Ақпараттық технологияны дамытудағы «электрондық үкімет»

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 14:54, статья

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан 2030» стратегиясында Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды жеті бағытын айқындап берді, ендігі жеке бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіруді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Жолдаудың жиырма төртінші бағыты «әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы билікті жаңғырту» мәселелеріне негізделген және осы бағыттардың ішінде «электрондық үкіметті» жасақтауға да ерекше мән берілген.

Работа содержит 1 файл

Статья ИТ сокращен с изм.docx

— 28.14 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ 
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ
 

Рамазан Айнұр Балтабекқызы

Мемлекеттік және жергілікті басқару институтының 2 курс магистранты  

Ақпараттық  технологияны дамытудағы «электрондық үкімет» 

Негізгі сөздер: ақпараттық технология, мемлекеттік қызмет, сыбайластыққа қарсы күрес. 

     Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан 2030» стратегиясында Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды жеті бағытын айқындап берді, ендігі жеке бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына кіруді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Жолдаудың жиырма төртінші бағыты «әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы билікті жаңғырту» мәселелеріне негізделген және осы бағыттардың ішінде «электрондық үкіметті» жасақтауға да ерекше мән берілген. Сонымен қатар, Елбасы 2012 жылдың 27 қаңтарында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында кешенді негізгі он бағытты айқындап берді, оның төртінші бағытында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру алдыға қойылған. Сондай-ақ электрондық үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет екендігін атап өтілді [1].

     Бұған дейін де Елбасы: «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді, - деген болатын.

     Қазақстандағы «электрондық үкімет» құрудың ұзақ мерзiмдi стратегиясына қысқаша тоқтала кететін болсақ, әлемдiк тәжірибе ескеріле отырып жасалған, яғни: бiрiншi кезең - «электрондық үкiметтiң» инфрақұрылымын құру. Осы кезеңде «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы ақпараттық және интерактивтiк қызмет түрлері көрсетіле бастады; екінші кезең – «электрондық үкiметтің» сервисiн дамыту азаматтардың тыныс-тіршілігі мен мемлекеттік органдар жұмысының барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау ісін жүргізуге бағытталды; үшiншi кезең – ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және т.с.с. жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құру көзделдi; төртіншісі кезең – ақпараттық қоғамды қалыптастыру. Бұл кезеңде электронды құжаттар қағаз құжаттарды ығыстырады. Яғни мемлекеттік органдар мен азаматтарға жағдайлар жасауға және «электрондық үкiметтiң» мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар айқындалды.

    «Электрондық  үкiмет» құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында халықтың бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiн жетілдіру болып табылады. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, «электрондық үкiмет» құру мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға да мүмкiндiк бередi.

    Жалпы «электрондық үкiмет» пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту қиыншылықтары байқалады. Бұл орайда «электрондық үкiмет» құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер регламенттерiне талдау жасалынып, ол әкiмшiлiк ресiмдеу технологиясын қайта жабдықтау мен мемлекеттiк қызмет жүйесiн жетілдіру тетiктерiнiң бiрi болып табылады. Сондықтан, мемлекеттiк қызметтің барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi стандарттау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеп, соларды iске асыруды қамтамасыз етуде әзірлеуші мен сүйемелдеушіні ортақ етіп заңдылық түрде нақтылау жұмыстары атқарылғаны дұрыс болар еді.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген 2010 жылғы 19 наурыз №958 индустриалды-инновациалық жеделдету 2010-2014 мемлекеттік бағдарламасымен «электрондық үкімет» іске асырылып жатыр.

    Атап  өтілгендей, «электрондық үкімет» құру жөніндегі Президенттің тапсырмасы, бәрінен бұрын, халыққа, мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін қысқартуға, сондай-ақ ведомствоаралық ынтымақтастықтың тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

