Қазақстан Республикасындағы электр тогын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 19:18, реферат

Описание работы

Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.

Содержание

I Қазақстан энергетикасы
II Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
III Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасы
IV «KEGOC» акционерлік қоғамы
Қорытынды: Электр энергиясын үнемдеу ең басты қажеттілік

Работа содержит 1 файл

GULZOK.doc

— 106.50 Кб (Скачать)

        шартқа сәйкес электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу жөніндегі электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау;

        шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмыс режимдеріне орталықтан оралымдық-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса отырып, техникалық диспетчерлеу жөніндегі электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету;

        Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;

        электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне электр энергиясын реттеу және резервілеу, электр энергиясының өндіру-тұтынуылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсету;

        электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтер көрсету;

        электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген ретпен жүзеге асыру;

        электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатты реттеу үшін, энергожүйесін қорексіз күйінен іске қосу бойынша электр энергиясының көтерме рынок субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу;

        электр энергиясының теңгермелі рыногының шынайы уақыт түзімінде атқарымдануын және жүйелік пен қосалқы ісметтер рыногын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

        қатарлас жұмыс түзімдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету жөнінде шектес мемлекеттердің энергожүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;

        біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясының автоматттандырылған коммерциялық есеп жүйесін, электр энергиясының барлық көтерме рынок субъектілеріндегі реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

        электр энергиясының көтерме рыногы субъектілерін ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз ету;

        Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және өзгедей заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету;

        электр станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді мақұлдастыру;

        гидроэлектр станцияларының жұмыс түзімдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйе жұмысының түзімдерін ескере отырып жасақтауға қатысу;

        электр энергиясының теңгерімдерін ұзақ мерзімдік болжаудың жасақталуын жүзеге асыру;

        Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйесінде нормативтік электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;

        қосарлас (шунттаушы) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жобалануы мен құрылысын мақұлдастыру.

 

Электр желілері

2010. 01.01. күнгі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ балансында 310 электр жеткізу желісі көрсетілген.

Тізбек бойынша ұзындығы 24501,90695 шақырымды құрайды, оның ішінде:

1150 кВ — 4 дана, ұзындығы 1421,225 км; 500 кВ — 42 дана, ұзындығы 6420,0855 км; 220 кВ -203 дана, ұзындығы 15966,57245 км; 110 кВ — 34 дана, ұзындығы 558,668 км; 35–0,4 кВ — 27 дана, ұзындығы 135,356 км.

Жобалары

Осы уақытқа дейін «KEGOC» Акционерлік қоғамы стратегиялық маңызы бар бірнеше жоба ұйымдастырған. Ол жобалар қазіргі таңға дейін жалғасын тауып, басқа да жобалармен толықтырылып жатыр. Мысалы 2009 жылға дейін созылған «ҰЭТ-ны жаңғырту» жобасы; «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы (2010 жылы аяқталды), күні бүгінге дейін «ҰЭТ-ны жаңғырту, II кезең»; «Мойнақ ГЭС қуатын беру»; «Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на қосумен 500 кВ Алма ҚС-ны салу»; "Балқаш АЭТ қуатын беру"; "220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру»; «Павлодар энергия торабының Қазақстанның БЭЖ-мен байланысын күшейту» атты жобалар іске асырылуда.

  

                                        Қорытынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты көңіл бөліп отырған мәселелерінің бірі – электр энергетикасын үнемдеу. Бұл мәселе Үкіметтік деңгейде бірнеше рет талқыланды. «KEGOC» компаниясының басшысы Алмасадам Сатқалиев те елімізде электр қуатын тұтынуда бей-берекетсіздіктің орын алғанын жасырмай айтуда. Мәселен,  2005 жылы Қазақстанда 68,13 миллиард кВат-сағ электр қуаты тұтынылса, 2006 жылы 71,7 млрд. кВат-сағ тұтынылған. Осы қарқын сақталса 2010 жылы 95 млрд. кВат-сағ, 2015 жылы
117 млрд. кВат-сағ электр қуаты қажет болады екен. Ал еліміздегі электр қуатын өндіретін кәсіпорындар мұншама қажеттілікті өтеуге қабілеті жетпейді.

