Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 02:49, реферат
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі.
«Көкшетау» — ұлттық табиғи саябағы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды
Саябақтың негізгі аумағы 151,1 мың га, бұған көне қарағайлы орман, тоғайлы саяжайлар және бұрынғы Зеренді, Арықбалық, Озерный орман шаруашылықтарымен, кәсіпорындарының, Дубровский аң-орман шаруашылықтарының қайынды-көктеректі ормандары, сондай-ақ Зеренді, Имантау, Шалкар, Лобанов, Белый және суы қорғалатын аймаққа жанаса жатқан жерлері бар Байсары көлдерінің аумағы кіреді. Географиялық саябақ Солтүстік Қазақстан аумағының орман-тоғайлы үстіртінде, Көкшетау қаласынан 60 км батысында орналасқан. Саябақтың және оның қорғалатын аймағының кең аумағы (5 мың км²-ге жуық) адам мен табиғаттың ескі және қазіргі дәуірдегі дамуын бейнелейтін тарихи мұра ретінде бірегей табиғат мұражайы болып табылады.
Мұнда өсімдіктің 700 түрі, жан-жануардың 305 түрі, Қазақстанның барлық флорасы мен фаунасының 30%-на жуығы бар, сонымен бірге геологиялық, археологиялық, тарих және мәдениет ескерткіштері (бұған неолит дәуірінің Ботай мекені де кіреді), мемлекеттік қорғауда. Ұлттық саябақ аумағы жағынан үш аралас филиалға: Зеренді аймақтық бөлімшесі (орталығы - красный кордон кенті), Арықбалық АБ (Горный кенті), Шалқар АБ (Лобанов кенті) және Дубравский ұдайы өндіріс учаскесіне (Мостовой кордоны) бөлінген. Аумақтың 10%-н ірі Шалқар, Имантау, Зеренді көлдерінің жағаларына орналасқан келушілерге, туристерге қызмет көрсететін демалыс аймақтар алады. Ұлттық саябақта: "Шалқар" және "Зеренді" санаторийлерінде стационарлық (емдеу-сауықтыру), яхтада, атпен серуендеуге, спорттың тау-шаңғы түрлері, "Тұрпан", "Имантау", "Зеленый мыс", "Дубрава" демалыс базаларында қысқамерзімдік (маусымдық) демалыс тұрлері ұйымдастырылған.
Әулиекөлдің (Бурабай көлі) сол жақ жағалауында, Көшетау және Теміртау сілемдерінің ортасында шығанақ орналасқан. Шығанақтың дәл ортасында - желге мүжілген гранит қабаттарының үймесінен тұратын тас арал. Бұл тас – Жұмбақтас. Адамның қиялына байланысты, Жұмбақтас әр түрлі кейіпке енеді. Егер Бурабайдан Абылай хан алаңына қарай, қайық стансасының жанынан жүріп келе жатсаңыз, шашы желбіреген жас сұлу қызға ұқсайды, әрі қарай баяу жүре берсеңіз, әдемі қыз бейнесі кәрі кемпірге ұқсай береді, ал Оқжетпес шипажайы жағынан қарасаңыз, Сфинкстің бейнесін көруге болады.
Әулиекөл (Бурабай көлі) жағасында орналасқан Оқжетпес тауы Бурабайдағы ең танымал жерлердің бірі. Биіктігі 300 метрдей ғана болса да, ол - оқ жетпейтіндей алып, әрі Әулиекөлдің сәні.
Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз әңгімелер айтылып жүреді. Осы аңыздардың біріне сүйенсек, зорлықпен үйленуге көнбеген тұтқын қыз осы таудың үстіне шығып, кімде-кім садағының оғын сол жерге тигізсе, соның жары болуға дайын екенін айтады. Таудың басына ешкімнің оғы жетпеген соң, біреудің күңі болып, не зорлықпен тұрмысқа берілетінін білген қыз таудан төмен секіріп, мерт болады. Қыздың құлаған жерінде Жұмбақтас пайда болады.
Жоспар:
Кіріспе