Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:30, реферат
Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығысын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр.Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхитының материк табиғатына тигізетін әсері онша емес. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перуана ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады.Осында Атакама шөлі орналасқан.Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері өте зор:дүние жүзіндегі ең ылғалды мптерик болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін Атлант мұхитынан алады.
Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу және зерттелу тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Америка.
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылу
және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Американың географикалық орнына,зерттелу тарихына
сипаттама бере отырып,оның
жағалауындағы мұхиттардың
табиғаты үшін маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқыту барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың белсенділігін,қызығушылығын арттыра
отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзі саяси картасы.Слайд.
Сабақ түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, топпен жұмыс, БББ кестесі.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, түгендеу, топтарға бөлу.
ІІ Үй жұмысын тексеру:
1. Географиялық диктант
1. Оңтүстік жарты
шар материктері ұзақ уақыт
бойы қандай материктің
(Гондвана)
2. Гоидвана қандай тақтанаға ажырады?
(Америка,Африка-Арабия,
3. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылады?
(Атлант және Үнді)
4. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты?
(Панама мойнағы)
5. Қай материктер арасында құрлықтық байланыс үзіліп,бір-бірінен ажырап кетті?
(Аустралия,Антарктида)
2. Ең, ең
1.Ең ыстық материк
(Африка)
2.Ең құрғақ материк
(Аустралия)
3. Ең суық материк
(Антарктида)
4. Ең ылғалды және ең жасыл материк
(Оңтүстік Америка)
5. Ең ұзын өзен
(Ніл)
ІІІ Жаңа сабақ
БББ кестесін толтыру.Оңтүстік Америка жайында не білетіндерін 1-бағанға жазады.
Білемін |
Білдім |
Білгім келмейді |
Жаңа сабақ жоспары
1. Оңтүстік Американың географиялық орны.
2. Жағалауындағы мұхиттар
3. Ашылу және зерттелу тарихы.
Оңтүстік Америка
жерінің ауаны аралдарымен
- Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы жөнінен өте үлкен
өзен Амазонка орналасқан.Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының
ауданы 7 млн км² асады.
- Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
орналасқан,ол 1054 м биіктіктен құлап ағады.
- Анд тауларына дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі –Титикака
орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км²,
тереңдігі 304 м.
- Оңтүстік Америка –Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл
материк,жерінің
тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр
- Материктегі аса ірі тау жүйесі-Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады.Ұзындығы 9000км-ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.
- Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км,екі 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі Өзен сағасы-Ла - Плато орналасқан.
- Оңтүстік Американың
теңіз деңгейінен ең биік
Геграфиялық орны. ( «Лаврвзия» тобы). Слайдты пайдалану.
Оңтүстік Америка Сотүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды.
Материк пішіні солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан,ұшбұрышқа ұқсайды. Материк жағалауларына жақын маңызды аралдар аз,тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.(атластан табыңдар).Аралдарының ең ірісі Магеллан бұғазы арқылы материктен бөліп жатқан Отты жер аралы.
Шеткі нүктелер.
1) Солтүстік
нүктесі-Гальинас м-12°с.е 72°
2) Оңтүстік нүктесі –фроуэрд 54°о.е-71°б.б
3) Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.
4) Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку7°о.
Градус және километр есебімен , материктің ең шеткі нүктелерінің солтүстіктен оңтүстікке , батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтау.
Мысалы, экватордан Гальинас нүктесіне дейін 12°, 111*12=1332км .Ал экватордан Фроуэрд нүктесіне дейін 54°,
1-топ қа
111*54=5994км
1332км+5994км=7326км 12°+54°=66° ( Солтүстіктен оңтүстікке дейін)
2-топқа 82*111=9102км 34*111=3774 9102км+3774км=12876км
82°+34°=116° (батыстан шығысқа дейін)
2.Материк жағалауындағы мұхиттар. («Гондвана» тобы).Слайдты пайдалану.
Материктің батысын Тынық мұхит, ал шығысын Атлант мұхитының сулары шайып жатыр.Материктің солтүстік жағалауын Атлант мұхитының Кариб теңізі шайып жатыр.Батыста аса биік Анд тауларының орналасуына байланысты Тынық мұхитының материк табиғатына тигізетін әсері онша емес. Қоңыржай ендік пен экватор аралығындағы Перуана ағысы бойлай өтетін жағалау бөліктерінде жаңбыр өте сирек болады.Осында Атакама шөлі орналасқан.Материк табиғатына Атлант мұхитының әсері өте зор:дүние жүзіндегі ең ылғалды мптерик болып есептелетін Оңтүстік Америка ылғалдың басым бөлігін Атлант мұхитынан алады.
3.Ашылу және зерттелу тарихы.
Слайдпен жұмыс. Сарамандық жұмыс 10-кестені толтыру арқылы орындалады.№7 картаға (23-бет) қарап олардың бағытын түсіріңдер.
IV. Бекіту.1.Адасқан объектілер
1. Ең суы мол өзен а. (Амазонка)
2. Ең биік тау көлі ә. (Титикака)
3. Ең биік сарқырама б. (Анхель)
4. Ең ірі түбек в. (Арабия)
5. Ең ұзын тау жүйесі г. (Анд)
2.Сөзжұмбақ шешу
«Экватор» сөзжұмбағын шешу.
1.Аргентинаның астанасы.
2.Андтың биік шыңы.
3.Оңтүстік Америкадағы таулы үстірт.
4.Дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен.
5.Оңтүстік Америкада көлемі жөнінен екінші орын алатын ел.
6.Оңтүстік америкадағы өзен.
7.Ла-Плата ойпатымен ағатын өзен.
V. Қорытындылау.БББ кестесін аяқтау
VI.Бағалау. Үйге тапсырма § 37 оқып келу