Лексические единицы русского языка

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 13:03, доклад

Описание работы

Работа содержит описание омонимов, синонимов, антонимов и фразеологизмов

Работа содержит 1 файл

Қаз яз.doc

— 35.50 Кб (Скачать)

                      Омонимдер.

                      (Омонимы)

         Сыртқы  тұлғасы бірдей болып, бірақ мағынасы бірбірінен мүлдем басқа-басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы: ақ, ат, ер. Осы сөздер дәл осы дыбыстық құрамда тұрып, тілде түрле мағына береді, олардың негізгілерін келтірейік: 1) ақ – етістік; су ағу; 2) ақ – сын есім: ақ көйлек; 1) ат - етістік: мылтық ату, 2) ат – жылқы: ерттеулі ат; 3) ат – зат есім: аты – Ахмет; 1) ер – етістік: соңына еру, 2) ер – батыр мағынасында: ер екенсің; 3) ер – еркек мағынасында: ер бала туды; 4) ер – атқа салатын ер: ер- тоқым.

         Омоним  орыс тілінде де бар құбылыс: з`амок – замок.

         Тілде айтылуы бірдей, бірақ жазылуында айырма бар сөздер омофондар деп аталады: асшы – ащы – ашшы: асшы ас әкелді, ащы тамақ, есікті ашшы;тұзшы – тұщы:тұзшы тұз әкелді, тамақ тұщы екен.

         Жазылуы бірдей, бірақ сөз ретінде басқа  – басқа сөздер омомграфтар деп  аталады: 1) алма – зат есім: тәтті алма, 2) алма -  етістік: кітапты алма; 1) көрші – зат есім: жақсы көршім бар, 2) киноны көрші т.б. 
 
 

         8 -  жаттығу. Төмендегі сөздердің тілде қандай мағынада қолданылатын көркем шығармалардан мысалдар келтіріп көрсетіңіз.

         Қас, жау, қыс, от, жаз, жалын, сал, жай. 
 
 

         10 – жаттығу. Төмендегі  омоним сөздердің  мағынасына қарай  көркем шығармадан  мысал жазыңыз.

         Жаз, түс, ер, қой, аяқ, бұл, жар, жас, қорық, айт, ана, жай. 
 
 
 
 
 

                           Синонимдер.

                            (Синонимы)

         Мағыналары  мәндес түрлі сөздер синоним деп  аталады: зат - нәрсе – бұйым – дуние - мүлік; күш – қуат – әл – дәрмен; ежелден – ертеден – бұрыннан – баяғыдан – атам заманнан; сұлу - әдемі - әйбәт – ару - әсем – көрікті – келбетті – сымбатты – нұрлы – әрлі.

         Бір ортақ мағынаны білдіретін біренше  сөздер синонимдік қатар деп аталады: Синонимдік қатарлар: 1) құдай – тәңір-алла – жасалған – құдірет – жаратқан – алла тағала – құдай тағала, 2) қадірлі – құрметті – ардақты – аяулы – қымбатты, 3) әжептәуір – бірсыпыра – бірталай – бірқыдыру – біраз. Бір синонимдік қатардағы сөздердең бірінің орнына екіншісі қолданылуға келетіні де, қолдануға келмейтіні де болады. Мысалы, қысқа – шолақ, бір-бірімен синоним, олар бойы қысқа адам, шолақ жіп түрде қолданылады, ал олардың орнын аустырып бойы шолақ адам деген түрде қолданылады, ал олардың орнын аустырып бойы шолақ адам деген түрде қолдануға болмайды. Бірақ курісінше қысқа жіп күрмеуге келмейді деген түрде тілде қолданылады. Бұл бір синонимдік қатарға жататын сөздердің мағынасында, қолданылуында айырма барын көрсетеді.

         Жалпы синоним сөздер ойды түрліше, дәл, нақты  түрде беруде үлкен қызмет атқарады. Орыс тілі де синоним сөздерге өте  бай: аэроплан – самолет; орфография – правописание и т.д. 
 
 

         14 – жаттығу. Мына  сөздердің қос  сөздерден жасалған синонимдерін табыңыз.

               Некен-саяқ, тамыр-таныс, телегей-теңіз, құрал-сайман. 

         16 – жаттығу. Мына сөздердің сионимдерін жазыңыз.

               Үлгі: ұсақ-ұнтақ, уақ, майда; ұсақ, мықты, зұлымдық, кір, аласа, жау, қарт, сұлу, зәулім, бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           Антонимдер.

                            (Антонимы)

         Мағыналары  бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер жеп аталады: жақсы-жаман, үлкен-кіші, кең-тар, биік-аласа, ашық-жабық, жары-қараңғы, қуаныш-реніш, жылдам-ақырын т.б. Антоним сөздер орыс тіліндіе де бар: большой-маленький, высоко-низко и т.д.

         Антоним сөздерге болымды, болымсыз мағыналысөздер жатпайды: барады, бармайды, таулы, таучыз т.б. 
 
 

         19 – жаттығу. Төменде беріген фразалық тіркестердің антонимдік жұптарын табыңыз.

         Улгі: бағы тайды – бағы жанды; 

         Бағы  тайды, есіне тусті, қоян жүрек, ант  ішті, ит өлген жер, үміт үзу, бауырына тарту, тілі байланды, су жүрек, көкірегін  көтеру, қабырғасы қайысу, қам көңіл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

                           (Фразеологизмы)

         Тұрақты сөз тіркестері тілде қалыптасқан  даяр қалпында қолданылады. Тұрақты  сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өзінің негізгі мағынасынан мүлдем, не жартылай айрылып, біртұстас мағынаны білдіреді: ит өлген жер – алыс, жүрек жұтқан – батыр, қас пен қөздің арасында – лезде, қырғи қабақ – араз т.б.

         Тұрақты тіркестердің құрамы тұрақты, оны басқа  тілде сөзбе-сөз аударға келмейді, қолдануда дайын қалпында алынады. Олар сөзді көрікті, ұткір ету мақсатында жұмсалады. Тұрақты тіркестер мағыналарына, қызметіне қарай идиомалар, фразалық тіркестер болып бөлінеді. 
 
 

         25 – жаттығу. Тұрақты тіркестердің түрлерін анықтаңыз, беретін мағыналарының баламаларын табыңыз және сөйлем құрап жазыңыз.

         Ішкен асын жерге қояды, қой үстінде  боз торғай жұмыртқалады, көзіне көк  шыбын уймелетті, салы суға кетті, төбе шашы тік тұрды, мойнына су кетті, мұрның көкке көтерді, ұнжырғасы түсіп жүр, сай сүйегі сырқырау, білек сыбанып кірісу.

         Фразалық  тіркестер де идиомалар сияқты орын тәртібі жағынан идиомалық тіркестерден айырмашылығы бар, онда ең алғашқы тіркестегі сөздердің тура мағынасы фразеологиялық мағына жасауға негіз болады. Мысалы: көз көрмес, құлақ естімес жер деген фраза алыс деген сөздің баламасы, негіз болып тұрған тіркес көз көру, құлақ есту, тайға таңба басқандай деген анық деген сөздің баламасы, негіз болып тұрған тіркес таңба басу.

Информация о работе Лексические единицы русского языка