Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2012 в 20:54, автореферат

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі ұлттық шаруашылықты қайта қалыптастырудың басты мәселелерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше өзектілікке ие.

Работа содержит 1 файл

AlimkulovaE.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

ӘОЖ 333.731 3 (584 5)                                                              Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

АЛИМКУЛОВА ЭЛЬВИРА СИХИМОВНА

 

 

 

 

 

Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

 

 

 

 

 

08.00.05 – экономика және халық шаруашылығын басқару 

(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

 

 

 

 

Экономика ғылымының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

Жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:                        экономика ғылымдарының докторы,

                                                  профессор Т.Я. Нурумбетов

 

 

Ресми оппонентері:                        экономика ғылымдарының докторы,

                                                                             профессор Б.Ш. Сыздықов

 

                                                                             экономика ғылымдарының кандидаты,

                                                                      доцент М.У. Даурбаева  

 

 

Жетекші ұйым:                              М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік

                                                 университеті

 

 

 

 

Қорғау 2010 жылы «28» тамызда сағат 14.00-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, университет қалашығы.

 

 

 

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

Автореферат 2010 жылы «09» шілдеде таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы,

профессор                                                                                           Ж.С. Раимбеков

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі ұлттық шаруашылықты қайта қалыптастырудың басты мәселелерінің бірі – экономиканың агроөнеркәсіп саласын тұрақтандыру және дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға үлкен мән беру болып табылады. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын іздестіруге арналған зерттеулер ерекше өзектілікке ие. Инновациялық үрдістер өзінің мәні бойынша ғылым мен өндірісті бейнелейді, техникалық, биологиялық және химиялық құралдар мен заттардың, технологиялар мен шаруашылықты жүргізу тәсілдерін үздіксіз қайта жаңалау, ауыл шаруашылық өндірісін агроклиматтық факторлар мен нарықтың талаптарына сай, тауар өнімдеріне әлемдік стандарттарды қолдану үшін жағдай жасайды. Бұның барлығы ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өндірісінің интенсивтік дәрежесін көтеруге, инновацияны игерумен агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға және қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді бейімдеу арқылы және аумақтың табиғи, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттерін үйлесімді пайдалану факторларын есепке ала отырып, агроөнеркәсіп өндірісін жүргізуге бағытталған.

Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі негізінде технологиялық, техникалық құралдар мен қондырғылар, нақты агроклиматтық және өндірістік жағдайларды есепке ала отырып өсімдіктің жаңа немесе жетілдірілген сорты мен нәсілді малдарды қолдану қажет. Сол үшін инновациялық үрдістерді дамыту, инновациялық қызметтердің жаңа түрлерін құру, агроөнеркәсіп өндірісінің аймақтық ерекшеліктерін есепке алу, ғылыми техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға әдістемелік жанасуларды негіздеу өте өзекті мәселеге айналуда және өз шешімін табуды қажет етеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық шаруашылық жүйесінде инновациялар мен инновациялық қызметтерді игерудің негізгі теориялық және методологиялық аспектілерін ТМД елдерінің ғалымдары Л.Абалкин, Н.Кандратьев, Б.Санто, Б.Твисс, Р.Фатхудинов, Х.Фримен, И.Шевченко, Й.Шумпетер, М.Хучек, Ю.Яковц және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Дамыған елдердің тәжірибесін үйренудегі жүйелік және нақты тарихи көзқарас агроөнеркәсіп саласына инновацияны ендіру мен инновациялық қызметтерді атқаруға жаңаша қарастыруға мүмкіндік береді және ауыл шаруашылығы саласында инновациялық қызметті үйлесмді ұйымдастыру және оны дамыту үлгілерін ұсыну үшін негіз болып табылады.

Осы айтылған мәселелердің теориялық тұстары мен тәжірибелік және аймақтық мәндері, нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы саласының индустриалды-инновациялық дамуын және олардың тиімділігін арттыру мәселелері қазақстандық ғалымдар: С.Байзақов, Г.Калиев, А.Кошанов, Ш.Купешев, М.Мамыров, Б.Мырзалиев, Т.Нурымбетов, М.Өскенов,              О.Сабден, А.Сатыбалдин, Б.Сапарбаев, С.Тажибаев, Т.Исахметов және т.б. еңбектерінде қарастырған.

Дегенмен, агроөнеркәсіп кешенінде шаруашылық қызметтердің түрлерінің өзгеруі және инновацияны игеру, ғылыми және қаржылық қамтамасыз ету  мәселелері аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдістерді дамыту бойынша әдістемелік негіздерді анықтау, болашақта дамыту және тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеуді қажет етеді.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық қызметтерді жетілдіру және инновациялық үрдістерді дамыту негізінде агроөнеркәсіп өндіріс өнімдерінің экономикалық тиімділігін асырудың негізгі бағыттарын әзірлеу және негіздеу болып табылады.

Зерттеуге қойылған мақсатты жүзеге асыру мынандай міндеттерді шешуді көздейді:

- инновацияның мәнін, жіктелу белгілері мен түрлерін, инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді дамыту факторларын, себептерін және ерекшеліктерін ғылыми негіздеу;

- инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді аграрлық салада дамытудың шетелдік тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттеу және оны отандық ауыл шаруашылығы өндірісінде қолдануды негіздеу;

- Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп өндірістің дамуының қазіргі жағдайының серпініне, тенденциясына және даму бағытына талдау жасау;

- аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті болашақта дамыту бойынша басымды бағыттарын негіздеу және ұсыныстар әзірлеу;

-  ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың мақсатты және статистикалық-математикалық үлгілерін құру және оларды бағалау.

Зерттеу пәні болып Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп өндірісінің өнімдерін өндіру тенденциясы, факторлары мен тиімділігін асыру бағыттары мен инновациялық қызметтерді дамыту аспектілері таңдалды.

Зерттеудің нысаны. Инновация негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп өнімдерін өндіру үрдісінде пайда болатын ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар зерттеу нысаны болып табылады.

Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері. Отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы ғалым экономисттердiң еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жарлықтары, шешімдері және қаулылары, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың құжаттары, агроөнеркәсіп өндірісін дамыту бағдарламалары диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болды.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі: материалисттік диалектика, мәліметтерді жинау және өңдеудің жүйелік пен кешендік тұжырымдамасы, абстракция, талдау және синтез, дедукция және индукция әдістері, сонымен қатар, салыстыру және факторлық талдау, экономикалық-математикалық модельдеу және болжау, баланстық әдіс және т.б. әдістер қолданылды.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Аймақтың инновациялық әлеуетін өсірудің негізгі факторы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің дамуын зерттей келе, диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайтын келесі ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды:

- агроөнеркәсіп өндірісінде инновация мен инновациялық қызметтерді дамыту факторлары, себептері және ерекшеліктері ғылыми негізделді;

- инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді агроөнеркәсіп өндірісінде дамытудың шетелдік тәжірибесі зерттелініп, оны отандық ауыл шаруашылығы өндірісінде қолдану негізделді;

- Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дамуының қазіргі жағдайының серпініне, тенденциясына және даму бағыттарына талдау жасалынып, баға берілді;

- аймақтық агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті болашақта дамыту бойынша басымды бағыттары негізделініп, ұсыныстар әзірленді;

- инновациялық қызметтерді өндірісте қолданудың мақсатты және статистикалық-математикалық үлгілері құрылды және оларға баға берілді.

Диссертациялық жұмыстың қорғалуға шығарылатын негізгі тұстары:

    - агроөнеркәсіп өндірісінде қазіргі шаруашылықты жүргізу жағдайларында инновация мен инновациялық қызметтер түсінігінің ғылыми негіздемесі;

    - инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді ауыл шаруашылығы саласында дамытудың шетелдік тәжірибесі мен үлгілері және оларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында қолданудың ұтымды жолдары;

     - Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп өндірістің дамуының қазіргі жағдайының серпіні, тенденциясы және даму бағыттарының талдануы мен берілген бағасы;

      - инновациялық қызметтер мен инновациялық үрдістерді агроөнеркәсіп саласында болашақта дамыту бойынша негізделген басымды бағыттары мен дамыту жолдары;

      - инновациялық қызметтерді болашақта зерттеуде мақсатты және статистикалық-математикалық үлгілерді қолдану мен оның бағаланған нәтижелері.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Ғылыми зерттеудiң негiзгi жағдайларын жүзеге асыру – агроөнеркәсіп өндірісінің қазiргi жағдайына сәйкес инновациялық қызметтерді ендіруді қамтамасыз ететін экономикалық тетiктерді анықтауға, және оны жүзеге асыратын әдiстер мен құралдарды жетiлдiруге, оларды реттеудiң кешендi iс-шараларын әзірлеуге мүмкiндiк бередi.

