Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 09:35, реферат
Бактериялардың фотосинтез үдерісі жүретін жасыл-қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Көк-жасыл балдырларда (цианобактерия) ядро болмайды. Көк-жасыл балдырлар қына денесінде саңырауқұлақтармен селбесіп тіршілік етеді.
Көк-жасыл балдырлар
бөлімі
Бактериялардың
фотосинтез үдерісі жүретін жасыл-қызыл
түсті өкілдерін
Анабена -
жіптектес цианобактериясы,
Цианобактериялардың
жасушаларының пішіні цилиндр, шар
тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі
қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан
тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық
жарғақша жаба ды. Сыртқы боялған бөлігі
- хроматоплазма, ішкі түссіз бөлігі орталық
плазма деп аталады. Хроматоплазмасында
цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған
жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл
және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық
плазмасының нағыз ядродан айырмашылығы
- сыртын қоршаған 2 қабат жарғақшасы, хромосома
жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық
плазма қатарласа орналасқан жіпшелер
күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан,
цианобактериялар жасушалары қарапайым
екіге бөліну арқылы көбейеді.
Цианобактериялардың үш тобы бар:
хроококкалар - шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады. Балшықты жерлерде, жерасты ыстық суларда, тастың бетінде, тоқтау сула өседі;
хамесифондар - жіп тәрізді эндоспора түзетін түрлер. Көпшілігі теңіздерде, жартастарда, үлудың бақалшақтарында, ағаш діңдерінде өседі;
гормогониялар
- жіп тәрізді, көк-жасыл балдырлардың
көбею әдісімен, өсімді жолмен көбейетін
түрлер.
Осциллятория
трихомасы (қалың сілемейлі қабықтан
қапталған жіпше) - бұтақталмаған
бір түрі. Спора түзбейді. Жіпшесі бірнеше
бөлшекке бөлініп, әр бөлшегі сілемейлі
қабықтан сыртқа шығып, жаңа дараққа аталады.
Көк-жасыл балдырлардың мұндай көбею әдісін
гормогония деп атайды. Әр бөлшегі - көп
жасушалы. Осциллятория деп аталу себебі
- жердің сілкіну күшін өлшейтін осциллографтың
тілі тәрізді иілген ұшы тербелт қозғалады.
Сула, топырақта кездеседі. Носток тізілген
моншақ тәрізді жасушалардан тұрады. Жіпшелері
жалпы сілемейлі қабықта шоғырланып өседі.
Далалы жерлерде және қынаның құрамында
кездеседі.
Спирулина цианобактериясын
нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы
суқоймаларында өсіреді.
Цианобактериялар
ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың
табиғи тұздарына айналдырады. Цианобактериялар
жер беттің барлық жерінде, тіпті
ешқандай топырағы жоқ жартастарда
да өсе береді. Жанартау атқылаған соң
суынған лавалардың бетінде алғаш өсетін
де осы цианобактериялар. Себебі олар
ауадағы бос азотты синтездел, нәруызға
айналдырып қоректенеді. Олардың қалдықтары
шіріп, топыраққа айналады.
Бактериялардың
табиғатта және халық шаруашылығында
маңызы зор. Олардың кейбір түрі өсімдік
қалдығы, жануарлар өлексесі, саңырауқұлақтарда
қалған қалдықтар ды ыдыратыл, шірітеді.
Топырақ құнарлығын жақсартуға қатысады.
Бактериялар зат айналымына қатысып, тіршіліктің
жалғасуына себепші болады. Цианобактериялардың
кейбір түрі бос азотты синтездеп, нәруызға
айналдыра алады. Сөйтіп нәруыз өндіру
үшін арнайы суқоймаларда өсіріледі.
Ғалымдар көпке
дейін саңырауқұлақтарды
[өңдеу]
Пайдаланған әдебиеттер
↑ Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0