Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:56, реферат
Еуропа Одағы — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді.
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.Еуропалық Одақ, оның пайда болуы мен дамуы
2.Еуропалық Одақтың мақсаттары мен міндеттері
3.Еуропалық Одақтың әлемдік экономикадағы орны
Қорытынды:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:
Еуропалық Одақтың қазіргі дүниежүзі географиясындағы өндіргіш күштерді аймақтық ұйымдастырудың жаңа формасы
Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
1.Еуропалық Одақ, оның пайда болуы мен дамуы
2.Еуропалық Одақтың мақсаттары мен міндеттері
3.Еуропалық Одақтың әлемдік экономикадағы орны
Қорытынды:
Кіріспе
Еуропа Одағы — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы.
Ғұмыры ұзаққа созылған Еуропалық одақтың iргетасы Екiншi Дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi дағдарыс кезеңiнде қаланған. Интеграцияның оңтайлы жолдарын қарастырған кәрi құрлық II Дүниежүзiлiк соғыс сияқты кең ауқымдағы қантөгiс пен дауларды болдырмауды көздеген. 1946 жылы Ұлыбританияның премьер-министрi Уинстон Черчилл Еуропада да Құрама Штаттар сияқты ұйымның құрылуы мүмкiн екендiгiн айтты. Сол жылы желтоқсанда Париж қаласында Федералистердiң еуропалық одағы құрылды. Бiрақ бұл ұйымның тағдыры ұзаққа созылмаған. Ал ЕО-ны құру бастамасын француз дипломаты Жан Моне мен Францияның сол кездегi премьерi Робер Шуман көтерген болатын. 1950 жылдың 9 мамырында ресми мәлiмдеме жасаған Шуман: «Франция үкiметi Франция мен Германиядағы көмiр мен болат өндiру саласына қатысты барлық өндiрiс ошақтарын бiрiккен ұйымның бақылауына беруге ұсыныс жасайды. Аталған ұйымға Еуропадағы басқа да мемлекеттер мүше бола алады. Көмiр мен болат өндiрiсiнiң бiрiктiрiлуi экономикалық дамудың жаңаша негiзiн қалап, соғыс өртiне шарпылған аймақтардағы ахуалды жақсартуға ықпал етедi» дедi. Осының нәтижесiнде 1951 жылы Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Франция мен Германия Федеративтiк республикасы мүше болған Еуропалық көмiр мен болат қауымдастығы (ЕКБҚ) құрылды. Осы алты мемлекетте көмiр мен болат саудасына қатысты барлық тарифтiк және сандық шектеулер алынып тасталды. 1957 жылдың 25 наурызында ЕКБҚ мен Еуропалық атом энергиясы жөнiндегi қауымдастығының негiзiнде Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылатындығы туралы Рим Келiсiмiне қол қойылды. Осы аталған 3 ұйым 1967 жылы Еуропалық Қауымдастыққа бiрiктi. 1968 жылы болашақ ЕО iшiнде экономикалық және валюталық одақтың қалыптасуына негiз болған Кедендiк одақ құрылды. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың дүниеге келуiне мұрындық болған алты ел – Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Италия мен Люксембург 1968 жылдың 1 шiлдесiнде үшiншi мемлекеттерге арналған бiртұтас кедендiк тарифтi енгiздi. 1973 жылы Ұлыбритания, Дания мен Ирландия ЕЭҚ-ға мүшелiкке өту туралы шешiм шығарғандықтан, «алтылық» «тоғыздыққа» айналды. 1981 жылы Греция, 1986 жылы Испания мен Португалия Қауымдастыққа қосылды. 1985 жылдың 14 шiлдесiнде тауар, қаржы мен адамдардың еркiн әрi кедергiсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн Шенгендiк келiсiмге қол қойылды. Еуропалық Одақтың iшкi шекараларындағы бақылауды күшейте отырып, ЕО iшiндегi кедендiк кедергiлердi алып тастау туралы келiсiм 1995 жылдың 26 наурызында күшiне ендi. 1992 ж. 7 ақпанында Нидерландының Маастрихт қаласында еуропалық елдердегi қаржы және саяси жүйенi реттеу жолдарын қарастыратын Еуропалық Одақты құру жөнiндегi келiсiмге қол қойылды. Бұл құжат заңды түрде 1993 жылдың 1 қарашасында күшiне енген болатын. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЕО-ға мүше мемлекеттер аумағында бiртұтас ақша бiрлiгi ретiнде (қолма қол ақша айырбасы емес түрiнде) еуро енгiзiлдi. Ал банкноттар 2002 жылы жарыққа шықты. 2004 жылдың 1 мамырында Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия мен Эстония ЕО-ға мүшелiкке өттi. Ұзақ уақытқа созылған тартыстан кейiн 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария мен Румыния да одақтың құрамына ендi. Еуроодаққа мүшелiктiң алғашқы үш жылында екi тарапқа да кейбiр шектеулер қойылуы мүмкiн. Мысалы, жалпыеуропалық бюджеттен қаржы бөлiну, Болгария мен Румыния сияқты мемлекеттердiң сапасыз ауылшаруашылық өнiмдерiнiң еуропалық нарыққа енгiзiлуiне тыйым салу сияқты т.б. шектеулер. Негiзi осы екi елдiң ЕО-ға қабылдануынан кейiн Еуроодақтың саяси құрылымына өзгертулер енгiзу мақсатында Одақты кеңейту процесi уақытша тоқтатылды. Әйтпесе, мүшелiкке өтетiндер тiзiмiнде 40 жылдан астам уақыттан берi кәрi құрлықтың «бабын таба алмай» келе жатқан түрiктер тұрғаны мәлiм. ЕО-дан Украина мен Преднестровьенiң де дәмесi бар.