Ғылыми зерттеу жұмысында қойылған мәселелердi шешу үшiн ғылыми есептеулер көмегiмен инновациялық қызметтердің дамуына қажетті ресурстардың ұтымды бөлiну мүмкiндiгiне жетуге болатындығы дәлелдендi.

Берілген ұсыныстар мен инновациялық қызметтердің даму үлгісін құрудың ғылыми-әдiстемелiк бағыттарын мемлекеттiк мекемелер, сонымен қатар, агроөнеркәсіп өндірісіне қарасты кәсiпорындар, ұйымдар қолдана алады.

Зерттеу нәтижелері агроөнеркәсіп саласын аймақтарда дамытудың теориялық тұстарын жоғары оқу орнында оқитын студенттерді және магистранттарды дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешені басқармасы мен ауылдық аумақтарды дамыту басқармасының «Оңтүсттік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту» бағдарламасы шеңберінде орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті экономикасы: жағдайы, мәселелері және даму басымдылықтары» (Астана, 2005), «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын модернизациялау» (Түркістан, 2006), «Педагогикалық кадрларды дайындаудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері» (Шымкент, 2007), «Шоқан тағлымы-13» (Көкшетау, 2008), «6 Дулати оқулықтары» (Тараз,         2009), «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» (Түркістан, 2010) баяндамалар баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді. Сонымен қатар, бір қатар жоғары оқу орындарының «Хабаршысында» және ҚР БҒМ «Ізденiс» ғылыми журналында (Алматы, 2009) басылып шықты.

Диссертациялық зерттеудің нәтижелері мен ұсыныстары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-әдістемелік ізденістері мен оқу үрдісінде қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан қаласының Ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесінде баяндалып, жұмыстың нәтижелері іс-тәжірибе процесінде қолданылды. Оның тәжірибеде пайдалануын дәлелдейтін енгізу Актiсi алынды.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 4,02 баспа табақ болатын 13 ғылыми еңбек жарияланған, олардың ішінде мақалалардың 4-і ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

 

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамытудың теориялық негіздері

Экономикалық дамудың жаңа ұстанымын ғылым, инновациялық қызмет, қазіргі ақпараттық технологиялар негізіне енген инновация ретінде қарастыру қажет. Осы себептен ғылыми білім, ғылыми зерттеулер стратегиялық ресурс ретінде, өз кезінде ғылыми-техникалық дамуды және инновацияны игеруді жеделдетеді. Инновациялық үрдіс өздігінше басқа сипатқа ие болады, өндірістік үрдістің барлық тарапын қамтиды, ұйымдастыру және басқару құрылымдарына енеді.

Қазіргі уақытта өндіріске инновация мен ғылыми жаңалықтарды игеру жылдамдығы мен экономикалық және технологиялық бәсекелестік қарқынды дамуда. Кәсіпорындар мен фирмалар жаңа технологияны, жаңа білімді ізденуде, іргетасты зерттеулер жүргізуге қатысуға ұмтылуда, өндірістік жағдайға тез бейімделу мақсатында тікелей өндіріске инновацияны игеруді ұйымдастыруда.

«Инновациялық үрдіс» түсінігі «жаңа үйлесімділік» ретінде, дамытуды қамтамасыз ететінін, бірінші рет И.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясында» анықталды, онда экономикалық дамуды, инновациялық үрдіс пен кәсіпкерлік қызметті дамытудың үздіксіз байланысында қарастырса, Х.Фримен жаңа технологиялық жүйе мен технологиялық төңкерістің категориясын негіздеді, ол жаңа технологияны игеруде инновацияны қызметтік жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.

Көп ғалымдар инновацияны немесе жаңалық енгізуді техникалық-экономикалық үрдіс ретінде, онда технологияны жақсарту және қосымша пайда, қосымша табыс алу мақсатында ғылыми білім мен ғылыми жаңалықты қолдану жүзеге асады деп қарастырады.

Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың тұжырымдамасында инновациялық үрдіс «жаңа немесе жақсарған ауыл шаруашылық өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдерін, және шикізатты өңдеудің жаңа немесе жетілген технологиясын жетілдіру мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізіліп, инновацияны құру және оларды өздерінің тікелей өндірісінде игеру бойынша нақты іс-шаралардың заңды және кезекпе-кезек жүргізілетін жүйесі» деп анықтау ұсынылады.

Біздің ойымызша, инновациялық қызметті ғылыми-техникалық және ғылыми қызметпен теңестіру дұрыс емес, инновациялық қызметтің мәнін ғылыми-техникалық қызметтің, ғылым мен өндірістің интеграциясы және өндірістің бірыңғай циклінің қалыптасуы мен ғылыми өнімді игеруге жалғасқан үрдісі ретінде есептеу қажет.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың        аса көп нормативтік құжаттары бар, олар эканомиканың салаларында инновациялық қызметті реттейді, соның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінде, мемлекеттік инновациялық саясаттың негізін белгілейді. Оларға «Ғылым туралы», «Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» республиканың заңы және т.б. құжаттар. Инновация туралы заң, сонымен бірге «2006-2015 жж. ҚР индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» әзірленді және бекітілді.

Осыдан келе, инновациялық үрдісті өндірістік-экономикалық жүйеде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтердің нәтижелерін жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін, техника-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық кезеңдерін өзара байланыста және өзара тәуелділікте қарастыру ұсынылады. Инновациялық кезең жаңалықтың немесе ғылыми әзірлеменің пайда болуы мен оларды өндірістік үрдісте қолдану арасындағы уақыт мерзімін көрсетеді. Инновациялық кезеңнің ұзақтығы төмендегілерге байланысты:                         1) өндірістің технологиялық деңгейіне, 2) игеруге ортаның бейімделу қабілеттілігі және 3) сыртқы қаржылық-экономикалық факторларға (Кесте 1).

Кесте 1 – Агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық үрдістің кезеңдері мен экономикалық мәні

Кезеңдері

Мәні және мазмұны

Басты орындаушылары

 

Инновацияны құру

- саладағы мәселелерді шешу, идеялардың пайда болуы және оларды ҒЗЖ-ң жоспарына ендіру;

- іргетасты және қолданбалы зерттеулерді жүргізу, әзірлемелерді жүзеге асыру;

- интеллектуалдық меншік нысандары ретінде аяқталған ғылыми-техникалық әзірлемелерді рәсімдеу;

- ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімдерді өндіру және сату;

- инновацияны дайындау, оны өндірісте игеру.

 

АӨК-ң ғылыми-зерттеу мекемелері (ауыл шаруашылығы ғылымы)

 

Инновацияны тарату

- инновациямен жұмыс істеу үшін АӨК мамандарын даярлау және қайта даярлау;

- АӨК басқару мекемелерінің қызметтік міндеттерін жасау, инновацияны насихаттау;

- ауыл шаруашылық өндірісінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрде кәсіпорындарды ақпаратпен қамтамасыз ету;

- ақпараттық-кеңестік қызметтің (АКҚ) жұмыстары және бұхаралық ақпараттық құралдар.

 

АӨК-ді басқару ұйымдары және инновацияны әзірлеушілер

 

Инновацияны игеру

- инновация туралы тауарөндірушілерге ақпаратты жеткізу;

- тауарөндірушілердің инновацияны игерудегі ұйымдастырушылық-экономикалық тетіктері;    

- инновацияны әзірлеушілер мен АКҚ және тауарөндірушілер арасында өзара келісім-шарттық қатынастар жүргізу;

- тауарөндірушілердің белсенді қызметі;

- инновацияға тауарөндірушілердің төлем қабілеттілік сұранысы.

