -химия, тамақ, жеңіл, тағы басқа өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Автокөліктерге шина шығаратын «Шымкент шина» АҚ, мақта - мата өнеркәсібінің, ауыл шаруашылық техника сының көсіпорындары,мұнай өңдеу және цемент зауыттары бар.
Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін ежелгі орталықтарының бірінде Түркістан қаласы орналасқан(181 мың адам). XV ғасыр өзінде бұл дамыған кәсіпшілігі бар, маңызды сауда орталығы болды.
Қала өткен ғасырдың ортасына дейін ғана өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол ірі тарихи және мәдени орталық.Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу - маржаны - Қожа Ахмет Йасауи кесенесі орналасқан.Көптеген салалар бойынша мамандар даярлайтын халық аралық маңызы бар университеттер бар.
Қызылорда (204 мың адам) - Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан облыс орталығы. 1817 жылы керуен жолдарының қиылысында Ақмешіт әскери бекінісі ретінде салынған.1925-1929 жылдарда ҚазАҚСР астанасы болды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Ірі кәсіп-орындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркөсібі комбинаттары бар.
Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады. Қоркыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті білім беру процесінің жаңа технологияларымен әдістемелерін белсенді түрде енгізіп жатқан еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.
Пайдаланған
әдебиет
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
Информация о работе Оңтустік Қазақстанның шаруашылық географиясы