Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2013 в 13:14, дипломная работа

Описание работы

Айқындылықты жоғарылату үшін, “Тікелей инвесицияларды мемлекеттік қолдау туралы” заңына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, инвестиция көлеміне сай салықтық жеңілдіктерді беру мерзімдері мен көлемін заңды түрде бекіту қажет. Осыған орай чиновниктердің жеңілдіктер көлемін реттеу мүмкіншіліктері заңмен қатаң шектеледі, сәйкесінше – осы саладағы корумпирлік төмендейді.
Нарықтық қатынастарға өту инвестицияларды қосымша тарту мен пайдалану есебінен ұлттық экономикаға инвестициялық процесті жеделдетудің нақты алғышарттарының пайда болуының қажеттілігін ескертті. Инвестиция – бұл әртүрлі формадағы қаржылық және материалдық құндылықтарға бос ақша қаражаттарын салу. Экономикадағы инвестициялау процесі ақша қаражаттарын оларды иемденушіден қажетсінетіндерге қайта бөлу формасында жүзеге асырылады.

Содержание

Кіріспе 3

1 Инвестициялық қызметтің экономикалық маңызы мен теориялық негіздері
1.1 Инвестицияның мәні, түрлері және инвестициялық саясат 6
1.2 ҚР экономикалық жүйесіне инвестицияны пайдаланудың ерекшеліктері және факторлары 15
1.3 Инвестицияны пайдаланудың көрсеткіштері және оны анықтау әдістемелері 30

2 “либелла боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын және инвестицияны пайдалану тиімділігін талдау
2.1 ҚР инвестициялық ахуалының мәні мен факторлары және оны бағалау 36
2.2 “Либелла Боттлерс” ЖШС экономикалық жағдайын талдау 45
2.3 “Либелла Боттлерс” ЖШС инвестициялық дамуын талдау 52

3 кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары
3.1 “Либелла Ботлерс” ЖШС ішкі инвестициялық мүмкіндіктерін пайдаланудағы стратегиясын дайындау 60
3.2 Кәсіпорынға қосымша инвестиция тартудың тетіктерін жақсарту 65

Қорытынды 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ 73

Работа содержит 1 файл

Дип.-ҚӘСІПОРЫННЫҢ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ҚЫЗМЕТІН-ТАЛДАУ.doc

— 477.50 Кб (Скачать)

Қазіргі технологияларды  пайдаланатын қолданыстағы өндірісті  жаңарту, кеңейту және жаңаларын жасаудағы инвестицияны ынталандыру үшін және экономиканы дамыту үшін жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатымен инвестицияны мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады.

Инвестицияны мемлекеттік  қолдау келесі преференцияларды ұсынумен тұжырымдалады:

  • инвестициялық салықтық преференциялар;
  • кеден баждарымен салық салудан босату;
  • мемлекеттік натурдық гранттар;

Өңдеуші өнеркәсіпті  дамыту үшін инвестицияға сұраныс ұсынатын тауарларын экспорттайтын салаларға  бағдарлану қажет, оларға бюджеттік қаржыландыру, салықтық престі төмендету, мемлекеттік тапсырыс беруді кеңейту және сыртқы экономикалық саясаттағы орынды қолдампаздық (протекционизм) түрлерінде көмек көрсету қажет. Халықтың әл – ауқаттық деңгейін және отандық өнімдерге деген оның төлем қабілеттілігі бар сұранымын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдануы қажет. Бұл мультипликативті әсер беріп, кәсіпорындарға инвестициялар іздеуге, оларды төлеуге, несие берушілермен және мемлекетпен төлеп құтылуға, өндірісті дамытуға мүмікіндік беретін еді.

Инвестициялық процеске кәсіпорынның өз қаражатын және халықтың жинақ ақшаларын тарту халықтың әл–ауқатын жоғарлату және экономикалық өсу үшін маңызды болып келеді. Зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық қорлар және басқа да институционалдық инвесторлар капиталдың отандық нарығын дамытуға жәрдемдесу керек және осы арқылы – сапалы экономикалық өсуге.