 

Тауарөндірушілер және АӨК-ң

АКҚ-н бірлесе инновацияны әзірлеушілер

Инновацияны игерудің тиімділігі

- АӨК-де инновацияны игеру тиімділігі тауарөндірушілердің алған қосымша өнімі немесе табыстың, инновацияны құру және оны өндірісте игеру шығындарына қатынасы бойынша анықталады.

Тауарөндірушілер және АӨК-ң

АКҚ-н бірлесе инновацияны әзірлеушілер

Ескерту - ғылыми зерттеу нәтижесінде автор құрастырған

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, инновациялық қызмет мемлекеттік басқаруды және едәуір қаржыны салуды талап етеді. Инновациялық қызметке төмендегі факторлар әсер етеді: ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығын көлемі; ғылыми сыйымдылығы жоғары өнімді жасауға қабілетті ғылыми қызметкерлердің саны; бітіруші мамандардың саны мен сапасы; инновациялық қызметтің инфрақұрылымы; инновация негізінде еңбек, материал және қаржы қорларын тиімді қолдануға қабілетті салалық басқаруды ұйымдастыру. Мынаны ескеру қажет, егер экономикасы жоғары дамыған елдерде техникалық әзірлемелердің инновациялық кезеңнің ұзақтығы 5-6 жылды құраса, дамушы елдерде 15-тен 25 жыл аралығында болуда.

Көп елдердің экономикасы инновациялық дамудың негізіне және технологиялық дамуға қызмет ету ғылым, өндіріс және қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесінің қалыптастырылуына және инновацияға көбірек бағдарланған. Олар, оның бағыттарын барлық кезең бойынша ғылыми зерттеуден өндіріске енуін анықтайды. Әрбір мемлекетте, бірінші жаңалығы экономиканың инновациялық дамуына мән беріледі, ұлттық инновациялық жүйе қалыптастырылады.

Инновациялық үрдіске әртүрлі бағытталған, оң және кері әсер ететін факторлар мен жағдайлар жиынтығы әсер етеді. Сол себептен диссертациялық жұмыста инновациялық үрдістің ағымына оң және кері әсер ететін факторлар қарастырылып толық талдау жүргізілді.

Қазіргі кезде инновациялық үрдістің үш түрі бөлініп көрсетілуде:

     - қарапайым ішкіұйымдық (ұйымаралық), ол жаңашылдықты әзірлеу және оны бір кәсіпорынның ішінде қолдануды ұсынады, бұл жаңашылдық, ереже бойынша тауар түрінде болмайды;

     - ұлғаймалы, жаңашылдықтың бірнеше өндірушілері бар болуы, жалғыз өндірушінің монополиялық үстемділігін бұзу;

     - тауарлы, бұл жағдайда кем дегенде екі шаруашылық субъект жаңашылдықты өндіруші және тұтынушы ретінде әрекет етеді, ал жаңашылдық тауар көрінісінде болады.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық үрдістің  ерекшелігі ретінде, өндірістің тарихи-дәстүрлі технологиясынан басқа, келесілерді айтуға болады:

     - ауыл шаруашылық өнім түрлерінің әртүрлігі, технология түрінің және оны өндірістегі қолдану мерзімінің ұзақтық айырмашылығы;

     - шаруашылық қызметті жүргізуде аймақтар арасында табиғи және экономикалық жағдайлар бойынша айырмашылығы, ауыл шаруашылығы өндірісінің аумақтық әртүрлі орналасуы мен бір-бірінен қашықтығы;

     - ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық өнімді өндіруші ұйымдар мен мекемелерден оқшау болуы;

     - ауыл шаруашылығы өндіріне ғылыми жетістіктерді ендірудің нақты ұйымдастырушылық-экономикалық тетігінің болмауы, инновацияны игерудің төмен қарқыны.

Әлемдік шаруашылықтың интеграциялық жағдайында халықаралық аспектіде инновациялық саясаттың мәселелері – корпоративті және мемлекеттік – ұлттық бәсекеге қабілеттілікті күшейту болып табылады. Мысалы, АҚШ ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асыру жақсы дамыған институционалдық құрылымға негізделеді.

Жапонияда 80 жылдарда ҒТҮ мемлекеттік реттеу тұжырымдамасында болған ең күрделі өзгеріс, жуырдағы он жылдықта осы мемлекеттің көзқарасы болып табылады, оны жаңашыл салада және өндірісте әлі де қалыптаспаған әлемдік көшбасшы қатарына шығару (жаңа материалдар, микроэлектроника, биотехнология және т.б.).

Жетекші Еуропалық елдерде (Германияда, Ұлыбританияда, Францияда) ұлттық мемлекеттік ұйымдар ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті қалыптастыруда, корпорацияларды қолдауда мәнді рөл ойнайды, олар жеке өнімнің және ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтереді.

Біздіңше, жаңашылдық тәуекелінің факторын ескере отырып, шығармашылық ізденіске және инновациялық шешімді жедел ендіруді ынталандырудың мақсатты бағыттылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инновациялық қызметті басқару әдісі аудандық деңгейде белгілі ұстанымда анықталады, кестеде көрсетілген мақсат пен мәселені ескереді. Инновациялық қызметті басқарудың негізгі мақсаты кезеңнің барлық қатысушыларының басымды экономикалық әрекетінің жүйесін жасау, бұл агроөнеркәсіп саласында ғылыми-техникалық жетістіктерді ендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ғылыми, өндірістік және қор әлеуетін белсендіреді (Кесте 2).

Аудандық инновациялық жүйені қалыптастыру шартты түрде екі кезеңге бөлінген: біріншісі – аудандарда инновациялық орталықтардың құрылуы – болашақ инновациялық кешен ошағы; екіншісі – тұтастай ғылыми-өндірістік организм ретіндегі жеке аудандық инновациялық кешенді құру. 

 

Кесте 2 - Аудандық деңгейдегі агроөнеркәсіп кешеннің инновациялық қызметінің негізгі ұстанымдары, мақсаттары және мәселелері

Ұстанымдары

Мақсаттары

Мәселелері

ұйымдастырушылық- басқарушылық

 

 

қаржылық- экономикалық

 

 

этикалық

бақылау

ұзақ мерзімді ұйымдастырушылық-басқарушылық;

орта және қысқа мерзімді ұйымдастырушылық-басқарушылық

 

ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық;

орта және қысқа мерзімді әлеуметтік-экономикалық

 

ұзақ мерзімді әлеуметтік-мәдени;

орта және қысқа мерзімді әлеуметтік-мәдени

ұйымдастырущылық-басқарушылық

 

 

 

 

құндылықтың

жаңа жүйесін қалыптастыруымен байланысты

 

Ескерту - ғылыми зерттеу нәтижесінде автор құрастырған

Агроөнеркәсіп өндірістің инновациялық дамуының мақсатты тұтастығынан инновациялық үрдісті басқарудың сәйкес келетін қызметтері шығады. Олар стратегиялық-маркетингтік, инновациялық үрдісті жоспарлауда, инвестициялық үрдістің тығыз байланысын есептеу және бақылау бойынша үздіксіз өзара байланысты тізбек болып табылады. Ондағы қолданылатын көрсеткіштер толық түрде болмаса да, инновациялық үрдісті өндірістің экономикалық тиімділігіне дәреже әсерін ескереді. Осы мәселеге диссертацияның келесі бөлімі арналады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісі және ондағы инновациялық қызметтің қалыптасу жағдайын бағалау 

Агроөнеркәсіп өндірісінде ең көп таралған инновация кәсіпорындарды басқару және ұйымдастыру, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринария, механизация, электрофикация және өндірісті автоматтандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтау болады.   

Көптеген ғылыми басылымдарда талдаулар көрсеткендей, Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешен шаруашылығында көптеген себептермен инновациялық үрдісті ендіру төменгі деңгейде қалуда, оның себебінің бірі ұтылыссыз, тәуекелсіз қарапайым технологияларды жеткілікті жоғары дәрежелі бағдарда игерілуде, соған байланысты агроөнеркәсіп өндіріс кәсіпорындарында технологиялардың тозуы және техника-технологиялық деңгейінің төмендеуі байқалады.