    Негізінен сыбайластық деңгейін төмендету үшін «электрондық үкіметті» дамытудағы орыны ерекше бағаланады. Оны электрондық үкіметтің сыбайластыққа қарсы әлеуеті мынадан байқалады: мемлекеттік басқаруда АКТ-ды қолдану шенеуніктердің жемқорлық іс-әрекет жасау мүмкіндігін барынша азайтады. Өйткені, электрондық мемлекеттік қызметті on-line режиміне көшіріп, азаматтар мен шенеуніктер арасындағы жеке байланыстарды минимумға жеткізуін қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет жобаларын жүзеге асырған сайын: азаматтар мен мемлекет өкілдерінің байланыс жасауы әлденеше рет қысқарды («бір терезе» принципі барлық қажетті мемлекеттік қызмет түрін көрсетуді қамтиды); азаматтар мен шенеуніктердің байланыс жасауының сипаты өзгереді: электрондық үкімет жағдайында мұндай «кездесу орны» веб-портал болды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетудің де сипаты өзгерді деуімізге болады: себебі электрондық үкімет стандартты және деперсональды қызмет көрсетуді жолға қойып, бұл өз кезегінде сыбайластық механизмдерді пайдалану мүмкіндігін қиындатқанын байқаймыз. Келесі бір маңызды нәрсе - шенеуніктердің дискредиционды өкілеттері айтарлықтай қысқарды. АКТ-лар өзінің параметрлеріне байланысты әкімшілік процедураларды автоматты және нақты алгоритмдерге негіздей отырып жүргізетіндіктен, саяси ерік жігерден тәуелсіз. Бұл идеяның мәні әкімшілік өкілеттерді реттестіру мен негізгі әкімшілік процестерді электрондық форматқа формализациялауда. Нәтижесінде азамат әр мәселе мен құжат қанша уақытта орындалады, қандай талаптарға сай болуы тиіс деген мәселелерді нақты білетін болады, тамыр – таныс іздеудің қажеттілігі болмайды. Әрине, жемқорлыққа қарсы күрестегі электрондық үкіметтің рөлі оның ашықтығымен, мөлдірлігімен анықталады, соңғы 5 жылдықта э-мөлдірлік термині айналысқа енді.

    Азиялық тәжірибені салыстыра талдау арқылы ізденуші жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілетін іс-шаралар кешенін  қажетсінетінін көрсетеді. Сол себепті, басқарушылық, ұйымдастырушылық өзгерістер электрондық үкіметті жүзеге асырумен сүйемелденетін болса, онда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін анағұрлым төмендетуге болар еді. Мысалы: мемлекеттің қаржылық қызметі (ұлттық қордан бастап, бюджеттік қаражат) туралы ақпаратты интернет желісінде жариялау қоғамдық бақылаудың ыңғайлы құралына айналар еді.

    Қорыта келгенде, АКТ-ды мемлекеттік секторда кеңінен қолдану билік органдарының ашықтығын, тазалығын, қамтамасыз етеді, азаматтар мен тікелей қарым-қатынас жасайтын «жемқор» деген атаққа ие құрлымдар веб-портал арқылы қызмет көрсетіп жемқорлық азаяды, қаржы азаяды, қаржы-қаражат, мемлекеттік сатып алу сияқты іс-әрекеттер желіде ашық және нағыз бәсекелестік негізде жүретін болады [2]. Сондай-ақ, Интернет желісі сегментінің (Казнет) біріңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдамасында байқағанымыздай, қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар АКТ қарқынды дамуына байланысты [3]. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады [4]. Бүгінгі таңда қазақстандық электрондық үкімет құрылымдары 78 мемлекеттік қызмет түрін халыққа жеткізіп отыр.

    Жоғарыда  аталған іс-шараларға қарамастан, әлі де жоспарланған мақсаттарды іске асыру үшін «электрондық үкіметті» қалыптастыру, яғни ақпараттық қоғам құруға байланысты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды жетелдету жөніндегі жұмыстар жандандыруды қажет етеді.  

    Аннотация: бұл мақалада мемлекеттік қызметті қамтамасыз етудегі ақпараттық технологияда «электрондық үкіметтің» ролі ашылады және оның іске асыру кезеңдеріне талдау жасалады.

    Аннотация: в этой статье открывается роль «электронного правительства» и обсуждается его периоды реализаций осуществления в информационной технологии для обеспечения государственной деятельности.

    The summary: There is the role of «the electronic government» in this article where we can uncover and discuss its periods of realizations and realization in information technology for supporting state activity.  
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006 жылғы 18 қаңтар //Егемен Қазақстан. 2006 жылығы 19 қаңтар.
  2. Өтеуов С.//Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы – Автореферат, 2010.
  3. Интернет желісі сегментінің (Казнет) біріңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамудың 2008-2012 жылдарға арналған тұжырымдама //www.on.kz/   
  4. Окинавская Хартия глобального информационного общества http://www.iis.ru/library/okinawa/charter.ru.html   

Информация о работе Ақпараттық технологияны дамытудағы «электрондық үкімет»