Қазақстан Республикасы өзендеріндегі су тасулардың таралуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 13:10, лекция

Описание работы

Су тасқыны дегеніміз-жылдың бір мезгілінде жыл сайын қайталанып отыратын,өз арнасынан шығып,тасуы.Кейбір тасқындар кыста болады.Қазақстанда көктемгі қар суымен қоректенетін жазықтық өзендерде 4 фаза байқалады: көктемгі су тасу,жаздық межень(межень-судың сабасына келуі),күзгі тасқындар фазасы,қыстық межень.Бұл 4 фаза көпшілік өзендерге тән.Кейбір жерлерде бір ақ фаза бар.Сондықтан кейбір өзендерді 4 фазаға бөлу шартты түрде бөледі.

Содержание

Су тасу теориясы (Сен-Венан, Буссинеск теңдеулері, үздіксіздік теңдеуі).
Су тасудың жіктемесі.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасы өзендеріндегі су тасулардың таралуы.docx

— 15.87 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы өзендеріндегі су тасулардың таралуы.Су тасу теориясы (Сен-Венан, Буссинеск  теңдеулері, үздіксіздік теңдеуі).

 

           Су тасқыны дегеніміз-жылдың бір мезгілінде жыл сайын қайталанып отыратын,өз арнасынан шығып,тасуы.Кейбір тасқындар кыста болады.Қазақстанда көктемгі қар суымен қоректенетін жазықтық өзендерде 4 фаза байқалады: көктемгі су тасу,жаздық межень(межень-судың сабасына келуі),күзгі тасқындар фазасы,қыстық межень.Бұл 4 фаза көпшілік өзендерге тән.Кейбір жерлерде бір ақ фаза бар.Сондықтан кейбір өзендерді 4 фазаға бөлу шартты түрде бөледі.

         Қар еру нәтижесінде қалыптасатын су тасу өте үлкен кеңістікті қамтиды.Ол Қазастанның жаздық өзендерінде байқалады.Ал таулы аудандарда су тасу уақыт бойынша көктемгі-жазғы  (Алтай,Іле,Жонғар Алатауының өзендерінің сулары) болып ығысады.Тіпті көктемгі су тасу өте әлсіз байқалатын аймақтар да кездеседі: ТМД,Ресей,Кавказ,Шығыс Саян,Байқал,Амур өзендерінің алабы,муссондық климаттық өзендерде.Су тасу кзінде қалыптасатын ағынды-өзеннің тек көктемгі-жазғы маусымдағы ағынды режимінде айқындалады.Себебі, су тасу кезінде ағынды көлемінің үлесі жылдық ағындыда өте үлкен болып келеді.Су тасу кезінде есептелетін негізгі сипаттамалар:су тасудың ең жоғарғы су өтімі,су тасу кезіндегі ағынды көлемі,су тасудың ұзақтығы,су тасу кезеңінің гидрогрофының сипаты.Су тасудың қалыптасу жағдайлары: көктемгі су тасудың ағындысына климаттық жамылғы бетінің факторларына тәуелді,қардың еру қарқындылығына,оның ұзақтығына,қар еру алдындағы топырақ ылғалдылығының тоңдану дәрежесіне,булануға,қар еру кезіндегі алапқа түскен жауын-шашын мөлшеріне байланысты.

А.И. Чеботаревтің гидрологиялық  сөздігінде мынадай анықтама берілген: су тасу дегеніміз-жыл сайын су астында қалатын жайылмадан жоғары орналасқан өзен аңғары және елді мекендер шегіндегі аймақтың қардың еруі немесе жауын-шашынның түсуі, болмаса арнаның көктемде мұзбен немесе күзде анжыр арқылы бөгелуі нәтижесінде шектен тыс шоғырланған су ағынының әсерінен су астында қалуы. Су тасудың ерекше түріне өзеннің сағалық аймақтарында жел қума нәтижесінде туындайтын су тасулар жатады.