2008 жылы облысты тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 134,1 млрд. теңгені (ағымдағы орташа бағамен) құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 40,9% жоғары, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері – 69153,1 млн. теңгеге немесе 16,0%-ға, мал шаруашылығының өнімдері – 64963,1 млн. теңгеге немесе 82,3%-ға өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндіріс салалары бойынша құрылымы зерттеп жатқан 2005-2008 жылдардың аралығында мал шаруашылығының 2005 жылы 37,4%-дан 2008 жылы 48,4%-ға үлес салмағының өскенін, ал өсімдік шаруашылығының, керісінше, бұл жылдарда үлес салмағының 62,6% мен 51,6% төмендегенін байқаймыз.

       Оңтүстік Қазақстан облысы негізінде мақта, көкөніс пен бақша, жеміс-жидек пен жүзім өндіруге жалпы осы өнімдерге деген отандық сұраныс көлемін қанағаттандыратын деңгейде облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарын мамандандыру және оларда өндірісті шоғырландыру қажет.

2008 жылы облыста 715,9 мың ipi қapa, яғни 2005 жылмен салыстырғанда 17,8%; 3415,5 мың қой мен ешкi - 14,7%; 144,0 мың жылқы - 19,8%; 15,1 мың түйе - 4,9%; 32,9 мың шошқа - 11,5%; 2125,2 мың құстың барлық түрлерi - 1,5%  артты. Бұл негізінен үй шаруашылықтары мен шаруа (фермер) қожалықтарындағы мал мен құс санының көбеюі есебінен орын алды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында соңғы үш жылдың ішінде мал санының шамалы артуы байқалады.

2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiрушiлердiң күшiмен 152,1 мың тонна ет, 2005 жылға қapaғaндa 16,4% артық; 608,3 мың тонна сүт немесе 22,7%, 246,9 млн. дана жұмыртқа немесе 20,8% артық өндiрiлдi.

Облыс деңгейінде аудандар бойынша егістік көлемінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін төменгілерді іс-жүзіне асыру қажет:

       - тұрақты және бәсекеге қабілетті егін шаруашылығын қалыптастыруда, ауыл шаруашылық дақылдарын егуде аймақтық мамандандыру мен егін шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген қағидаларын есепке алу қажет;

       - оңтүстік өңірдің ғылыми негізделген даму стратегиясына сәйкес кластерлік жанасу бойынша жүзімдіктер мен жеміс-жидек, көкөніс пен бақша дақылдарының егін көлемін ұлғайту кажет;

       - ауыл шаруашылық дақылдарының элиталық тұкымдық жүйелерін қайта қалпына келтіру және қалыптастыру;

       - көкөніс, жүзім-шарапты өңдеу бойынша өңдеуші өнеркәсіп ұйымдардың өндірістік қуатын ұлғайту;

       - ауыл шаруашылық айналымына дағдарыс себебінен пайдаланбай жатқан тың жерлерді қайта пайдалану және ендіру;

       - ауыл шаруашылық өндірісінің өсімін және экономикалық қызмет саласының өрісін кеңейту;

       - облыстық ақпараттық-маркетингтік жүйені дамыту.

              Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданының индустриалды-инновациялық дамуының аймақтық бағдарламасы негізінде «Мерхаф» жүйесі бойынша жеміс-жидектерді өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл ауданда қазақтандық-израильдік біріккен «Принир» компаниясы 19 млн. теңге көлемінде шетелдік инвестициялар жұмсап, өсімдіктерді суарудың жаңа технологиясын – тамшылатып суару іс-жүзіне асты. Израильдік тамшылатып суару әдісі мен қызанақтарды өсірудің қытай әдісі – ұрықтарды тікелей себу әдісі де қолдануда. Әдістің артықшылығы суды үнемдеп, жұмыстардың толық механикаландыруы жағдайында ұрықтардың жүз пайыз шығуын қамтамасыз етеді. Бұл инновациялық екі әдіс те аз шығын жұмсау арқылы табысты және сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдарда макроэкономикалық жағдайдағы оң өзгерістер ауыл шаруашылығы саланы қаржылық қолдау үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып отыр. 2008 жылы ел ішінде агроөнеркәсіп саласына 120,0 млрд. теңге инвестиция құйылып, инвестиция салымы бірінші кезекте, дақылдардың сапасын жақсартуға, жаңа қазіргі заманғы агротехнологияларды ендіруге, саланың техникалық жаңаруына бағытталды. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық дақылдарын өндіруге қажетті фосфор, азот, калийлік тыңайтқыштарды сатып алу толық субсидиялануда. Шаруаларға сатылатын элиталық ұрықтардың құны 50 пайызға дейін арзандатылып, себілетін тұқымдардың сапасын тексеру толығымен қамтамасыз етілуде.

Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуына әсер ететін факторлар жүйесін талдау оны жетілдіру тетігін кешенді тұрғыда қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Дамыған елдерде техниканы сатып алуға берілетін тікелей дотациялар қазіргі кезеңде өте сирек кездеседі. Бірақ, жеке дағдарыс кезеңдерінде ауыл шаруашылығының дамуында олар кеңінен қолданылды. Батыс Еуропа елдерінде фермерлер қажетті техниканың бір бөлігіне ие, ал кейбіреулерінің иелігінде олар тіпті жоқ. Яғни ауыл шаруашылығында мердігерлердің (МТБ, машиналық рингтер және т.б.) техникасын пайдаланады.

Индустриалды-инновациялық даму сипатындағы ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестиция көздері республикалық және жергілікті бюджет құралы, сол сияқты мемлекет бақылауындағы кәсіпорындар (ұлттық компания, мемлекеттік кәсіпорындар) арасынан индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалдық және инфрақұрылымдық негізін құрайтын сала ғана қалуы қажет.

Келешекте ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамытуды жетілдіру бойынша инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, өзіндік құны төмен, жоғары сапалы өнім өндіру арқылы ғана әлемде бәсекелестікте өз орнымызды ала отырып, төмендегі нәтижеге ие боламыз:

      - техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және олардың тиімділігі артады;

      -  зиянкестермен күрес жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді;

      - агротехникалық іс-шараларды жүргізгенде қуатты, өнімділігі жоғары техникаларды кеңінен пайдалану мүмкіндігін арттырады;

      -  минералды тыңайтқыштар жүйелі түрде пайдаланылады;

      - өндірілген өнімді тиімді бағамен сатуға және нарықтық жағдайда бәсекелестігі жоғары өнім өндіруге ықпалы тиеді.

  Бұл үшін ауыл шаруашылық саласында инвестиция тартудың тетіктерін жетілдіру бойынша мына бағыттар ұсынылады:

      - ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуда ең алдымен аймақтық ерекшеліктерін зерттей отырып, ауыл шаруашылық құрылымдарын ірілендіруді ынталандыру мақсатында мемлекеттен берілетін жеңілдетілген несиелер, жанар-жағар май, субсидия беру тетіктерінің құқықтық базасын дайындау;

      - аймақтардың ауыл шаруашылық саласына инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру мақсатында шет елдердің тәжірибесін зерттеп, оны жүзеге асыру қажет.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына құйылған инвестиция көлемі мен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі арасындағы байланысты көрсететін корреляциялық теңдеу жалпы өнімнің өсіңкілік серпініне қарай сызықты және параболалық тренд үлгілері және детерминация коэффициенттерінің мәндері төменде берілген (Сурет 1).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі мен оған әсер ететін                 таңдалған төрт фактордың арасындағы корреляциялық-регрессиялық байланыстың математикалық үлгісі төмендегі формула бойынша анықталды:

 

                              (1)

 

Мұнда, - ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, млн. теңге; - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, бірлік;                         - ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын жұмысшылардың орташа айлық жалақысы, теңге; - облыстағы егілген егін көлемі, мың гектар.

Детерминация коэффициенті тең. Ол жалпы өнімнің ауытқуының 96,82% зерттелетін фактормен болып отырғандығын көрсетеді. Ал қалған (3,18%) басқа факторларға байланысты болып келеді. Демек, жалпы өнім мен зерттелінген факторлар арасындағы байланыс өте тығыз.

