Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:24, доклад

Описание работы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ШЖС қаржысы.docx

— 20.44 Кб (Скачать)

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілср қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді. Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мені мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға — жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.

Шаруашылық субъектісінің  табыстары - деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5 "Табыс" - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жар-наларынан басқа) яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

- дайын бұйымдар мен  тауарларды сатудан алынатын табыстар;

- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

- дивидендтер, ролятилер  және пайыз (процент) түрінде алынатын және

тағы да басқа табыстар жатады.

Бұл жоғарыда аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп  түскен, кіріс етілген және субъектінің  төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

- алдын ала аванс ретінде алынған табыстар;

- алынған несиелердің  және қарыздардың қайтарылуы. Сондай-ақ, қызметтер көрсету жөніндегі  мәміленің (келісімнің) нәтижесін  барынша дұрыс бағалау мүмкін  болмаған уақытта табыс жұмсалған  шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

- негізгі қызметтен алынған табыстар;

- негізгі емес қызметтен  (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы  шарушылық қызметі есептерінің  бас шоттар жоспарындағы жетінші "табыс" - деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнін шоттары  тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа  операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында (аяғында) бұл  бөлімнің шоттары бесінші "меншікті капитал" бөліміндегі 571-"жиынтық  табыс (зиян)" шотына апарылып жабылады.

 

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны дегеніміз – заңмен және басқа да құқықтық нысанмен қарастырылған, кәсіпорынның қалыптасуының құрылымдық тәсілі мен түрі, оның меншік формасы, шығаратын өнім көлемі мен ассортименті, оның капиталының қалыптасуы, қызметінің сипаты мен мазмұнына тәуелді болғандықтан және әртүрлі фирмааралық одақтарға кіру тәсілі мен бәсеке күресін жүргізу әдісіне байланысты жіктелуі.

Қазақстан Республикасының  аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының  аймағында тіркелген резидентгік  емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды  тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен  шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

Сот алдында жауап беретін  және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол  мүліктерді өз қалауынша оперативтік  тұрғыда баскара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды  заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.

Филиалдар бұл занды тұлғалардың  тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.

Филиал да, өкілдік те заңды тұлға болып табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс  табу мүмкіндігі де және таза табысын  өз қатысушыларының арасында белу жағдайы да шектелген.

Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен - кәсіпорын. Экономикалық категория  ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

- шаруашылык серіктестіктер;

- акционерлік қоғамдар;

- өндірістік кооперативтер;

- мемлекеттік кәсіпорындар.

Жоғарыда аталған ұйымдық-құқықтық нысандардың барлығы біздің нарықтық экономикадағы ҚР үшін инновациялық шаруашылық нысандары болып табылады. Өйткені жоспарлы экономикада меншіктің барлығы мемлекет қарамағында болды. Ал нарықтық экономикаға көшу барысында кәсіпорындарды жекешелендіру операцияларының арқасында кәсіпорындардың жаңа ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптаса бастады.

Коммерциялық емес ұйымдар  заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, коғамдық бірлестіктерден және тағы басқа  ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.

1. Шаруашылық  серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.

Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады. Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.

Коммандиттік  серіктестік — серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.

2. Қосымша және  жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.

Қосымша жауапкершілігі бар  серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің  жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.

3. Акционерлік  қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын занды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың кызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.

Ашық акционерлік  қоғам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.

Жабық акционерлік  қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.

Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап  бағаланады және ондағы активтердің  құны екі жүз мың айлық есепті керсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.

4. Өндірістік  кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері занда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.

5. Мемлекеттік  кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: 
- шаруашылыкты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;

- ағымдағы (оперативтік)  баскару құқығына (қазыналық кәсіпорын)  негізделген мемлекеттік кәсіпорын,  Қазақстан Республикасы үкіметінің  немесе жергілікті атқару органының  шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның  шаруашылық қызметі оның Жарғысында  көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен  және міндеттермен анықталады. Қазақстан  Республикасы немесе жергілікті  әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық  кәсіпорынның міндеттемелері бойынша  жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

6. Коммерциялық  емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.

Шаруашылық жүргізуші  субъект қызметінің мақсаттарын  оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің  жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.

Мемлекеттік мүлікті басқаруға  уәкілетті органдар, басқа заңды  және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар  құрып, ол мемлекеттік тіркеуден  өткен күннен бастап заңды тұлға  құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің  рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект  заңды тұлға құқығы бар еншілес  субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.


Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы