Оқытудың бастапқы сатысында оқи білуге үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 20:53, доклад

Описание работы

Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың, қырларын жан-жақты қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді.

Работа содержит 1 файл

ОкЫТУДЫн БАСТАПкЫ САТЫСЫНДА.doc

— 68.00 Кб (Скачать)

ОҚЫТУДЫҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫНДА  ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚИ БІЛУГЕ ҮЙРЕТУ.

ЖАҢАБАЙ КЛАРА АБДУЛЛАҚЫЗЫ

М. Горький атындағы №16 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі,

Қазалы ауданы

Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында кеңінен қолданылып келе жатқан тілдердің қатарына жатады. Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым-қатынас жасаудың, қырларын жан-жақты қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.Жалпы, білім беретін жоғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде, оқушылар мен студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсатты көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған үшеуі коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым–қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі – оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан – жақты дамыту. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытпайтын кластарда оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды оқи білуге үйрету біршама қиындық туғызатыны  белгілі. Ағылшын тілінде тезірек және жақсы оқи білуге үйретудің төмендегі жүйесін ұсынғым келеді. Бұл жүйе балаларды ерте жастан шетел тілін  білуге үйретуде де көмегін тигізеді.

Әріптер үйретілген, оқушылар оны жатқа біледі  және дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алады делік. Енді оқуға кірісеміз, ол үшін: 

1.Балаларға сөздердің оқыту ережесін үйрету керек.

2.Ережені балалар дәптерлеріне жазып алуы керек.

3.Ережені бірнеше ауызша жаттығулар арқылы бекіту керек.

4.Әрбір жаңа  ережені үйретуден бұрын алдыңғы үйренген  ережелерді қайталатып  алу керек.

5.Содан соң барлық үйретілген ережеге сәйкес бірнеше жаттығу беру керек.

6.Әрбір сабақтың  3-4 минутын  оқыту ережесіне сай жаттығуға арнау керек.

  Оқыту ережесін төмендегідей ретпен үйретуге болады.

1 – ереже.Сөйлемде қанша дауысты әріп болса,  сонша буын болады.

Жаттығу:1. Берілген сөзде қанша дауысты барын ата.(take  -a, e, )

                     plate, meet, round, cup, white, window

                 2.  Берілген сөзді буынға бөл (pa-per. Неге бұлайша бөлдің?)

            dentist,. dombyra, clever,sister, system.

2 – ереже. Дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады.

Жаттығу.1.Берілген буындарға қарап, ашық буынды көрсет.

                    o-ver, de-co-rate, ba-na-na, As-ta-na, ti-ger

      2.Сөздегі ашық буынның астын

 сыз.

                    ho-li-day, ja-cket, na-tive, a-ni-mal.

3 – ереже.Сөз соңындағы е әрпі ешқашан оқылмайды. (take [teik]) Тек , егер сөздегі                                            жалғыз дауысты дыбыс болса оқылады. me[mi:],

Жаттығу.1.Оқылмайтын е әріпі бар сөзді тап                                                                                       

                       tyрe, Bess .send, fine, pile, we, take.

   2. Берілген сөздердің қайсысында  е оқылатынын , қайсысында оқылмайтынын   айт

                    be, mete, dent, dene, name, he, she

4- ереже. Дауыссыз әріпке аяқталатын буын тұйық буын деп аталады.

 Жаттығу.1. Тұйық буынды сөзді көрсет.

                      Рete , men , ten , coke .

                   2. Ашық буынды сөздің астын бір сызықпен , тұйық буынды  сөздің астын екі                                                                 . сызықпен сыз                          

                           me,   pen, banana, brave, map, black,buy.

5 – ереже.B ,d , f .k , l , m , n , p , s , t  , v , z .[b ] [ d ] [ f ] [ k]  [ l] [m] [n] [p]  [s]  [ t]  [ v] [ z]

болып оқылады.

Жаттығу. 1. Әріп – дыбыс.(Әріпті көрсетіп атын  және дыбысталуын, айтуды талап етіледі.)

