Менталитет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:21, реферат

Описание работы

Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде «сана» мен «ақыл» ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп,олардың қарама-қарсылығын жою ретінде дүниеге келді.Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқан психоаналитиктер Зигмунд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды.

Работа содержит 1 файл

Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде.doc

— 27.50 Кб (Скачать)

     Менталитет термині XX ғасырда Батыс мәдениетінде «сана» мен «ақыл» ұғымдарының бірлігін қамтамасыз етіп,олардың қарама-қарсылығын жою ретінде дүниеге келді.Менталитет мәселесімен тұңғыш айналысқан психоаналитиктер Зигмунд Фрейд пен Карл Густав Юнг болды.

    1983 жылы  жарық көрген энциклопедиялық  сөздікте менталитет ұғымы туралы  бірде-бір анықтама болмаған.Тек  90 жылдардың орта кезіне қарай  менталитет ұғымына көңіл аударылып,әртүрлі  философиялық сөздіктерде менталитет  ұғымына сипаттама беріліп,оның  құрылымдық жүйесі талдана бастайды.Мәселен 1991 жылы шыққан «Қазіргі Батыс философия сөздігінде» менталитетті былай деп анықтаған.»Менталитет-бейсаналықты қосқандағы коллективтік және жеке сананың терең деңгейі.Менталитет жеке және әлеуметтік топтардың қимылға,ойлауға,сезінуге және дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау бағытының дайындығының жиынтығы»-делінген.Немесе, «Социология және саясаттану сөздігінде»-менталитетке мынандай сипаттам берген: «менталитет тұрақты ойлау түрі,не ана,не мына жеке адамдар,саяси-әлеуметтік институт,топтар,ұйымдар, т.с.с бөлімшелер туралы шындықтың жинақталған,таратылған бейне-түсінігі».Қөріп отырғанымыздай,менталитет ұғымына ресейлік философтар мен саясаттанушылар қатты назар аудара бастаған.Ресейлік философ Б.П.Шулындин де менталитетті өзінше түсінуге талпынған.Оның ойынша «менталитетті жеткілікті тұрақты географиялық,геосаяси және әлеуметтік факторлардың әсері негізінде қалыптасатын стереотиптер жүйесі мен мінез-құлықтағы және сезімдік-эмоциялық реакциядағы,ойлаудағы иерархиялық көрінісі деп анықтауға болады»,деген. Менталитет ауқымы кең ұғым,онда ұжымдық және жеке сананың өзара байланысы,адамдардың ойлау түрлері,дүниені қабылдау әдістері,сезінуі мен түсінуі,бейімделу ерекшеліктері,құндылықтарға деген қатынасы бар.Басқаша айтқанда,менталитетке тән қасиет тұтастық,синкреттілік.Ол интегралдық ұғым.

       Қазақ менталитетінің қалыптасуы мен дамуына экономикалық қатынастар мен саяси-әлеуметтік,мәдени-рухани қатынастардың әсері мол.Бұларсыз,бұлардың даму заңдылықтары мен қайшылықтарын алдын-ала зерттемей менталитет табиғатын тану мүмкін емес.Нақты өмірде менталитет пен қоғамдық қатынастар арасында қайшылықтар туып тұратыны белгілі.Қайшылықтар негізінде қоғамдық жүйедегі өзгерістерді түсінбеу,қабылдамау,қарсылық таныту жатады.Мұндай құбылыстар әсіресе өтпелі кезеңде,жаңа мен ескінің қайшылықтары күшейіп тұрған кезде анық байқалады.

       Қазақ халқының менталитетінің  қалыптасуы мен даму сатыларына  тоқталатын болсақ,оны мынандай кезеңдерге бөлуге болар еді:көшпелі дәуір кезінде қалыптасқан менталитет.Оның да өзіне тән ішкі құрылымы мен сипаты,сапалық қасиеттері бар.Екінші саты XX ғасырдың басында отырықшылыққа көшуге байланысты.Сол кездегі болған ірілі-кішілі саяси-әлеуметтік өзгерістер,қазақ тұрмысына енген құндылықтар,түптеп келгенде қазақ менталитетін сапалық жағынан өзгерістерге ұшыратты.Үшінші саты,ол социалистік жүйенің қалыптасуымен байланысты.Тоталитарлық идеология,бұрын-соңды болмаған мазмұны мен сапасы жағынан төл менталитетке мүлдем қарама-қарсы психология қалыптастырды.Оның өзіндік ерекшеліктері ретінде таптық жүйеде қалыптасқан құндылықтар мен көзқарастарды алып өарауға болады.Таптық идеология ымырасыздық,жат-жұртқа шүбәмен қарау,шетелдік атаулының бәріне күдік туғызу психология негізін қалады.Сонау патшалық Ресей заманынан бастап кеңес үкіметі дәуіріне дейінгі аралықта қалыптасқан қазақ менталитетіндегі келеңсіз жайлар бүгінде нарықтық қатынастарға көшіп жатқанда әлі де болса сезіліп қалатынын айтпай кетпеуге болмас.Бұл жөнінде Ә.Қалмырзаев былай деп жазады: « Біздің халқымыз ғасырлар бойы жат-жұртқа шүбәмен қарау сезімінде тәрбиеленген.Патшалық Ресейдің отаршылдық құрсауы,а,ылшындардың қазақ жерінің байлығын иемденуге ұмтылуы,ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына кеңес үкіметі тарапынан кезінде әр түрлі шектеулердің қойылуы-халықтың сана-сезімінде,өн бойында шетелдіктерге деген сезіктену,күдіктенушілік,сенімсіздік сезімін ұялатты.Оған кеңестік идеологияның шетелдік атаулының бәріне оның арандату,іріткішіл саясатына деген ымрасыз таптық күресі бәрі-бәрі халқымызды осыған үәретті»-деп жазады.

Информация о работе Менталитет