Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 17:28, реферат
Абу –Даби – Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу – Даби әмірлігінің елордасы. Материкпен ширек орналасқан Парсы шығанағының солтүстік- шығыс бөлігінде аралда орналасқан. Соңғы есептеулер бойынша әмірлік халқының саны1108 мың адамды құрайды, оның жартысы Абу- Даби қаласында тұрады. Жегілікті тұрғындар (арабтар) халықтың тек 20%-ын ғана құрайды.
Абу –Даби – Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу – Даби әмірлігінің елордасы. Материкпен ширек орналасқан Парсы шығанағының солтүстік- шығыс бөлігінде аралда орналасқан. Соңғы есептеулер бойынша әмірлік халқының саны1108 мың адамды құрайды, оның жартысы Абу- Даби қаласында тұрады. Жегілікті тұрғындар (арабтар) халықтың тек 20%-ын ғана құрайды. Қалада ең көп санды шетелдік қауымдар: үндістер, пәкістандықтар, ағылшындар тұрады. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі банияз тайпасынан шыққандар. Ресми тілі- араб тілі болып табылады, астана тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Тұрғындардың негізгі көпшілігі сүннит бағытындағы исламды ұстанады. Дінге сенушілердің 20%-на жуығы шииттерге жатады. Абу- Дабидің кішкентай қоныстан аспанмен тілдескен көп қабатты үйлері, ұшқыр магистральі, гүлденген бақтары мен тамаша бұтақтары бар ең қазіргі заманғыи мегаполиске айналуына бар жоғы үш онжылдық қажет болды.Абу- Дабиді таяу шығыстың Манхеттені деп атайды. Абу-и Дабидің ерекшелік белгісі астана орталығын безендіріп тұрған мешіттердің көптігі екендігін батыл мойындауға болады. Қаланың кез- келген нүктесінен бірден бірнеше ғажап безендірілген мұнараларды көруге болады. Сырттан келгендердің көпшілігі он киллометрге созылып жатқан Корнич Роуд жағалауында болғанды ұнатады. Абу- Даби дүние жүзіндегі ең сән- салтанатты қалаларының бірі. Бұл мегаполисте ең казіргі заманғы қала белгілері мен шығыстың бет- бейнесі таңғаларлықтай үйлесім тапқан. Анкара-Түркия Республикасының екінші ең үлкен қаласы. Халқының саны жағынан Ыстамбұлдан кейін, жер көлемі жағынан Конядан кейін екінші орын алады. Болу, Чанқыры, Кырыккале, Ақсарай мен Ескішеһир арасында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін транзиттік жолдардың қиылысатын нүктесі болып саналады. Үлкен бөлігі ішкі Анадолу аймағына қараса, қалған бөлігі батыс Қара теңіз аймағында жатыр. Телефон коды: 312. Анкараның жан саны (ADNKS- мекенжай бойынша халық санын тіркеу жүйесі) 2007жылы 4 466 756 болды. Тұрғындардың 2 225 037 ер адам, 2 241 723-і әйел болып есептелді. 1978 жыл мен 1983 жыл арсында туылғандар халық санының ең көп бөлшегін құрап, жалпы саны 429 946-ға жетті. Күнделікті қала іші тасымалдау қала әкімдігі қамтамасыз еткен автобустар мен жеке меншіктегі бағыттық көліктер (минибустар қызмет көтсетеді ). Қала әкімдігіне бағынышты көліктерде магниттік карт (карточка) қолданылады. Жеке көліктерде нақтылай ақша қолданылады. Қаладағы такси саны халықтың сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті. Таксилер тәулік бойы жұмыс істейді. Түнгі сағат 12- ден таңғы сағат 6- ға дейін таксилер түнгі бағамен қызмет көрсетеді. Анкара қаласы 1923 жылдан бері Түркияның асранасы болып табылады. Халқының саны жағынан елдегі екінші қала. Ол тек саяси орталық емес, сонымен