                             B –[bi]   [b]

                             F – [ef] [f]

                    2..Aуызша диктант алу. Әріп жазылған корточканы көрсетіп , егер әріп       қарамен жазылса атын, көкпен жазылса дыбысталуын айтады .

6–eреже. Егер S  әріпі екі дауыстының ортасында келсе , [z] деп оқылады. Қосарланған

Sh әріптері  [ò] болып, ал, сһ әріптері  [tò] болып оқылады.

Егер   сөз   К    әрпінен  басталып одан кейін  n әріпі  келсе k әріпі  оқылмайды. С әріпі  е, у, і әріптерінің алдында  келсе [s] болып оқылады  қалған  уақытта [ k ]болып  оқылады .

Жаттығу.1. Берілген сөздерді оқы.

cheese ,  rose ,  close , knee , know , knock , cake, she, shelf,peace.

7-ереже.Ашық буында  дауысты дыбыс алфавиттегідей болып дыбысталынады. (I тип )

Жаттығу.òБерілген сөздегі дауысты әріптерді оқы.

           ma–ne , pla-te , ta-ke , sa-fe, pe-te, no-se, bro-ke.

     2.   Суреттегі затты атап , ережеге сай талдау жаса .

  Platе 1.Қанша дауысты әріп бар?– екі

2.Қандай? а,е

3.Қанша буын бар ?-екі

4.Бірінші буын қандай әріпке аяқталып тұр? –дауысты әріпке

5.Қандай буын ?- ашық буын.

6. Дауысты а қалай оқылады?– [ei]

7.«А»   әрпінің алфавиттегі аты қандай? – [ei]

8.Екінші буын қандай әріпке аяқталады?. e

         9.Сөз соңындағы  е әрпі қалай оқылады ?(оқылмайды)

10.Дауыссыз әрпі қалай оқылады?. ð

11.Бірінші буын қалай оқылады.?

12 Екінші буын қалай оқылады?. [t]

13.Сөзді толық оқы. [pleit]

14.Е әрпі сөз соңында оқылмайды.

8-ереже. Тұйық буындағы дауысты әріп қысқа дауысты дыбыс береді. (II тип )

Мыс: Е әріпі  [e] болып,a әріпі  [ǽ] болып дыбысталады ten [ten] , pen  [pen].

Қосарланған оо әріпі  [u:] болып оқылады.

Жаттығу. 1. Төмендегі сөздерді әріптеп оқы. 

Meet, teel, bed, moon, feet, sad, land, sit, fit.

2. Мына  сөздердің  орфографиясын жаз.

[mi:t],  [tel], [ben], [ten], [bi:]

3. Берілген сөздерді дауыстап оқып , қандай ережеге сай оқылып тұрғанын түсіндір.

Bee, dene, dent, beet, end, peep, mete.

9 –eреже.Екпін түсетін  буында дауыссыз r   әрпі дауысты әріптен соң оқылмайды,бірақ r әріпінің алдындағы дауысты әріп басқаша оқылады. Мысалы, дауысты а сөз соңындағы r әріпінің алдында [а:] болып оқылады. ( bar[ba:],   farm[fa:m])

Ал дауысты е , u, i әріптері r әріпімен қосарланса [ә:]болып оқылады.( her[hә:]). Ал ,оr [o:] дыбысын береді.(corn [ko:n])

Жаттығу.1. Берілген сөздердің транскрипциясын жазып, оқы.

Car, corner, far, fern, ferry, March, further, burn, more, floor, girl, first.

  Oсы оқыту ережелері  мен жаттығуларды пайдалануға оқу жоспарында бөлінген 2 сағат жеткіліксіз болуы мүмкін , ондай жағдайда оқушыларды қосымша сабақтарға  шақырып оқытып , ал сабақ уақытында әр сөзді оқу, айту барысында, әрбір қате айтылған сөздерді жөндеу барысында әр ережені еске салып отырсаңыз, нәтижеге жететініңіз сөзсіз.


Информация о работе Оқытудың бастапқы сатысында оқи білуге үйрету