Маңғыстау топырағы туралы мағлұматтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:10, реферат

Описание работы

Топырақ – күрделі табиғи құрылым. Ол әртүрлі факторлардың (климат, тау жыныстары, тірі организмдер, т.б.) өзара әрекеттесіп, өзгеру нәтижесінде пайда болады. Маңғыстау топырағының құрылысын оның әр өңіріне сай әртүрлі өзгешеліктерге ие болғанымен, негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ типтерінен тұрады. Қоңыр топырақ қоңыр түсті болып келеді және қара шірік қабаты едәуір дамыған, құнары біршама жақсы болып келеді. Ал сұр қоңыр топырақ ақшыл, кейде ақ түсті болып келеді, қара шірікке өте кедей (1%-дан аз).

Работа содержит 1 файл

Топырақ.docx

— 23.01 Кб (Скачать)

       

Маңғыстау топырағы туралы мағлұматтар

 

     Топырақ – күрделі табиғи құрылым. Ол  әртүрлі факторлардың (климат, тау жыныстары, тірі организмдер, т.б.) өзара әрекеттесіп, өзгеру нәтижесінде пайда болады. Маңғыстау топырағының құрылысын оның әр өңіріне сай әртүрлі өзгешеліктерге ие болғанымен, негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ типтерінен тұрады. Қоңыр топырақ қоңыр түсті болып келеді және қара шірік қабаты едәуір дамыған, құнары біршама жақсы болып келеді. Ал сұр қоңыр топырақ ақшыл, кейде ақ түсті болып келеді, қара шірікке өте кедей (1%-дан аз).

    Екі топыраққа да ортақ қасиеттер – олардың тек шөл дала зонасына ғана тән болуы. Олар негізінен сазды, саздауытты жыныстардан түзілген. Қоңыр топырақ Маңғыстау түбегінің солтүстігі мен солтүстік-батысында, Оңтүстік Жылыойда ғана таралса, қалған территорияларда сұр қоңыр шөл топырағы алып жатыр, яғни терістіктен күнгейге қарай топырақ типтерінің ауысуында табиғи зоналық айқын байқалады.

      Екі топырақтың да құрылысы қарапаым  әрі құнары аз. Неоген және төрттік дәуір шөгінділерінде қалыптасқан қара шірік (гумус) қабатының қалыңдығы 10-20 см-ге жетеді. Қоңыр топырақтың астыңғы қабаты тығыз, беткі қабаты бос шаңдауытты болады, екі типтегі топырақта өте жұқа, қатты қабықшамен қапталған.

      Маңғыстау топырағына тұздылық, сондай-ақ көп мөлшердегі гипс, мергель болуы және карбонаттылық тән. Осының бәрін қалыптастырушы және анықтаушы – Каспий теңізі. Бұл теңіз – Маңғыстау жертарабының табиғи геохимиялық қасиеттерінің ең басты жасаушысы.

     Маңғыстау топырағы неоген және төрттік дәуірдің теңіздік шөгінді жыныстарында қалыптасқан. Құрғақ климат топырақ құрамында табиғи тұздылықтың болуына әкеліп соғады. Сондай-ақ бұл қасиет теңізден соққан желдің тұз шаңдарын үнемі тасымалдап отыруының арқасында көбеймесе, кеми қоймайды.

     Топырақ қабаты тереңдеген сайын тұздылық күшейеді, өйткені 30-50 см төмендіктен сармат әктастың қабаты басталады. Барлық қабатында да жоғары карбонатты, күшті гипстенген (топырақтың астыңғы қабатында гипстің мөлшері 20-30 %-ға жетеді ).

     Маңғыстаудың геологиялық тарихының көп кезеңі теңіз астында өтті. Яғни әктас, мергель, гипс сияқты шқгінді қабат күшті тұздыланған. Облыс территориясында, біріншіден, жер бетіндегі ағын сулардың болмауы, екіншіден, өте құрғақ, ыстық климаттың болуы оның тұздылығын сақтайды. Ал әртүрлі сыртқы геологиялық күштер әсерінен топырақтың тұздылығы үнемі толықтырылып отырылады.

