Мұнай Өнеркәсібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 13:59, курсовая работа

Описание работы

Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.

Работа содержит 1 файл

курс.docx

— 20.25 Кб (Скачать)

 

   Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы. Екі үлкен топтан –

1) өндіруші өнеркәсіптен  – мұнай, газ, көмір, шымтезек, тақтатас, тұз, қара және түсті  металл кентастарын, металлургия  үшін кентасқа жатпайтын құрылыс  материалдарын өндіру, ағаш дайындау, энергетикалық шикізат алу, т.б.;

2) өңдеуші өнеркәсіптен  – қара және түсті металдар, қақтама, машиналар мен жабдықтар,  химиялық өнімдер, цемент және  басқа құрылыс материалдарын,  ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп  пен тамақ өнеркәсіпі өнімдерін  өндіру, өнеркәсіп бұйымдарын жөндеу, т.б. құралады.

   Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады.

   Қарағанды,  көмір алабы.Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар - Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары.

   Екібастұз, көмір алабы.Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Сондықтан да тек қана энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі - көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.

   Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі.Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан:

Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. т  жалпы геологиялық қор және 3,04 млрд. т барланған қор;

Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және 1,79 млрд. т;

Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т;

Оңтүстік Қазақстанда  – 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада 62 өнеркәсіп орны мен өндірістік бірлестік жұмыс істейді (1998), олардың  өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды.

 

 

 

 

Қазақстанның  газ өнеркәсібі. Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы.

   Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.

   Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.

   1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.

Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу  зауыты істейді Олар:

Қазақ газ өңдеу зауыты

Теңіз газ өңдеу зауыты

Жаңажол газ өңдеу зауыты

Қарашығанақ өңдеу кешені.

Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз –  Бішкек – Алматы магистральды газ  құбырлары, сонымен бірге газ  пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер  асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ  құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу  жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының бөлімшелері  атқаруда (2006). Қазақстан uаз өнеркәсібінің  дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік  газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз»  ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.

   Машина жасау кешені. Машина жасау кешенінің құрылымы өте күрделі. Оның кұрамына үш топқа біріктірілген 30-ға жуык салалар кіреді: 1)машина жасау (машиналар мен күрал-жабдықтар шығару); 2)металл өңдеу (металл конструкцияларын даярлау, машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу); 3)«кіші металлургия» (машина жасау зауыттарында металл балқыту). Жалпы өнім шығарудағы машина жасау кешенінің үлес салмағы.Машина жасау кешені - шаруашылыктың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің корғаныс жағдайы үшін кару-жарақ, халыққа қажетті тауарлар (мысалы, автокеліктер теледидарлар, кір жуатын машиналар) шығарумен айқындалады. Еңбек өнімділігі мен барлық экономиканың ғылыми-техникалық жағынан алға басуы, елдің кауіпсіздігі оның даму деңгейімен тыгыз байланысты.Машина жасау кешені басқа да салааралык кешендермен тығыз өндірістік байланыста болады. Ол жылу электр кешені (ЖЭК) өнімдерінсіз жұмыс істеуі мүмкін емес, сондай-ақ ЖЭК машина жасаудан энергетикалық, тау-кен өндірісі машиналарын жөне басқа да құрал-жабдықтар, өр түрлі машиналар алады. Машина жасау кешені металлургия балқытқан металды пайдаланып, оған техника, шикізат (мысалы, металл сынығы) жеткізеді. Машина жасау үшін кеп мөлшерде химиялық тауарлар (пластмасса, синтетикалық талшық пен каучук, бояу) жұмсалады.

   Машина жасау зауыттары өр түрлі факторлардың әсерімен орналасады. Мамандану мен кооперативтендірудің дамуының нәтижесінде көліктік фактордыңрөлі артады. Ол әсіресе өнімдері барлық жерлерде қажет болатындар үшін (мысалы, автомобильдер мен металл кесетін станоктар шығаратын) маңызы зор. Темір жолдың болуы Алматыда металл құрал-жабдықтары мен металл кесетін станоктар шығаратын, ал Шымкентте - алып пресс-автоматтар шығаратын зауыт- тарды орналастыруға мүмкіндік берді.Дайын өнімдерді тасымалдауға кететін шығын (құрал-жабдық,трактор) оларды шығаратын металды тасымалдау шығынынан жоғары. Сондықтан ауыр, тасымалдауға қолайсыз машиналарды тікелей пайдаланатын жерлерде шығаруға тырысады. Ендеше, мындай фактор - тұтыну факторы деп аталады. Мысалы, мұнай машиналарын жасау зауыты мұнай өндірілетін жерде (Атырауда) орналасқан. Шахталық кен өндіру құрал-жабдықтарын көмір өндіретін жерде (Қарағандыда), ал металлургиялық құрал-жабдық пен машиналарды металл қорыту орталыктарында (Өскемен) орналастырады. Трактор және ауыл шаруашылық машиналары зауыттары егіншілік (Павлодар, Астана, Қызылорда) пен мал шаруашылығы дамыған аудандарда орналастырылады.Түрлі көліктерді шығару үшін өнім бірлігіне көп еңбек шығыны кажет болады. Бұлар - еңбекті көп қажет ететін салалар. Еңбекті көп кажет ететін машина жасау зауыттарын орналастырған кезде,еңбек корларымен қамтамасыз етілу, яғни еңбек факторы есепке алынады. Мысалы, әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында металлургтер каласы - Өскеменде конденсатор мен аспап шығаратын зауыттарды орналастырған. Кейбір машина жасау салалары, мысалы, аспап жасау, радиоэлектроника, есептеу техникалары өнеркәсібі еңбекті кеп қажет етуімен бірге күрделі технологиясымен де ерекшеленеді. Оларға ғылыми-зерттеу институттарымен, университеттерімен бірігіп жүмыс істеу қажет. Бүл салалар өрі еңбекті, өрі гылымды көп қажет ететін салалар болып табылады. Олар ірі калалардағы ғылыми орталықтарға жақын орналасады. Осы факторларды есепке ала отырып, теледидарлар құрастыруға, компьютерлер мен басқа да күрделі техникаларды шығаруға («Алатау Сити») арналған технопарк Алматы мен Алматы облысында ұйымдастырылған.Металды кеп қажет ететін енімдер (ірі кәлемді) шығаратын за- уыттар металлургия зауыттарына таяу, яғни шикізат факторын есепке ала отырып орналастырылады. Қазақстандағы машина жасау өнімдерін өндіру географиясына шоғырланудың жоғары деңгейі төн болып келеді. Олардың 1/2 бөлігі Алматы, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған.

   Химия өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені.

   Химия өнеркәсібінің  салалық құрылымы.Осыған орай химия өнеркәсібінің салалық құрылымы 4 топқа бөлінеді, олар:

кен-химия өнеркәсібі (шикізат — фосфорит, ас және калий тұздарын, күкірт, т.б. өндіру, байыту және оларды бастапқы өңдеу)

негізгі химия  өнеркәсібі (минералдық тыңайтқыштар, қышқылдар, сілтілер, т.б. өндіру)

полимерлік материалдар  өнеркәсібі (синтетикалық шайырлар мен пластмассалар, химиялық талшықтар, синтетикалық каучук, синтетикалық бояғыштар өндіру);

тұтыну қажеттерін қанағаттандыруға арналған өнім (фармацевтикалық дәрі-дәрмек, жуғыш заттар, фотохимия, парфюмериялық-косметикалық тауарлар) өндіру. Химия өнеркәсібінің құрамында барлығы 200-ден астам кішігірім сала мен өндіріс бар, ал оның өнімдерінің түр-түрінің атауы 1 млн-ға жетіп отыр.

  Мұнай Өнеркәсібі– Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.

   1960 жылдардың ортасында осы аймактағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен және Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы, Кеңқияқ, Жаңажол, т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасалды.Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.

Мұнай мен газды ірі  компаниялар өндіруде:

«Шеврон-Тексако» (Теңіз)

ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)

Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).

   «Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.Көш бастаушы Атырау облысы.

    Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент.

   Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.

  


Информация о работе Мұнай Өнеркәсібі