Еуро одақ құрамына кіретін елдер тізімі:
№ |
Елдің атауы |
Одаққа қабылданған жыл |
1 |
Австрия |
1995жыл |
2 |
Бельгия |
1957жыл |
3 |
Болгария |
2007жыл |
4 |
Великобритания |
1973жыл |
5 |
Венгрия |
2004жыл |
6 |
Германия |
1957жыл |
7 |
Греция |
1981жыл |
8 |
Дания |
1973жыл |
9 |
Ирландия |
1973жыл |
10 |
Испания |
1986жыл |
11 |
Италия |
1957жыл |
12 |
Кипр |
2004жыл |
13 |
Латвия |
2004жыл |
14 |
Литва |
2004жыл |
15 |
Люксембург |
1957жыл |
16 |
Мальта |
2004жыл |
17 |
Нидерланды |
1957жыл |
18 |
Польша |
2004жыл |
19 |
Словакия |
2004жыл |
20 |
Словения |
2004жыл |
21 |
Португалия |
1986жыл |
22 |
Румыния |
2007жыл |
23 |
Финляндия |
1995жыл |
24 |
Франция |
1957жыл |
25 |
Чехия |
2004жыл |
26 |
Швеция |
1995жыл |
27 |
Эстония |
2004жыл |
2. Еуропалық Одақтың мақсаты мен міндеттері
Федералдандыру Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:
XXI ғасырдын басында Еуропа одағы қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - ұйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу. 2002 жылы "Одақтың болашағы жөнінде Конвент" шақырылды. 2004 жылы Конвент Еуропа Одағының Конституциясын жасады.
Еуропа одағының әлеуметтік саясаты - Еуропалық Одақ елдерінде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Қазіргі әлемдегі әлеуметтік саясаттың дамуының ғаламдық үрдістері ең алдымен, аймақтық деңгейде қалыптасуда. Осы орайда едәуір ілгері кеткен, үлгі боларлықтай әлеуметтік жағдайлар туғызып отырған Еуропа аймағы, мұндағы әлеуметтік саясаттың ең басты ұйымдастырушы әрі бірыңғайландырушы факторы - үздіксіз ықпалдасушы халықаралық бірлестік - Еуропа Одағы. Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта "жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету" туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс- қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, ЕО құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі "жұмыспен қамтамасыз ету саясаты" ( ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы), сондай-ақ "денсаулық сақтау саласындағы саясат" (ЕО жөніндегі Келісімнің 3-бабы) ұстанды. ЕО-ның әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы екі өзара байланысты себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және ЕО қызметінің барлық бағыттарында "өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен" негізделеді (ЕО жөніндегі Келісімнің 2-бабы). ЕО жүргізіп отырған әлеуметтік саясаттың құқықтық негізі "Қауымдастық саясаты" құрылтай келісімінің 3-бөлімінің тараулар мен тармақтарының ережелері болып табылады. Әлеуметтік саясат саласында ЕО өкілеттігінің қайнар көздері: ЕО жөніндегі Келісімнің VIII тараудың "Жұмыспен қамту" бөлімі, XI тараудың екі бөлімі - 1 бөлім "Әлеуметтік ережелер" және 2 бөлім "Еуропалық әлеуметтік қор", сондай-ақ XIII бөлім - "Денсаулық сақтау".
ЕО-ның ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік құқықтарына арналған бірнеше құжаттар аса маңызды:
Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылда әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт Келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен ЕО елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін ЕО жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының құрамына біріктірді. Келісім 1992 жыл күшін жойды. ЕО жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жұмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жұмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу.
Еуропа одағы институттары - Еуропалық Одақтың негізгі міндеттерін жүзеге асырушы құзырлы органдар. Еуропалық Одақ Институттары бір мезгілде Еуропалық қауымдастықтың әрқайсысының: Еуропалық қауымдастықтың, Еуропалық көмір және болат бірлестігі, Атом энергиясы бойынша Еуропалық Қауымдастық институттары ретінде де қызмет етеді. Осылайша, "Еуропалық Одақ институты" және "Еуропалық қауымдастық институты" ұғымдары синонимдер болып табылады. Еуропалық Одақ институттарына: Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық Сот, Еуропалық санақ палатасы, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Аймақтар комитеті, Еуропалық орталық банк, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропа одағы омбудсманы, Еуропол жатады.
Еуропа одағы құқы — [EULaw; European Union Law] — Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше қүқықтық феномен. Еуропа одағы құқы халықаралық құқық пен мемлекетшілік құқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше құқық тәртібі. Еуропа одағы құқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. "Еуропалық Одақ құқы" ұғымы 1990-шы жылдардың басында Еуро- одақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады.
Еуропалық ықпалдастық - еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын құрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі - Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени ұғым ретінде) саяси біртұтастығы Рим империясынан, ал, діни түтастығы - IV ғасырдын б.д.д. христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. Ӏс жүзінде V ғысырдын Батыс Рим империясы жойылғанынан кейін аумағы бірте-берте тарылып, 1453 жылы оның астанасы - Константинополь - османдықтардың иелігіне өтіп, жоқ болып кеткенінше,империялық бірліктің "қүдіреттілігі" Византияда (Шығыс Рим империясы) сақталды