Ауыз су туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 04:47, доклад

Описание работы

Планетамыздағы жалпы судың көлемi 360 миллион текше шақырымды, айдыны 1 миллиард 370 миллион текше шақырымды құрайды. Елiмiзге танымал журналист, қоғам қайраткерi марқұм Камал Смайылов ағамыз: “Егер сол суды жердегi құрлықтар үстiне жайып жiберсе, онда жер бетiн қалыңдығы 2700 метр болатын топан су басар едi. Әлемдегi бар су 20 миллиард адамға еркiн жетедi. Бiрақ су iздеп, су аңсап шөлдеген адамдар мен оны қажет ететiн өндiрiс, егiншiлiк күн санап қарқынды өсiп келедi”, — деген едi. Адамзат қажетiне жарайтын 30 миллион текше шақырым судың 25 миллион текше шақырымға жуығы Арктика мен Антарктиданың мәңгi мұздарында жатыр.

Работа содержит 1 файл

auiz su.docx

— 34.97 Кб (Скачать)

                                            Ауыз су туралы

       Кiм судың зәрулiгiн, зардабын, қайғы-қасiретiн көп шексе, сол судың қадiр-қасиетiн, қажеттiгiн, құндылығын терең түсiнерi сөзсiз.Сондықтан да халық: “Адамның сусыз күнi жоқ, судың оны айтатын, тiлi жоқ”, “Судың да сұрауы бар”. Өзбек халқында: “Судың басында кiм отырса, сол ие” деген мәтел бар.

      Мiне, қазақ халқы — өзiнiң арманын, мақсатын, жауапкершiлiгiн, өзiн де осылай су арқылы өрнектейдi. Иә, сусыз өмiр жоқ. Әлемнiң 3/4 бөлiгi -75% су.

      Планетамыздағы жалпы судың көлемi 360 миллион текше шақырымды, айдыны 1 миллиард 370 миллион текше шақырымды құрайды. Елiмiзге танымал журналист, қоғам қайраткерi марқұм Камал Смайылов ағамыз: “Егер сол суды жердегi құрлықтар үстiне жайып жiберсе, онда жер бетiн қалыңдығы 2700 метр болатын топан су басар едi. Әлемдегi бар су 20 миллиард адамға еркiн жетедi. Бiрақ су iздеп, су аңсап шөлдеген адамдар мен оны қажет ететiн өндiрiс, егiншiлiк күн санап қарқынды өсiп келедi”, — деген едi. Адамзат қажетiне жарайтын 30 миллион текше шақырым судың 25 миллион текше шақырымға жуығы Арктика мен Антарктиданың мәңгi мұздарында жатыр.

      Адамның 4/5 бөлiгi — 80 пайызы судан тұрады.

      Ауыз су мәселесі

      Еліміздегі үш жарым мыңнан астам елді мекенге сапалы ауыз су қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. 2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу бағдарламасы» жайында баяндаған ол, көзделген мақсаттардың әлі жеткілікті түрде шешімін тауып үлгермегенін жеткізді.2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу бағдарламасын» іске асыруға жалпы сомасы 335 млрд. теңге жұмсалды. Алайда Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, елімізде әлі 3849 ауылды аймақ сапалы, қол жетімді сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген. 149 елді мекен тасымалданатын суды пайдаланады. Ал 700-ден астамының су құбырларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.

      Десек те, еліміздің негізінен шөл мен шөлейтті жерден тұратыны белгілі. Яғни даламыздың оннан тоғыз бөлігі дымқылдылығы төмен аймаққа жатады. Ертіс өзені бассейні бар солтүстік-шығыста су қоры барынша мол болса, оңтүстік-батыста, оның ішінде Маңғыстау облысында су қоры мейлінше тапшы. Негізгі су көздері - Орал, Ертіс, Есіл, Нұра, Шу, Сырдария, Тобыл өзендері, Балқаш, Зайсан көлдері мен Каспий және Арал теңіздері. Осыған байланысты мамандар Қазақстанды негізгі өзен бассейндері бойынша сегіз аймаққа бөліп қарастырады. Олар: Балқаш – Алакөл; Ертіс; Есіл; Нұра – Сарысу; Шу – Талас; Арал – Сырдария; Тобыл – Торғай; Орал – Каспий. Ал енді үлкенді-кішілі, майда – ірілігіне қарамай, жалпы, су қорымызды түгел тізімдесек, Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен мен өзек, 48 мыңдай көл және 4 мыңға тарта су қоймасы бар екен. Еліміздегі жалпы су қоры жоғарыда айтқандай бүгінде жылына 100,0 текше шақырым болып бағаланады. Оның 44,5 текше шақырымы көрші елдер – Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келеді.

                        

                                  Түркістан қаласының су жүйесі

     Түркістан қаласына қарасты 11 ауылдық окургте орналасқан 41 елді мекенде су мәселесі жылдан жылға шешімін тауып, тұтынушылардың жағдайы жақсарып келеді. Тек бірер елді мекендер ғана ұңғы сумен, ашық су көздерін пайдаланады. Елбасының «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында апта ағымында тағы үш ауылға таза ауыз су берілді.

     Түркістан өңіріндегі елдімекендердің бүгінде 10-ы ғана құбыр сумен қамтамассыз етілген. Қалған 31 бі табиғи су көздерін пайдаланады екен. Осы мәселелерді түбегейлі шешу үшін 2011 жылы ауыз су құбыры құрлысына 2 млрд. 564 млн. 626 мың теңге бөлініпті. Бұл қаражат 18 ауылдың су мәселесін ұмыттыруға жеткілікті екен.

     «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жыл соңында тағы үш ауыл таза ауыз сумен қамтамассыз етілді. Достық, Қожанов Үш қайық ауылдарында Кеңестің кезең құлағалы құбыр су болмаған. Енді соңғы технологиялармен жабдықталған құбыр су құрылғылары аталған ауылдарды 24 тәулік бойы таза ауыз сумен қамтамассыз етеді.

     Жалпы 2009-2011 жылдары тек ауыз су саласына 33 млрдтан астам қаржы бөлініп, 170 елді мекен құбыр сумен қамтамассыз етіліпті. Сөйтіп 753 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізді. Оның үстіне биыл облыс әкімінің тікелей ұсынысымен «Ауыз су» жылы болып жарияланып, облыстың 11 елді мекенінде ауыз су құрлысы жүргізілді. Енді бұйыртса 2012 жылы Түркістанға қарасты тағы 14 ауылдың су мәселесі шешілмек. Ол үшін қазынадан 3 млрд. 511 млн. 296 мың теңге қаралыпты.

     2. Өз сөзінде сенатор Қуаныш Айтаханов Елбасы  Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Дегенмен, халық санының тез өсуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмей келеді. Бүгінде, Түркістан қаласында 142 мың халық тұрады. Оның 77 мыңы немесе 55 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген», - дейді Қ. Айтаханов.

     Депутаттың айтуынша, аталған мәселені шешу мақсатында жалпы құны 1 754 млн. теңге болатын 8 сақиналы тораптық магистралды су жүйесінің жоба-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетіне тапсырылған болатын. «Алайда, белгісіз себептермен бұл жобаны қаржыландыру 2012 жылдың жоспарына енбей қалып отыр. Ал, қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, бірінші кезекте жоғарыда аталған 8 сақиналы тораптық магистралды су жүйесі құрылысын жүргізбей, ішкі су жүйелерінің жобаларын жүргізу мүмкін емес. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде  1 754 млн. теңге қаржы бөлуге көмектесуіңізді сұраймын», - деді Қ. Айтаханов.

    3. Биыл «Ақбұлақ» бағдарламасының аясында Түркiстан қаласына қарасты 15 елдi мекендi және қалаiшiлiк 3 нысанды орталықтандырылған таза ауыз- сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды  жүргiзiлдi. Бұл бағытқа республикалық және жергiлiктi бюджет есебiнен 2 млрд. 641 млн. теңге бөлiнген болатын.  Мәселен, Ескi Иқан ауылдық округiне қарасты Достық елдi мекенiнде құны 150 млн. теңгелiк ауызсу жүйесi орнатылып, 136 отбасы, яғни  1050 тұрғын таза ауызсуға қол жеткiздi. 

     1993 жылы бұл елдi мекенге  Иран мен  Ауғанстаннан  қоныс аударған 100 отбасы орналастырылған болатын. Содан бергi 18 жылға  достықтықтар жаппай құдық суын пайдаланып келдi. 

     Нысанның ашылу салтанатында:  «Тiршiлiк үшiн ең бiрiншi қажеттiлiк – су. Мiне, ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай ауызсуға қолымыз жетiп отыр. Дәлiрек айтсақ,  ендi тұрғындар құдықтан су тарту азабынан түпкiлiктi құтылды», — деп ағынан жарылған ауыл тұрғыны  Оспан Әлiбаев   Елбасына, облыс, аудан әкiмдерiне, осы iстiң басы-қасында жүрген азаматтарға  шын ризашылығын бiлдiрдi.

