Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:23, реферат

Описание работы

Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз.

Работа содержит 1 файл

САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР.docx

— 24.14 Кб (Скачать)

Егер президент  Шарль де Глль туралы сөз қозғайтын  болсақ, онда оның жоғарыдан төмен  қарай өте тиімді тік өкімет билігін  құра білгенін, Францияның саясаты  мен экономикасында жаңа тәртіп орната алғанын, бірақ соның өзінде де диктатор деп атау ешкімнің де ойына келмегенін айтқан жөн.  

Дэн Сяопин – күллі  әлем қауымдастығының көз алдында  идеология шырмауына оралған  елді – оның миллиардтан астам  халқымен бірге – реформа мен  прогресс жолына бұра білді. Алайда, батыс  елдері мен есеп те айырылысқан жоқ, өз елінің тарихын да қараламады, тек  өзінің ақылы мен көрегендігіне  сүйеніп, өз халқын алға  - тарих тағына апарып қойды.  

Қорыта келегенде, қай елді, қай халықты алмайық, мемлекет басқару ісін қолына алып, саясат майданына түскен елбасыларының  дені тарихи тұлға ретінде өз отандастарына  мейлінше адал қызмет етуді жауапкершілігі аса биік қасиетті мәртебе деп  санайтындығы белгілі. Керісінше, мемлекет басына дүние танымы тар, жігерсіз, білімсіз, халқының тағдырына жаны ашымайтын адам тұрса, оның төңірегіне бірден саяси сұрқиялар, жағымпаздар, шенқұмарлар топтасып, ойларына келгенін істеп, айта берді, жап-жақсы, гүлдеп тұрған елді аздырып-тоздырып жібереді. Мемлекеттің, халықтың қайыршыланғандығына қарамай, ең соңғы сағатқа дейін сол  саяси сұрқиялар мемлекет басшысының құлағына «бәрі жақсы, бәрі ойдағыдай» деп сыбырлай береді. Сондай тағдырды Нерон, І-Карл, XVIII Людовик, ІІ Николай, М.С.Горбачев бастарынан кешті. Ондай  кемшілік Борис Ельцинде де болған. Бірақ саясат ағымындағы дамитын  тарих ол қателіктерді кешірмейтінін  көріп келе жатырмыз.  

Ұлы адамдар көп  жағдайда үлкен бетбұрыстар мен  терең өзгерістер, қиын-қыстау замандар мен гүлденген дәуірлер кедерінде  тарих сахнасына шығады. Өйкені қоғамның дамуына немесе тығырыққа тірелуінде жекелеген мемлекеттік қайраткерлерінің жүргізген саясаты, қабылет-күші, қайрат-жігері, данышпандығы мен таяздығы және көптеген жеке басындағы ерекшеліктері айшықталып көрініс табары тағы бір заңдылық.  

Тарихта өздерінің  ұлылығына, ақылдығына, көрегендігіне  қарамай, өмірінің соңында сатқындыққа, өз күшін асыра бағалау дертіне  душар болып, тағдырдың аяусыз соққысына  ұшырағандар да бар. Олардың қатарына: Ганнибалды, Помпейді, Наполеон Бонапартты, Бірінші Баязитті және қазақтың соңғы  ханы Кенесары Қасымұлын жатқызуға  болады. Дегенмен олардың әрқайсысы  өздерінің бақытсыздығына дейін  тарихи ұлы істер тындырып үлгерді.  

Мінеки, саясат тарихының  тоқтамайтын көш-керуенінде ел-жұрт танып, бас иген ұлы тұлғалардың  пешенесіне осындай да санқилы тағдыр еншілес болады екен.

Информация о работе Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар