Атмосфералық жауын шашын

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 18:54, реферат

Описание работы

Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь).

Содержание

1. Кіріспе
Атмосфералық жауын-шашын
2. Негізгі бөлім
Атмосфералық жауын-шашын түрлері
3.Пайдаланылған әдебиет

Работа содержит 1 файл

атмосфералық жауын шашын.docx

— 29.75 Кб (Скачать)

Жоспар

  1. Кіріспе

Атмосфералық жауын-шашын

  1. Негізгі бөлім

Атмосфералық  жауын-шашын түрлері

     3.Пайдаланылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады. 
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.

Жауын-шашын инверсиясы– бұлттардың ең дамыған деңгейіне сәйкес келетін, жауын-шашын ең көп жауатын таудағы белдеуден жоғары қарай атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің азаюы

Қар - атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа темп-расы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден бастап солт-тің және оңт-тің жоғары ендіктерінс қарай жайласқан аймақтарда Қ-дың көп түсуі нен Жердің қар жамыл ғысы пайда болады. Қазақстан аймағында Қ., қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңт-ндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қ. жамылғысының қалынд. солт. облыстарда 25-30 см, оңт-ндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алата-уында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде Қ. 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады

Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тамшылардың диаметрі 0,5 — 7 мм болады. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар. Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.

Жаңбыр — атмосфералық сұйық ылғалдың тамшыға айналып (0,5- тен 0,7 мм дейінгі) жерге себелеп түсуі. Жаңбырдың ұсақ тамшылы түрі: "ақ жауын" немесе "сіркіреген жауын", ал ылғалдың белгілі бір уақытта көп түсуі "нөсер" деп аталады. Қазіргі гидрологиялық есептеулерде жаңбырдың барлық жиынтығы есепке алынады

Жаңбыр ағындысы (Дождевой сток) — су жиналу алабына өзен суы мен жаңбыр жаууынан жиналған су. Бұл жағдайдағы су көлемі жаңбырдың жауу ұзақтығына байланысты болады.

Жаңбыр қарқындылығы (Интенсивность дождя) — ылғалдың сіңу шамасы (миллиметр өлшемімен) белгілі бір уақыттағы (бір минуттағы) жаңбыр қарқындылығы мен сол жерге белгіленген мөлшерлі суару нормасының берілуі. Жаңбыр қарқындылығы шалшық суға айналмауы қадағаланатын мұндай суару мүмкінді суару деп аталады.

Жаңбыр өлшеуіш (Дождемер) - жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшерін өлшеуге арналған құрал.

Жаңбыр тасқыны (Дождевой паводок) — қысқа әрі қатты жаңбырдан болатын, белгілі бір өзен тұстамасындағы су деңгейінің тез әрі қысқа мерзімдік көтерілуімен және тап осындай тез тартылуымен аяқталатын құбылыс. Кәдімгі су тасуынан ерекшелігі — жылда қайталанады, бірақ белгілі бір мерзімі болмайды. Жаңбыр тасқынының мөлшері кейде су тасуының деңгейінен де асып тусуі мүмкін.

Жаңбыр ығы ("Довдевая тень") жаңбыр аз болатын, негізінен жел жақ беттегі ылғалды ауа ағыстары мен конденсацияланатын жауын-шашынды ұстап қалатын ық жақ беткейлер және ірі тау жоталарының соларға жанасатын аумақтары.

Қабылдағыш беттің қызметін ауданы 500 см2 жаңбыр өлшеуіш шелек атқарады. Оны жер бетінен екі метр биіктікте арнайы Нифер корғанышының ішіне орналастырады. Жаңбыр өлшеуіш шелекте жиналған сұйықтықты жаңбыр өлшеуіш стақанмен өлшейді. Бұл стақандағы әрбір өлшем сызығы шелектің 0,1 мм-не сәйкес келеді

Шық – ауа температурасы 0С-қа шамалас кезде қалыптасатын атмосфералық ылғал. Негізінен түнде және таңертең топырақ бетінде, өсімдік үстінде, тағы басқа байқалады. Шық – ауаның күрт салқындауының және су буының конденсациялануының нәтижесі. Шық әсіресе ауа райы ашық және самал жел ескен кезде көбірек жиналады. Шық түрінде түсетін ылғал мөлшері өте аз болады, орташа есеппен түн ішінде 0,1 – 0,3 мм-ден аспайды. Шық — түнгі салқындау нәтижесінде суынған (0°С-тан жоғары) ауадағы ылғалдың конденсацияға ұшырауынан топырақта, өсімдіктерде және жер бетіндегі заттарда жиналатын ығал тамшылары.

Қырау— ауадағы су буының салқындауынан топырақ бетіне, шөп сабақтарына, электр желілеріне, т.б. жерлерге қататын мұз қабаты. Желсіз ашық түнде, жылу өткізгіш қасиеті төмен заттардың бұдыр беттерінде пайда болады. Кейде күндіз, көлеңке жерлерде де байқалады. Шамалы аяздан құралған Қырау кристалдары алтыбұрышты призма, ал қатты суық кездегі Қыраудың кристалдары ұзынша ине тәріздес болады;

Бұршақ— ірілі-ұсақ түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын. Жылдың жылы мезгілінде найзағай мен нөсер жаңбыр кезінде бірге түседі. Бұршақ мұз түйіршіктері ауаның тік бағыттағы өте күшті қозғалысы кезінде қалыптасады. Қатты жауған бұршақ шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.

Бұршақ— мөлшері 5-55 мм, кейде одан да үлкен тығыз мұз белшектері түрінде жауатын атмосфералық жауын- шашын. Жылдың жылы кезінде куатты будақ — жаңбыр бұлттарынан жіңішке (бірнеше км) бірақ ұзын (жүздеген км) жолақта, әдетте, күшті найзағай кезінде жауады. Бүршақ егістіктерге, жүзімдіктерге және т.б. әсіресе көктемде үлкен шығын келтіреді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мекгеп" баспасы, 2007. — 264 бет.\
  3. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  5. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.

 

 

 

 

 


Информация о работе Атмосфералық жауын шашын