     Сонымен, Маңғыстау топырағы біршама құнарлы болғанымен, оның құрылымы өте әлсіз. Егін еккен жағдайда суару, тыңайту, т.б. әрекеттер кезіндегі сәл ғана ауытқушылық оның екінші рет тұздануына әкеліп соғады. Сондықтан облыс жерінде асқан білімділік пен үздік әдістерді қажет етеді. Яғни қарабайыр әдіспен егін егу жерді 2-3 жылда істен шығарады. Маңғыстау топырағы жердің бедеріне, тау жынысының құрамына, топырақ түзуші негізгі жынысқа, т.б. байланысты қоңыр және сұр қоңыр топырақ құрамына қарай 6 түрге бөлінеді:

 

  1. Қоңыр топырақ;
  2. Қоңыр сұр топырақ;
  3. Қиыршық тасты нашар дамыған қоңыр топырақ;
  4. Сұр топырақ;
  5. Сұр қоңыр топырақ;
  6. Қиыршық тасты нашар дамыған сұр қоңыр топырақ.

 

    Қиыршық тасты топырақ көбіне Таулы Маңғыстау жерінде кездеседі. Бұлардан басқа оқшауланған, шағын учаскелерде кездесетін шылғымдық-батпақтық топырақтар, сортаңдар, сондай-ақ топырақ қабаты жоқ құмдар және тастақтар жиі кездеседі.

 

   Енді топырақ таралуын географиялық өңірлер бойынша қарастырайық.

 

    Оңтүстік Жылыойдың топырақ құрылысының басым бөлігін қоңыр шөл топырағы құрайды. Үстірт шыңдарының етегіндегі үлкен ойлар мен аңгарларда сұр қоңыр  топырақты алқаптар басым. Кейде қиыршықты нашар дамыған сұр қоңыр топырақтар да кездесіп қалады. Өңірдің оңтүстік-батысында сортопырақ, оңтүстігінде қоңыр сортопырақ алып жатыр. Жем өзенінің ежелгі тармағы мен Шаған өзенінің орнында шалғындық-батпақты топырақтың шағын учаскелері кездеседі. Солтүстік-батыста темір жол линиясының маңында үлкен      Қарашығыл-Қарақұм массиві орналасқан.

 

       Бозащы өңірі топырағының басым бөлігі сортопырақ және қоңыр сортопырақ. Түбектің солтүтігін ( Керел-Ортаеспе), солтүстік-батысын, сондай-ақ Өліқолтық пен Қайдақты топырағы жоқ сорлар алып жатса, сортаң топырақтыр мен солардың шағын учаскелері Орталық Бозащыда жиі кездеседі. Солтүстік Ақтау мен Қаракешудің солтүстігіндегі бөлікте қоңыр сортаң тлпырақты жерлерде ара-тұра сұр қоңыр топырақтар да кездесіп тұрады. Ал оңтүстікте, Жаманқызылит, Қаркешу және Қасқыржол аралығындағы жерлерде таза қоңыр топырақтар да кездеседі.

 

      Таулы Маңғыстау өңірін түгел дерлік қоңыр топырақ алып жатыр. Бірақ Қаратаулар мен Ақтаулар аралығындағы ойларда нашар дамыған қиыршқ тасты қоңыр топырақ басым. Үстіртке жақын бөлігінде сұрқоңыр топырақ дамыған, сондай-ақ кішкене қоңыр сортопырақты жерлер де кездесіп тұрады. Қаратау жоталарының көп жерінде топырақ жамылғысы жоқ, тек жалаң тастар ғана. Тау етектерінде ылғалы мол сайларда шалғын топырағы дамыған.

 

   

     Көтеріңкі Маңғыстау өңірінің топырақ құрылымы едәуір күрделі, нашар дамыған: Солтүстігінде, Таулы Маңғыстауға таяу және солтүстік-батысында (Түпқараған түбегі, Саура-Ақтау-Ұлутас мүйісі аралығы, Қарақия төңірегі ) қоңыр, қоңыр сортаң және қиыршық тасты. Басқа құрылымдардан Тұзбайыр, Қарашек, Қауынды, Қарынжарық, Қарақия сияқты сорлары кездеседі. Кейбір сулы ойларда шалғындық топырақ дамыса, Оңтүстік Маңғыстауда тақыр учаскелер жиі кездеседі.

