Қарқаралы ұлттық саябағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 13:25, реферат

Описание работы

Еліміздің табиғаты аса көрікті алқаптарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін иеленіп, мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынуы табиғатты қорғау жұмыстарының өзекті мәселесі екендігі де арнайы заң жүзінде(2006) де бекітілген. Осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобына елімізде соңғы жылдары көптеп ұйымдастырылып жатқан мемлекетік ұлттық табиғи саябақтар жатады.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1)Қарқаралы саябағының географиялық орны
2 )Саябақтың зерттелуі мен тарихы
3 )Флорасы мен фаунасы
4 )Қарқаралы саябағының Қазақстан туризмін дамытудағы рөлі
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Ережепова Айгерім.doc

— 123.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

 

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті

 

 

 

 

 

 

 

            Тақырыбы: Қарқаралы ұлттық саябағы

 

 

 

 

 

 

                                                     Орындаған: Ережепова А.

                                                  Тексерген: Тлегенова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Алматы 2013

 

 

 

 

 

                                        ЖОСПАРЫ:

 

 

I.  Кіріспе                                         

II.  Негізгі бөлім

 

    1)Қарқаралы саябағының географиялық орны

     2 )Саябақтың зерттелуі мен тарихы

     3 )Флорасы мен фаунасы

     4 )Қарқаралы саябағының Қазақстан туризмін дамытудағы рөлі

 

III. Қорытынды.                                                      

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.                            

 

                                             

 

 

                                   Кіріспе

 

Ұлттық табиғи саябақтар - елімізде қорғалатын ландшафтардың  жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан ерекшелігі туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау, сақтау талап етіледі.Ұлттық, саябақтардың негізгі міндеттері табиғат қорғау шараларымен қатар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді дамыту және экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлу.Қазақстанда Баянауыл, Атынемел, Көкшетау, Алатауы, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары бар.Соның ішінде Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы- Орталық Қазақстан өңірінің інжу- маржаны аталған, табиғатының көркі адамды өзіне баурап алатын еліміздегі табиғаты айрықша ажарлы аймақ.

Еліміздің табиғаты аса  көрікті алқаптарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін иеленіп, мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынуы табиғатты қорғау жұмыстарының өзекті мәселесі екендігі де арнайы заң жүзінде(2006) де бекітілген. Осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобына елімізде соңғы жылдары көптеп ұйымдастырылып жатқан мемлекетік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қарқаралы өңірінің табиғаты ежелден-ақ өзінің ерекше көзтартарлық сұлу көркімен таңғалдырған өлкенің бірегейі болғандығын Қарқаралыға арналған ақын- жазушылардың шығармаларынан айқын байқаймыз. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1212 арнайы қаулысы бойынша 1998 жылы 1-желтоқсанда осы аумақтың табиғатын, сан алуан биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу және қорғау мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Қарқаралы саябағының географиялық  орны

 

Қарқаралы ауданы

Жері 35,4 мың км,

Климаты- континенттік,

Халқы- 42,104 адам,

Аудан орталығы- Қарқаралы  қаласы.

Іргесі 1824 жылдың тамыз  айында қаланған.

Қала тұрғындары -10300 адам.

Қарағанды облысының  оңтүстік-шығысындағы Қарқаралы  тауының етегінде теңіз деңгейінен 815 метр биіктікте орналасқан.

Қарқаралы-қала. Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданының әкімшілік  орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа  қарай 220 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 815 м.биіктікте орналасқан. Ең жақын  темір жол станциясы - Қарағайлы (25 шақырым )орманды-тоғайлы , жақпар-тасты келген көрікті Қарқаралы тауларының шығыс етегінде, Қарқаралы өзенінің екі жағасында жайғасқан. Іргесі 1824 жылы Ресей империясының әскери бекінісі ретінде қаланған. 1868 жылы уездік қалаға айналды. 1928 жылға дейін Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінің, 1928-1930 және 1934-1936  жылдары Қарқаралы округінің орталығы болды. 1930-1934 және 1936 жылдан Қарқаралы ауданының орталығы. 19-ғасырдың екінші жартысында жері шұрайлы, жайылымы малға, қойнауы кенге бай  Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге баратын керуен жолының торабы ретінде маңызды сауда, кәсіпшілік және мәдени - ағарту орнына айналды. Мұнда саяси тұтқындар жер аударылды. Қарқаралының солтүстігіндегі  Қарасор көлінің жағасында  1848 жылдан 1930 жылға дейін белгілі Қоянды жәрмеңкесі өтіп тұрды.

Соңғы жылдары Қарқаралы  жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары  ұйымдастырылған (1998 ж) бұл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет – Орталық Қазақстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жұмыстары жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және тағиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймақты қамтып жатыр. Қарқаралы және Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы аумағының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қарқаралы және Кент қорығы аймақары, Арқалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар бөлігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс ұйымдастыру көзделіп отыр.|1|

Өлкемізде Баянауыл, Қарқаралы  сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бұзбай сақтауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорық сияқты саябақ үшінде де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ ұйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылықпен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру – бүгінгі күннің талабы. Қарқаралы ұлттық бағының үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарқаралы алқабы Тар кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр жоталары мен жекелеген Комсомол (1403м), Шаңкөз (1360), Бұғылы (1323), Көктөбе (1254) шыңдарынан және бірқатар биіктігі бойынша маңызды емес жоталардан тұрады.Аудан аумағы үшін су тартылмайтын жылғалардан, терең аңғарлардан, таулы бұлақтардан және көл қазандықтарынан, сондай-ақ ұсақ құмдардан тұруы оның табиғатына тән. Қаралып отырған аумақтың климаты барлық ұсақ таулы алқап шегінде ауа-райының антициклондық түрімен континенттік болуы қыстың қаттылығымен, салқын жазбен, жылдың бұлтты күндері, жиі кездесетін құрғақшылдық, аңызақ желдерінің қайталанатыны тәуліктік және жылдық температурасының едәуір ауытқуына әкеліп соғады.

Қарқаралы атауы туралы да түрліше пікірлер бар. Түркі тілдес халықтарда «Қарқара» сыртқы көрінісі ерекше биік шоғырланып тұрған тау деген ұғымды аңғартады. Келесі бір ұғым бойынша «Қарқара»- қыздар киетін бас киім дегенді,яғни «Қарқара»- төбесі биік, төменгі бөлігі құндызбен көмкерілеген бөрік. Қарқаралы тау тізбектері алыстан қарағанда дүкен сөресіне қатар-қатар қойған қарқара бөріктерге ұқсайды. Сонымен қатар қырғыз тілінде «қарқара»- «көкқұтан» деген құстың атауын білдіреді. Кейде «қарқара» сөзі- «дене,тұлға, сымбат, мүсін, келбет», немесе «қызыл тал» деген ұғымдарға юа сәйкес келеді деген де пікірлер бар.

Қалай болғанда да, «Қарқаралы» атауы еліміздегі табиғаты аса көрікті алқапқа берілуі біз үшін зор мақтаныш!

Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы Қарағанды облысының  Қарқаралы ауданының аумағында  орналасқан

... Түрленген атырабың, шартарабың,

Бөленген жасыл нұрға  Қарқаралым,

Көз ашқан бауырында бөбегіңмін,

Атынды атай жүріп  марқаямын...

(Жаппар Өмірбеков)

 

 

Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтың жер көлемі алғашында 90 323 гектар аумақты қамтыса, соңғы жылдары жер көлемі кеңейтіліп, қазіргі кезде 112 120 гектар алқапты алып жатыр. Бұл аумақтың 45 483 гектары орманды алқапты құрайды. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының құрамына республикалық мәні бар Белдеутас (44 660 га) және Бектауата (500) мемлекеттік зоологиялық табиғи қорықшалары кіреді. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының аумағында ғылыми, тарихи және табиғи маңызы бар көптеген ескерткіш нысандар кездеседі. Саябақ аумағындағы ерекше табиғи және тарихи ескерткіштер ретінде – Шайтанкөлді, Бассейн көлін, Үлкен тас шатырды, Қалмақ қорғанын, Үш үңгірді, Жиренсақал шыңын, сібір шыршасын, үйеңкі ағашын т.б. атауға болады. Қарқаралы өңірінде тарихи оқиғаларға қатысы бар ескерткіш орындар көптеп кездеседі. Мысылы: Құнанбай қажы мешіті, Абай мен Шоқан тоқтаған үйлер, Мәліксайдағы Мәдидің екерткіші, Суықбұлақ шатқалындағы ұзындығы 5 шақырымдық тас қорған, Қоянды жәрменкесінің орны, таубасындағы құпиялы Шайтанкөл, тау қойнауындағы буддалық ғибадатхана және т.б. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағында жүргізілетін табиғат қаорғау жұмыстары бойынша екі белдемге бөлінеген. Өйткені мұндағы орманның жан- жақты пайдалы жақтары ескеріліп, қатаң қорғауды қажет етеді.|2|

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Саябақтың зерттелуі мен тарихы

 

Тарихи деректерде тау сілемдерінің етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің  табанында орналасқан елді мекен  үстінен Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы керуен жолы өткен. Осы өлкеге алғаш саяхат жасаушылар 1785 жылдардан бастап аяқ басқаны тарихи деректерден бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Ресей өкіметі пайдалы кен қазбаларын зерттеп, оны өндіруді қолға алу мақсатында көшпенді шаруашылықтарының территориялық орналасу мәселесін шешуге кіріседі. Болашақ округтік билік орталығына Қарқаралы және Кент таулы мекендері таңдап алынады.

Қарқаралы 1824 ж. сәуірдің 8 Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде құрылды.

1868 (1869) ж. — Семей облысы құрамындағы уездік қала, ірі сауда орталығына айналды.

1928-30 жж. және 1934-36 жж.ы — Қарқаралы округінің орталығы.

1930-34 жж. және 1936 ж. бастап. — Қарқаралы ауданының орталығы.

Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызекі аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады.

Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын өндіретін бірден – бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан болып қалыптасты. Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді.Алғашқы саяхатшылар Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап аяқ басты. Патшалық Ресейден әскери адамдары атаман Телятников, капитан Андреев 1786 жылы, кен - өндіріс инженері М.Поспелов пен Т.Бурнашев 1890 жылы, Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы, Алтай кен округінің маркшейдері М.Шангин 1816 жылы Қарқаралы өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы қазбаларын, ескі керуен жолдарын, археологиялық ескерткіштерін,  қазақ халқының тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін зерттеген. Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе, Кенқазған, Қарашоқы кен орындарын атап өтуге болады.Патша өкметі қазақ даласында билік орталығының бекінісін салуды ойластырып болашақ округтік басқарудың мекеніне Қарқаралы таулы аймағы қолайлы деп табады.Сондықтан округтің нақты орнын айқындау үшін 1824 жылы 27 қаңтарда Омбыдан полковник С.Б.Броневский басқарған шекара отряды келіп, қаланың кәзіргі орнын белгіледі. 1824 жылдан бастап Қарқаралы қаласының іргесі қаланды.Негізі 1824 жылы қаланған Қарқаралы қаласының тарихтың терең қойнауына кеткен мол шежіресі бар. Арқа өңіріндегі санаулы ғана байырғы қалалардың бірі саналатын Қарқаралы тек әсем табиғатымен ерекшеленбейді, ол Орталық Қазақстан өңірінің барлық саяси оқиғаларының ордасы, ұлтымыздың бетке ұстар игі жақсыларының ізі қалған қасиетті мекен.Қарқаралы қаласы тарихи ғимараттарға тұнып тұр.Әр ғимараттың өзіне тән тарихы бар. Әсіресе аудандық орталық кітапхана орналасқан ғимарат өте әсем, бұл үйдің иесі Петербордан Қарқаралыға, аяғына шәркей киiп, келген В.П. Рязанцев, сауда - саттықтың нәтижесiнде әбден байып, қаланың бiр көшесiнiң бойында үйлер салдырып туған-туысқандарын қоныстандырған. 
Кітапхана көшесінің ар жақ бетіндегі - саяжайда Андрей Селиверстовичке қойылған ескерткіш бар. Осы ескерткішке қарама қарсы алаңда, баяғы заманда қызыл кірпіштен салынған, орыс шіркеуі болатын. Оны салуға Рязанцевтер қаржылай көмектескен.Шіркеу үш этажды болған. Кейін Совет өкіметі кезінде оны құлатып кірпіштерінен орыс-қазақ мектебін салған . А.С.Резанцев 1914 жылы қайтыс болған, балалары әкелеріне Петербордан қара граниттен ескерткіш жасатып, әуелі Семейге, одан сон ат-арбамен Қарқаралыға жеткізіп, белгісін шеркеуге қарсы қойған. Бұл ғимарат тарихи ескерткіш ретінде үкімет қорғауында.Бұл үйде орыс саяхатшысы, этнограф Г. Потанин тоқтаған және ғимарат қабырғасында, оның болғаны жөнінде мемориалдық тақта орнатылған.

Осындай тарихы мол ғимаратта елге, жерге деген сүйіспеншілікті, аялы қамқорлықты, өнерге деген ізгі ниетті , салт-дәстүр, мәдениеттілікке, көпшілік арасына ғылым мен білім, ізгілік  пен парасаттың дәнін себетін  шаңырақта тарихы 100 жылдан астам орталық кітапхана орналасқан.Кітапханалар тарихы – облыстың мәдени өмірінің тарихы, қоғамның экономикалық және рухани өмірінің көрсеткіші. Қарқаралы қаласында көпшілік кітапхана XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы аралығында ашылған. Өкінішке қарай, Қазақстанда кітапханалардың осы кездердегі құрылуы мен даму тарихы, арнайы емес, басқа тақырыптармен қоса зерттеген. Сондықтан, кітапханалар туралы тарихи құжаттар жоқ. Бұл тақырыпты қарастырғанда біз тек Н.К. Дәулетова мен Е.Н. Шмелеваның «Из истории библиотечного дела в Казахстане», В.З. Галиевтың «Библиотечное дело в Казахстане (Вторая половина XIX – начало XX веков)» ғылыми-зерттеу жұмыстары және «История библиотечного дела в Казахстане: 1917-1991» құжаттар жинағына сүйене аламыз. 
Облыста бірінші кітапхана 1892 жылы чиновник Марковтың ұсынысы бойынша Қарқаралы қаласында ашылған. Оның кітап қоры 626 дана болған. Бірінші күннен бастап 1917 жылғы ақпан революциясына дейін кітапхана жұмысына жасырын цензура жүргізіліп тұрған. Мысалы: 1903 жылы Петербургтің баспа туралы комитеті «Көпшілік кітапханаларда пайдалануға тыйым салынған шығармалардың алфавиттік көрсеткішін» жасаған. 1904 жылы Қарқаралының кітапханасын тексеру үшін уезд бастығы «Алфавиттік көрсеткішті» Кітапханалық комитеттің төрағасы, орманшы Петр Федорович Поповқа берген. Ал Попов «Бұл көрсеткішті бөтен адамға танысуға, не болмаса анықтама алуға еш уақытта бермеуге» міндетті болған. Қарқаралының көрнекті қайраткерлері қарқаралының бірінші кітапханасының жұмысына көңіл аударып, кітапхананың дамуына өз үлестерін қосқан. 1905 жылдың қаңтар айында Қарқаралы кітапханасының жұмысы туралы оқырмандар жиналысы ұйымдастырылған. Жиналыс төрағасы Итбаев болған.

Жиналыста кітапханалық комитеттің төрағасы болып Қарқаралының ауылшаруашылық мектебінің басқармасы Павел Петрович Белдыцкий және кітапханашы болып Мустафа Баязеитович Мамлеев сайланған. Комитет мүшелері – А. Байтұрсынов, М. Мамлеев, А. Глебов, П. Астерин, С.С. Панфилов. Ол кездері қоғамдық кітапхана жұмысымен оқу орындары шұғылданған.

Сондықтан, сол кездегі Қарқаралы орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі Ахмет Байтұрсынов бес жылдан аса Қарқаралы кітапханасының дамуына көп үлес қосқан. Ол Петербургпен байланыса отырып, 1909 жылы өзінің бірінші кітабы «Қырық мысал»-ды («Сорок басен») жарыққа шығарды.Қарқаралы кітапханасының кітаптарымен мұғалімдер, оқушылар және қала тұрғындары пайдаланған. Оқырмандар құрамында қазақ, орыс, татарлар болған. Кітапхана қоры қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдармен жинақталған. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М. Горький, Л. Андреев, В. Короленко сияқты авторлардың шығармалар жинақтары сатылып алынған. Және де философия, география, медицина, математика пәндерінен кітаптар жинақталған. Кітапхана 17 түрлі газет-журналдар алып тұрған. Оның ішінде: «Сибирьская жизнь», «Слово», «Туркестанская туземная газета», тағы басқалар. 1905 жылғы Қарқаралы кітапханасының шығыны 230 рубль болған. Ревизиялық комиссия мүшелері болып Құрманов пен Итбаев сайланған. Өкімет басшылары кітаптар мен газет-журналдардың оқырман көзқарасына ететін әсерін ескере отырып, кітапхана қорларының құрамын мұқият бақылауға алған. Сондықтан, жаңа мерзімді басылымдарға жазылудан бұрын, Петербургтен, Ішкі істер министрлігі жанындағы баспа жөніндегі Бас басқармадан басылым туралы ақпарат сұрастырылған. Патша үкіметі және әкімшілік кітапхана ісінің дамуын өз назарынан тыс шығармаған. Мысалы, Халық ағарту министрлігі 1912 жылы бекіткен халық кітапханалар жайлы Ережелерінің бір пунктісі бойынша «Халық кітапханаларын жазылып алынғандардан басқа мекемелер, қоғамдар, жеке тұлғалар сыйлаған жаңа кітаптар және мерзімді басылымдармен толықтыруға рұқсат етіледі, және сыйға тартушылар басылымдар тізімін халық училищелерінің инспекторына көрсетулері тиісті».

Информация о работе Қарқаралы ұлттық саябағы