Аустрия Республикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

Аустрияның орналасуы (қара-жасыл):
— Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
— Еуропалық одақта (ашық жасыл)

Работа содержит 1 файл

ЖАрас Австрия.docx

— 135.80 Кб (Скачать)

Аустрия Республикасы


Аустрия Республикасы 
Republik Österreich

Аустрия туы

Аустрия елтаңбасы


  

Әнұраны: «Land der Berge, Land am Strome»

Аустрияның орналасуы (қара-жасыл): 
— Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр) 
— Еуропалық одақта (ашық жасыл)

Құрылды

17 қазан 1918 жыл

Ресми тілі

немісше

Астанасы

Вена

Ірі қалалары

Вена, Зальцбург, Грац

Үкімет түрі

Парламенттік республика

Федералды президенті 
Федералды канцлері

Хайнц Фишер 
Вернер Файман

Жер аумағы 
• Барлығы 
• % су беті

112-ші 
83 871 км² 
1,7%

Жұрты 
• Сарап (2011) 
• Тығыздығы

 
8 404 252 адам (92-ші) 
100 адам/км²

ЖІӨ (АҚТ) 
  • Қорытынды (2010) 
  • Жан басына шаққанда

 
330,496 млрд $ (35-ші) 
49 082 [1] $

АДИ (2011)

 0,885 (өте жоғары) (19-шы)

Этнохороним

аустриялықтар

Валютасы

Еуро

Интернет үйшігі

.at

ISO коды

AUT

Телефон коды

+43

Уақыт белдеуі

+1 (+2 жазда)


 

Аустрия, Аустрия Республикасы (нем. Österreich) - Eуропада oрналысқан ел. Солтүстігінде Чехия және Алманиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындаСловения, Мажарстан және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі.

Аустрияда Моцарт, Бетховен, Шуберт, Штраус сынды атақты композиторлар тұрып, еңбек еткен. Аустриялақтардың ұлттық әуендері – Вена вальстері мен иодли әндері. Аустрияға жылына жергілікті халық санына жуық, яғни 7 млн. шетелдік туристер келіп қайтады.

Ел жалауындағы екі қызыл  белдік - мемлекеттің азаттығы үшін күрескен ерлі азаматтарының қанын  бейнелейді. Ту ортасындағы ақ белдік - Дунай өзенінің белгісі.

Географиясы


Жерін шығыстан бастысқа қарай созылған Альп тау жоталары алып жатыр. Оның қарлы шыңдарынан жүздеген тау өзендері мен сарқырамалар бас алады. Олардың бірталайының бойына су станциялары салынған. Тау беткейлерін орман, негізінен шырша мен май қарағай жапқан. Одан жоғарыда жайқалған тау шалғыны созылып жатыр.

Өзен аңғарларының климаты қоныржай жылы әрі жұмсақ. Ежелгі өзендердің ішінде кеме жүзуге жарайтын жалғыз Дунай  ғана.

Тарихы


Австрия атауы алғашқы рет 996 ж. 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі.1156 жылдан бастап Австрия — «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді, 1453жылдан — эрцгерцогтық.

18 ғасыр Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлеріні4 біразын өзіне қаратты. 17—18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен,Фрәнкістанмен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылданГабсбургтер империясы болып аталды. 1859 ж. Франция мен Италияга қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 ж. Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты

 

Вена - Аустрияның елордасы

1156 — Аустрия Бавариядан шығып тәуелсіз мемлекет болады

1526 — Авустрия Хыруатстанныбасып алады

1687 — Мажарстан менТрансильвания Австрияға кіреді

1772 — Аустрия Галиция аумағын өзіне қосады

1804—1867 — Аустрия Империясы

1867—1918 — Аустрия—Мажарстан монархиясы құрылды. 1-дүн. жүз. соғыста Аустрия—Мажарстан Алманияның басты одақтасы болды. Аустрия—Мажарстан монархиясы ыдырағаннан кейін1918 ж. карашада Аустрия республикасы құрылды.

1938 ж. наурызда герман әскерлері Аустрияға басып кіріп, Алманияға қосып алды (аншлюс). Аустрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Аустрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды.

1943 ж. Мәскеуде КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Алманияның Аустрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Аустрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Аустрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Фрәнкістан, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді.

1945 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы Венаны және елдің көпшілік бөлігін азат етті.

1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Аустрия мемлекеттерінің өкілдері Аустрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Аустрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген.

1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып кабылданды.

1992 ж. 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.

Экономикасы


Аустрия экономикасы нарықтық қатынастар негізінде дамыған индустриялы-аграрлы  мемлекет. Ел эконикасына Алмания Федеративтік Республикасы компанияларының ықпалы күшті.

Дамушы өнеркәсіп салаларынан  қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электротех. бұйымдар), химия  өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резеңке шығару), ағаш өндеу және целлюлоза-қағаз  өнеркәсібі өркендеген.

Аустрияның ірі қалалары


  • Вена
  • Линц
  • Грац
  • Зальцбург
  • Инсбург
  • Клаугенфурт

Әкімшілік құрылымы


 

Австрияның Федералдық Жерлері

Елдің Конституциясы бойынша Аустрия 9 жерден (немісше - Bundesland) тұратынФедеративтік Республика.

Аустрияның жерлері:

  1. Бургенланд - жер аумағы: 3966 км² (Австрия жерлері арасында 7-ші орын), халқы: 278 000 (9-шы орын), астанасы: Айзенштадт қаласы;
  2. Каринтия - жер аумағы: 9536 км² (5-ші орын), халқы: 559 000 (6-шы орын), астанасы:Клагенфурт қаласы;
  3. Төменгі Австрия- жер аумағы: 19 178 км² (1-ші орын), халқы: 1 546 000 (2-ші орын), астанасы: Санкт-Пельтен қаласы;
  4. Жоғарғы Австрия - жер аумағы: 11 980 км² (4-ші орын), халқы 1 377 000 (3-ші орын), астанасы Линц қаласы;
  5. Зальцбург - жер аумағы: 7 154 км² (6-ші орын), халқы: 515 000 (7-ші орын), астанасы Зальцбург қаласы;
  6. Штирия - жер аумағы: 16 392 км² (2-ші орын), халқы: 1 183 000 (4-ші орын), астанасы Грац қаласы;
  7. Тироль - жер аумағы: 12 648 км² (3-ші орын), халқы: 701 556 (5-ші орын) Инсбрук қаласы;
  8. Форарльберг - жер аумағы: 2 601 км² (8-ші орын), халқы: 360 000 (8-ші орын), Брегенц қаласы;
  9. Вена - жер аумағы: 414 км² (9 -шы орын), халқы: 1 670 000 (1-ші орын), Вена қаласы.

Діні


2001 жылы өткен халықтық есепке  сәйкес, Австрия халқының 73,6 % — католиктер, 4,7 % — лютерандықтар, 4,2 % - мұсылмандар, 2,2 % - православиялық християндар, 0,1 % - иудаизм дінін сенушілер; барлығы 12 конфессиялары тіркелген. Халықтың 12 % өздерін ешкандай дінге жатқызбайды. (1991 жылы олар халықтың 8,6 % құраған).

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. ↑ Дәйексөз алу Invalid <ref> tag; no text was provided for refs named IMF қатесі
  2. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007
   


Информация о работе Аустрия Республикасы