Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 10:40, лекция
Жер сілкінісі - әлемнің сан қилы аймақтарындағы халықтар өмірінің бастаулары мен ағымын ежелгі дәуірде де, орта ғасырларда да талай рет бұзған және қазір де бұзатын табиғат факторларының бірі. Жер сілкіністері қала мен елді мекендерді жойып жіберді, экологиялық апаттарға, халықтың қоныс аударуларына, тарихи-мәдени аймақтардың құлдырауына душар етті. Палеографияның, тарихи географияның, экономиканың, бұрынғы қоғамдық және мәдени өмірдің бірқатар принциптік мәселелерін сейсмологиялық зерттеулерді және оның мәліметтерін қолдану арқылы түсіндіруге және дұрыс шешуге болады.
Ортағасырлық Жетісу қалаларына жүргізілген археологиялық-сейсмологиялық зерттеулер
Чилидегі жер сілкінісінің салдары
Жер сілкінісі - әлемнің сан қилы аймақтарындағы халықтар өмірінің бастаулары мен ағымын ежелгі дәуірде де, орта ғасырларда да талай рет бұзған және қазір де бұзатын табиғат факторларының бірі. Жер сілкіністері қала мен елді мекендерді жойып жіберді, экологиялық апаттарға, халықтың қоныс аударуларына, тарихи-мәдени аймақтардың құлдырауына душар етті. Палеографияның, тарихи географияның, экономиканың, бұрынғы қоғамдық және мәдени өмірдің бірқатар принциптік мәселелерін сейсмологиялық зерттеулерді және оның мәліметтерін қолдану арқылы түсіндіруге және дұрыс шешуге болады.
Орта Азия мен Қазақстан қиратқыш жер сілкіністеріне талай рет ұшыраған, оның іздері кей жағдайларда археологиялық зерттеулер барысынан байқалады. Сондай-ақ тұрғын және қоғамдық құрылыс тарды салуда қиратқыш апатқа қарсы тұру шаралары да қарастырылғаны байқалды.
Ірі көлемдегі жер сілкіністерінің іздері Ташкент алқабындағы Канка қалашығын қазуда байқалды және археологиялық материалдар негізінде VI-VII ғ. басына жатқызылады. Тіпті біздің заманымызда, 1948 ж., Ашхабадта болған апатты жер сілкінісі нәтижесінде Түркмениядағы Темір тұсындағы сәулетшіліктің аса көрнекті үлгілерінің бірі - Анау мешіті қирап қалды.
Соңғы жылдары ежелгі дәуірдегі жер сілкінісін зерттеуге, археологиялық ескерткіштерден олардың іздерін табуға сейсмологтар тартылатын болды. Сөйтіп, Үстіртке жүргізілген археологиялық-сейсмологиялық зерттеулер XIII-XVIII ғғ. болған жер сілкіністерінің іздерін анықтады.
Ерте темір дәуіріндегі жерлеу және құрбан
болғандарды еске алу құрылымдарынан
бастап, орта ғасырлар дәуірі мен жаңа
заманның XIX ғ.дейінгі кесенелер мен қабір
үстіндегі көптеген ескерткіштер жер
сілкінісінің зардаптарын арқалауда. Археологиялық және сәулетшілік мәліметтерді, жазба
дереккөздерін талдау Үстіртте XVIII ғ. өткен
апатты жер сілкінісінің бірінің мерзімі
туралы - нақты 1725 ж. - қорытынды жасауға
мүмкіндік берді. Оның зардабы солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай 1000 км қашықтыққа сезілғен.
Төменде Солтүстік Тянь-Шаньның ең әйгілі күшті және апатты жер сілкінісі туралы қысқаша ақпарат беріледі.
1500 ж. Боран елді мекені төңірегіндегі 9 балдық, ал 1770 ж. Ақсу ауылы төңірегіндегі 8 балдың апатты жер сілкінісі туралы үзік-үзік мәліметтер бар54.
Жоғарыда атап өткендей, жер сілкінісі туралы білгендіктен, сәулетші архитекторлар құрылыс тәсілдері мен құрылыстың құрылымдарды қолдана отырып, құрылыстар мен ғимараттарды аса берік етіп салуға тырысты. Ең алдымен олар құрылысқа сейсмикалық жағынан қолайлы алаңды таңдады, құрылыс материалдарының сапасын есепке алды, ғимараттың биіктік мөлшерін шектеді, арнайы сейсмикалық төзімділік белдеулерін жасады, таспалық іргетастар тұрғызды.
