Бермуд үштағаны

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:07, реферат

Описание работы

Бермуда үшбұрышы немесе Бермуд үштағаны — Атлант мұхитының Флорида түбегі, Бермуда жәнеПуэрто-Рико аралдары аралығындағы су айдыны. Бұл ауданда алып су иірімдері (рингтер), тік бағыттағы жылдам қозғалатын ауа массасы, лезде пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны, кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай, ашық аспанның турбуленттілігі, т.б. ғажайып табиғи құбылыстар жиі болып тұрады. Үшбұрыш айдынындағы су ерекше көгілдір және мөлдір.

Работа содержит 1 файл

Бермуд үштағаны.docx

— 30.04 Кб (Скачать)

Бермуд үштағаны


 

Бермуда үшбұрышы немесе Бермуд үштағаны — Атлант мұхитының Флорида түбегі, Бермуда жәнеПуэрто-Рико аралдары аралығындағы су айдыны. Бұл ауданда алып су иірімдері (рингтер), тік бағыттағы жылдам қозғалатын ауа массасы, лезде пайда болып, лезде ғайып болып кететін теңіз құйыны, кәдімгі ақша бұлттан пайда болатын найзағай, ашық аспанның турбуленттілігі, т.б. ғажайып табиғи құбылыстар жиі болып тұрады. Үшбұрыш айдынындағы су ерекше көгілдір және мөлдір. Зерттеулер нәтижесінде 500 м тереңдікке дейін теңіз суы температурасының бірқалыпты болатындығы (180С) анықталды. Тропиктік белдеуден тыс жатса да “Бермуда үшбұрышы” ихтиофаунаға, су балдырларына және маржандарға өте бай. “Бермуда үшбұрышындa” кемелердің тұтас немесе кеме командасының жоғалып кетуі, сондай-ақ, бұл аудан үстімен өткен ұшақтардың апатқа ұшырауы, ғайып болуы көп тіркелген. [1]

Бермуд үштағаны – Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын –Бермудтан басталып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жалғасып жатқан үшбұрышты мүйіс айтылады. Жалпы ел арасында бұл жерге қатысты «шайтан үштағаны» деген қауесет кеңінен тараған. Өйткені, Атлант мұхитының осы бір тылсым аймағында талай кеме мен ұшақ із-түзсіз ғайып болған. Түркияда «Бермудтағы шайтан үштағаны», «Атлант мұхитындағы тылсым сырлар» сынды бірқатар кітаптар жарық көрді. Дегенмен, Бермуд аралдары маңында теңіздің әдеттен тыс алабөтен мінез көрсететінін бірнеше ғасыр бұрынОсманлы мемлекетінің теңізшілері айтып кеткен еді. Кезінде Түркиялық ғалымдардың бірі осы жайды мұрағат құжаттары арқылы дәлелдеп, жарыққа шығарғанда барша жұрт таңырқаған болатын. Мұның барлығы сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Әлем жұртшылығы Бермуд үштағанындағы  жүрекке үрей салатын тылсым сырларды ХХ ғасырдың бел ортасында ғана білді. Ал, енді Османлы мемлекетіндегі теңіз  зерттеушілерінің бірнеше ғасыр  бұрын-ақ Бермуд үштағанына қатысты  түрлі ғылыми болжамдар жасағаны расында да сенсациялық жағдай болса  керек.

Бермуд үштағанына қатысты ежелгі Маялықтар да түрлі естелік жазбалар қалдырған. Осындай көне жазбалардың бірінде: «Алып теңіздің қалың мүк басқан тұсына жеткенде, теңізшілер күтпеген жерден сәтсіздікке тап болады. Бұл жерге келген кемелер бірнеше күн бойы қаққан қазықтай қозғала алмай қалады. Теңізде жел тұрмағандықтан, желкендер ашылмайды» – делінген. Әлем жұртшылығы үшін Маялықтар айтып кеткен Бермуд үштағанындағы тылсым жайлардың маңызы бүгінде тіптен арта түсті.

Бермуд үштағанына қатысты  елді елең еткізген ең айтулы оқиға 1945 жылы болды. Осы жылы АҚШ қарулы күштеріне қарасты 5 бомбалаушы ұшақ Флорида әскери әуежайынан әуеге көтеріліп, Бермуд аралдарына қарай бағыт түзейді. Бермуд үштағаны маңайында борт командирлерінің біреуі әуе бақылау орталығына: «Ұшу координаттарымыздан жаңылдық. Қайда екенімізді білмейміз, адасқан секілдіміз» – деп, жағдайды баяндайды. Флорида әскери әуежайының бақылау мұнарасындағылар: «Ауа-райы өте қолайлы. Батысқа қарай бет түзеңдер» деп оларға бағыт сілтемек болады. Алайда, борт командирі: «Батыстың қай жақ екенін анықтай алар емеспіз. Координаттарымыздан түгелдей көз жаздық. Барлығы қате. Мұхиттың өзі әдеттегідей емес» дегені мұң екен байланыс үзіліп кете барады. Осы оқиғадан кейін арнайы ізкесушілер шұғыл түрде Бермуд үштағанына аттанады. Бірақ, ұшақтардың жұрнағы да табылмайды.

Бермуд үштағанынан жүзіп  өтпек болған кемелер де ұшақтардың кебін киген деседі. Көптеген жүк  және жолаушы кемесі Бермуд аралдары маңында ізім-қайым жоғалады. Арнайы іздестіру топтары оқиға орын алған жерде кемеде болған ит пен мысық өліктерін кездестіргенімен, бірде-бір адамның мәйітін таба алмайды. Құдды қайнаған сүттей табан астынан асып-тасыған дауыл кемедегі адамдарды ғана жұтып, өзге нәрселерді жайына қойғандай таңғажайып құбылыс орын алады. Міне, осы оқиғалардан кейін әлем жұртшылығы Бермуд үштағанының қымтаулы құпиясына құмарта түсті.

Бермуд үштағанындағы  тылсым сырларға қатысты мамандар түрлі  болжамдар жасаған. Енді осы тектес болжамдардың негізгілерін ғана айтайық.

1. Бірінші топтағылар Бермуд үштағанындағы жағдайдың түгелдей теңіз табанының геодезиялық ерекшеліктеріне қатысты екенін алға тартады. Олардың айтуынша солтүстік пен оңтүстіктен келетін мұхиттағы ағындар Бермуд үштағанында үлкен тұйықтықтың тууына жол ашады. Осының нәтижесінде мұхитта қалың теңіз мүктері қалыптасады. Теңіздегі мүктердің тығыздығы кемелердің қозғалысын нашарлататын көрінеді. Сонымен қоса, алып толқындардың көтерілуіне де дәл осы теңіз мүгінің үлкен әсері болса керек. Ал енді, ұшақтардың апатқа ұшырауына айдаһардың аузындай жалмап-жұтатын таудай толқындардың кенеттен көтерілуі нәтижесінде түзілген мұхит бетіндегі алып ұйықтар сеп болса керек. Сондықтан кемелердің асты-үстіне шығып, төңкерілуі немесе ұшақтардың үскірік соққан үсік алмадай теңізге топ етіп құлауы қалыпты табиғи жағдай-мыс.

2. Екінші топтағылар мұхит бетіндегі қатты ағыстар нәтижесінде үлкен ұйықтардың туатынын алға тартады. Мамандар мұндай ұйықтарды «көк құрдымдар» деп те атайды. «Көк құрдымдар» алай-дүлей ашуын көрсеткенде, жанына жуыған ұшақты да, кемені де аман қоймайтын көрінеді. Теңіз табанын зерттеуші мамандар осындай «көк құрдымдарға» тап болған көптеген кеме мен желкендердің қалдықтарын байқағанын жазады.