         Су тасқыны-судың кенеттен көтерілуі  және су өтімінің ұлғаюы,су  деңгейінің төмендеп,су өтімінің  азаюы болып табылады.Кыста су  тасқыны жылымық болған аудандарда  қардың еруінен және жаңбырдың  жаууы әсерінен пайда болады.Су  тасқыны үнемі географилық аудандарына  байланысты географиялық таралуы  азырақ болуы мүмкін.

          Су тасқыны Қазақстан өзендерінде әр аймағында әркелкі таралады.Қазақстан өзендері 10-даған км-ге дейін жайылады.Мысалы, Орал өзені тасыған кезде 100 км-ге жетеді.Ал Қараторғай өзенінде 25 мың км-ге жайылады.

          Су тасу-өзендердің суы мол режимдерінің фазасы су деңгейінің біртіндеп жоғары көтерілуіне және су өтімінің ұзақ уақыт жоғарылауымен немесе азаюымен сипатталады.Су тасу кезінде әдетте су жайылмаға шығады.Негізінен су тасу-өзендердің басты қореқтенуінен қалыптасады.Бір зонада жатқан өзендер үшін белгілі уақытта қайтып отырады.

 

Су тасудың  жіктемесі.

 

          Қалыптасу себебі және механизмі бойынша су тасудың бес түрін ажыратып қарастырады:

1. Нақты бір өзенде  аса жоғары су өтімдерінің  өтуімен байланысты су тасулар.  Мұндай су тасулар көктемгі  қар еру кезінде, қарқынды нөсерлі  және жаңбырлы жауын-шашындардың  түсуі кезінде, бөгеттердің жұлынуы  және бөгесінді көлдердің ақтарылуы  кезінде байқалады. 

2. Су ағынының өзенде  кездестіретін үлкен кедергісіне  байланысты туындайтын су тасулар.  Бұл, әдетте, қыс айларының басында  немесе аяғында байқалатын мұзбөгет  және мұзқысу құбылыстары кезінде  көрініс береді.

3. Жоғары су өтімдеріне  және су ағынындағы айтарлықтай  кедергілерге байланысты туындайтын  су тасулар. Оларға таулы өзендерде  байқалатын сел тасқындары және  сайларда, жыралар мен қолаттарда  байқалатын сулы-қарлы тасқындар  жатады.

4. Ірі көлдер мен су  қоймаларында, сондай-ақ өзендердің  теңіздік сағаларында желқумалар  нәтижесінде туындайтын су тасулар. 

5. Көл және ішкі теңіздер  қазаншұңқырларының толысуы нәтижесінде  қалыптасатын су тасулар.

Ауқымы мен әкелетін жиынтық  шығыны бойынша Р.А. Нежиховский  су тасуларды кішігірім, үлкен, айтулы (выдающиеся), апатты деп бөлген.

Кішігірім су тасулар мардымсыз  шығынға ұшыратады. Мқндай су тасулар  адамдардың қалыпты өмір сүру ағымын бұзбайды. Қайталанғыштығы 5-8 жылда 1 рет.

Үлкен су тасулар кезінде  айтарлықтай материалдық шығындар орын алады. Тұрғындарға моральдық  тұрғыдан зиянын тигізеді. Тұрғындардың бір бөлігін көшіруге тура келеді. Шамамен 10-25 жылда 1 рет қайталанып тұрады.

Айтулы (выдающиеся) су тасулар  ірі өзен жүйесін қамтиды. Үлкен  шығынға ұшыратады. Адамның шаруашылық әс-ірекетін толықтай тоқтатады. Тұрғындарды  жаппай көшіру қажеттілігі туындайды. 50-100 жылда 1 рет қайталанып тұрады.

Апатты су тасулар бірнеше  ірі өзен алаптарын қамтиды. Адамның  шаруашылық іс-әрекетін ұзақ уақытқа  біршама уақытқа тоқтатып, адам өлімінің орын алуына жол береді. Қайталанғыштығы 100 жылда 1 рет.

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы өзендеріндегі су тасулардың таралуы