Ежелгі құрылысшылар платформаны орнатуға үлкен мән берген, оның іргетасы жоғарғы бөлігінен айтарлықтай кеңірек болуы тиіс.
Ежелгі және орта ғасырларда тарихи сәулетшілік жоспарлаулар пайда болады. Сірә (дұрысырағы), құрылыстың пішінін таңдауда сәулетші архитекторлар ғимаратқа үлкен орнықтылық беруге тырысқан.
Ғимараттың берік болуында қабырғалардың қалануының маңызды роль атқарғанына дау жоқ. Сонымен, кірпішті «қырымен» және «шырша» түрінде қалау жоғары сейсмикалық төзімді қасиеттерге ие.
Қабырға құрылымдарына сейсмикалық төзімділік беретін ағаш және қамыс «белдеулер» мен «жастықтар» қолданылды.
Шатыр арқалықтары, аркалар мен күмбездер болуы мүмкін зілзаланы есепке ала отырып салынды.
Сәулетшілік ескерткіштерді сейсмологиялық зерттеудің әдістемесі бірте-бірте жетілдіріледі, ежелгі және орта ғасырлардағы құрылыстардың нақ жер сілкінісі зардабынан бүліну ерекшеліктері анықталады.
Ежелгі сейсмикалық
заңымданулардың ерекшеліктері
қазіргі заманғы жер
Ескерткіштер зерттеу нысандары болып табылатын Жетісудағы Жібек жолының кесіндісі Орталық Азияның ұлы тау жүйесі - Тянь-Шаньның солтүстік баурайы бойымен өтеді. Бұл жас тау белдеулері. Олар соңғы 30 млн жылда неотектоникалың сатыда - Үндістан және Еуразия аралығындағы литосфералық тақталардың қақтығысуы (коллизия) нәтижесінде құрылған. Көптеген миллион жылдар бойына қақтығысу аймағының солтүстік шекарасы қарқынды тектоникалық қозғалыстармен, оның ішінде жер сілкіністерімен сипатталады. Бұдан ертерек кезеңді айтпағанның өзінде, соңғы жүзжылдықтар бойына мұнда бірқатар күшті және апаттық жер сілкіністері өткені белгілі.
Осы аумақтағы күшті жер сілкінісі туралы тұңғыш сенімді мәліметтер тек XIX ғ. екінші жартысынан, мұнда орыс әскери бекіністері салына бастаған кезден бастап түсе бастайды.
Әйтсе де Жетісуда болған жер сілкінісіне қатысты ғылыми материалдар тек XIX ғ. соңы - XX ғ. басында пайда бола бастайды: бұл В.И. Мушкетовтың (1888-1890), К. И. Богдановичтің және т.б. (1911, 1914) жарияланымдары. Бұл еңбектерде 1887 ж. Верныйда және 1911 ж. Кебинде болған күшті жер сілкіністерін зерттеудегі сипаттама келтіріледі.
Сонан соң жер сілкінісін аспаптық әдіспен зерттеу кезеңі, Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғария аумақтарына сейсмикалық станция желісін орнату басталады.
АҚШ-тағы 6-балдық жер сілкінісінің салдары
1807 ж. Алматы өзенінде «қорқынышты апат» болды; 1865 ж. - Мерке селосы төңірегінде, 1867ж. -Токмак маңайында, 1873 ж. - Шу өзені алқабында, 1880 ж. - Верный (Алматы) қаласына таңауда жер сілкінген.1885 ж. 2 тамызда Шу алқабындағы Ақсу жер сілкінісі (М=6,9; 1=9-10 балл). Қырғыз жотасы тау аймағындағы: Ақсу, Соколук, Пішпек (Бішкек) ауылдары толық қираған. Екі жылдан соң, 1887 ж. 8 маусымда кіндігі қазіргі Алматы қаласына тақау орналасқан, Верный жер сілкінісі жалғасқан (М=7,3; 1=9-10 балл). 1889 ж. 11 шілдеде кіндігі Іле Алатауы жотасының шығыс тұйықталар маңында, қазіргі Алматы қаласынан 120 км жерде орналасқан, апатты Шелек жер сілкінісі (М=8,4; 1=10 балл) болған. Зілзала кіндігі Күнгей және Іле Алатауы жоталарын бөліп тұрған опырылған аймақпен ұштасқан. Верный қаласындағы сейсмикалық ауытқу қарқыны МСК шәкілі бойынша 7-8 балл құраған. 1911 ж. 3 қаңтардағы Кебин жер сілкінісінің кіндік аймағы алғашқы он шақты шақырым қашықтықта 10-11 балдың сейсмикалық қарқындылықпен қазіргі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай орналасқан.
