Биік таулы өлкелер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 10:30, контрольная работа

Описание работы

Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы полеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгенімен ерекшеленеді.

Работа содержит 1 файл

Биік таулы өлкелерге .DOC

— 45.00 Кб (Скачать)


Биік таулы өлкелер

 

   Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы полеозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде қайта жаңғырған. Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік әрі күшті тілімделгенімен ерекшеленеді.

   Оңтүстік Алтай солтүстігінде бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның биік шыңы Мұзтау (4506 м). Осы жерден оңтүстік-батысқа қарай оңтүстік Алтайдың басты тау жоталары (Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Нарын, Күршім) тарайды. Олардың биіктіктері шығыста 3500м-ден батысқа қарай бірте-бірте 1200-2000 м-ге дейін аласарады. Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді. 

   Алтай Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Калба  жотасы деп үшке бөлуге болады.

   Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысын алып жатыр. Республика жеріне Орталық Тянь-Шань мен Батыс Тянь-Шанның бір бөлігі, Солтүстік Тянь-Шань  түгел дерлік кіреді. Орталық Тянь-Шань Қытай, Қазақстан, Қырғызстан шекараларының түйіскен жерінен басталады. Осы жерде Қазақстанның ең биік нүктесі Хантәңірі (6995м) орналасқан.

   Хантәңірі тау массивінен батысқа қарай бірнеше жоталар тарайды. Олардың ең үлкені Терескей Алатауының шығыс тармағы арқылы Қазақстан  Қырғызстанмен шектеседі. Тау беткейлер көптеген шатқалдармен тілімделген, тау шоқтықтарын мәңгі қар көмкеріп жатыр.

   Қалба жотасы-Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400км-ге созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы шыңы (1606м). Батысында жота бірте-бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетеді.  

    Жоңғар таулы өлкесі. Оған Қазақстан жерінде Жоңғар-Алатауының  солтүстік, оңтүстік-батыс бөлігі кіреді. Бұл тау жүйесі солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғарымен шектелген. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 450км-ге созылып жатыр.

  Қытай мен Қазақстан шекарасында Жоңғар Алатауы мен барлық жотасының аралығында Жоңғар қақпасы деп аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің  ойысы мен Алакөл қазаншұңқырларын қосады.

  Жоңғар Алатауының бас тау жүйесінің биіктіктері 5000 м-ден астам қатар жатқан Солтүстік және Оңтүстік жотаға бөлінеді. Ең биік жері Бесбақан шыңы (4622м). Жоңғар Алатауының бірден-бір ерекшелігі –тау төбелерінде тегістелген жазықтардың болуы. Олар орналасу биіктігіне қарай бірнеше сатылы болып келеді.

    Батыс және Кенді Алтай Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді. Олардың бастылары:

Листвияға, Холзу, Көксу және олардан тармақталған Үбі, Иванов, Үлбі жоталары Батыс Алтайдың  шығыс бөлігі қатты тілімделген және шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар жауып жатқан биік таулы болып келеді. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар (мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, вольфара, күміс, алтын т.б. металдар) табылған. Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.

   Іле Алатауы - Тянь-Шанның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ол шығыстан батысқа қарай 350 км-ге созылады. Ең биік нүктесі -Талғар шыңы (4973м). Осы жерден бастап Іле Алатауы шығысқа  және батысқа қарай аласара береді.

   Іле Алатауында да тегістелген жазықтар едәуір орын алады.Олардан биіктікте мәңгі қар мен мұздықтар жамылған үшкір,сүйір,жалаңаш шындар көрінеді. Іле Алатауы шөгінді және атпа жыныстардан, құмтастан, порфирден, гранит пен гнейстен түзілген. Солтүстік беткейі біраз көлбеу, бірақ көптеген өзендермен күшті тілімделген. Көркіне көз тоймайтын тау көлдері,сарқырамалар ағыны қатты тау өзендері, тік беткейлі терең шатқалды биік таулары мыңдаған туристерді қызықтырады. Етегінде ару қала Алматы және көптеген елді мекендері бар, бұл таулар халықтың демалатын әсем әрі көрікті жерлері. Іле Алатауы солтүстік-батысында Шу-Іле тауларына жалғасатын көп бүлінген ескі таулар.

   Қырғыз Алатауы. Күнгей және Іле Алатауларының батысында жатыр. Ол бұл таулардан Шу өзені ағып өтетін Буам шатқалы арқылы бөлінеді. Қазақстанға жотаның батыс бөлігінің солтүстік беткейлері ғана кіреді. Қырғыз Алатауы өте күшті тілімделген және биік таулы тік құз,шыңды альпілік жер бедерімен ерекше көзге түседі.

   Кетпен жотасы. Кетпен жотасын Орталық Тянь-Шаннан (2300м-ге дейін). Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр. Кетпен жотасының батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінде жатыр. Оңтүстік батыстан шығысқа қарай 300км-ге созылып жатыр, ені 40-50км. Ең биік жері Небесная тауы 3652м. Кетпен жотасы эффузиялық жыныстардан, әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімделген, тік құлама шатқалды болып келеді.

   Қазақстанға Күнгей Алатауының шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатыр. Бұл Тянь-Шанның ең биік жоталарының бірі ( Иманбұлақ шыңы 4647 м). Күнгей Алатауының солтүстік беткейі Шелек және Кемін өзен жүйелерінің ағын суы әрекетінен тілімделген.

    Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Талас Алатуынан басталып, одан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жоталарға ұласады. Аса ірісі Өгем, Тіскем және Қаратау (2176 м).

    Қазақстан аумағына түгелдей кіретін Қаратау- Тянь-Шанның қатты өзгеріске ұшыраған бұзылған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы. Қаратау пайдалы қазбалардың қазынасы. Тау қойнауының құрамында қорғасын, мырыш т.б. түсті металдар көп тараған кен орындары кездеседі. Таудың оңтүстік-шығыс бөлігінен фосфорит кені өндіріледі.



Информация о работе Биік таулы өлкелер