Қазіргі араб халқы Алдыңғы Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:07, реферат

Описание работы

Қазіргі араб халқы Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африканың ертедегі халықтарын арамейлерді, финикиялықтарды, египеттерді, ливиялықтарды т.б. жаулап алу кезінде оларды арабтандыру нәтижесінде пайда болған. Семит тайпаларымен туыс арабтар Арабия түбегінің автохтон халқына жатады. Араб семиті б.з.б. 3 - мың жылдықтан бастап Қос өзен бойы мен Сирияға қоныстана бастады. Ол кезде Қос өзенде ең көп тараған семит тілі сондағы мемлекет астанасының атымен аталған, аккад тілі делінген. Б.з.б. 13 ғасырда семит арамей тайпаларының Алдыңғы Азияны қоныстануы басталды, б.з.б. 7- 6 ғасырда арамей тілі Сирия мен Қос өзенінің мемлекеттік ресми тіліне айналып, аккад тілін ығыстырды.

Работа содержит 1 файл

Азиядағы араб елдері.doc

— 61.50 Кб (Скачать)

     Қазіргі араб халқы Алдыңғы Азия мен Солтүстік Африканың ертедегі халықтарын арамейлерді, финикиялықтарды, египеттерді, ливиялықтарды т.б. жаулап алу кезінде оларды арабтандыру нәтижесінде пайда болған. Семит тайпаларымен туыс арабтар Арабия түбегінің автохтон халқына жатады. Араб семиті б.з.б. 3 - мың жылдықтан бастап Қос өзен бойы мен Сирияға қоныстана бастады. Ол кезде Қос өзенде ең көп тараған семит тілі сондағы мемлекет астанасының атымен аталған, аккад тілі делінген. Б.з.б. 13 ғасырда семит арамей тайпаларының Алдыңғы Азияны қоныстануы басталды, б.з.б. 7- 6 ғасырда арамей тілі Сирия мен Қос өзенінің мемлекеттік ресми тіліне айналып, аккад тілін ығыстырды. Мұндағы ежелгі халық түгел дерлік ассимиляцияға ұшырады. Осы кезде алғашқы Араб мемлекеті құрылды. Б.з.б. 6 ғасырда біркелкі араб халқының қалыптасу процесі қанат жайды да, 630 жылы аяқталды. Бұл тұста ру, тайпалық құрылыс ыдырап, көшпелі қауым отырықшылдыққа бет бұрды. Тайпаларды феодалдық- патриархтық ақсүйектер - патшалар, әмірлер, шайхтар басқарды. Жайылым жер тайпаның жалпы меншігінде болды, бірақ оны ақсүйектер биледі.

8 ғасырда барлық араб тайпалары негізгі екі топқа бөлінді: 1) оңтүстік арабтар немесе йемен тайпалары, 2) солтүстік араб тайпалары. Араб елдерінде капитализмнің дамуы, көшпелі халықтың отырықшылануы, негізгі бұқараның ауыл шаруашылығымен, кен - металлургия ісімен айналысуы ру, тайпалық құрылыстың қалдықтарына қатты соққы болып тиді. Тілінің, мәдениетінің, психологиясының ортақтығынан, мекендеген жерінің тұтастығынан араб халықтары көп ғасырлар бойы бірге болып келгені мәлім. Бірақ олардың бір халық болып біржолата бітісіп кетуіне саяси -экономикалық біркеліктіктің болмауы, феодалдық - рулық бытыраңқылық, 19 ғасырдан бастап отаршылардың бөлісіне түсіп, қаналуы кедергі жасады. Кейінгі кезде араб елдерінде ұлт-азаттық қозғалысының өсуі ұлт бірлігінің нығая түсіне жәрдемдесіп келеді.

