Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:39, курсовая работа
Кіріспе
Ұлыбритания арал және мемлекет,Европаның кең ауқымды архипелагында -Британ аралында орналасқан.Жалпы ауданы – 244,14 мың км.Халық саны – 59,48 млн.адам.Билік басында королева(король),билік- парламенттік монархия.Ұлыбритания құрамына 53мемлекет(2006ж) кіретін Достастықты басқарады.Заң шығарушы орган-екі палаталы парламент(1-общин,лорд).
Ресми тілі-ағылшын,ақша бірлігі- фунт стерлинг.
Жоспар.
I.Бөлім
Ұлыбританияның табиғи географиялық жағдайы
II.Бөлім
Ұлыбритания тарихы
III.Бөлім
Экономикасы және әлеуметтік жағдайы
IV.Бөлім
Туристік саласы(Ең маңызды нысандары)
ХХХжазғы Олимпиада ойындары
Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24,8%-ы пайдаланылады.
Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар (бидай, қара бидай) басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында — көкөніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Мидлендтен басқа Ұ-ның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан.
Ауданы – 244,1 мың км. кв.
Халқы – 58,8 млн. адам (1997 ж.)
ЖІӨ - 1,1 трлн.долл. (1997 ж.)
Бір адамға шаққандағы ЖІӨ - 19 мың. долл. (1997 ж.)
Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында (АҚШ, Қытай, Жапония, ФРГ, Үндістан және Франциядан кейін). Ұлыбритания өндірістің капиталистік тәсілінің отаны болып табылады. XVIIғ. буржуазиялық революция Ұлыбританияны басқа еуропалық елдермен салыстырғанда капитализмнің ертерек дамуына жол ашып, ол кең және бай отарларды иеленіп озат теңіздік державаның құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта көптеген отарларынан айырылғанымен, Ұлыбритания территориясында 6 млн. халқы бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен отарлары енген Ұлттардың Достастығы (1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ең ірі империя
бола отырып XIX ғ. ортасында әлемдік
өнеркәсіп өндірісінің
Мемлекет ҒЗТКЖ
(НИОКР) (1996 ж. ЖІӨ 2,2 %) шығынының
үлесі бойынша алғашқы
Ұлыбританияда ұзақ
уақыт бойы негізгі жанармай
көмір (1273 ж. бастап қолданылды)
болған, ал 1970 ж. ортасынан Солтүстік
теңіздің қайраңындағы кен
сондықтан Ұлыбритания 1970 ж. дейін атом энергиясын өндіруі бойынша көшбасшы мемлекеттерінің бірі болған еді, бірақ Солтүстік теңізде мұнай мен газдың ашылуынан кейін атом энергиясына қатынасы өзгеріп, ол дамуын мүлдем тоқтатты, қазіргі таңда елге 27% электр энергиясын өндіретін 14 АЭС жұмыс істеуде.
Еуропада Ұлыбритания
ауылшаруашылық өндірісінде ең
жоғары дамыған
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 89 %. XIX ғ. ортасына таман мемлекет халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. – 75% қалада шоғырланды.
Географиялық жағдайы.
Ұлыбритания – Еуропаның
Ирландияның солтүстік – шығыс бөлігі мен жақын жатқан аралдар (Шетланд, Оркней, Норманд, Гебрид және т.б.) тобынан құралған. Оны Еуразиялық континенттен Ла – Манш және Па – де – Кале бұғаздары бөліп жатыр.
Ең ірі порттары
Лондон порты
Лондон, Лондон портыСаутгемптон,Ливерпуль,
Лондон қаласы — дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993 жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар, тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 20700 АҚШ долларына тең (2004).