Сондықтан да Кәрім Мәсімов Үкіметі елімізде жаңа электр стансаларын салып, қуат көзін үнемдеуге барынша мән бере бастады. Десек те, жаңа электр стансасын салу оңай шаруа емес. Оған қыруар қаражат қажет. Сол үшін де таяу болашақта электр қуатын үнемдеу күн тәртібінде өткір тұратын түрі бар. Кейбір дерек көздері бойынша, электр қуатын ысырапсыз пайдалануда Қазақстан, Ресей, Украина үнемсіздердің алғы шебінде келе жатыр екен. Мәселен, бізде ішкі жалпы өнімнің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт-сағат электр қуатының жұмсалатындығын мамандар есептеп шығарған. Ал осы көрсеткіш Жапонияда бар болғаны – 0,22, Ұлыбританияда – 0,23, Германияда – 0,27, АҚШ-та – 0,30, Түркияда – 0,56, Қытайда 1,22 киловатт-сағатты құрайды. Яғни, дамыған елдердің көрсеткіші бізбен салыстырғанда 7-8 есе төмен. Неге біз электр қуатын есепсіз көп шығындаймыз? Өйткені өндірістің сан түрлі салаларындағы тауарларды өндіруге, өңдеуге пайдаланылатын құрал-жабдықтар заман талабына сай келмейтіндіктен оған электр қуаты мейлінше көп кетеді. Бұл бізде ғана емес, Кеңес өкіметінің «шекпенінен» шыққан Армения, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты елдерге де тән мәселе.
Электр, жылу және басқа да қуат түрлерін үнемдеу дамыған елдерде өмір сүретін әрбір тұрғынның қанына сіңісті болған дағды. Өйткені, өркендеген елдерде ең алдымен мемлекеттің өзі бұл мәселеге барынша мән беріп, осыған қол жеткізудің заңды құжаттарын жан-жақты жетілдірген, халықты үнемдеуден ұтатындай жағдайға жеткізген. Шетелдерде бұрыннан қалыптасқан осы үнемдеу мәселесіне енді Қазақстан Үкіметі де көңіл бөле бастады. Басқаны былай қойғанда, қуат көздерін есептейтін есептеу құралдарын жаппай қолданудың өзі үнемдеуде елеулі табыстарға жеткізді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәліметі бойынша, есептеу құралдарын орнату нәтижесінде электр қуаты, суық және ыстық су бойынша үнем 40 пайызға дейін жетсе, жылу бойынша 20 пайызға жеткен.

Бүгінде Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниежүзі табиғи отындарды мейлінше үнемдеп пайдалануға қатты көңіл бөліп отыр. Кеңес заманында қуат көзінен ешкім таршылық көрмегендіктен қарапайым отын көздерін қалауынша пайдаланып, оны үнемдеу жағына көп мән берілмеді. Несін жасырайық, қазіргі кезде кейбіреулер электр қуатын үнемдеу турасындағы ұсыныстарға күле қарайды. Дейтұрғанмен, бір ғана Алматы қаласының тұрғындар тұтынатын қуат көздерін үнемдеуге ден қояр болсақ, 25-30 пайыз энергияны ысырап қылмауға болады екен. Мұны мамандар да дәлелдеп отыр. Осыдан қарап-ақ қуат көзін үнемдеудің еліміз үшін қаншалықты пайдалы екенін байқауға болады.
Қалай десек те, есептеуіш құралдар қуат көзін үнемдеп пайдалануда үлкен маңызға ие. Осы ретте елімізде заман талабына сай есептеуіш құралдарын шығаратын «Сайман» зауыты көптеген жұмыстар атқаруда. «Сайман» компаниясының инженер-конструкторлары жылу мен табиғи газды, электр қуаты мен суды бір мезетте есептеп беретін күрделі есептеуіш кешендерін жасауда алда келеді. Тұрғындардың басым көпшілігі осы компанияның жасаған құралдары сапалы әрі икемді екенін жасырмайды. Себебі электронды электр санауыштары арқылы тұрғындардың бір ай ішінде қанша электр тогын пайдаланғанын жұмыста отырып-ақ компьютер арқылы білуге болады. Бұрынғыдай ай сайын тексеріп, жергілікті жұртшылықтың мазасын алмайды. Сондай-ақ, бұл жерде санауыштардың қайда тұрғаны маңызды емес, мүмкін ол электр санауыштары 100 шақырымда тұрған шығар, мүмкін ол одан да алыс… бірақ маңыздысы ол емес, ең бастысы, оны электр мамандарының бір орталықта отырып, бақылауында. Тіпті бұл жүйе үлкен кәсіпорындар үшін де тиімді. Әрі электр санауыштарын шығаратын зауыт көп елдерде жоқ. Ресейде мұндай үш-ақ зауыт бар. Біздікін қосқанда ТМД елдерінде төртеу болады. Және де «Сайман» компаниясы шығарып жатқан құрылғылар сапасы жағынан басқалардан кем емес. Керісінше, бағасы мен сапалылығы жөнінде көш ілгері.