Басқа ТМД елдерімен  салыстырғанда Қазақстан Республикасы, инвесторлар үшін тартымды болып  келетін, жоғары несиелі рейтингке  ие. Батыс сарапшылардың көзқарасы бойынша саяси дамудың тұрақтылығы ҚР – сының артықшылықтарының бірі болып табылады. Салық тәртіптемесінің тұрақтылығы, қоғамның демократияландырылуы, нарық реформаларының жалғасуы жағымды инвестициялық ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әлеуетті инвесторлар алдында тұрған проблемаларды мемлекетпен ұғыну қажет.

Қазақстан Республикасының  дүниежүзілік экономикалық жүйеге бірігуі  шетел инвестициялары үшін қалыпты  инфрақұрылымды және құқықты жағдайларды  қалыптастырусыз мүмкін емес. ҚР-ның экономикасын жаңғыртуда шетел капиталы маңызды роль атқарады. Ұзақ мерзімді саясаты бар жаңа іскерлік ахуал жасау міндетті түрде қажет. Тек осы жағдайда ғана ҚР артықшылықтары, табиғи ресурстарды, транзиттік геополитикалық жағдайды, ғылыми–техникалық әлеуеті мен білімі бар халықты қосқанда, капитал тартудағы ҚР–ның бәсеке қабілеттілігінің маңызды шарттары болады. Республиканың дамыған инфрақұрылымдағы өмірлік қажеттілігі кең территориялы–орнықтырушылық базамен және экономикалық шаруашылық–салалық құрылымымен анықталады. ҚР–сы қысқа мерзімде негізгі өндірістік қорларға капитал түсімін қамтамасыз ету қажет және базалық салалар мен өндірістерді сақтау мен дамыту мақсатында шикізат ресурстарын экспортқа бағдарланған қайта өңдеуді ұйымдастыру керек. Болмаған жағдайда, экономика құрылымын  қайта құру міндеттерін шешпейтін, экспорттың тауарлы – шикізаттық бағдарлануы ҚР – на көптеген жылдарға бекітіледі.

Қазақстан Республикасында  тұрақты экономикалық өсуге жету үшін үлкен көлемдегі инвестициялық  салымдарды талап етеді. Капитал салымдары, тұтыну деңгейінің ары қарай төмендеуін тудыратын, ішкі көздер есебінен қатаң биімделуді талап етеді, ал, бұл саяси-әлеуметтік түсініктемелерге қолайлы емес. Негізгі өндірістік қорларға сыртқы тікелей инвестицияларды тарту баламалы таңдау болып келеді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей шетел инвесторларына тек салықтық, кедендік және тарифтік жеңілдіктер жасау жеткілікті тиімді емес. Инвестордың операциондық территориясын кешенді инфрақұрылымдық жайғастыру шетел капиталын тартудағы өте қажетті шарты болып табылады. Біріншіден, жол және көлік жүйесін, теңіз порттарын, әуежайларды, сумен және энергиямен жабдықтауды, телекоммуникация жүйесін, қоймаларды, логистикалық жүйелерді, тұрғын үй секторларын дамыта бастау керек.

Дамыған және тез дамушы елдер, әсіресе Азиатты – Тынық Мұхиттық аймақ, соңғы 30 – 40 жылда өз елдерін инфрақұрылымдық жайғастыру үшін келісім шарт түрлері бойынша шетел инвестицияларын тез қарқынмен тартқан. Несиелік қарызға алумен ұштастырылған жеке тікелей салымдар жетістікке жету кілті болды. Шетел инвестициялары ҚР–сы үшін сыни болып келеді. Мәселе экономиканы жаңғырту үшін жинақ ақшаның жетіспеушілігінде ғана емес.

Инвестициялық ахуал  нарық реформаларының жетілуінің, жеке меншік құқығының тұрақтылығына  және елдегі жағдайға деген дүниежүзілік капиталдың сенім білдіруінің өлшемі болып келеді.