3. Үшінші топтағылар Бермуд үштағанындағы мәселелерді меридиан сызықтарының ерекшеліктерімен байланыстырады. Мәселен, 80 меридиан сызығы Бермуд үштағаны орналасқан жерді кесіп өтіп, солтүстік полюстен өткенде, 150 меридианға айналып, жапон аралдарының маңайынан өтеді. Жалпы, Бермуд үштағаны секілді өлі теңіз жапон аралдары төңірегінде де бар көрінеді. Осыған қарап, мамандар кейбір меридиан сызығы кесіп өтетін жерлерде өлі теңіздер болады дейді. Олар мәселені барынша жалпылап, кеңейте отырып, отызыншы немесе қырқыншы оңтүстік және солтүстік мередиан сызықтары өтетін тұстарда да Бермуд үштағаны секілді мекендер бар екенін, тіпті мұндай тылсым теңіздердің саны алтыға жетіп жығылатынын алға тартады.

4. Төртінші топтағылар кемелер мен ұшақтарды жел айдаған қаңбақтай біресе көкке ұшырып, енді бірде теңіздің тұңғиық тереңіне батыратын –ұшатын табақшалар дегенді айтады.

5. Бесінші топтағылардың пікірінше мұхит түбінде жиналған түрлі органикалық қалдықтардан шығатын метан газы теңіз суының химиялық құрамын өзгертіп, су құрамының тығыздығын ең төменгі шамаға дейін азайтса керек. Осының салдарынан «метан құдығы» деп аталатын әлгі аймаққа енгенде кемелер жүзуден қалып, айдың күннің аманында суға батады. Мұхит түбіндегі түрлі органикалық қалдықтардың орналасу ерекшеліктері мен су температурасындағы өзгерістерге қарай теңізде метан газының бөлінуі де әрқалай болатын көрінеді. Бермуд үштағанында метан газы теңіз бетінен ауаға үлкен қысыммен тарайтындықтан, ұшақтарға да үлкен қауіп-қатер төнеді. Өйткені, теңізден ауаға жайылған газ әуеде «метан дәлізі» деп аталатын қауіпті кеңістік тудырып, ұшақтардың теңізге құлауына сеп болады екен.

Бермуд үштағанына қатысты  мамандардың болжамдарын жоғарыда аталған бес топқа бөліп қарастыруға  болады. Осы орайда Бермуд тылсымына  қатысты мәселенің басқа бір  қырына назар аударғым келіп отыр. Адамзаттың асыл тәжі, ардақты пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Шайтанның тағы теңіздің бетінде салтанат құрған» – деген хадисі бары белгілі. Пайғамбарымыз теңіз деп жалпылама атағандықтан, жер бетіндегі «кейбір теңіздердің» назарға іліккенін немесе базбір теңіздерде шайтанның тақ құрғанын ұғамыз. Сондықтан, жын мен шайтанның тайпалары мұндай мекендерге «билік жүргізіп», кемелер мен ұшақтардың электронды құралдарын істен шығарып, апатқа ұшырауына сеп болуы бек мүмкін. Жындар мен шайтандар «от» пен «түтіннен» жаратылғандықтан, күннен келетін радиациялық толқындардың төтесінен шарпығанындай, электронды құрал-жабдықтарды тас-талқан етіп, сол арқылы техникалық құрылғыны істен шығаруы да мүмкін.

Сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Аллаһтың жазасына ұшыраған қауымның опат болған жеріне жоламаңдар. Барсаңдар да жылап барыңдар» – деп ескерткені бар. Мұның мағынасы: «Опат болған қауымға барғанда Аллаһқа жалбарынып, сиыныңдар. Сол арқылы әлгі қауымның басына келген апаттан құтылу үшін Аллаһтан амандық сұраңдар» – дегенге саяды. Аллаһ тағала Содом, Гомoрa, Ад, Сәмудқауымдарын, Атлант мұхиты жағалауындағы бірқатар мәдениеттерді күпірлік жасап, бүлік шығарғаны үшін жермен-жексен еткені белгілі. Міне, осындай опат болған жерлер кейіннен шайтанның тақ құрған мекеніне айналған. Мәселен, опат болған жерде орын алған алабөтен жайттарға қатысты әскери жорықтар тарихын жазған Ибн Ысқақ әдеттен тыс үрейлі оқиға туралы былай жазады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Тәбүк жорығына аттанардан бұрын: «Тәбүкке барғанда ол жердің суынан мен ішпейінше, ішуші болмаңдар және беталды кетіп қалмаңдар. Сол жердегі опат болған қауымның орнына жоламаңдар», – деп бұйырады. Алайда, әскер арасынан екі адам осы бұйрықты орындамай апатқа ұшыраған қауымның өлі жұртына бас сұғады. Барған жерде кенеттен қорқынышты қара құйын көтеріліп, әлгілердің бірін бірталай жерге дейін шыр-көбелек айналдырып, сұлатып салады. Ал, жанындағы жолдасы ұшты-күйлі жоғалып кетеді.

Осыған қарап қауымдардың  опат болуы, ертеден келе жатқан заңды  құбылыс екенін аңғарамыз. Күнәһар  қауымдар жазаланған мұндай жерлерге кейіннен шайтан тақ құрған. Иә, әлгі қауым опат болып кеткенімен, лағынетке  ұшыраған осындай жерлерге бас сұққандардың да басына пәле төнуі бек мүмкін.

Жоғарыда айтқанымыздай  мұндай мәселелерде кесіп-пішіп, бір  жақты сөз сөйлеу өте қиын. Сондықтан, мәселенің ғылыми негіздерімен қоса, ғайыптағы метафизикалық күштердің  әсері болуы мүмкін екенін де жоққа  шығармаған жөн.

Осы жерде мәселенің келесі бір қырына тоқталайық. Мәселен, жын-шайтандар  негізінен аспандағы кейбір планеталардың, планета серіктерінің немесе метеориттердің үстіне табан тірегені белгілі. Олар сол жерлерден келіп, жер бетіндегі  кейбір мекендерде адамдар үшін жайсыздық  тудыра алады. Тіптен, «ұшатын табақша» деп жүргеніміздің өзі дәл  осы жын-шайтандар болуы әбден  мүмкін. Ендеше, Бермуд үштағанындағы  тылсым жағдайлар шайтанның аспаннан келіп, жер бетінің кейбір мекендеріне  ықпал етуінің көрінісі болуы  ғажап емес.

Негізінен, жер бетінде  қасиетті, киелі мекендермен қоса жын-шайтандар үстемдік құрған лас  жерлер де бар. Мәселен, қасиетті Қағба  Сидрәтүл-мүнтаһаға[1] дейін Қағба  болып саналады. Оның үстінен Сидрәтүл-мүнтаһаға  дейін періштелер Қағбаны тауап  жасайды. (Тіптен, Сауд Арабиясыныңбиік лауазым иелері де Қағбаны әуеден тікұшақпен тауап жасайтын көрінеді). Өйткені, қанша жерден биіктесек те Қағбаның үстінен жасаған тауап – тауап болып есептеледі. Ал қасиетті Қағба Сидрәтул-мүнтаһаға дейін «Қағбатуллаһ» ерекшелігін сақтайды. Осынау құт дарыған киелі мекенде мыңдаған пайғамбар өсіп-өніп, өз міндетін атқарған және мүбәрак мәйіттері де осында жерленген. Үлкен ғұламалардың айтуынша, исі мұсылман тауап жасайтын Бәйтуллаһтың айналасында төрт жүзге жуық пайғамбар мазары бар көрінеді. Аллаһ тағала Қағбаны жер бетінің ең таңдаулы әрі қастерлі мекені еткен. Адамдарға киелі осынау өлкені періштелердің өзі тауап жасайды. Негізінде Қағбатуллаһ жер бетінің жүрегі тәрізді. Жүрек соғып тұрғанда жер беті өзінің нұрлы руханиятынан көз жазбайды. Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) жер бетінің жүрегі саналған дәл осы мекенде өсіп-жетілуінің өзі көп жайды аңғартса керек.

Адам жүрегінде «лүммәи-шайтания» деп аталатын әзәзілдің азғыруына бір табан жақын келетін бөлігі болады. Сондықтан, жүректің иләһи шабыттарға ашық, пәк тарапымен қоса, шайтанның ызғарлы жебесі қадалатын, уәсуәса, күдік-күмәнға мүмкіндік беретін пенделік қыры және бар. Мәселен, жер беті күллі ғаламның жүрегі болса, Бәйтуллаһ жер бетінің – жүрегі. Адам жүрегінің бір жағында «лүммәи-шайтания» болғанындай, жер бетінің кейбір бөлігінде шайтан тақ құрған аймақтар бар. Ібіліс жер бетіндегі ойранын осындай жерлерде отырып басқарады. Сондықтан да, пайғамбарымыз өзінің сахих хадисінде «Ібіліс өзінің тағын теңіздердің бетіне орнатады. Саптағы барлық жасағын адамдардың арасына салып, олар қайта оралғанда бәрінен: «Сен не істедің, ал сен істедің» деп, жеке-жеке сұрайды. Олардың дені: «Мен намазды тастатқыздым», «Мен харамға көз салғыздым», – деп жауап қатып жатады. Мұның барлығы адамның жеке басына қатысты оқиғалар болғандықтан, Ібіліске ұнай қоймайды. Дәл осы кезде «Сен не жасадың?», – деп келесі бірінен сұқтана сұрайды. Ол: «Мен бір әйелді күйеуінен ажырастырдым», – дегенде, Ібіліс: «Жарайсың!», – деп, әлгіге ілтипат көрсетіп, жанына отырғызады», – деген.

Иә, әзәзіл адамның рухани дүниесіне пішенге тиген өрттей ойран салу үшін жамандықтың жалынын  маздата түседі. Сөйтіп, адамның  мойнына қыл бұрау салып, билік  жүргізгісі келеді. Тура жолдан тайып, шайтанның кесірінен опат болған жерлер әзәзілдің билік орнатқан аймақтары саналады. Сондықтан, ардақты  пайғамбарымыз (с.а.с.) сахих хадисінде: «Аллаһтың жазасына ұшыраған қауымның опат болған жеріне жоламаңдар. Барсаңдар да жылап барыңдар», – деп ескерткен. Осыған қарап гүлі солып, шырағы сөнген тұлдырдай іріп-шіріп, құлдыраған мәдениеттердің опат болған жеріне шайтанның салтанат орнатқанын аңғарамыз. Адамзатты Атлант мұхитында Бермуд үштағаны аждаһаның аузындай үрейлендірсе, әлемнің басқа бір жерінде әзәзіл арандатқан жауыздық өсі (алтытаған) жер-жаһанның шырқын бұзуда. Мұндай мекендерде Ібілістің адырнасынан шыққан оғы мүлт кетпей, пенделер ақ бөкендей оқ құшуда. Ендеше, адамдар азғындыққа салынып, іштен іріп-шірігенде шайтанның үштағандары сынды үлкен пәлекетке ұрынуы әбден мүмкін.

Осы ойымды қуаттайтын бірқатар діни мәліметтер бар. Дегенмен, Бермуд үштағаны секілді жайларда кесіп-пішіп  айтатын нақтылы діни үкімдер  жоқ екенін де айта кеткен жөн. Бермуд үштағаны атмосфераның өзіндік бір  заңдылығы немесе құпиясы, болашақта  ашылатын басқа бір жайт болуы  да мүмкін. Ал, біздің айтпағымыз –  жер бетінде орын алатын әрбір  физикалық құбылыстың астарында  міндетті түрде метафизикалық күш  пен қуат бар екендігіне назар  аударту еді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – әрбір физикалық заңдылықтың  астарында періштелердің қарекеті жүзеге асса, материялық әлемдегі әрбір  құбылыстың астарында ғайып әлемі  болады.

 


Информация о работе Бермуд үштағаны