Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 19:11, реферат
Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік ж/е коммуналдық канализациялық ақаба сулары ж/е де басқа өндіріс қалдықтары ,құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.)бар егістік жер қыртысының шайындысы ,суармалы жүйенің дренажды суы , мал шар.ағындылары ,су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу,радиоактивті заттар ж/е ауыр металдар алу өндірістері болып табылады.
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді.
Суды негізінен ластайтын көздерге өнеркәсіптік ж/е коммуналдық канализациялық ақаба сулары ж/е де басқа өндіріс қалдықтары ,құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.)бар егістік жер қыртысының шайындысы ,суармалы жүйенің дренажды суы , мал шар.ағындылары ,су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады. Су ортасы үшін ең үлкен қауіп тудыратын мұнай,мұнайды өңдеу ,химиялық қосылыстарын алу,радиоактивті заттар ж/е ауыр металдар алу өндірістері болып табылады.
Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне мыналар жатады: өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар; тұрмыстық , тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар; тыңайтқыштар, пестицидтер және де хим. заттар қолданылатын а.ш салалары; жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер; су көзіне жалғасқан лас орындар; жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар; өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Оның негізгі ластану көздері мыналар:
Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда. ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ– 1) сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; 2) жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы.
Судың тіршілік үшін маңызы
зор.Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен
гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың
барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.
Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың
жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың
зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады.
Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге
әкеліп соқтырады да, судың артық болуы
жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады,
қатты терлетеді, қалжыратады.
Су — тіршілік көзі. Тірлігі
оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін
бактериялар бар. Бірақ сусыз өмір сүретін
ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының
бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан
ағзалар денесінің 50-90 пайызы судан тұрады.
Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су
бар. Оның мөлшері 17 кг-ға кемісе, адам
өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.
Судың тағы бір қасиеті — жақсы
еріткіш.
Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері
еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге
сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі
минералды заттарды ерітеді. Бұдан судың
физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және
иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге
ие болған жер астынан шығатын суларды
минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген
заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне
байланысты. Ішуге жарамды суда да белгілі
бір мөлшерде еріген тұздар болады. Ол
адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан
айығуға жәрдемдеседі.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының
құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің
80-95 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының
құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің,
сілекейдің құрамына кіреді.
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы өзендердің аңғарлары жақсы түзілген әрі кең болып кетеді. Бұл өзендерде тереңдік шаю әрекеті (эрозиясы) баяу, ал бүйірлік шаю күшті болады. Таулы аймақтардың өзендері геологиялық тарихы жағынан жас, өз дамуының бастапқы кезеңінен өтуде. Бұлардың бойлық қимасы тік, құламалы келеді, яғни қалыптасып бітпеген. Өзендердің тереңдік шаю әрекеті жылдам да, бүйірлік шаюы баяу.
Қазақстан өзендерінің екінші ерекшелігі оның әркелкі таралуы. Жазықтарда өзен жүйесінің (торының) жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кеми береді. Жауын-шашын көбірек түсетін орманды дала және дала зоналары өзенге бай. Республиканың солтүстігінде өзен жүйесінің жиілігі әрбір 100 км2-ге орта есеппен 4-6 км-ден, ал оңтүстік шөл зонасында 0,5 км-ден келеді. Қазақстанның биік таулы аймақтарында өзен көп. Алтай, Жетісу Алатауы және ТяньШань тауларына жауын-шашын мол түседі. Өзен жүйесінің жиілігі тау бөктерлерінде әрбір 100 км2-де 4-6 км-ге, таудың орта бөлігінде 10-12 км-ге, биік тауларда 16-18 км-ге дейін жетеді.
Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді.Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді. Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады.
Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.
Қазақстанның жазықтағы
Биік тау өзендерінің мұз режимі басқаша. Олардың таулы бөлігінде ағыстың күшті болуына байланысты және жер асты суымен коректенетіндіктен, тұрақты мұз жамылғысы қалыптаспайды. Тек кей жерлерде ғана жағалық мұздар байқалады.
Қазақстанның өзендері жылма-жыл шайылған тау жыныстарын ағызып әкетіп отырады. Өзендер табанын тереңдетіп, бүйірлерін құлатып, ірілі-ұсақты тастарды домалатып ағады. Қазақстанның жазық бөлігіндегі өзендердің ағысы баяу болады. Қатты материалдарды аз тасымалдайды. Мұндай өзендердің лайлылығы 50-100 г/м3, ал төменгі ағыстарында 200 г/м3. Борпылдақ жыныстарды көп ағызып әкелетін Батыс Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500-700 г/м3) келеді. Тау өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай артады. Оның мөлшері Іледе 650 г/м3, Шудың төменгі ағысында 900 г/м3, Сырдарияда 1200 г/м