бірге, Ыстамбұл және Измир қалалары секілді маңызы бар қала. Бангкок- халық саны 8 160 000 адамды құтайтын (2007) Тайландтың астанасы және ірі қаласы. Қала Чао Прая өзенінің шығысында, Сиам шығанағының қасында орналасқан. Бангкок- Оңтүстік- Шығыс Азияның ең жылдап өсіп келе жатқан қаланың бірі. Жергілікті халық қаланы жаңа өркендеп келе жатқан аумақтың орталығы ретінде, Сингапур және Гонгконг секілді қалалармен бәсекелес болаалатындай қала ретінде таниды. Мұнымен қатар Бангкок әлем туристтерінің ең көп келетін қаласы болып табылады. Алғашында, қала Бангкок- зәйтүн өсетін жер деп аталатын кішігірім сауда орталығы және порт болды, қала сол кездегі Тайландтың астанасы- Аюттхая қаласына қызмет ететін. 1767 жылы Аюттхаяны бирмандықтар талқандағаннан кейін, астана уақытша Чао Прая өзенінің жағасындағы Тонбуриге көшірілді. 1782 жылы Рама 1-ші шығыс жағалаудан сарай салып Бангкокты Тайландтың астанасы ретінде жариялап, оған Крун Тхеп атын берді- аудармасы “Періштелер қаласы”. Осылайша Бангкок ауылының аты жоғалды, дегенмен шетелдіктер Тайланд астанасын “Бангкок” деп атайды. Бангкок- тұрғындардың губернаторды таңдау құқығы бар провинцияның бірі (екіншісі Районг) қалған 75 провинцияда губернаторлар тағайындалады. Қала аумағының өсуі Бангкок провинциясының көршілес Нонтхабури, Салут Пракан және Ратхум Тхани провинцияларының аумағына шығып кетуіне әкелді. Бангкок провинциясының қазіргі шекарасы Тонбури провинциясымен біріккен уақытта, 1972 жылы бекітілді. Бангкок- Тайландтың экономикалық орталығы және порты. Тайландтың сауда биржасы да Бангкок қаласында. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады. Шетке шығаратын негізгі тауарлар- бакалея, ағаш және тоқыма өнімдері. Негізгі өндіріс болып күріш зауыттары, цемент зауыттары, ағаш кесетін зауыттары, мұнай өңдеу зауыттары және кеме салу айдындары болып табылпды. Мұнымен қатар қала әшекейлі өнімдер мен белгілі, күміс және қола өнімдерін сатуға және сатып алуға болады. Мале- атоллда орналасқан Мальдив Республикасының астанасы болып саналады. Атолл Мальдив аралдарының орта бөлігінде орналасқан (Үнді мұхитында). Климаты экваторлық, муссондық. Ауаның орташа температурасы +24 +30 арасында. Екі маусым басым болып келеді: қараша- сәуір аралығындағы құрғақ, және ылғалды, жаңбырлы мамыр- қазан арасында, жауын- шашынның көп мөлшері маусым- шілдеде байқалады. Бұл аймақта тұщы судың қоры аз болып келеді, өйткені аралда ішкі су көздері жоқ. Мале тұрғындары өздерін дравидтер (Оңтүстік Үндістанның байырғы тұрғындары), сингалдар (Шри Ланка тұрғындары), арабтар және малайлықтардың аралас ұрпақтары деп есептейді. Маледе- республикадағы жалғыз қала ретінде, барлық қала тұрғындары шоғырланған, олардың саны 55 000 адам. Мемлекеттік дін болып Мальдив аралдарында 12 ғасырдан бастап тару алған суннит бағытындағы ислам болып саналады. Тілі мальдив немесе дивахи, ал жазбалары араб графикасына ұқсас. 1932 жылы бірінші конституция қабылданды, сол бойынша сұлтан тағайындалып отырған. 1948 жылға дейін ағылшын губернаторы Целонның қол астында болды, ал 1948 жылдан кейін сондағы ағылшындық жоғарғы комиссары қол астында. 1965 жылы 26 шілдеде Мальдивтердің тәелсіздігі жарияланды, ал 1965 жылы келесі конституция қабылданғаннан кейін, президенттік республикаға айналды. Пекин – Қытай Халық Республикасының астанасы болып келеді. Қаланың ауданы 17 800 км кв, мұның ішінде ауыл- шаруашылық аймақтар бар. Сондықтан Пекинді Үлкен Пекиннен ажырата білу керек. Қала аты Бейцзин деп оқылады, қазақ тілінде «солтүстік астана» деп аударылады. Пекин Ұлы Қытай жазығының солтүстік шекарасы маңында орналасқан. Қала территориясының 40% - ында құрылыс бар, солтүстік шығыс және батыс бөліктері көтеріңкі болып келеді. Ал жазықта Байхэ және Юнденхэ өзендері орналасқан. Пекинде қоңыржай климат басым, оны муссондар анықтайды.Құрған кезендер жаңбырлымен ауысып отырады. Оның үлкен бөлігі шілде мен тамызға келеді. Табиғи жағдайларының ерекшелігі болып жер сілкіністерінің болу қаупі саналады. Пекин көпұлтты қала, онда 13,8 млн адам тұрады. Қалада жалпы Қытайда тұратын 50 ұлт өкілдерін көруге болады.Ұлттық тілі – қытай , арасында пекиндік диалект қолданылады (пумуна). Елдің коммунистік өкіметі атеизмді үгіттейді.Басым болып келетін діндер қатарына буддизм мен даосизм жатады. Протестанизм, католицизм және исламды ұстанатын тұрғындар да бар. Пекин қаласының басты проблемасы – қала тұрғындарының күрт өсуі, ол ішкі миграцияға да тағы басқа факторларға байланысты. Токио – Жапонияның астанасы (елді басқару формасы – конституциялық монархия). Мұнда парламент, ел үкіметі және императордың резиденциясы орналасқан, ал ол резиденцияның «мемлекет символы және ұлт бірлігі символы» статусы бар. Токио қаласының ауданы 577 км кв. Халық тығыздығы 1 км кв – қа 5000 адам. Бұл Жер шарының халқы ең тығыз орналасқан аймақтарының бірі.Қала атауы жапон тілінен «шығыстағы астана» деп аударылады. Жапония астанасы Хонсю аралының оңтүстік шығысында орналасқан.Мегаполис Канто жазығының көп бөлігін алуда және Тынық мұхиттың Токио шығанағы жағалауында орналасқан.Астана территориясынан Тама, Сумида, Аракава, Эдогова өзендері ағып көлдерге құяды.Токионың солтүстігінде және батысында таулар орналасқан. Мегаполисте субтропикалық климат басым. Ол муссондарға байланысты өзгеріп отырады.Қыста температура + 40С, жазда + 240 С. Жылына Жапония астанасында 1300 мм жауын – шашын түседі.Токио территориясында 2 жаңбырлы кезең байқалады: біріншісі – маусым – шілде, екіншісі – қыркүйек – қазан.Көбінесе осы кезде атмосфералық жауын – шашынның негізгі массасы түседі. Мегаполисте күрделі табиғи катаклизмдер байқалады. Жаңбыр кезеңдері тайфундарымен алмасып отырады.Сонымен қатар Токиода жер сілкіністері жиі болып тұрады. Токионы Үлкен Токиодан (префектура) ажырата білу өте маңызды.Қаланың өзінде 9 млн адам тұрады.Ал Үлкен Токио тұрғындарының саны 12 млн адам. Астанада көбінесе жапондықтар тұрады (97%).Этникалық қауымдастыққа эталар жатады – олар ортағасырлық төменгі кастаның ұрпақтары.Олар шамамен 2,5 %.Басқа ұлт өкілдерінен корейліктерді айтуға болады, олар аралдарда колониалдық кезеңде қалған еді (0,5%). Ресми тілі – жапон (токиолық диалект елде көп тараған).Ол өзінің өзгешелігімен ерекшеленеді.Тұрғындардың аз бөлігі ағылшын тілінде еркін сөйлей алады. Мегаполистің діндік өмірін 2 система анықтайды: буддизм және синтоизм.Токио тұрғындарының көпшілігі буддистік те синтоистік те храмдарға да барып тұрады.Осының өзінде христиандық шіркеулерді де ұмытпайды.Католицизм Токиода 3 - ші орынды алатын дін.