 

 

   Ескерту - автордың зерттеуі бойынша компьютерде жасалған

 

Сурет 1 - Ауыл шаруашылығы саласында инвестиция көлемінің жалпы өнім көлеміне әсерінің тренд үлгілері

 

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қазіргі инвестициялық жағдайы күрделі қаржы салымының төмендеуімен ғана емес, сондай-ақ негізгі капиталдың ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерісімен анықталады. Келешекте ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оның экономикалық тиімділігін арттыру, бұл салаға инвестицияны тартуға тікелей байланысты екендігін талдаудан байқалады.

Ауыл шаруашылығы өңдірісінің қарқынды өсуі, ондағы агрохимиялық қызметтердің толық қызмет атқаруына тікелей байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарының барлық санаттарында 2008 жылы ауыл шаруашылық дақылдарына 100% қоректік заттар есебімен енгізілген минералды тыңайтқыштар көлемі 140,4 мың центнер құрады, бұл 2005 жылдың 76,0% құраса, органикалық тыңайтқыш – 138,2 мың тоннаға немесе 26,7% артық ендірілді. Облыстағы минералды тыңайтқыштың едәуір бөлігі шитті-мақтаға 63,0%, көкөніс - 9,2% және органикалық тыңайтқыштар - картопқа   42,7%, көкөніске - 54,0% енгізілді (Кесте 3)

Қазiргi таңда облыста ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарындағы өндірісті тұрақтандыру мен қайта қалыптастыру, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сататын көтерме сауда ашу, ауыл шаруашылығы өнiмдерін өндiретiн құрылымдарын кооперациялық байланыс негізінде мамандандыру және шоғырландыру, сонымен бiрге ауыл шаруашылығын машина-тракторлық бекеттердің қызметтерін пайдалану бойынша жұмысты жүзеге асыру үшiн iс-шаралар жүргiзiлуде.  

 

Кесте 3 - Оңтүстік Қазақстан облысында минералды тыңайтқыштарды  пайдалану көлемі және серпіні, теңге 

Көрсеткіштер

2000ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

2008ж. 2000ж. %

Ауылшаруашылық дақылдары егілген жерге, барлығы

4185

18464

15770

21606

14038

3,4 есе

 

оның ішінде:

    Дәнді дақылдарға

634

2498

1220

1764

1673

2,6 есе

    Дәнге арналған жүгеріге

751

597

384

260

339

45,1

    Техникалық дақылдарға,   барлығы

2473

13328

12006

17425

9292

3,7 есе

оның ішінде:

     Шитті мақтаға

2459

13004

11847

17234

8849

3,6 есе

     Картопқа

190

277

32

328

394

2,0 есе

     Көкөніске

104

1114

780

1130

1296

12,4 есе

     Бақшаға

116

522

1088

494

925

7,8 есе

     Жемдік дақылдарға

88

128

261

205

119

135,2

Ескерту - ОҚО статистикалық басқармасы мәліметтері негізінде автор есептеген

    

Ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық жаңалықтарды ендіруде қаржылық қолдау көрсету ауыл шаруашылық өндірістің экономикалық тетіктерін реттеуде ғылыми негіздеуді қажет етеді. Тек инновациялық инвестициялау ғана ауыл шаруашылық аумақта сапалы жаңа деңгейді қамтамасыз етеді. Ол үшін инвестицияның құйылуына қолайлы жағдай жасау талап етіледі, бұл саладағы инвестициялық климатты жақсарту есебінен жүзеге асады.

Инновациялық-инвестициялық жағдайды жақсарту ауыл шаруашылық кәсіпорындардың экономикалық жағдайларының жақсаруы, агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық-инвестициялық қызметтің мемлекет тарапынан белсенді қатысуынан табысты болуы анықталды. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысында инновациялық қызметті жалпы қаржыландырудың құрылымдық талдауында, мемлекеттік бюджет үлесіне 8% келеді, жоғарғы оқу орын ғылымына 6,5%, кәсіпкерлік секторға 84% жоғары үлес бөлінуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында инновация құрылымы, агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық қатынастармен анықталатын ұйымдастырушылық-экономикалық жаңа енуінің маңызды үлес салмағы сипатталып, негізгі бағыттары болатындар:

    - ауыл шаруашылығы саласының нарық жағдайына сай экономикалық-ұйымдастырушылық тетік;

    - кооперациялық байланыс негізінде кәсіпорынның жаңа түрлерінің дамуы;

    - еңбекті ұйымдастыру мен оның қызметін ынталандырудың жаңа түрлері мен әдістері;

    - шаруашылықта өндіріс әлеуетін тиімді пайдалану әдісі және тәсілдері;

    - ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында техникалық қызмет көрсетудің жетілген түрлері.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының өндірістік- инфрақұрылымдық қызметіне бюджеттен бөлінген субсидия көлемі және оның құрылымдық деңгейі аудандар бойынша әртүрлі екендігін байқаймыз. 2008 жылы 1414,0 млн. теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,9%-ға қысқарғанын байқаймыз. Субсидияны жұмсалу құрылымы бойынша талдау оның 15,9%-ы суды жеткізіп беру құнын субсидиялау бойынша игерен қаржы, 17,3%-ы минералды тыңайтқыштарын арзан алу үшін қаржы, 47,5%-ы жанармай сатып алуға бөлінген субсидия екендігі анықталды. Ал, облыстағы аудандар бойынша субсидияның бөлінуі негізінен Мақтаарал ауданына 43,6%, Шардара ауданына 13,4%, Түркістан мен Сарыағаш аудандарына тиесінше 8,4%, 7,1%  келетіндігі анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысында көптеген ғылыми-зерттеу ұйымы қызметін жалғастыруда, олар 2005-2008 жж. түрлі тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын аяқтады. Әсіресе айта кететін жағдай, ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, басқару және дамыту бағытына байланысты ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу бойынша «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың ашылып, қазіргі таңда оның дамуы, өндірісте жоғары, тиімді алдыңғы қатарлы қайта өңдеу технологиялары мен техникаларын пайдаланудың, дамыған елдердің шаруашылық тәжірибелерін ендірудің белсенді жолы болу ретінде дамыту қажет.

Аймақтық агроөнеркәсіп кешенінде инновациялық әрекеттердің дамуының негізгі бағыттары

Қазіргі таңда Қазақстандағы экономиканың көптеген салаларының ғылыми-техникалық саясатының негізіне мемлекет пен ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық әлеуеті мен оны нарықтық экономика жағдайларына бейімдеу басты бағыт болып отыр. Қазір ғылыми ұйымдардың ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттарында бірлесе жұмыс істеудің жаңа түрлері іздестірілуде. Негізгі міндет аймақтар мен кәсіпорындардың дамуының  инвестициялық кезеңіне өтуге экономикалық, инфрақұрылымдық жағдайлар жасау арқылы тұрақты экономикалық дамуға, экономиканың инновациялық дамуына өтуге мүмкіндік туғызу.

Біздің зерттеу көрсеткендей, АӨК ғылыми-техникалық дамудың ең негізгі шарты болып инновациялық басқарудың құрылуы, ғылыми-техникалық әрекеттің жобалық, технологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық, мамандық жақтарын қамтитын, алынған нәтижені талдауды, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіне түзетулер енгізуді, әртүрлі топырақтық-климаттық және қаржылық-экономикалық жағдайларда дамудың болжамын жасауды қамтитын, нарықтың ілгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған үрдіс.

Инновациялық басқаруды инновациялық бағдарламалар мен бірыңғай аймақтық ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жүргізу жағдайында, жаңа өнімдерді жасау және оларды өндіріске ендіруді бақылау жағдайында, бұл бағдарламаларды қаржылық, материалдық және интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ету жағдайында құру ұсынылады.

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық басқарудың негізгі мақсаты жаңа өнімдер жасап, оларды өндіріске ендіру болып табылады. Бұл агроөнеркәсіп өндірісін мамандандыру жөнінде көптеген міндеттерді нақтылауды, агроөнеркәсіп  өндірісінде әртүрлі қызметтердің ауыл шаруашылық өндірістің тепе-теңдігін сақтауда, технология, ұйымдастыру, басқару және инновациялық басқару саласында мамандар даярлауда көптеген міндеттерді нақтылауды қажет ететін үрдіс.

 

Кесте 4 - Аймақтық АӨК инновациялық үрдісті басқарудың негізгі түрлері

Инновациялық үрдісті басқарудың негізгі түрлері:

1.

