Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 17:18, реферат
Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған.
Геол. зерттеулердiң басты мақсаты — елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геол. зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан «Материалы по гипсометрии Казахстана» («Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер») кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi.
Оңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол. ин-ты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың «Климатический очерк Казахстана» («Қазақстанның климаттық очеркi») еңбегi] жасалды.
Қазақстандағы алғашқы гидрол. кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң «Краткий гидрографический очерк Казахстана» («Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi») және «Гидрометеорологический очерк Казахстана» («Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi») еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төм. ағысындағы көлдер зерттелдi.
КСРО Геогр. коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928—30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физ.-геогр. аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi.
Геоботан. зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшiлiгi Бат. Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923—25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты.
Өндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929—32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы геогр. зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928—40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерiнiң және жергiлiктi ғыл. кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi.
Климаттық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы «КСРО су қорларының анықтамасы» жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргiздi.
2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941—45) жалпы геогр. зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi.
КСРО ҒА-ның
Геогр. ин-тының көпшiлiк
Қазақ КСР ҒА-ның Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, «Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама» (1950) жинақ кiтабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi игерiлуге тиiстi жаңа аудандарда кешендi экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикiзат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикiзат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттедi. Тянь-Шаньда биiк таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерiн геоморфол. зерттеу, әсiресе геоморфол. картаға түсiру iсi өрiстедi. Жер қойнауын зерттеу тәсiлдерiнiң бiрi — геол. картаға түсiру жалпы зерттеу процестерiнiң құрамына енгiзiлдi. Сөйтiп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудiң негiзiне айналды.
Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелдi. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi негiзiнде «Қазақстан климаты» (1959) атты жинақ шықты.
Гидрол. зерттеулердiң iшiнде республика көлдерiнiң жете тексерiлгенiн аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейiннен КСРО ҒА-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ҒА-ның геогр. секторының қызметкерлерi бiрлесе жүргiздi. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердiң физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелдi. Көлдердiң жалпы кадастры құрастырылды. Жер бетi суы қорларын зерттеу нәтижелерi тың және тыңайған жерлердi игеруге байланысты бiршама толықтырылды. Бiрнеше iрi гидрол. кешендiк зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректерi «Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель» («Тың және тыңайған жердi өңiрлерiнiң беткi ағын қоры»), «Ресурсы поверхностных вод СССР» («КСРО жер бетi ағынының қоры») жинақтарына енгiзiлдi.
Топырақ жамылғысын
зерттеген әр саланың ғыл. және өндiрiстiк
мекемелердiң қорытындылары
КСРО ҒА-ның аэротәсiлдер лаб. Солт. Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудiң аэротәсiлiн белгiледi. Экон. география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн кешендiк еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндiргiш күштердi тиiмдi орналастыруға, экон. аудандастыруға және экон. аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндiрiстiк кешендердiң қалыптасу мәселелерiне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдiрахманов, т.б.) жарық көрдi. Республика жерiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердiң кеңiнен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкiлодақтық 6-кеңесiнiң (1963) Алматыда өтуi әсер еттi. Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау обл-тарының ландшафтылық жағдайы зерттелдi