  БҰҰ-ның 1964-68 жылдардағы мәліметі бойынша араб елдері халықтарының саны: Біріккен Араб Республикасында 31,1 млн., Алжирде 11,5 млн., Тунисте 4,7 млн., Мароккода 13,3 млн., Ливияда 1,6 млн., Сирия Араб Республикасында 6 млн.-нан аса.  Суданда 14 млн. 737 мың, Ливанда 2,3 млн., Иракта 8 млн. 375 мың, Иорданияда 2,2 млн., Сауд Арабиясында 7,5 млн., Йемен Араб Республикасында 5 млн-нан аса, Оңтүстік Йемен Халық Демократиялық Республикасында 1 млн. шамасындай, Оман мен шартты Оманда 860 мың, Кувейтте 486 мың, Бахрейн аралдарында 15 мың, Катарда  65 мың. Араб елдерінен басқа жерлерде тұратындарды қоса есептегенде арабтардың жалпы саны - 96 млн адам шамасында.

   Сауд Арабиясы Корольдығы ( Әл - Мамляка әл - Араби ас - Саудия )  - Оңтүстік - Батыс Азияның оңтүстік - батыс бөлігіндегі мемлекет. Араб түбегінде және Қызыл теңіздегі, Парсы шығанағындағы аралдарда  жайласқан. Солтүстігінде Йорданиямен, Иракпен, Кувейтпен, оңтүстік және оңтүстік - шығысында Йемен Араб Республикасы, Йемен Халық Демократиялық Республикасы, Оман, Біріккен Араб Әмірлігімен, шығысында Катармен шектеседі. Жері 2,1 млн. кв.км- ден астам. Халқы 8,2 млн. Астанасы – Ар - Рияд қаласы. Әкімшілік жағынан төрт провинцияға бөлінеді.

      Сауд Арабиясы  – абсолюттік монархия. Мемлекет және үкімет басшысы – король, қарулы күштердің қолбасшысы да сол. Король үкіметті құрады және жоғарғы лауызым иелерін тағайындап, орнынан босата алады. Сауд Арабия үкіметі заң жобасын дайындайды, мемлекет аралық келісімдерді бекітеді, ішкі, сыртқы саясат, экономика, финанс мәселелері жөнінде тиісті шешім  қабылдайды. Провинцияны король тағайындайтын губернатор басқарады. Ең ірі 3 қалада ( Мекке, Медине, Джидда ) муниципалдық совет, ауылдық жерлерде округтық, тайпалық советтер бар. Сот жүйесінде жергілікті және жоғарғы шариғат соты, апелляциялық сот және Меккедегі Соттық бақылау комиссиясы жатады.

    Сауд Арабиясының Қызыл теңіз, Парсы шығанағындағы жағалауы жатық, құмды келеді. Жерінің 1млн. кв. км-не жуығы шөл (Нефуд, Дехна, Руб - әл – Хали). Орталық бөлігі куэсті қырат. Батысында Хиджаз және Асир таулары созылған. Геологиялық құрылысы жөнінен Сауд Арабиясының жерін Нуби – Араб қалқаны және молассалы Месопотамия ойысы қамтиды. Дүние жүзіндег ірі мұнайлы- газды өңірлердің бірі - Парсы шығанағының мұнайлы – газды бассейні Сауд Арабиясының оңтүстік - шығыс жағында. Қалқанның докембрий дәуіріне дейінгі жыныстарынан темір, хром, мыс, қорғасын, мырыш, сирек жер металл рудаларының, алтын, бериллий кендері ашылды. Климаты солтүстік жағында субтропиктік, тым континентік. Жазы өте ыстық, қысы жылы. Шілденің орташа температурасы 33С, қаңтарда 14С. Жылдық жауын- шашыны 100 мм., тауда 400 мм. Ағыны тұрақты өзендері жоқ, жер асты суына бай. Құм, субтропиктік сұр, сортаң  топырақ тараған. Сексеуіл, түйетікен, жусан, эфемер өсімдіктер өседі. Қорқау қасқыр, түлкі, онагр, бөген, құстардан - бозторғай, дуадақ тюбю мекендейді.

