Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 22:56, реферат
Аннуитет жыл сайынғы төлемақы, тұрақты түсім. Мерзімді мемлекеттік қарыз түрі, ол бойынша жыл сайын пайыз төленіп тұрады жєне соманың бір бөлігі өтеледі, алынған қарызды, несиені өтеу, пайыз төлеу есебінен белгілі бір уақыт аралығында төленетін тең шамадағы ақшалай төлем, жеке тұлға.Аннуитет - ренталар мен зейнет ақыларды сақтандырудың барлық түрлері үшін жалпылама түсінік. Сақтанушы сақтандыру мекемесіне бірден немесе бөліп-бөліп белгілі бір мөлшерде ақша төлейді, одан кейін бірнеше жыл бойы немесе өмір бойына жүйелі түрде кіріс алып отырады. Аннуитет бұрынғы кезде жылдық рента телеу болып есептелген. Ерекше аннуитетте кіріс сақтанушыға белгілі бір мерзімде немесе онын туыстарына сақтанушының көрсетілген мерзімінің аяқталуына шейін, қайтыс болуына қарамастан төленеді. Егер сақтандыру шартында сақтанушы қайтыс болған жағдайда жарнасын қайтару қарастырылса немесе керісінше қарастырылмаған болса, аннуитет қайтарылатын немесе қайтарылмайтын да болуы мүмкін.