Латын тілінің тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:11, реферат

Описание работы

Ежелгі тілдер жайлы сөз көзғалғанда, ең алдымен еске латын мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады.

Содержание

1) Латын тілінің тарихы
2) Латын тілінде жазылған медициналық шығармалар
3) Қорытынды
4) Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

латын тилинин дамуы.docx

— 32.53 Кб (Скачать)

Жоспар:

  1. Латын тілінің тарихы
  2. Латын тілінде жазылған медициналық шығармалар
  3. Қорытынды
  4. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ежелгі тілдер жайлы сөз  көзғалғанда, ең алдымен еске латын  мен грек тілдері келеді. Әрине, грек тілінде және оның әртүрлі диалектлерінде гректер сөйлейтіні түсінікті, ал латын тілі римдіктердің тілі болды. Бұнда енді: «неге римдіктер латын тілінде сөйледі?»-деген сұрақ пайда болады. 
 
Латын тілі (Linqua Latina) – бұл ежелгі Лация (Latium) тұрғындарының тілі. Лация – сабиняндар жерімен, Этрурия және Кампаниямен шектескен Италияның ортасындағы кішігірім аймақ. Лацияның тұрғындары латындар (Latini), ал олардың тілі латын тілі (Linqua Latina) деп аталды. 
 
Дәстүрлі римдік аңыз бойынша, нақты осы Лацияда гректермен жаулап алынған Троядан қашқан Эней пана тапты, ал оның ұрпағы Ромулға Римнің бірінші патшасы және оның негізін қалаушы (б.з.д. 753 жылы) болуға тағдыр жазған екен. Рим бірінші кезде тек Лация астанасы болды, өзінің экспансиялық саясаты арқылы бүкіл Италияны, ал кейін Жерорта теңізінің бассейінін жаулап алды, бүкіл Рим империясының астанасы болды, бірақ бұрынғыша латындық деп аталды. Бұл тіл, басқа тілдер сияқты, үлкен өзгерістерге ұшырады. Б.з.д. V-III ғасырларда латын тілі – Аппенин түбегінің көптеген тілдерінің ішіндегі жазба түрі бар тілдердің бірі болады. Б.з.д. IV-III ғасырларда ол Римнен тыс аймақтарға таралып, біртіндеп басқа тілдерді ығыстыра бастады, бұл б.з.д. I ғасырда жаулап алынған халықтардың ассимиляциясына әкелді. Бірінші латын жазба ескерткіштері - әртүрлі ыдыс-аяқтардағы және тастардағы жазулар, мадақтық әндер мен заңдар фрагменттері. Ғылымға белгілі ежелгі латын жазбалары б.з.д VII ғасырмен (күміс ыдыстағы жазулар) белгіленеді. Ең белгілі римдік жазу VII ғасырға жататын Римдік форумнан табылған тастағы жазу болып табылады. Небір сакральдік формуласы бар (ант немесе дұға) жазу ертедегі архаикалық әріптерімен жазылған, грек тіліне қарағанда унификацияланған, нәтижесінде, латын әдебиеттері пайда болғаннан кейін, жазулар латын жазуының ерекше түрі ретінде қала берді. Олардың мәні әртүрлі болуы мүмкін: бұл жасалған ерекшеліктері тізімдердегі мәзір тастарына жазылған жазулар, храмдағы рухани жазулар, қоғамдық ғимараттар мен ескерткіштердегі ресми мәнді жазулар, тұрмыс заттарындағы жазулар, қабырғаларда жазылған өлеңдер және т.б. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық әртүрлі дәуірдің латын жазбалары белгілі. Олар ежелгі фольклор, әдебиет шағармалардағы өлеңдер, дұғалар және әнұрандар. Римдік фольклор халықтың ауызша өнерінің бүкіл түрін біріктірді. Біз мұнда өлеңдерді, жоқтауларды, діни әнұрандар мен дұғаларды табамыз және де қалжың өлеңдер, пародиялық және мәнді өлеңдер кең тарағанын байқаймыз. Ел кезіп жүретін актерлер қолма - қол ойлап табылған көріністерді ұйымдастыратын. Әдеби тілдің тарихы тек б.з.д. 240 жылы ғана басталады, ол Римде әскери тұтқындар қатарында болған грек Андрониктің есімімен байланысты (құлдықтан босағаннан кейін ол Тит Ливий Андроник есімін алады).Ол алғаш рет Римде грек шығармаларын өңдеп, латын тілінде трагедия мен комедияны қойған, сонымен бірге Рим поэзиясының негізін салып, «Одиссеяны» аударған.  
 
Б.з.д. 80 жылға дейін созылған кезеңді архаикалық деп атайды. XII кесте заңдары – рим құқығының бірінші жазбаша ескерткіші үлкен маңызға ие. Заңдардың алғашқы нұсқасы сақталмаған, бірақ, әртүрлі рим жазушылары мен заңгерлердің жазбалары бойынша, қалыпқа толық келтірілген. Ежелгі заңдар және бұнда көрсетілген дамыған құқық қатынастарының ерекшеліктері бұл ескерткішті б.з.д. V ғасырға жатқызуға мүмкіндік береді. Көрнекті рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша, XII кестелер заңдары римдік құқықтың негізгі дерегі болып саналды. Бұл I құқықтық Кодексте соттық процедуралар регламентацияланған, жекеменшік пен ұжымдық меншік, отбасы құқығы декларацияланады және жазалау жүйесі қалыптасады (Бұл Кодекс тек мемлекеттік құқықты қарастырмайды). Классикаға дейінгі кезең (б.з.д. III-II ғасырлар) рим диалекті негіз болған әдеби тілдің қалыптасу кезеңі. Ежелгі латын жазуының кезеңі грек ықпалынан мүлде еркін болды. Латын әдебиетінің пайда болуы б.з.д. III ғасырда Римнің қоластында Италияның бірігуі кезеңімен сәйкес келеді. Классикалық грек үлгілерінің қатты ықпалында болған латын поэзиясы ерте пайда болды. III-II ғасырдың басындағы әйгілі болған латын ақындары– Ливий Андроник (шығу тегі жағынан грек), Гней Невий және Квинт Энний. Соңғысы «Анналы» эпикалық («Жылнама») поэмасымен әйгілі болды (бұнда римнің ежелгіден бастап тарихы суреттеледі). Римнің өрлеу кезеңіндегі басты әдеби ескерткіштері болып әйгілі комедиографтар – Плавт пен Теренцийдің шығармалары саналды. 
 
Тит Макций Плавт - (шамамен б.з.д. 250-184 ө.с.) грек үлгілеріне сүйенген латын комедиясының негізін салушы. Плавт барлығы 130 комедия жазған, олардың жиырма бірі бізге жетті. Плавтың комедиясында фольклор кең пайдаланылған, осыған орай олар үлкен табысқа жетті. 
 
Публий Теренций (шамамен 195-159 жылдарда ө.с.) барлығы 6 комедияcы бізге жеткен. Бұнда Теренций адамның мінезін аша отырып, күнделікті өмірін суреттейді. Теренцийдің әйгілі «адамдылықтың еш нәрсесі маған жат емес» деген сөздері оның шығармаларының мәнін жақсы көрсетеді. Орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірінде Теренций ең көп оқылатын автордың бірі болды. Оның комедиясының тілі әдеби латынның үлгісі деп саналады. Ең нақты ұлы өрлеудің латын әдебиеті б.з.д. I ғасырда Катуллдың, Лукрецийдің поэзиясында, Цицерон, Цезарь және Саллюстийдің прозаларында орын алады. 
 
Гай Валерий Катуллдың, шамамен, 87-54 поэтикалық мұрасы, 116 лирикалық өлеңдері және аз мөлшерлі эпиграммалары болыпты. Олар оған махаббат лирикасының шебері атағын берді. 
 
Лукреций Кар (шамамен 95-55 жылдарда өмір сүрген) – эпикурдың негізгі ілімдері баяндалатын «Заттар табиғаты туралы» философиялық поэманың авторы. 
 
Марк Туллий Цицерон (106-43 жылдарда өмір сүрген) – әр жақты жазушы және шешен. Оған көптеген көркем өнер стилімен жазылған философиялық, саяси және риторикалық трактаттар, сонымен қатар хаттар жатады. Цицерон тілі әр замандарда латын прозасының қайталанбас үлгісі болып саналды. 
 
Гай Юлий Цезарь (100-44 жылдарда өмір сүрген) ол ұлы мемлекет қайраткері мен әскери басшы ретінде ғана емес, сонымен қатар проза жазушысы ретінде де әйгілі. Цезарьдың шығармалары – «Галл соғысы туралы жазбалар», «Азаматтық соғыс туралы жазбалар» және т.б. 
 
Гай Саллюстий (86-35 жылдарда өмір сүрген) саяси қайраткер және тарихшы, латын әдебиетінің тарихына өзінің тарихи еңбектері («Заговор Каталины», «Югуртік соғыс» және т.б.) арқылы белгілі. Саллюстий тілі бейнелілік, классикалық дұрыстылықпен ерекшеленеді. Орта ғасырларда және кейінгі дәуірлерде Саллюстий беделді авторлардың бірі болды. Б.з.д I ғасырдың бірінші жартысындағы автордың шығармаларында латын тілі және латын әдебиеті өзінің хрестоматиялық мәнін алып, өрлеу дәуіріне кірді.

Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта басылып шыққан.

Цельс Авл Корнелий (б.з.б. 25 — б.з. 50) — ежелгі римдік энциклопедист-ғалым. Цельс грек дерек көздерін негізге алып, 25 — 30-дай (“Artes”) деп аталатын энц. еңбек жазған. Бұл еңбегінде ол философия, риторика, құқық, медицина, а. ш., әскери іс, т.б. ғылым салалары туралы мағлұматтар берген. Осы еңбегінің (20 кітаптан тұратын) ішінен медицинаға арналған “Медицина” (“De medіcіna”) (6 — 13 кітаптар) деген бөлімінде ежелгі грек дәрігерлерінің шығармаларын басшылыққа ала отырып, гигиена, диететика, патология, терапия және хирургия туралы жазған. Цельстің бұл еңбегі — ежелгі заманның латын тілінде жазылып, біздің заманымызға жеткен жалғыз мед. шығарма болып саналады. Цельс мед. терминологияның негізін салды.

К. Гален өлекселерді зерттеп қоймай, итке, шошқаға, маймылға және сиырға тәжірибе жасау арқылы жүйке жүйесін зерттеп, 7 жұп ми, 30 жұп жұлын жүйкелерін және кейбір жүйке түйіндерін (ганглийлерін) анықтап, грек ғалымдары Герофил мен Эразистратеңбектеріне толықтырылулар еңгізді. Ол жүрек пен қолқа қуысында ауа емес, қанның болатындығын, көптеген қан тамырлардыдұрыс анықтап, жануарлар қаңқасын зерттеген. Бүлшықеттердің 300-дей түрін анықтаған. К. Гален ғылыми еңбектерінің негізінде"Адам дене бөліктерінің маңызы" атты классикалық кітабын жазып, медицинаның дамуына зор үлес қосты.

Андреас (Андрос) Везалий - ғылыми анатомияның негізін салған ғалым, Италиядағы Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке бақылаулар жүргізіп, 7 кітаптан тұратын «Адам денесінің құрылысы туралы» (1543) еңбек жазған. Бұл еңбегінде ғалым қаңқа, сіңір, бұлшықеттер, Қантамырлар, жүйкелер, ішкі мүшелер, ми мен сезім мүшелерін жүйелеген. А. Везалийдің көптеген зерттеулері мен еңбектері анатомияның дамуына айтарлықтай септігін тигізді. Сондықтан да оны анатомия ғылымының негізін салушы ғалым деп орынды атайды.

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен,Латын тілі, үндіеуропа шоғырының италиялық тобына жатады. Б.з.б. 6 ғасырда Рим говоры ретінде пайда болып, Жерорт теңізінің батысындағы елдерді қамтыды. РимдіктердіңГаллия,Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик, Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде жойылды, дегенмен 15 — 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан, португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін қалыптастырды. Плавт(б.з.б. 254 — 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь (“Commentarіі de bello Jallіco”) прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
  2. Винничук Л. Люди, нравы и обычаи Древней Греции и Рима. – М. : Высшая школа, 1988. – 400 с.
  3. Интернет желісі

Информация о работе Латын тілінің тарихы