Негізгі сауда серіктестері:Германия,
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бастап орнады. 1994 ж. 19 наурызда Қазақстан
Республикасы мен Ұлыбритания арасында достық пен ынтымақтастық, экономикалық ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияларына, білім, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
1992 ж. Алматыда Ұ. елшілігі,
1996 ж. Лондонда Қазақстан
Әдебиеті
Томас Мор
Құрлықтан келген ағылшындардың арғы тегі — англо-сакстер өздерімен бірге ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған герман аңыздары мен жырларын алып келді. Христиан діні енгізілгеннен кейін ежелгі батырлық дастандар қағазға түсіріле бастады. 8 — 10 ғ-ларда британдық негіздегі англо-сакстердің діни лирикасы, құдай ілімі жөніндегі еңбектері, жылнамалар пайда болды. 11 — 13 ғ-ларда үш тілді әдебиет дамыды: шіркеу шығармалары латын, рыцарьлық өлеңдер мен дастандар француз, ағылшындық аңыз әңгіме, жырлар англо-сакс тілінде жазылды. 14 ғасырдыңдың ортасында жалпы ұлттық ағылшын тілі қалыптасып, әр түрлі әлеуметтік топтардың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін поэзия пайда болды. Франциямен болған Жүз жылдық соғыс пен Алқызыл және Ақ раушан соғысы кезеңінде халықтық поэзия-аңыздық, тарихи, шым-шытырық оқиғалы сипаттағы балладалар дами түсті. 16 ғасырдың бас кезінде ағылшын жазушыларының басқа елдердегі гуманистермен байланысы күшейді, Томас Мордың “Утопиясы” жарияланды. Лирикалық поэзияның негізін Т.Уайет, Х.Х. Сари, т.б. авторлар қалады. Эпостық поэзияның ең жоғары жетістігі Э.Спенсердің “Сиқыршылар патшайымы” (1590) атты поэмасы болды. Қилы оқиғаларға, тұрмыстық, малшылар тақырыбына арналған романдар жарық көрді. 17 ғ-дың бас кезінде эссе (Ф.Бэкон) мен мінездеу (Т.Овербери) жанрлары қалыптасты. 1548 ж. епископ Дж. Бейлдің “Король Джон” атты тұңғыш тарихи драмасы қойылды. 16 ғ-дың ортасында антикалық үлгілерге еліктеп жазылған Т.Нортон мен Т.Сэксвиллдің, Н.Юдаллдың трагедиялары мен комедиялары қойылды. 16 ғ-дың 2-жартысында өзіндік ұлттық драматургия қалыптасып, оның көрнекті өкілдері К.Марло (1564 — 93), Р.Грин (1560 — 92), Т.Кид (1558 — 94), т.б. болды. Гуманистік драманың негізін Дж. Мили (1554 — 1606) қалады. Олардың шығармалары ұлы драматург У.Шекспирге игі ықпал етті. Ол Англия тарихына арналған пьеса-жылнамаларында (“Ричард ҚҚҚ”, “Генрих ҚV”, т.б.) тақ үшін күресті асқан шынайылықпен суреттеді.
Шекспир шығармаларының шырқау шыңы оның трагедиялары (“Гамлет”, “Отелло”, “Король Лир”, “Макбет”, “Антоний және Клеопатра”, т.б.) болды. Талантты драматургтер тобына сатиралық комедиялардың авторы Б.Джонсон (ш. 1573 — 1637), Т.Хейвуд (ш. 1574 — 1641) және Т.Деккер (1609 — 66), Ф.Бомонт (ш. 1584 — 1616), Дж. Флетчер (1579 — 1625) енді. Ағылшын бурж. революциясы гуманистік драманың дамуын тоқтатып, ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңінің бастамасы болды. Ағартушылық басты идеялық ағымға айналды. Әдебиеттегі біріншілік поэзиядан прозаға көшті. Д.Дефоның (1661 — 1731) “Робинзон Крузо” (1719) романында табиғатты бағындырған еңбек адамы, Дж. Свифттің (1667 — 1745) “Гулливердің саяхаттары” (1726) сатирасында сол кездегі Англияның өмірі суреттелді. Ағылшын романдары бүкіл еуропа әдебиетке ықпал етті. Р.Стилдің “Арлы ашыналар” (1722) атты сентиментальдық комедиясы, әсіресе, Дж. Лиллоның (1693 — 1739) “Лондон көпесі” (1731) атты трагедиясы драмада шынайы төңкеріс жасады. Әлеум. тұрмыстың күлкілі жағын әжуалаушы комедияның сатиралық ауқымы күшейіп, ол “Ұлы сөз мектебі” (1777) комедиясын жазған Р.Б. Шеридан (1751 — 1816) шығармаларында шарықтау шегіне жетті. Ағылшын романтиктерінің екінші ұрпағы — Дж. Т.Байрон (1788 — 1824), П.Б. Шелли (1792 — 1822), Дж. Китс (1795 — 1821) саяси консерватизмді батыл сынады. У.Блейктің (1757 — 1827) поэзиясына әлеум. утопизм тән болды. В.Скотт (1771 — 1832) тарихи роман жанрын дамытты. Ағылшын әдебиетінің жаңа кезеңі 19 ғ-дың 30-жылдары басталды. Романшы және публицист Т.Карлейль (1795 — 1881) романтизм тұрғысынан сол кездегі қоғамдық құрылысты сынға алды. Романтизмнен реализмге өту романшы әрі драматург Э. Дж. Булвер-Литтон (1803 — 73) шығарм-нан байқалды. 30 — 60-жылдар сыншыл реализмнің гүлдену кезеңі болып, ол У.Диккенс (1812 — 70), У.М. Теккерей (1811 — 63), Ш.Бронте (1816 — 55), Э.Гаскелл (1810 — 65) романдарынан көрініс тапты.19 ғ-да роман жанры басым болғанымен, поэзия да дамыды. Э.Фицджеральд Омар Хайямның шығармаларын аударды. О.Уайльд (1854 — 1900) декаденттік, символизм элементтері бар шығармаларымен танылды. Ағылшын символизмінің аса көрнекті өкілі, ирландық У.Б. Йитс (1865 — 1939) болды. 19 ғ-дың соңғы онжылдығы мен 20 ғ-дың бас кезі сыншыл реализмнің аса күшеюімен ерекшеленді. Б.Шоудың (1856 — 1950) пьесаларында қоғамды қайта құру идеялары қозғалды. Реалистік тұрмыстық драма Дж. Голсуорсидің (“Күміс портсигар”, 1906), Х.Гренвилл-Баркердің (1877 — 1946) пьесаларында орын алды. Г. Дж. Уэллстің (1866 — 1946) әлеум.-фантаст. және филос. романдарына индустрияландыру процесі өзек болды. Голсуорси (1867 — 1933) “Форсайттар туралы сага” атты трилогиясын бір отбасының тарихына арнады. Реалистік роман мен новелла дәстүрлерін У.Сомерсет Моэм (1874 — 1965); Э.М. Форстер (1879 — 1970), А.Э. Коппард (1878 — 1957), Кэтрин Мэнсфилд (1888 — 1923) жалғастырды.
Теңіз саяхаттарының романтикасы мен ерекше елдерді сезімтал психологизммен суреттеген Дж.Конрад (1857 — 1924) шығармалары ерекше көрінді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін романшылардың жаңа ұрпағы пайда болды. Айрис Мердоктың “Тор астында” (1954), “Алқызыл мен жасыл” (1965), т.б. романдары реализмге ойысты. Б.Д. Дэвидсонның (“Өзен жағалаулары”, 1956), Д.Стюарттың (“Сай келмейтін ағылшын”, 1954) шығармалары отаршылдық саясатқа қарсы бағытталды. Д.Томас (1914 — 53) модернистік поэзияның елеулі өкілі ретінде танылды. 60-жылдары философия мен ғыл. жаратылыстану тақырыбына К.Уилсонның “Ми арамтамақтары” (1967), “Философиялық тас” (1969) романдары жазылды. Ұ. әдебиетінен Шекспирдің “Сонеттер” (1970), Дефоның “Робинзон Крузо” (1935, 1937, 1963), Свифттің “Гулливердің саяхаттары” (1951), Дж. Байронның “Таңдамалы шығармалары” (1969), “Еврей саздары” (1965), т.б. кітаптар қазақ тілінде жарық көрді.
Өнері
Көп ғасырлық даму нәтижесінде Ұлыбритания өнерінің сипатты ерекшеліктері — дәстүрлерінің орнықтылығы, тұрмыс және баспанамен тығыз байланыстылығы, қоршаған орта мен табиғат көріністерін тап басып, тамаша үйлестіру қалыптасты. Ұ-да энеолит пен қола ғасырларының аса ірі әдеттен тыс күрделі және біртұтас мегалитті кешендер (Стонхендж, Эйвбери),
1 — 5 ғ-лардағы рим
құрылыстарының қалдықтары, кельттердің,
пикттердің, англо-сакстердің тастан
қашалған және металдан
7 — 10 ғ-ларға тән,
халықтық қаңқалы
11 — 12 ғ-ларда роман
үлгісіндегі қуатты шаршы
Мұндай ерекшеліктерді италиялық және нидерландтық сәулетшілерден көп нәрсені үйренген қамал-сарайларды салушылар да қабылдады.
16 — 17 ғ-лардағы кескіндемедегі
негізгі орынды портрет
17 ғ-да Ұлыбританияға
қоныс аударған шетелдіктер —
А. ван Дейк, П.Лели, Г.Неллерлер
енгізген ақсүйектер
18 ғ-дағы ағылшын өнерінің
гүлденуі өмірге құштар
19 ғ-дың 1-жартысында
У.Блейк пен табиғат суретшісі
У.Тернер сияқты романтик-
Музыкалық өнері
Ежелгі халықтық ауызша ән-жыр дәстүрлерін
жалғастырушылар халық
14 ғ-дың соңы — 15 ғ-дың бас
кезінде қала мәдениетінің