Сонымен қатар, ұлттық шаруашылықтың  ең ірі объектілеріне ВОТ тұрпаты  бойынша (Build – Operate - Transfer) – салу (құрылыс) – эксплуатациялау – беру стратегиялық инвесторларды тарту дүниежүзілік нарыққа тез биімделуді қамтамасыз ету. Тек ақшалай салымдарды тарту ғана емес, сонымен қатар, сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі, нарық білімі, елеулі ресурстарымен және әртүрлі елдердегі кәсіпорындарды басқару бар стратегиялық инвесторларды тарту маңызды. ЖҰӨ қалыптастырудағы нақты өндірістің салалық салымын қамтамасыз ететін, негізгі өндіріс қорларына салынған капиталдар ғана стратегиялық инвестициялар болып саналуы тиіс. Мысалы, пепси–кола өндіретін завод ҚР–ның макроэкономикалық дамуына салым салмайды, себебі, шетелде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз етеді және шетел шикізат концентратының өндірісін,  тұрлаулы валютаға сатып алып, қаржыландырады. Сонда да, кіріптарлық заводқа салынған инвестициялар пайдалану, өңдеу және отандық мыстың экспортына стратегиялық болып келеді. Сонда, Қазақстандық түсті металлургияға және өңдеуші өнеркәсіптерге капитал салымдары қаржыландырады және ЖҰӨ -ге салым қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, үкімет концессияға (келісім шартқа) табыстау үшін жеке консорциумға белгілі бір уақыт кезеңіне жоба береді. Консорциум бұл жобаны салып, бірнеше жылдар бойы пайдаланады және өз шығындарын өтеп отырып, жобаны пайдаланудан табыс алып отырады. Консцессия мерзімі аяқталған соң консорция жоба активтерін үкіметке береді.

Бірақ инвестициялар қарыздар мен несиелерден тұратын болса, үкімет міндеттенбейді және қайтарымдығына кепілдік бермейді.

Қайтарымдылығы тек  операциондық табыстарға байланысты. Сонда, үкіметтен бюджет қаражатын  тарту қажеттілігі алынады да, барлық тәуекел жеке секторға жатады.

Шетел инвестицияларының  жоғары деңгейімен дамыған нарық  экокномикасына негізделетін экономикалық өсу ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі екендігі Қазақстан – 2030 стратегиясында анықталған. Батыс Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестициялар өте қажетті, бірақ, өмір сүру деңгейінің төмендігіне орай халықтың ақша жинауға және олардың нвестициялауға мүмкіндігі жоқ.

Шетел және жергілікті инвесторлар  қолайлы инветициялық ахуалды қажет  етеді: саяси өкіметтің тұрақтылығы, бизнес туралы тұрлаулы заңдар, тізбекті және ашық салық тәртіптемесі мен үкіметтің бизнеске аз араласуы. Шетел инвестицияларының түсімі Қазақстандағы демографиялық жаңғыртуды жалғастыру және нарық реформаларын дамытуды, аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында, мемлекет экономикаға, сонымен қатар, қоғамда болып жатқан әлеуметтік поцесстерге әсер ету құралы ретінде пайдаланатын салық негізгі реттеушілердің бірі деген мәнге ие болады. Солай, кәсіпкерлердің бөлек категорияларына жеңілдіктер жасай отырып, қоғамдық өндірістің түрлі салаларына мемлекет әсер ету шамасында, және керісінше, белгілі бір салаға жоғары салықтарды енгізіп, мемлекет ондағы  кез–келген кәсікерлік белсенділігін төмендете алады, тіпті өнідірісті тоқтатуға дейін.

Инвестициялық ресурстар ұлттық экономика дамуының алдыңғы қатарлы көздері және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ұстанымға ие. Технологиялық капитал салымдарының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету ең басты проблема болып отыр. Жалпы, бұл проблема шешілмеген. Ұзақ уақыт бойы қаржыландырудың төмен деңгейі экономиканың нақты секторындағы инвестциялық процестің ұдайы өндірісінің өзгеруіне алып келді. Негізгі құралдар тозуының деңгейі жоғарылады.