Аймақтық АӨК стратегиялық бағыттары бойынша ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жасаумен айналысатын кеңестер, комитеттер немесе шығармашылық топтар.

2.

Жаңа технологиялар жасайтын және ауыл шаруашылығы салаларын, жер өңдеуді ғылыми негізге сүйеніп жүргізуді реттейтін орталықтар.

3.

Ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесінің ғылыми зерттеулерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, қайта өңдеудің әдістері мен тәсілдерін жасап ұсынатын жобалық мақсатты топтар.

4.

Жаңа ғылыми білімдерді және инновацияны меңгеру мен оларды озық технологиялар мен шаруашылықты жүргізу әдістеріне айналдырумен шұғылданатын ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық ұйымдар.

5.

Ғылыми-техникалық өнімдер нарығын зерттеумен, ілгермелі озық жобаларды аймақтық АӨКенгізумен, оларды нақты жағдайларға бейімдеумен айналысатын ғылыми-техникалық даму орталықтары.

6.

Фирмалардың нақты қажеттіліктеріне арналған инновацияны өндіретін ірі ауыл шаруашылық холдингтер мен корпорациялардың құрамындағы венчурлік ұйымдар.

7.

Ғылыми жобаларды өндіріске енгізумен, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге кеңес берумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар.

8.

Ауыл шаруашылығы салаларының мониторингін жүргізу, тауарлар мен қызметтердің маркетингін жасаумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар.

9.

Инновациялық және ғылыми техникалық қызметтер көрсететін жеке фирмалар.

     Ескерту – ғылыми зерттеу негізінде автор құрып, әзірлеген

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ аумағында 3 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жүзеге асуда. Олар – «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС – құрамында мақтасы бар шикізаттардан гигроскопиялық мақтаны, мақта целлюлозасын және техникалық карбоксиметилцеллюлозасын өндіруді ұйымдастыру, «ҚазДемирТекстиль» ЖШС – мақта талшығын және түкті бұйымдардың ассортиментін өндіруді ұйымдастыру және «Оху-Техtile» ЖШС – жіп иіру-айналдыру кешенді автоматтандырылған фабрикасы және т.б.

Осылайша, аймақтық АӨК-дегі инновациялық үрдістің дамуы ғылыми-техникалық әрекеттердің жаңа технологиялар, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін меңгерумен тығыз байланыста жүруін қамтамасыз ететін инвестициялық және инновациялық жайлы климат қалыптастыруға тәуелді. Аймақтық АӨК-нің ғылыми-техникалық кешенін басқару жүйесін инновацияны меңгерудің жаңа қағидаларына сүйеніп қайта құру инновациялық әрекеттердің де, агроөнеркәсіп өндірісінің де тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қоғамдық өндiрiстiң объективтi және заңды құбылыстарының бiрi – интеграциялық және кооперациялық бiрлесудi дамыту арқылы – агроөнеркәсiп  құрылымдарын құру. Қазіргі таңда облыстағы ауылдық аудандарында жүзімді өңдейтін 26 мамандандырылған кәсіпорындар мен цехтар бар, олардың қатарында шарап өндіретін ірі кәсіпорындар «Молчанов және К» ААҚ, «Қапланбек», «Южвино» ЖШС, «Жуалы» ӨК, «Қонысбаев» кәсіпорындары жатады. Бірақ өкінішке орай, аталған кәсіпорындардың өнімдері шет елдерде үлкен сұранысқа ие екендігіне қарамастан олар өздерінің өндірістік қуатының 40-50 пайызын ғана пайдаланып отыр.

Сүт өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың саны облыс бойынша 18 бірлік. Қазіргі жағдайда шикізат қорының шектеулі болуы салдарынан кәсіпорын қуаты 35-40%-ға пайдаланылады. Кәсіпорындар негізінен сүт ұнтақтарымен жұмыс істейді, жаңа сауылған сүт тек қана               “Фуд-Мастер” АҚ және жақын арадағы шаруа қожалықтарынан келіп түседі.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу, дайындау кәсiпорындарының жұмыстарын жақсартып, одан әрi дамыту бағытында төмендегi iс-шаралар  жүзеге асырылуы тиiс:

- маманданған тауар аймақтарын дамыту, аймақаралық өзара қатынастарды қалыптастыру;

- жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындарды техникалық қайта құру және жабдықтау үшiн лизинг жүйесiнің қорларын кеңiнен пайдалану;

- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi кәсiпорындарда қалдықсыз технологияларды қолдану;

- өңдеушi кәсiпорындарды шикiзат көзiне жақын ашу және дамыту;

- тоқтап тұрған ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындардың жұмысын қайта жандандыру үшiн инвестицияларды тарту, жергiлiктi бюджеттерден қаржыландыру мүмкiншiлiктерiн қарастыру;

       - азық-түлiк, шикiзаттардың сапалылығы мен қауiпсiздiгiн бақылайтын нормативтiк-әдiстемелiк негізін құру.      

Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық инновациялық жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру үрдісінде мемлекеттік статусы бар ОҚМУ ғылыми ұйымдарын, ауыл шаруашылық ғылыми орталықтарды, университет кешендерін, интеграцияланған және корпоративтік агроөнеркәсіп құрылымдарды және тағы басқа әртүрлі құқықтық-ұйымдастырушылық жоғары технологиялық ұйымдарды, сонымен бірге инновациялық әрекеттерді қаржыландырушы ұйымдарды іске тарту керек (Сурет 2).

 

        

Ескерту – ғылыми зерттеу негізінде автор құрастырып, әзірлеген

 

Сурет 2 - АӨК инновациялық үрдістің қатысушыларының өзара әрекеттерінің сызбасы

 

Аймақтық инновациялық жүйенің тиімді жұмыс істеуі үшін ауыл шаруашылығында өндірісті және ресурстарды шоғырландыру тетіктерін ғылыми зерттеу негізінде тәжірибеде қолдануды анықтау қажет. Бұл ауыл шаруашылығы өндірісін үйлесімді орналастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде ресурс сақтағыш технологияларды қолдану, мал басын өсіру, ауыл шаруашылық шикізаттарын сақтау және өңдеуді ғылыми жолға қою үшін қажет.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің терең мамандануы мен шоғырлану дәрежесін асыру, тек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндiретiн құрылымдарының кооперациялық байланыста бірігуi нәтижесінде тез жүзеге асуы және дамуы мүмкiн. 

Ауыл шаруашылық өндiрiсiн орналастыру мен мамандандырудың келешекте дамуын оңтайландырудың нұсқасын анықтауда көп жылдық статистикалық мәліметтерді пайдаланып, болашаққа анықталған техникалық-экономикалық көрсеткiштер негізінде ауыл шаруашылығы өнімдерін  орналастыру  және  мамандандырудың оңтайлы нұсқасын негiздеу қажет.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіп өндірісін болашақта дамыту мақсатында, автордың әзірлеген экономикалық-математикалық, корреляциялық-регрессиялық және тренд үлгілері арқылы, көп жылдық нақты мәліметтерді арнайы компьютерлік бағдарлама жәрдемінде есептеулер нәтижесінде, болашаққа болжау жасалынды.

Соңғы жылдары болған қаржылық дағдарыстың агроөнеркәсіп өндірісіне әсерін төмендету мақсатында мемлекет тарапынан бұл салаға салған қаржылық қолдаудың жоғары қарқыны әсерінен 2012 жылғы болашаққа, оның 2005-2009 жж. орташа мәнімен салыстырғанда 2,1 есеге артатыны, егіс көлемі 10,1%-ға қысқаратыны, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,5%-ға өсетіні анықталды (Кесте 5).

 

Кесте 5 - Облыстағы ауыл шаруашылығы саласын дамытудың тренд үлгілері мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы, экстраполяциялық сценарийі бойынша

 

 

Көрсеткіштер

 

2005-2009

жж.      орташа мәні

Тренд үлгілері мен

детерминация

коэффициенттері,

(жоба)

2011ж.

2012ж.

