Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:53, шпаргалка

Описание работы

Зарубежная Азия занимает площадь 27 млн. км2. На её территории проживает около 60 % населения мира (3,1 млн. чел.) Регион Зарубежной Азии очень разнообразен: страны, занимающие огромные территории: Китай, Индия, Монголия, и маленькие страны: Мальдивская республика, Бахрейн, Израиль. В этот регион входят островные (Индонезия, Япония), полуостровные (Индия, Малайзия) и континентальные (Монголия, Иран) государства.

Страны Зарубежной Азии крайне различны как по природным условиям, так и по государственному устройству, уровню социально–экономического развития.

В настоящее время более чем 40 суверенных государств, образующих регион, можно разделить:

по формам правления — на республики (Турции, Китай, Индонезия) и монархии (Непал, Бутан, Япония);

по административно–территориальному устройству

федеративные (Малайзия, Индия, ОАЭ)

унитарные (Китай, Филиппины, Сирия) государства.

Работа содержит 1 файл

данара.docx

— 68.86 Кб (Скачать)

[өңдеу]

Халқы 

2020-жылы әлемнің ең дамыған елдері қатарына қосылуды мақсат етіп отырған 26 миллион тұрғыны бар Малайзия -көпұлтты мемлекет. Оның ішінде тұрғылықты мекендеушілер – малайлықтар мен оранг-асли 65,1%, қытайлықтар – 26%, үнділер – 7,7%. Халықтың 65 пайызы қалаландырылған аймақтарда өмір сүруде. Өмір ұзақтығының орта шеңі: ер азаматтар – 71,8 жас, әйел азаматтар – 76,3 жас. Малайзиялықтардың діні: мұсылмандар 60%-ды құрайды. Сонымен қатар елде буддистер, даосистер, христиандар тұрады.

[өңдеу]

Малайзия экономикасы

Толық мақаласы: Малайзия Экономикасы 

Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2008 жылдың Малайзияның Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) 5,1%-ға өсті, сөйтіп 214,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 2008 жылы 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең үлкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды (2008 жылғы мәліметтер бойынша), үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. 2008 жылы бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 жылы ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады (2008 ж.). Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында. 
 
 
 

Шетелдік Азия    

 Қазақ тіліндегі рефераттар  -  Азия  

Шетелдік Азия - адамзаттың пайда болған ошақтарының бірі, қолдан суарудың, қалалардың, көптеген мәдени кұндылықтардың отаны. Аймаққа 45 мемлекет мүше, құрамына енетін мынадай 5 ірі аймақты бөліп көрсетеді: Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс, Орталық Азия.

Табиғат жағдайы барынша алуан түрлі. Басты минералдық байлықтары: мұнай, газ (Парсы шығанағы елдері), көмір және темір рудасы (Қытай, Үндістан), түсті металдар (қалайы белдеуі Мьянмадан Индонезияға дейінгі аралықта орналасқан).

Табиғат байлықтары біркелкі таралмаған, энергетикалық суқоры (Қытай), агроклиматтық қорлар (муссондық аудандар), рекреациялық қорлар, орман қорлары Оңтүстік-Батыс Азияда жақсы дамыған. 

Аймақта халықтың саны өскен сайын жер қорының жеткіліксіздігі (тау сілемдері мен шөлейт жерлердің көпшілігі) егістік жерлердің үлесін шектейді. Оңтүстік-Батыс және Орталық Азияда су проблемасы туындап отыр.

Халқының саны 3,5 млрд адам. Теңіз жағалаулары мен аралдарда халықтың орналасу тығыздығы жоғары, шөлді жерлерде төмен (Монғолия, Қазақстан). Табиғи өсу жоғары, урбандалу деңгейі төмен (3,5%). Аймақтағы халықтың ұдайы өсуі демографиялық жарылыс құбылысына байланысты. 

Араб елдері жарылыстың ошағы болып отыр. Этникалық құрамы мен діни құрамы өте күрделі. Әр түрлі тіл әулеті (9 тіл әулеті) мен топтарына жататын 1 мыңнан астам ұлт тұрады. Елдердің көпшілігі - көп ұлтты мемелекеттер.

Шетелдік Азия - діндердің отаны. Дін материалдық мәдениетте де (мұсылмандардың мешіттерінде, индустардың храмдарында, буддалардың ғибадатханалары мен монастырьларында) кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде адам өмірінің барлық жақтарына күшті ықпал етуде.

Өнеркәсібі. Соңғы 10 жылдың ішінде Шетелдік Азияның дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі айтарлықтай өзгерді. Мұның ең алдымен өнеркәсіп өндірісіне қатысы бар, аймақта 6 топ елдерінің өнеркәсіп өндірісі қызмет етеді. 

1.    Жапония  (экономикалық көрсеткіштерінен) - өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған ел.

2.    Қытаймен Үндістан экономикалық және әлеуметтік дамуда зор табыстарға жеткен, алайда жан басына есептегенде көрсеткіштері төмен.

3.    Азияның жаңа индустриялық елдері: Корея, Сингапур,  Тайвань, Гонконг. Экономикасының негізін машина жасау саласы кұрайды.

4.    Парсы  шығанағындағы мұнай өндіруші елдер: Сауд Арабиясы, Кувейт.  Экономикасының негізі - мұнай өндіру өнеркәсібі.

5.    Индустрияландыру әзірше, негізінен, таукен өндірісімен, жеңіл өнеркәсіппен шектелетін елдер (Монғолия, Вьетнам, Бангладеш т.б.).

6.    Лаос, Камбоджа, Непал, Бутан т.б. дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіп жоққа тән.

Ауыл шаруашылығы. Кең-байтақ территорияда алуан түрлі ауыл шаруашылығы аудандарының 3 түрі қалыптасқан:

1.    Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азияның бүкіл муссонды секторын қамтитын күріш егетін аудандар.

2.    Жерорта  теңізінің жағалауындағы субтропиктік егіншілік ауданы (жеміс, жүзім, бидай, цитрус дақылдары т.б.)

Информация о работе Азия