     «2009-2011 жылдары тек қана ауыз- су саласына 33 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, 170 елдi мекенде орналасқан 753 мыңнан астам тұрғын  құбыр суымен қамтамасыз етiлдi. Ал, 2011 жылы облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң тiкелей ұсынысымен «Ауызсу»  жылы болып жарияланып, облыстың 111 елдi мекенiнде құрылыс жұмыстары жүргiзiлдi. Нәтижесiнде 70 елдi мекен су құбырымен қамтамасыз етiлiп, 320 мың тұрғын таза ауызсуға қол жеткiздi. Бұл көрсеткiш 2,5 миллионнан астам облыс халқының 78 пайызын құрап отыр», — дедi облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Батырша Маханов.

      Осы күнi Үшқайық ауылдық округiне қарасты С.Қожанов ауылында да жаңа ауызсу жүйесiнiң ашылу салтанаты өттi. Шалғайдағы шағын ауылға таза, тұщы су берiлiп, жергiлiктi тұрғындарды мазалаған ауызсу мәселесi түбегейлi шешiлдi.

     Жалпы құны 145 млн. теңгелiк нысанның құрылысын «Бораюгстрой» ЖШС-i биылғы жылдың мамыр айында бастап,  қазан айында сапалы етiп аяқтапты. Бiр айта кететiн жайт, жерасты суы   960 метрлiк тереңдiктен шыққан.  Бүгiнде 300 текше метрлiк  су қоймасы орналасқан стансаның сапалы суын  130 отбасы пайдаланып отыр.  Бас мердiгер тұрғындарға ауызсуды өз қаржысы есебiнен   үй-үйге кiргiзiп,  есептегiш құралдарын да  орнатып берiптi.

                                    Минералды сулар

     Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар (CO2, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады. Минералды сулардағы минералды қосындылардың мөлшері 2 г/л-ден төмен болғанда әлсіз, 2 – 5 г/л-де аз, 5 – 15 г/л-де орташа, 15 – 35 г/л-ден жоғары болғанда минералды, 35 – 50 г/л-де – тұзды, 50 г/л-ден астам болғанда күшті тұзды сулар болып саналады. Минералды 7 – 8 г/л-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын әр мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. Сондай шипасымен емге дауа болып жүрген минералды қайнарлардың бірі біздің қаламызда да орналасқан. Оған мысал ретінде «Шипа су» минералды қайнарын айтуымызға болады. Енді оның тарихына  тоқтала кетсек.

     Шипа судағы су 1967 жылы ашылған. Су 1400 метр тереңдіктен шығады. Температурасы 38 Ал 1970 жылы «Шипа су»емдеу,сауықтыру орталығының ғимараты салынып,ол өз жұмысын бастаған.

    Жалпы минералды 3-группалы су. Орта минералданған судың бұл түрі сыртқы және ішкі қажеттіліктер үшін де қолданылады.

    Асқазанға гастритке (жалаққа),өт толғанда,бүйрекке,ішекке,іш қату,ұйқы безіне,зобқа және жүйке жүйелеріне жақсы. Согдай-ақ, аяқ қақсағанда,буын ауруына,сырқырауға да ем.

      Құрамы:

 М79=    PH=72

1 литр суда

Гр

мгр

Мг ЭКВ %-пен

1

Na

2.3100

100.32

78.23

2

Mg

0.101

8.31

6.47

3

Ca

0.389

19.89

16.30

4

Сумма

2.809

128.49

100.00


                              

                                      Аниондар

1 литр суда

            Гр

         мгр

мг ЭКВ  %-пен

1

Cl

          32.2

       91.40

   71.12

2

Сульфат

          1.580

       32.89

   25.61

3

Гидрокорбонат

          0.237

       23.56

   3.02

4

Нитрат

          0.020

       19.09

   0.25

5

Сумма

          5.029

       166.94

   100.00


 

 

Органикалық заттар -19мг

Минералдылығы - 7.868

 

 

Түткістан қаласындағы бұл  су өзінің физикалық-химиялық  қасиеттері жөнінен мына минералды қайнарларға  ұқсас келеді:

1.Ново Ижевская (Урмудская) ;

2.Курорт «Трусковец» (Украина);

3.«Виаутас» (Литва);

Енді осы минералдық қайнарларға  тоқтала кетсек.

1.Ново Ижевскідегі су 1949жылдың тамызында ашылған. Су 250м тереңдіктен  шығады. Қайнардың  суы өте таза және мөлдір. Оның  температурасы  ауа райына, жыл  мезгілдерінің  ауысуына тәуелсіз,үнемі  8. Судың дәмі ащы немесе тұщы болып келеді. Судың құрамы хлор-сульфат-натрий-калийлі.

2.Трусковец курорты Украинаның  батысында орналасқан. 180 жыл бұрын  жергілікті шаруа Иван Конив  қайнардан тұщы су көзін ашқан. 1927 жылы  алғашқы  минералды  ванналарға арналған орындар  ашылды.

3. «Виаутас»

 

 

 

 


Информация о работе Ауыз су туралы