Б. Гутенберг пен Ч. Рихтердің бағалауы бойынша (1954), бұл зілзала жер бетіндегі ең күшті апаттардың бірі және магнитудасы М>8 (Рихтер шәкілі бойынша) болған. Ең жоғары сілкініс алаңы 10 000 км2 шамасын ( Күнгей және Іле Алатауы жоталары аумағында) құраған. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 200 км дейінгі жарылу жүйесі қалыптасқан. Жер сілкінісі 4 000 000 км2 аумаққа сезілген.
Кемин-Шу зілзаласы 1938 ж. 20 маусымда болды, оның кіндігі Күнгей және Қырғыз Алатоо жоталары түйісетін ауданмен ұштасады. Солтүстік Тянь-Шаньдағы соңғы сейсмикалық оқиға- 1992 ж. 18 тамыздағы Сусамыр жер сілкінісі (М=7,3; 1=9-10 балл).
Келтірілген мәліметтер бойынша аймақтағы аса күшті зілзала кіндіктері Іле және Күнгей Алатауы жоталарының орталық бөліктерінде болған. Бұл ежелгі заманда да Тянь-Шань тауларының тау аумағы бойымен өтетін, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалар күшті сейсмикалық оқиғалар кезінде жердің беткі қабаттарының айтарлықтай үдеуін бастан өткізгенін білдіреді.
Жоңғариядағы жер сілкінісі тұңғыш рет И. В. Мушкетов пен А. П. Орловтың каталогынде сипатталады. Анағұрлым ертерек болған атақты жер сілкінісі 1716 ж. болған деп есептеледі. Бірақ жүйелі мәліметтер тек XIX ғ. екінші жартысында ғана түсе бастайды. Сонымен, 1866 ж. Қапалда және 1874 ж. Лепсіде болған жер сілкіністерін атауға болады.
1906, 1958, 1962, 1973 жж. Қытай аумағындағы жер сілкіністері туғызған транзиттік сейсмикалық толқындардан ғимараттар айтарлықтай бүлінуге үшырады.
Бірқатар дүмпулер КСРО жер сілкіністері каталогында келтірілген. Бұл , мысалы, 1915 ж. 2 мамырда Лепсі ауданында қарқыны 6 балмен есептелген зілзала.
1967 ж. 20 тамыздағы жер сілкінісінің кіндігі Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде орналасқан. Жер сілкінісінің кіндігіне жақын орналасқан Покатиловка ауылында оның күші 7 балмен сезілген.
Сонымен, тарихи және аспаптық бақылаулар барлық ұзақтығы 100-200 жыл шамасындағы өте қысқа кезеңді қамтиды. Бірақ күшті жер сілкіністерінің қайталанушылығын, ежелгі зілзала кіндіктері мен олардың сейсмикалық қуатын бағалау үшін ғылыми мәліметтер каталогын ғасырлар түпкіріне және тіпті мыңдаған жылдарға жалғастыру керек. Бұған тек археосейсмология және палеосейсмология әдістері көмектесе алады.
1997 ж. Ұлы Жібек жолының Тянь-Шань кесіндісінде орналасқан Жетісу қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Олар - ортағасырлық
Жоңғар өңіріндегі Қойлық қалашығымен
теңдестірілетін Антонов
[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет
Бұл
мақаланы Уикипедия сапа
талаптарына
лайықты болуы үшін уикилендіру
қажет.
Осы мақаланы жетілдіру үшін қажетті интерлинктерді енгізіп көмек беріңіз. |