Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 18:21, реферат
Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі.
Италия
Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).
Табиғаты
Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 жылы) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұызндығы 652 км), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.
Тарихы
Ежелгі Рим
Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.
Орта ғасырлар
488 жылы Солтүстік
Италияға остготтар басып
554 жылы Италияның
көпшілік бөлігін Византия
754 – 56 жылы
франктер Апеннин түбегіне
774 жылы елді толығымен Ұлы Карл жаулап алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 жылы Италия корольдігі құрылды. Герман королі Оттон Корольдігінің басқыншылық жорықтары (951 және 961 – 62) нәтижесінде корольдік 962 жылы Қасиетті Рим империясының құрамына қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердің шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер мен сауда-саттық үнемі қызу жүріп жатты.
10 ғасырдан бастап қалалардың сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Коммунадағы билік қала шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте-бірте елдің аса ірі портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.) Батыс пен Шығыс арасындағы басты сауда орталықтарына айналды.
1154 – 76 жылы герман императоры Фридрих Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады. Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана-сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте-бірте италия ұлты мен италия әдеби тілі қалыптаса бастады.
11 ғасырда Оңтүстік Италиямен Сицилияны нормандар басып алып, Сицилия корольдігін құрды. 1282 жылы халық көтерілісі Сицилия корольдігінің құлауына алып келді.
13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Сицилияны, 15 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Италияны басып алған Арагон корольдігі бірте-бірте бүкіл Оңтүстік Италияға испан үстемдігін орнатты.
13 ғасырда
Орталық және Солтүстік
Испандық өктемділік және Франция ықпалының өсуі
Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды.
16 – 17 ғасырларда
Италия экономика жағынан
1714 жылы Италиядағы
испан иелігі толығымен
1734 жылы Австрия Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға берді.
1720 жылы Савоя герцогтығы Австриядан Сардинияны алып, Сардиния корольдігі құрылды (1720 – 1861).
Өркендеу дәуірі
18 ғасырдың
2-жартысынан бастап елде
1859 жылы Австриядан Ломбардия азат етіліп, Орталық Италия герцогтықтарындағы (Моден, Парм, Тоскан) және Романьедегі халық көтерілістері жеңіске жетті. Елді біріктіруде халық батыры Джузеппе Гарибальдидің Сицилия мен Неапольға жасалған жорықтары үлкен рөл атқарды. Италияны біріктіру 1870 жылы Рим облысының қосылып, ондағы папа билігінің жойылуымен аяқталды. Елдің бірігуінен кейін экономика жедел дами бастады.
Жаңа уақыт
19 ғасырдың
аяғынан бастап Италия үкіметі
отарлау саясатын жүргізе
1889 жылы Сомали жаулап алынды, Эфиопияға басып кіргенімен,
1896 жылы күйрей жеңілуге мәжбүр болды.
ХХ ғасыр
1911 – 12 жылы
Түркиямен соғысып, одан Ливия
мен Додеканес аралдарын
1920 жылы тұрмыстың
ауырлығынан елде
Б.Муссолини құрған фашистік партияға қаржылай көмекті күшейтті. Нәтижесінде 1922 жылы фашистер үкімет басына келді. Фашистерге қарсы партиялар (негізінен, социалистер мен коммунистер) ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракция комитетіне бірікті. Бірақ көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым салды.
1926 жылы фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды. Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды.
1936 жылы майда Италия Эфиопияны басып алды,
1936 – 39 жылы Испаниядағы фашистік төңкеріске белсене араласты,
1937 жылы “Антикоминтерндік пактіге” қосылды,
1939 жылы Албанияны басып алды.
1940 жылы 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы 27 қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісімшартқа отырды.
1940 жылы қазанда Грекияға,
1941 жылы сәуірде Югославияға шабуыл жасады.
1941 жылы маусымда Германиямен бірігіп, КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес армиясы 1942 – 43 жылы қыста Орта Дон бойында Италия армиясын толық талқандады.
1941 – 43 жылы Италия әскерлері Солтүстік Африкада да толығымен талқандалды.
1943 жылы 25 шілдеде елде мемлекет төңкеріс болып, Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 және 9 қыркүйекте ағылшын-американ әскерлері (Апеннин түбегіне) десант түсірді. Елде фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді.
1945 жылы сәуірде жалпыхалықтық көтеріліс нәтижесінде ел толығымен азат етілді.
1946 жылы 2 маусымда елде референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның тәуелсіздігін мойындады.
1948 жылы Маршалл жоспарына сәйкес, АҚШ-тан көмек алды.
1949 жылы НАТО-ға мүше болып
кіріп, елде АҚШ әскери
Экономикасы
Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі – 35,6%, ауыл шаруашылығы – 3,9%, қызмет көрсету – 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы – өнеркәсіпте, 8%-ы – ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 – 65%-ы, импорттың 80 – 90%-ы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында).
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.
Қазақстанмен қарым-қатынас
Әдебиеті
Сурет:Данте1465.жпг Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 12 ғасырлар аралығында латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано Карпинидің (1182 – 1252), Марко Полоның (1254 – 1324) Орталық Азияға жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық диалектілерде жазылған әдеби ескерткіштер 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында туды.
Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – “Жаңа өмір” (1292) повесі, “Құдіретті” комедиясы (1321), т.б. туындылары дүние жүзі әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өрлеу дәуірі кезіндегі Италия әдебиетінде ақын Ф.Петрарка (1304 – 1374), Дж. Боккаччо (1313 – 1375) шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғасырда ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым-жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 – 1457), т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғасырларда Ф.А. Ариостоның (1474 – 1533) “Қаһарлы Роланд” поэмасы, Н.Макиавеллидің (1469 – 1527), П.Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық комедиялары, Т.Тассоның (1544 – 1595) “Аминта”, Б.Гваринидің (1538 – 1612) “Сенімді бақташы” атты драмалары жазылды. 17 ғасырда Италияның біршама бөлігін испан басқыншылары жаулап алуына байланысты әдебиетте біраз тоқырау пайда болды. 18 ғасырдың орта шенінен Италияның рухани өмірі қайта гүлденіп, ұлттық мәдениет өркендеу жолына түсті. 1848 – 49 жылғы революциядан кейін туған Р.Джованьолидің (1838 – 1915) “Спартак” романы мен Дж. Кардуччидің (1835 – 1907) саяси жырлары Италия әдебиетіндегі романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 19 ғасырдың аяғында Италия әдебиетінде жаңа романтикалық және символистік бағыт өріс алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі гуманистік бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен реалистік дәстүрден ажырап қалды. Дж. Джерманетто, Ч.Павезе, Э.Витторини, т.б. ақын-жазушылар өз шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын суреттеп көрсетті.