Әрине кез келген кәсіпорынның өзіндік проблемалары, қиыншылықтары болатыны сөзсіз. Мәселен, Қазақстанда 4,5-5 млн. санауыш бар. Оны ақшаға шаққанда қанша болатынын өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар. Ауыл-ауылға, облыс-облысқа түгелімен жеткенше, қаншама қаражат қажет. Мұндай жауапты жұмысты «Сайман» компаниясының басшылары: «Егер Үкімет қолдаса біз өз жұмысымызды одан әрі нығайтуға, күшейтуге ден қояр едік» дейді. Сондай-ақ, бүкіл ақпарат жиналатын орталық арқылы электр қуатын үнемдеп қана қоймай, энергетик мамандардың жұмысын жеңілдетуге де болар еді.
Елбасы үстіміздегі жылы ақпан айындағы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында Үкіметке электр қуатын үнемдеу мәселесіне қатысты бірқатар тапсырмалар берген-ді. Жолдауда Президент «Бірден айтуымыз керек, арзан, бейпіл электр қуаты енді жоқ. Бәріміз қуат көзіне төленетін шығынды азайту үшін үнемдеуіміз керек» деген болатын. Бұл бағытта Үкімет нақты бағдарлама қалыптастырып, жұмысты бастап кеткенін жақсы білеміз. Осы ретте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың бас болыумен Алматыда электр қуаты төлемдерін дифференциралудың пилоттық жобасы іске аса бастағанын атап айтуға болады. Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап енгізілген жобада тұтынылған электр қуаты төлемдерінің жеке тұлғалар үшін екі түрі, ал заңды тұлғалар үшін үш түрі енгізілген-ді. Бұл дегеніңіз Алматы қаласының тұрғындары күндіз (таңғы 7.00-ден түнгі 23.00-ге дейінгі аралық) тұтынған әрбір 1 кВат сағат электр қуаты үшін 10,41 теңгеден төлесе, түнгі тарифте (түнгі сағат 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін) 2,39 теңге төлеуі тиіс. Ал заңды тұлғаларға арналған тариф былайша тізбектеледі. Кәсіпорындар мен мекемелер күндізгі тариф үшін (таңғы сағат 7.00-ден кешкі 19.00-ге дейін) 1 кВат сағат электр қуатына 7,10 теңге шығындаса, кешкі қарбалас шақта (кешкі 19.00-ден түнгі 23.00-ге дейін) 15,12 теңге жұмсайды. Ал түнгі тариф бойыншы (түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін) 1 кВат сағат қуатына 2,11 теңгеден төлейді. Үкімет тарапынан ұсынылған бұл жоба халықтың электр қуатын үнемдеп, мөлшерлеп жұмсауына үйрететіні анық. Мұндай іс-тәжірибе Батыс елдерінде сынақтан өтіп, өз жемісін бергенін айта кетуіміз керек. Үкіметтің бастамасына қолдау көрсеткен «Сайман» зауыты бір тәулікте екі түрлі тарифті есептейтін санауыштарды шығарып, мәселенің оң бағытта шешілуіне мұрындық болып отыр. Есептеуіш құралдар ноу-хау технологиясының деңгейінде, асқан дәлдікпен жасалған.

Электр қуатына байланысты барлық ақпараттың бір орталыққа жиналуы компанияның қуат көзін үнемдеудегі мүмкіндігін арттырады. Электр қуатын өндіретін өндіріс ошақтары да отандық кәсіпорынның өнімін пайдаланып, оған барынша қолдау көрсетуде. Мемлекеттік сертификаттау сынынан сүрінбей өткен «Сайман» санауыштарын Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан сынды көршілес елдер сатып алуда. Түркия болса, қазақстандық кәсіпорынның өнімін сынақтан өткізуде. «Сайман» зауытының қаржылық инвесторы болып табылатын «Жерсу» корпорациясы Марқакөлден ГЭС салып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән беріп отыр. Бұл жоба 2012 жылы аяқталмақ. Марқакөл ГЭС-нен өндірілген электр қуаты оңтүстік өңір мен Алматы қаласының қуат көзіне деген мұқтаждығын реттейтін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

       СӨЖ

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы электр тогын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындағандар: Мұңалшиева Гүлзада

  Мырзаянова Жұлдызай

  Омарова Толқын

  Тасболатов Тимур

  Төлегенова Гүлден

 

 

                                             Қабылдаған: Садуллаева.А.

 

 

 

 

 

                          Алматы қаласы 2012 жыл



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы электр тогын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары