Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:49, реферат
Ақша — ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген.
І.Кіріспе
1.1Ақша түсінігі.
1.2 Ақшаның және экономикалық категория ретіндегі түсінігі,экономикалық мәні
1.3 Несие ақшалар
II.Негізгі бөлім
2.1 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайындағы дамуы
2.2 Ақша айналысының заңдары
2.3 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге
ІIІ.ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ақша-кредит саясатының негізгі құралдары ашық рынок операциялары – бағалы қағаздарды сату және сатып алу болып табылады. Олар ең алдымен қысқа мерзімді ноттар шығару және өтеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, Ұлттық банк векселдері қайта есептеу арқылы банктердің ресми ставкаларын реттеуді және қайта қаржыландыруды, банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін банктерге қысқа мерзімді кредиттер (күндізгі және овернайт) беруді жүзеге асырады. Соңғы уақытта банк секторының нығаюына байланысты, екінші деңгейдегі банктерге кредиттер сирек берілетін болды. Қайта қаржыландыр ставкасы негізінен индикативтік сипатта болады және Ұлттық банктің қысқы мерзімді инфляция күтулерін көрсетеді.
Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.
Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
Ұлттық банк сыртқы рынокта қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен ұсыныстарға байланысты бағамның өзгеруіне негіз болады. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға араласпайды».
2.4. 2004-2006 жылдарға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары.
Өткен 2003 жыл Қазақстанның қаржы секторы үшін мерейтой жылы болды – 15 қарашада ұлттық валютаның енгізілгеніне 10 жыл толды. 10 жыл ішінде Қазақстан қаржы секторының барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда едәуір дамыған, айқын және мемлекеттің араласуынан қорғалған болып табылады. 2003 жылы барабар ақша-кредит саясатын жүргізу қаржы рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті , сонымен қатар елде жоғары экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді.
2003 жылы орташа жылдық инфляция 6,4% болды. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюы үрдісімен сипатталады. Теңгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелінуіне ықпалын тигізді. Шетел валютасының әкелінуі әлемдік рыноктағы энергия ресурстары бағасының жоғары болуына, мемлекеттік меншікті («Қазақмыс» корпорациясы» АҚ, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ) жекешелендіруден түскен түсімдерге, сондай-ақ корпаративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы рыноктардан қарыз алуына байланысты экспорттық валюта түсімінің едәуір көлемінің түсуі себепті еді.
Өткен жылы теңге нақты алғанда АҚШ долларына қарағанда 12,4%-ға нығайды, ал еуромен және Ресей рублімен салыстырғанда тиісінше 6,9%-ға және 5,4%-ға құнсызданды. АҚШ долларына қарағанда, теңгенің едәуір нығаюна қарамастан, тұтастай алғанда басқа елдерге – негізгі сауда әріптестеріне қатысты Қазақстан экспортерлерінің сыртқы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз еттін шарттар 2002 және 2001 жылдармен салыстырғанда 2003 жылы әлдеқайда қолайлы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың қаңтарында АҚШ доллары мен еуроға қарағанда теңгенің нақты нығаюы тиісінше 3,2% және 0,4% болады, ал Ресей рублімен салыстырғанда теңге 0,6% құнсызданды.
2003 жылғы едәуір маңызды оқиғалардың ішінен елдің сыртқы экономикалық позициясының нығаюын атап кетуге болады. Алдын ала бағалау бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты 0,2 млрд. доллар профицитпен қалыптасты, тауарлар экспорты 13 млрд. доллардан асты (2002 жылы 10 млрд. доллар), тікелей инвестициялардың нетто-әкелінуі 1,9млрд. долларға жуық (2002 жылы 2,15 млрд. доллар) болды. Сыртқы қаржыландырудың елеулі ағыны сондай-ақ республика бантері мен кәсіпорындарының сырттан заемдер тартуы есебіне қамтамасыз етілді.
2003 жылы Ұлттық банктің
таза халықаралық резервтері 58%-ға
4958,9 млн. долларға дейін ұлғайды,
бұл 4,8айдан астам уақыт
Қазақстанда ақша базасы – 52,2%-ға 316,9 млрд. теңгеге дейін, ақша массасы – 26,8%-ға 969,9 млрд. теңгеге дейін, қолма-қол ақша – 47,6%-ға 238,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2003 жылы экономиканы монетизациялау 17,3%-дан 22 %ға дейін өсті.
2003 жылы қаржы секторының
негізгі сегментері – банк
секторында дамудың жоғары
2003 жылы екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 46,5%-ға 1,7 трлн. Теңгеге дейін (11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы – 45,1%-ға 233,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2003 жылы халықтың (резидент еместерді есептегенде) салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4%-ға 343,2 млрд. теңгеге дейін (2,4 млрд. АҚШ долларына жуық) өсті. 2003 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына кредиттерінің 45,5%-ға 978,1 млрд. теңгеге дейін (6,8 млрд. долларға жуық) өсуіне ықпал етті.
Барлық қадағалау
2004 жылдан бастап Ұлттық
банктің негізгі мақсаты
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
1 Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
2 Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3 Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4 Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.
Ұлттық банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.
2004 жылы ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған. Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін және ол бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен кейін тағы да түзелетін болады.
Сыртқы рыноктарда Қазақстан
тауарларның бағалық
Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес ағымдағы жылы валюталық режимді ырықтандырудың екінші кезеңін (2004-2007 жылдар) іске асыру басталады, оның мақсаты валюталық операциялар жүргізуге шектеулерді жою және ағымдағы сияқты, күрделі операциялар бойынша да 2007 жылдан бастап Қазақстан теңгесінің толық айырбасталуына өту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтеріне 3 айдан астам уақытқа тауарлар мен қызмет көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз ететін деңгейде қолдау көрсетілді.
Ақша агрегаттарының жылдық өсуі экономикалық өсудің жоғары қарқындарын сақтауды қамтамасыз ететін болады.
Ақша-кредит статистикасын және бухгалтерлік есепті жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың шоттарын енгізе отырып, шоғырландырылған негізде қаржы қаржы секторына шолу жасау жоспарлануда.
Төлем карточкаларына қызмет
көрсету бойынша бірыңғай ұлттық
желі (Төлем карточкаларының
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету бұрынғыдай Ұлттық банктің құзырында қалады. Осы міндетті шешуде Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігімен тығыз үйлестіріп отырады.
Кредиттік ставкаларды төмендету мен шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеді кеңейтуге ықпал ету бұрынғыдай маңызды болып отыр. Осы міндетті шешу үшін Ұлттық банк жанама әдістерді, атап айтқанда, қайта қаржыландыру ставкасын біртіндеп төмендетуді пайдаланады.
Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелдерін төмендету арқылы «Кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Заңның қабылдануы ықпал ететін болады.
Бағалы қағаздар рыногын дамытудың басты міндеттерінің бірі ұжымдық инвестициялау нысандары арқылы халықтың жинақ ақшасын тарту механизмдерін жетілдіру болады.
Ұлттық банк Алматы қаласын аймақтық қаржылық орталық ретінде дамыту жөніндегі жұмысқа белсенді түрде қатысуға ниеттеніп отыр, бұл болашақта Қазақстан қаржы рыногының халықаралық аренадағы тұрақтылығын арттыруға және тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ең соңында, Ұлттық банк Бірыңғай экономикалық экономикалық кеңестік (БЭК) қалыптастыру жөніндегі мемлекетаралық және ведомствоаралық топтардың жұмысына белсенді түрде ат салысуға ниет білдіріп отыр.
2.5 Қазақстандағы карточка жүйесі.
Қазақстанда бүгінгі күні 2,0 млн. жуық қазақстандық (халықтын 13%-ы) төлем карточкаларың иеленушілері болып табылады. Оның ішінде 96 %-ы – үш жетекші банктің: «Халықтық банкінің», «ТұранӘлемБанкінің» және «Казкоммерцбанктің» клиентері. Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын қабылдау үшін 824 банкомат және 4068 РОS-терминал, оның ішінде 2551-і – сауда кәсіпорындарында орнатылды.
Төлем карточкаларының 70%-ға
жуығы – VISA төлем жүйесінің карточкалары.
Одан кейінгі орында «Халықтық банкінің»
Altyn карточкалары, «MasterCart» халықаралық
төлем жүйесінің карточкалары және
«ТұранӘлемБанкінің» «Alemcart»
Өкінішке орай, төлем карточкаларының мүмкіндіктері бізге әзірше толық көлемде ашылған жоқ. Көптеген карточка иеленушілер үшін оларды бірден-бір пайдалану орнына жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды.
Және барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз (4%-ын ғана қамтиды).
Есеп айырысудың қолма-қол жасалмайтын нысанын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2.07.02 ж. №713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.
Ұлттық банктің бастамасы
бойынша және қазақстандық 11 банктің
қатысумен ТКҰБЖ басқару үшін
арнайы ұйым — «Процессинг орталығы»
ЖАҚ-ы құрылды. Visa халықаралық төлем жүйесінде
сертификаттау туралы ресми растауды
алып, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы қосу
мәселелерімен белсенді айналысуда, бірінғай
ТКҰБЖ-ның негізгі мақсаты мыналарды қамтиды:
2 ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;
3 жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;
4 коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;
5 бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;
6 қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.
Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірінғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік берді.
Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
7 микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
8 халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
Қорытынды.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.