 

1

2

3

4

5

1. Ауыл шаруашылығының         

    негізгі капиталына

    бағытталған

   инвестиция, млн. теңге

 

1861,6

2827

4017,8

2. Егін көлемі, мың гектар

 

 

687,6

640,4

618,6

3. Ауыл шаруашылығы   

    кәсіпорындары, бірлік

 

2742

 

3220,2

3352

4. Ауыл шаруашылығының   

    жалпы өнімі, млн. теңге

 

163,1

152,6

167,1

Ескерту - Тренд үлгілері және корреляциялық-регрессиялық үлгілер негізінде автор есептеген

 

Қорыта айтқанда айтылған агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық іс-шараларды жүзеге асыра отырып, нарық талаптарына сай, ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу, дайын өнімдерді нарық талабына сай сату арқылы агроөнеркәсіп өндірісінің экономикасын тұрақты қалыптастыру мүмкін, бұл ауыл шаруашылық өндіріс тиімділігінің асуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жалпы агроөнеркәсіп өндірісі үшін экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.

 

Қорытындылар мен ұсыныстар

 

1. Агроөнеркәсіп өндірісінде жүріп жатқан үрдістер онда инновациялық саясатты жүргізу рөлі мен маңызын арттыра түсуде. Инновациялық саясат қайта құруды жеделдетіп, ғылыми-техникалық жетістіктердің өндіріске тезірек енуіне жағдай жасайды.

Инновациялық үрдістердің бағыттары нақты аймақтардың ерекшеліктерімен анықталады, атап айтқанда, оның табиғи-климаттық ерекшеліктері, өндірістің қалыптасқан құрылымы, ғылыми даму және қамтамасыз етудің деңгейімен, жүргізіліп отырған ғылыми-техникалық саясаттың бағытымен анықталады.

2. Оңтүстік Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығы, соның ішінде, мал шаруашылығы саласындағы зерттеулер көрсеткендей, қайта құру кезеңінде бұл салаларда өндіріс айтарлықтай құлдырап кетті: мал шаруашылығы өнімдерінің үлес салмағы, негізгі азық-түліктерді тұтыну деңгейі, негізгі егістік жерлердің көлемі, жыртылған жер көлемі төмендеді. Бұдан Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласының жағдайын түзетуге бағытталған жаңа индустриалды-инновациялық саясат жүргізу қажеттілігі туындады.           

3. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласының ғылыми-техникалық әлеуетін талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығы ғылымының ауыр материалдық жағдайына және әлеуметтік-экономикалық қиындықтарына қарамастан ғылыми-техникалық әлеует сақталған, оның бар іс-әрекеті агроөнеркәсіп өндірістің дағдарыстан шығуы және тұрақты дамуына бағытталған. Бұл жағдайда тиімді ғылыми-техникалық зерттеулерді ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіруді жылдамдатып, оны тұрақтандыру агроөнеркәсіп экономикасын асырудың негізгі бір факторы ретінде қарастыру қажет.              

4. Алдыңғы қатардағы ауыл шаруашылық мал өсіру кәсіпорындарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың жоғары өндірістік-экономикалық көрсеткіштері  инновациялық үрдістерді белсенді жүргізудің, анағұрлым тиімді ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске ендірудің, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерінің инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылатудың, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйеніп, кәсіпорынның экономикасын жоғарылату жөнінде қабылдаған бағдарламалары мен іс-шараларының жемісі. Бұл кәсіпорындар сұрыптау және асыл тұқымдандыру жұмыстарын табысты жүргізіп келеді. Дағдарыс кезеңінде олар швиц және қара-ала тұқымды сиырлардың табын құру, тап құрылымын тиімді құру, теңгерімді, оңтайлы жем рационын жасау, малды күту мен баптап ұстауға арналған тиімділігі жоғары механикаландырылған құрылғыларды пайдалану, малдардың ауруын анықтау, емдеу және алдын алудың жүйелі шараларын жүргізу арқасында тұрақтылығын сақтап қалу қажет, сондықтан ауыл шаруашылығы секторын дамыту үшін бұл іс-әрекеттердің маңызы үлкен.

5. Оңтүстік Қазақстан облысының өз ерекшеліктеріне байланысты инновациялық саясатты жүргізуде мақсатты бағдарламалар мен жобалар жүйесін жасап, іске асыруды талап етеді. Бағдарламалар түзу барысында аймақтың агроөнеркәсіп өндірісінде ресурстық, шикізаттық, өндірістік, инфрақұрылымдық әлеуетін ескеру қажет.

6. Инновациялық белсенділікті арттыруда шаруа қожалықтарының мүмкіндіктерін және ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен қатар, жұмыс жүргізе алатынын дәлелдей алды. Ауыл шаруашылығы салаларына ғылыми-техникалық жетістіктерді белсенді түрде ендіру үшін қажетті алғы шарттарға мыналар жатады: инновациялық әрекеттерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсету, мамандарды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып даярлау, ақпарат, жарнама және ғылыми жетістіктерді насихаттау жүйесінің барлық деңгейлерінде басқару жұмыстарын жүргізу, инновациялық үрдістердің дамуын ынталандыру.

7. Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға бағытталған бағдарламалық шаралар, оларды іске асыруда ауыл шаруашылық және өңдеуші кәсіпорындардың, басқа да тауар өндірушілердің ресурс сақтау, қаржылық және материалдық ресурстарды үнемді жұмсау, өндіріс технологиясын дамыту, өнімді жоғалтуды азайту бағытында белсенді араласуы қажет. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында олардың өнім өндіруші және өнімді өңдеуші кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынасты дамыту керек.

8. Ауыл шаруашылығы өндірісіне инновациялық үрдістерді белсенді ендіру мақсатында Сайрам ауданының болашаққа ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың оңтайлы нұсқасын экономикалық-статистикалық                       және тренд үлгілері негізінде есептеп, олардың шешім нәтижелеріне                           талдау жасалынды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлеміне: ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, негізгі құралды жаңарту, негізгі құрал-жабдықтар құны арасындағы байланыстың математикалық үлгісі  формула бойынша бейнеленді. Детерминация коэффициенті тең. Ол жалпы өнімнің ауытқуының 96,82% зерттелетін фактормен болып отырғандығын көрсетеді. Ал қалған (3,18%) басқа факторларға байланысты болып келеді. Демек, жалпы өнім мен зерттелінген факторлар арасындағы байланыс өте тығыз.

       9. Ауыл шаруашылығы өндірісінде инновациялық үрдісті жеделдету үшін облыста ауыл шаруашылығы саласы бойынша Инновациялық кеңес құрған дұрыс. Бұл кеңес инновациялық жобаларды нарықтық бәсекелестік жағдайда нақты пайда келтіре алуын ескере отырып, кешенді түрде оларға талдау жасайды. Инновациялық кеңестің құрамына ауыл шаруашылық Басқармасының өкілдері, ОҚҒЗИ қызметкерлері, ауыл шаруашылығында қызмет көрсететін мамандар құрамына енуі қажет.

Қорыта айтқанда, тек айтылған инновациялық жаңалықтар мен оған байланысты іс-шараларды, нарық талаптарына сай ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу арқылы агроөнеркәсіп өндіріс кешенін тұрақты қалыптастыру негізінде, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін асыруға жаңа мүмкіндіктер ашылады, агроөнеркәсіп кешеніне қарасты барлық өндіріс салалары дамып, экономикалық өсуі қамтамасыз етіледі.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі

 

1.           Многоукладность экономики в АПК и приоритеты его развития // ІІ «Модернизация межгосударственных интеграционных связей центральноазиатских стран» II Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии, 3-часть, МКТУ им. Х.А.Ясави. – Туркестан, - 2006. C. 70-73. (бірлескен авторлықпен).

2.           Состояние социальной инфраструктуры села и ее развитие в регионах // «Модернизация межгосударственных интеграционных связей центральноазиатских стран» II Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии, 3-часть, МКТУ им. Х.А.Ясави. Туркестан, 2006. C.297-302. (бірлескен авторлықпен).

3.           Развитие инновационных процессов в агропромышленном производстве // Материалы Международной научно-практической конференции – Шымкент, 2007, 5-том, С.269-271. (бірлескен авторлықпен).

4.           Инвестиция көлемінің ауылшаруашылығы өндірісіне әсерін статистикалық-математикалық талдау // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Шымкент, 2007. Б.140-147. (бірлескен авторлықпен).

