Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 22:22, контрольная работа
Ежелгі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді – полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпылы зор болады. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, олардың ерекшелігі мынандай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынан, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты. Ежелгі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болады.