 

   

     Үстірт өңірінің топырақ таралымы біркелкі. Мұнда барлық жерде дерлік сұр қоңыр шөл топырағы таралған. Дегенмен, шыңдарға таяу жерлерде, Бейнеу жақта, оңтүстікте таза сұр қоңыр топырақ басым болсы, қалған бөлігінде оның сортаң түрлері басым. Ал шыңды аймақтарда нашар дамыған қиыршық тасты түрі тараған. Сондай-ақ топырағы дамыған Қаратүлей, Манашысор сияқты сорлар, Сам сияқты құмдар, шағын тақырлар кездесіп тұрады. Үстіртте “бозінген” деп аталған топырақ түрі кездеседі, ол үсті жұқа қабықшамен жабылған борпылдық гипстен тұрады, аты, сірә, түйенің жиі аунайтындығынан шықса керек.

 

     Біз Маңғыстау топырағының құрылымы өте нашар дамығандығын атап өттік. Оның жоғарғы қабаты жұмсақ борпылдақ болып келеді де, беті жұқа қатты қабықшамен қапталады. Қабықша топырақты жел мен судың әрекетінен барынша қорғайды. Алайда ауыр салмақты (автомашина,т.б.) күшке шыдай алмай тез бұзылады да, жуық арада қалпына келе қоймайды. Бұзылған участок су мен желдің әсерінен ұлғайып, шаң көтерілуіне және өсімдіктің өспеуіне апарып соғады. Әсіресе Үстірттің гипсті борпылдақтарында осындай процестер күшті дамиды. Көлік жүрген жерлер бірте-бірте линиялық ойыстарға айналып, жаңбырлы кезде батпақ болып көлікті жүргізбейді, сондықтан көліктер үнемі жаңа жол жасауға мәжбүр болып, бірте-бірте жолдар, яғни бұзылған топырақ көлемі ұлғая береді. Оған Маңғыстау түбегі мен Қыр үстіндегі айшықтаған мыңдаған жолдар айғақ, ал осындай жолдар қайтадан топырақты жерге айналуы үшін кемі 20-30 жыл керек.

  

     Ғалым В.Г.Мордокович “Далалық экожүйелер” деген кітабында (Новосибирск, 1982) қой мен далалық жертарап арасындағы мынандай байланысты келтіреді. Қой тұяғының жерді басып тұратын бөлігінің (табанының) ауданы 50 шаршы сантиметр (). Оның орта салмағы 50 килограмм болғанда, жерге түсіретін күші 1.0 кг/см, ал салыстырмақ болсақ әскери бронетранспортердікі 0.5 кг/см, яғни 2 есе аз. Қой тәулігіне орта есеппен 10 км жүріп 40000 із қалдырады. Бұл 200 (кв.м) жерді таптау деген сөз. Ал 50 қойы бар шағын отар 1 гектар жайылымды күніне 2 кг/см күшпен таптайды, бұл 30 танктың қатар (тығыз) қалыпқа тұрып, даланы 4 рет арлы-берлі тегістегенмен бірдей екен. Мал санын есепсіз көбейте беру де, малды үнемі бір территорияда тығыздастырып бағу да, топырақ қабатын, ол арқылы өсімдік қабатын жоюға әкеліп тірейді.  

  

     Қазіргі Маңғыстауда дәстүрге айналған шөп шабу, дайындау да тек қиын экономикалық қажеттіліктен туындап отырғаны болмаса, топырақ – өсімдік жамылғысын баяу жоқ қылатын әдіс.

     

    Шөп шапқыш және тасымалдағыш техниканың дөңгелегі мен шабу құралдары топырақты, көп жағдайда өсімдітерді тамырымен қопарып алады, сөйтіп жыл сайынғы өнімділік көрсеткіші баяуда болса төмендей береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Маңғыстау топырағы туралы мағлұматтар