5.           Развитие инновационной системы – фактор конкурентоспособности сельского хозяйства // Материалы Международной научно-практической конференции – Шымкент, 2007, 5-том, С.138-140. (бірлескен авторлықпен).

6.           Етті құс шаруашылығын дамытудың ұйымдастырушылық нысандары. // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. –Шымкент, 2007. Б.69-73. (бірлескен авторлықпен).

7.           Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу тетіктері // Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Көкшетау, 2008. Б.111-114. (бірлескен авторлықпен). 

8.           Интеллектуальная собственность в АПК // Вестник МКТУ им. Х.А.Ясави. – Туркестан, 2008, №3. С.312-318.

9.           Аймақтағы агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үдерістің негізгі бағыттары // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан, 2009. №1(64). Б.387-391.

10.      Агроөнеркәсіп өндірісінде инновациялық үрдісті дамытудың ерекшеліктері // ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ғылыми журналы «Ізденіс-Поиск». – Алматы, 2009. №2. Б.11-14. (бірлескен авторлықпен).

11. Ауыл шаруашылығындағы  инновациялық процестерді басқару жүйесін жетілдіру // Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. – Тараз, 2009, Б.48-51.

12. Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі ахуалы және ондағы инновацияларды игеру тиімділігін бағалау // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. – Түркістан, 2010. Б.181-186.

13. Инновацияларды басқарудың мәні мен олардың жіктелуі // Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – Түркістан, 2010. №1. Б.162-164.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Резюме

 

Алимкулова Эльвира Сихимовна

 

Инновационное развитие агропромышленного комплекса в условиях рынка (на примере Южно-Казахстанской области)

 

08.00.05 – Экономика и управление народным хозяйством (по отраслям и сферам деятельности)

 

Предметом исследования являются организационно-экономические отношения, возникающие в инновационной деятельности и инновационных процессах в агропромышленном комплексе.

Объектом исследования является тенденции, факторы и пути развития инновационной деятельности в агропромышленном комплексе. 

Цели и задачи исследования. Цель диссертационной работы заключается в обосновании объективной необходимости инновационного развития АПК в условиях рынка.

В соответствии с целью были поставлены и решены следующие задачи:

- уточнить сущность, классфикационные признаки и виды инноваций, факторы, причины и особеннности развития инновационных процессов в АПК;

- анализ зарубежных опытов развития инновационных процессов в аграрном секторе экономики и использование их в отечественной практике;

- анализ динамики, тенденции и направления развитии деятельности агропромышленного производства Южно-Казахстанской области;

- обоснование приоритетных направлений перспективного развития инновационной деятельности в региональном агропромышленном производстве;

- подготовка и оценка статистико-математической модели развития сельскохозяйственной отрасли и разработать предложения по дальнейшему развитию инновационных процессов в АПК.

Теоретической и методологической основой диссертационной работы послужили труды отечественных и зарубежных ученых, отражающие фундаментальные концепции, теоретические и практические основы развития инновации в агропромышленном комплексе.

Проведение исследований потребовало привлечения современной научной базы, основу которой составляют экономическая теория, общая теория систем, теория прогнозирования, математическое моделирование, статистика и др. В процессе работы использованы методы системного и логического анализов, методы математического моделирования, метод прогнозной экстраполяции.

Информационной базой исследований послужили материалы государственных органов статистики (в том числе Южно-Казахстанской области), данные социально-экономического развития Республики Казахстан, официальные законодательные и нормативные документы.

Научная новизна исследования заключается в исследовании развития инновационной деятельности в региональном агропромышленном производстве. Наиболее существенные результаты, полученные в ходе исследования, их научная новизна заключается в следующем:

- научно обоснованы сущность, факторы, причины и особенности развития  инновации и инновационной деятельности агропромышленного производства; 

- исследованы опыты зарубежных стран по развитию инновационных процессов в агропромышленном производстве и обоснованы развития инновации применительно к отечественному производству.

- анализированы современное состояние и выявлены тенденции и направления развития агропромышленного производства ЮКО;

- предложено и обосновано развитие сельскохозяйственной отрасли на перспективу на основе статистико-математических методов.

Степень внедрения. Научные положения и результаты, полученные в процессе исследования проблемы рассмотрены, обсуждены и нашли практическое применение в Управлении сельского хозяйства Южно-Казахстанской области.

Научно-практическое значение диссертационного исследования. Приведенные в работе предложения и рекомендации дают возможность определить основные пути развития инновационных процессов в агропромышленном комплексе страны в условиях рынка.

Связь диссертационной работы с научными исследованиями. Диссертационная работа выполнена в соответствии с научно-исследовательской программой Международного казахско-турецского университета им. Х.А.Ясави.

Структура и объем диссертации: диссертация состоит из введения, трех глав, выводов, список использованной литературы и предложений.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Resume

 

Alimkulova Elvira Sikhimovna

 

Innovation Development Ways in the Agricultural-Industrial Complex

(on the materials of Southern Kazakhstan)

 

08.00.05 National Economy and Management

(Branches and spheres of activities)

 

Subject of the research is the organization of economic relations, appearing in the innovation activities and innovation processes in the agricultural-industrial complex.

Research Objective is the innovation activities in the agricultural-industrial complex’s   tendencies, factors and ways of development.

Aims and tasks of the research. The research aims at scientifically proved the necessity of the agricultural industrial complex innovation development in the market conditions.

              The following tasks were set according to the aim of the research:

- to state the innovation nature, classification characteristics and types, to determine the factors, the reasons and development characteristics of the innovation processes in the agricultural-industrial complexes;

- to analyze the foreign experience of the innovation processes development in the agricultural sector of economics, their exploring in the home practice;

- to analyze the Southern Kazakhstan oblast’s agricultural-industrial complex activities dynamics, tendencies and ways of development;

- to motivate the prior direction of the innovation activities prospective development in the regional agricultural-industrial manufacturing;

- to prepare and to evaluate the statistic-mathematical model of agricultural branch development, and to work out propositions on further development of innovative processes in the agricultural-industrial complex improvement.

Theoretically and methodologically the research paper is based on the fundamental works of the home and foreign scientists, focusing at the concepts, theoretical and practical basics of innovations development in the agricultural-industrial complex.

The research implementation caused the use of the modern research basics, such as Economy Theory, General System Theory, Outlook Theory, Mathematical Modeling, Statistics and others.  Such methods as systemic and logical analysis, mathematical modeling methods, outlook extrapolation method have been used in the research.

State Statistics Body materials (Southern Kazakhstan oblast included), Kazakhstan Republic social – economical development data, official legal Norms and Regulations have been used as the information basis for the research.

Research scientific newness is in the study of innovative activity’s development manufacture. The most valuable research results are as follows:

- the nature, factors, reasons and characteristics of the agricultural-industrial manufacture innovation and innovation activities development have been scientifically determined;

- foreign countries experience in the agricultural-industrial manufacture innovation processes development has been studied; innovation development application to the home manufacturing has been proved;

- modern Southern Kazakhstan oblast’s agricultural-industrial manufacture condition has been analyzed, and its development tendencies have been determined;

- agricultural branch perspective development  has been suggested and proved, based on the statistical-mathematical methods.

Application degree. The research results and statements have been discussed and put into operation in the Southern Kazakhstan oblast’s agricultural department.

Research results scientific and practical significance. The research results and recommendations provide conditions to determine the main ways of innovation processes in the country agricultural-industrial complex development in the market conditions.

Research Paper is closely connected with the scientific studies. The Research paper has been fulfilled in accordance with the International Kazakh-Turkish university (named after H.A. Yassaui)  Research Program.

Research Paper Structure and Volume:  the paper consists of Introduction, three Chapters, Conclusion, Reference List, and Suggestions.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛИМКУЛОВА ЭЛЬВИРА СИХИМОВНА

 

Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту

(Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)

 

Басуға қол қойылды 09.07.2010 ж.

Көлемі 60х84 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.

Шартты баспа табағы 1,6. Таралымы 100 дана.Тапсырыс № 2281

 

 

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің

баспаханасында көбейтілді.

 

 

        161200, Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы. Университет қалашығы.

8

 

 

Информация о работе Нарық жағдайында агроөнеркәсіп кешенін инновациялық дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)