    Халқының көпшілігі арабтар.  Басты тайпа бірлестіктері – аназа, шаммар, тайпалары – харб, мутаир, бенимурра, кахтан, жухайна, муахиб, шарарат, манасир. Ресми тілі – араб тілі, діні – ислам, календары – ай һижрасы. 1963-1973 жылдардың арасындағы халықтың орташа өсімі жылына 2 %. Еңбек етуші халық 2,1 млн., олардың 60,5 % –і ауыл шаруашылығында істейді. Ауылдық жер тұрғындарының 50 % –ке жуығы – көшпелі немесе жартылай көшпелілер. Орташа тығыздығы 1 кв. км-ге 4 адамға жуық. Қала халқы 23,6% Маңызды қалалары Ар – Рияд, Джидда, Мекке, Медине.

     Сауд Арабиясы жерін ежелгі заманда көшпелі араб тайпалары мекендеген. Б. з. 7  ғасырда Арабия түбегіндегі батыс бөлігінде (Хиджазда) жаңа дін – ислам пайда болып, мұсылмандардың алғашқы теократтық  мемлекеті – Араб халифаты құрылды, оның орталығы Медине болды. 7 – 8 ғасырларда қазіргі Сауд Арабиясының көп жері Омейя әулеті билеген халифат, 8 - 9 ғасырларда  Аббас әулеті билеген халифат құрамына енді. 10 - 12 ғасырларда Арабия түбегі территориясының бір бөлегінде дербес князьдықтар құрылды. Хиджаз Фатима әулетіне, кейін Айюб әулетіне, ал 13 ғасырдың ортасы – 16 ғасырдың басында мамлюктерге вассалды тәуелділікте болды.

   1915 жылы желтоқсанда ағылшын – сауд келісімі жасалды, келісім бойынша Ұлыбритания Недждің тәуелсіздігін мойындады. Бірақ Ұлыбританияның Неджді Түркияға қарсы соғысқа тарту әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 1915 ж. ағылшынның Египеттегі жоғарғы комиссары Мак-Магон мен Меккенің (Хиджаз) шерифі Хусейннің жасырын жазысқан хаттары нәтижесінде Хусейн арабтарды Түркияға қарсы  көтеріліске шығаруға, ал Ұлыбритания Хусейн бастаған болашақ араб мемлекетінің тәуелсіздігін мойындауға міндетті. 1916 жылы Хусейннің баласы әмір Фейсал бастаған Хиджаз тайпасының отрядттары ағылшын тыңшысы Т. Э. Лоуренстің басшылығымен Түркияға қарсы  соғыс қимылын бастады. Бірінші дүние жүзілік соғыс  ( 1914 – 1918 ) аяқталғаннан кейін Ибн Сауд Арабияның біріктіру жолындағы күресті тоқтатпады. 1920 жылы ол Асирдің бір бөлігінде протекторат орнатып ( бүкіл Асир 1930 жылы бағынды ), 1921 Шаммарды бағындырды. Недж бен Хиджаздың арасында соғыстың ( 1924 – 1925 ) нәтижесінде Ибн Сауд Хиджазды Неджге қосты. 1926 жылы 16  ақпанда Совет Одағы жаңа мемлекетті бірінші болып танып, онымен дипломатиялық  және сауда қатынасын орнатты, бұл Сауд әулеті билеген мемлекеттің халықаралық  жағдайын нығайтуға едәуір дәрежеде көмектесті. 1927 қаңтарда Ибн Сауд Хиджаз бен Недж және оған  қосылған облыстардың королі болып жарияланды. 1927 жылы Ұлыбритания Сауд әулеті билеген  тәуелсіз мемлекетті мойындауға мәжбүр  болды. 1932 жылдан бастап  мемлекет Сауд Арабиясы болып аталды. Екінші дүние жүзілік соғыс ( 1939 – 1945 ) кезінде Сауд Арабиясы  фашистік  Германиямен ( 1941 ) және Италиямен ( 1942 ) дипломатиялық қатынасын бұзды, бірақ соғысқа қатыспады. Соғыстың аяғында, әсіресе соғыстан кейінгі уақытта Сауд Арабиясына  американ ықпалы күшейді. 1943 жылы АҚШ Сауд Арабиясымен дипломатиялық  қатынас орнатып, елді ленд – лиз туралы заң өрісіне қосты. 1972 жылға дейін Сауд Арабиясындағы мұнайды негізінен Арамко деп аталатын американ мұнай компаниясы өндірді. Сауд Арабиясы мұнай өндіру жөнінен капиталистік дүниеде АҚШ – тан кейін екінші орын алады. Дахранда  американ соғыс - әуе базасы құрылды.

