Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:33, реферат
Бермуд үштағаны деп – Атлант мұхитындағы Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бір-біріне жалғайтын – Бермудтан басталып, Порта-Рика аралдары және Маями жағалауына дейін жалғасып жатқан үшбұрышты мүйіс айтылады. Жалпы ел арасында бұл жерге қатысты «шайтан үштағаны» деген қауесет кеңінен тараған. Өйткені, Атлант мұхитының осы бір тылсым аймағында талай кеме мен ұшақ із-түзсіз ғайып болған. Түркияда «Бермудтағы шайтан үштағаны», «Атлант мұхитындағы тылсым сырлар» сынды бірқатар кітаптар жарық көрді. Дегенмен, Бермуд аралдары маңында теңіздің әдеттен тыс алабөтен мінез көрсететінін бірнеше ғасыр бұрын Османлы мемлекетінің теңізшілері айтып кеткен еді. Кезінде Түркиялық ғалымдардың бірі осы жайды мұрағат құжаттары арқылы дәлелдеп, жарыққа шығарғанда барша жұрт таңырқаған болатын. Мұның барлығы сол кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.