Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы мәліметтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 22:32, реферат

Описание работы

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

Работа содержит 1 файл

Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы мәліметтер 2.doc

— 85.00 Кб (Скачать)
 
 

Алматы  қаласы мен Алматы облысы туралы мәліметтер 
 

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматымен қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.

Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы  жыл мезгіліне қарамастан күн  сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке  қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт  алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.

Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі  аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.

Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.

Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің  бойына орналасқан. Тау өзендері мен  көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

Алматы  облысыҚазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Алматы қаласы (1,06 млн., 1998). Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Алматы  облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым — Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882 — 97 жылдары Жетісу обл. Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918 — 24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу обл-ның қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929 — 32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылды. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959 — 67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.

Табиғаты

Облыстың  табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).

Геологиясы

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой  түзеген және кембрийге дейінгі  кристалды тақта-тасты тау жыныстары  қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда  конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер  т.б. палеозой жыныстары кеңінен  тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар. 
 
 

Климаты

Алматы  облысының климаты негізінен  континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде — 10-160С, оңтүстікте — 4-90С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы — 5-90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21-230С, тау аңғарларында 19-220С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады.

Климат  Алма-Ата
Показатель Янв Фев Мар Апр Май Июн Июл Авг Сен Окт Ноя Дек Год
Абсолютный максимум, °C 18,2 19 28 33,2 35,1 39,3 41,7 40,5 38,1 31,1 25,4 19,2 41,7
Средний максимум, °C 0,3 1,4 7 17,4 22,1 27,2 30 28,9 24,1 16,1 7,6 2,6 15,3
Средняя температура, °C −5,4 −4,1 1,7 11,4 16,1 21 23,7 22,3 17,2 9,5 2 −2,7 9,4
Средний минимум, °C −9,3 −8,2 −2,6 5,9 10,5 15,2 17,8 16,3 11,1 4,2 −2 −6,3 4,3
Абсолютный  минимум, °C −30,1 −37,7 −24,8 −10,9 −7 2 7,3 4,7 −3 −11,9 −34,1 −31,8 −37,7
Норма осадков, мм 32 37 71 104 107 64 32 26 30 62 55 33 653
Источник: Погода и климат
 

Гидрографиясы

Өзендері  Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына  тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен  толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзен бойында Қапшағай бөгені және СЭС-сі салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.

Топырағы  мен өсімдік дүниесі

Облыстың  топырақ және өсімдік жамылғылары  вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл к-дерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.

Жануарлар дүниесі

Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден: қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, аққайраң т.б. балықтар бар.

Тұрғындары

Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 7,3 адамнан (1997), тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км2-ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км2-ге 2,6 адамнан келеді. Олардың 30,3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Қалалары: Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқант. 

Экономикасы

Алматы  облысының экономикалық әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда  құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы (1997 ж. жалпы өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 пайыз), машина жасау және металл өңдеу (6,5 пайыз), құрылыс материалдары (6,2 пайыз), тамақ өнеркәсібі (38,2 пайыз), ұн, жарма және құрама жем (5,5 пайыз) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл к-дерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. Алматы облысы Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының қырық шақты елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 6,5 пайыз шамасында (1997).

Информация о работе Алматы қаласы мен Алматы облысы туралы мәліметтер