   Феодалдық –  теократтық тәртіп, басқарудың абсолюттік тәсілдері елде наразылық тудырды. Жұмысшы табы ( ең алдымен жұмысшы – мұнайшылар; 60 жылдары Сауд Арабиясында 70 мыңдай жұмысшы, оның ішінде мұнай кәсіпшіліктерінде 20 мыңнан астам адам болды ) өздерінің экономикалық және саяси жағдайын жақсарту, елді демократияландыру жолында күреске шықты. 1953 жылы Арамко мұнайшылары ереуіл жасады; бұл еңбекшілердің ірі толқуы болды. Экономиканы дамытуға қарама – қайшылықтар, ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі, Саудтың басқа араб елдерінің ішкі істеріне қол сұғуы саяси дағдарысқа душар етті. 1964 жылы 2 қаңтарда Сауд тақтан түсіп, орнын Фейсалға беруге мәжбүр болды. 60 жылдардың екінші жартысынан бастап Сауд Арабиясының сыртқы саясаты екі жақты бағыт ұстады. Бір жағынан, Сауд Арабиясы 1966 жылы мұсылман мемлекеттерінің Ислам  пактісі деп аталатын ұйымын құруға бастама көтерушілердің бірі болды,  Парсы шығанағы аймағының едәуір бөлігінде бақылау орнатуға тырысты, коммунизмге қарсы саясатты белсене қолдады. Екінші жағынан, Сауд Арабиясы араб елдерінің Израиль  агрессиясына қарсы күресін үнемі жақтап отырды, 1967 жылдан бастап Сауд Арабиясы агрессиясының құрбаны болған Египетке, Сирияға, Иорданияға едәуір финанс көмегін көрсетті. 1973 жылы  қазанда Таяу Шығыста болған қақтығыс кезінде Сауд Арабиясы  Египет және Сирия майдандарында соғысқа қатысу үшін шағын әскери құрама жіберді. Египет Араб  Республикасы мен Сирияға тегін финанс көмегін көрсетті, қазан – қаңтарда  мұнай шығаруды азайтып, Изральді қолдаған елдерге берілетін мұнай  мөлшерін кемітті. 1974 жылы қазанда, араб елдері басшыларының Рабатта өткен конференциясында Сауд Арабиясы Палестинаны азат ету ұйымын  Палестинадағы араб халқының бірден – бір өкілі деп тануды мақұлдады.

   1975 жылы 25 наурызда  король Фейсал өлтірілді, оның орнына Халед ибн Абд әл – азиз ас – Сауд король болды. Жаңа үкімет елдің сыртқы саясатын күшейтіп, Таяу Шығыстағы дағдарысты және кейбір араб елдері арасындағы ала ауыздықты реттеу шараларын жүзеге асыруға қатысып отыр. Өзінің барған сайын өсіп отырған финанс қуатын, негізінен мұнай шығарудан  түсетін пайданы ( 1974 жылы 30 млрд. доллар ) Сауд Арабиясы Азия, Африка елдерінде, әсіресе Парсы бұғазы мен Қызыл Теңіз бассейніндегі елдерде өз ықпалын күшейту үшін пайдалынады.

    Екінші дүние жүзілік соғысқа ( 1939 – 1945 ) дейін елдің экономикасында мал шаруашылығы негізгі роль атқарды. Соғыстан кейінгі жылдары мұнай өндіру және оны экспорқа шығару ісі қалыптасып, маңызы артты. 1970 жылдың басында Сауд Арабиясы экспортының 95% –інен астамы мұнайдың үлесіне тиді. 1972 – 1973 жылғы елдің жалпы өнімінің 2,8 % –і ауыл шаруашылығынан, 65 % –і тау- кен өндірісінен, 6 % –і өңдеу өнеркәсібінен, 0,8 % –і электр, газ және сумен қамтамасыз етуден, 4,5 % –і құрылыстан,    5,2 % –і транспорт пен байланыстан, 3,8 % –і сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуден, 11,9 % –і басқа әр түрлі салалардан түсті. 1940 жылдардың орта шенінде Сауд Арабиясы мұнай өнеркәсібі Арамко , американдық «Гетти  ойл», жапондық «Арабиен ойл» мұнай  компанияларының бақылауында болды. 1962 жылы мемлекеттік «Петромин» мұнай компаниясы құрылды. Елдің экономикалық дамуының  бес жылдық программасында ( 1970 – 71 - 1974 – 75 ) мұнай өндірісі негізінде индустрияның жаңа салаларын, ауыл шаруашылығын, энергетиканы дамыту, ірі ирригациялық құрылыстар салу көзделген.

    Сауд Арабиясы – дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші және өңдеуші елдердің бірі. Капиталистік және дамушы елдердегі барланған мұнай қорының 1\4 – і ( 22 млрд. тонна, 1975 ) Сауд Арабиясы жер қойнауында шоғырланған. Мұнай өндіру ( 1974 жылы  426 млн. тоннаға  жетті ) жедел өркендеуде. Аса ірі мұнай кен орындары – Гавар, Хурайс, Саффания, Абкайк, Харсания. Мұнайдың  дені  өңделместен Абкайктен Сайда портына (Ливанда) тартылған Таплайн ( 1720 км ) трансараб мұнай құбырымен шетке шығарылады. Рас – Таннур, Джидда, Ар – Рияд қаларында мұнай  айыру , Абкайкте күкірт,  Даммамда химиялық тыңайтқыш , Джидда қаласында машина майы зауыттары бар. 1960 – 1970 жылдары металлургия зауыты, қағаз фабрикасы. Май соғу зауыты, құрма өңдеу фабрикалары т. б. жаңа кәсіпорындар іске қосылды. 1973 – 1974 жылы  1210  млн. квт\сағ электр энергиясы ( ЖЭС ) өндірілді.

       1972 жылы экспорт 22.761 млн. риал, импорты      4705 млн риал болды. Шетке мұнай және мұнай өнімдері, құрма, мал терісі, кептірілген балық шығарылады. Басқа елдерден машина және жабдықтар , азық-түлік, құрылыс материалдары, химиялық тауарлар, мата және киім сатып алады. Басты сыртқы сауда серіктестері Жапония, Нидерланды, Ұлыбритания, ГФР, АҚШ, Ливан. Ақша өлшемі – сауд риалы, 3,52 риал 1 АҚШ долларына тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

 

1.  Араб халқының қалыптасуы.

2. Сауд Арабиясы.

2.1. Мемлекеттік құрылысы.

2.2. Табиғаты.

2.3. Халқы.

2.4. Тарихы.

2.5. Экономикалық – географиялық очеркі.

2.6. Өнеркәсібі.

2.7. Сыртқы сауда байланысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:

1.Луцкий В. Б. « Новая история арабских стран »

2.Прошин Н. Й. « Саудовская Аравия »

3.Большая советская энциклопедия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазіргі араб халқы Алдыңғы Азия