Машина жасауда конверсиялық шаралар жүргізу үшін инвестициялар  қажет. Проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі – жиынтық сұранысты біршама арттыруға бағытталған макроэкономикалық шаралар көмегімен ішкі нарықты кеңейту. Оған, жеке табыстар мен халықтың сатып алу қабілеттілігін жоғарлату, инвестициялар құрылыс үшін тауарларға өсіп жатқан сұранысты көтермелеу, мемлекетпен отандық тауарларды тікелей сатып алуларды жоғарлату арқылы жетуге болады.

 “Халықтың нақты  табысын жоғарылату әлеуметтік  мәселені шешеді және экономикалық  сұраныстың маңызды шарттары  ретінде тұтыну сұранысын көтереді. Қаржы саласын тұрақтандыру, іскерлік белсенділікті көтеру, мемлекетке сенімшілікті күшейту халықтың жинақ ақшаларын өсіру үшін қажетті және сенімді негіздерін және қорлануға олардың трансформацияларын қалыптастырады” – деп есептейді В.К Гуртов.

Халықтың жинақ ақшаларына инвестициялық процесстерді тарту  үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалануға болады. Ол үшін, меншік иелері үшін инвестицияның табыстылығы  мен қайтарымдылық сенімділігін қамтамасыз ететін, отандық өнеркәсіп дамуына зейнетақы қор активтерін инвестициялау механизмдерін әзірлеу керек.

Өтпелі кезеңдегі халықтың жинақ ақшаларына жасалған мемлекеттік  эксперимент банктік салаға және мемлекетке деген халық сенімін  үзді. Сондықтан, халықтың жинақ ақшаларының максимальді қауіпсіздігіне кепілдік беру қажет.

Қазақстандық банктер  мен мемлекеттік бюджеттің тартылған  қаражаттарын және кәсіпорындар мен  халықтың жеке инвестицияларын салғанда ғана өнеркәсіп тауарларының отандық  өндірісінің  өсуі мүмкін болады.

Табыс инвестицияны жүзеге асырудың ықыластандырғыш уәждері  болып табылады. Кәсіпкерлер өндіріс  қаражаттарын, мұндай сатып алулар табысты болады дегенде ғана бір  компонент бар, ол – процент мөлшерлемесі.

Өнерәсіптік және де инновациялық сектордың өңдеуші салалары жеке инвесторлар үшін тартымды болып қала береді. Мұнда, өңдеуші өнеркәсіпке жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау мемлекет міндеті болып табылады.

Қызметтің басым түрлеріндегі кәсіпорындардың тіркелген активтеріне салымдар салатын инвесторларға, жеке инвестицияларды тарту процессін ынталандырушы экономикалық тұтқа ретінде “ Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңына ” сәйкес берілетін инвестициялы салықтық және кедендік жеңілдіктер, мемлекеттік натурдық гранттар және көптеген кепілдіктерді пайдалану қажетті. Бірақ, заңмен қарастырылатын преференсиялар, берілген салалардың коммерциялық тартымсыздығымен салыстырғанда берілетін жеңілдіктердің салыстырылымсыздығы түрінде, индустриалды–инновациялық сектор салаларының дамуына қажетті әсер етуге мүмкіншілігі жоқ. Мұндай жағдайда, оларды фискалды саясат шараларымен толтыру қажет.

Экономикалық тұтқаларды пайдалану ұйымдастырушылық сипаттағы  шаралармен толтырылуы керек. ҚР мен  оның аймақтарының инвестициялық мүмкіншіліктері туралы берілетін ақпараттың көлемі мен сапасы еліміздің экономикасына капитал салымдары туралы инвесторлардың шешім қабылдауына үлкен әсер етеді. Осыған орай, инвестициялық мүмкіншіліктердің призентациясы бойынша жасалып жатқан жұмыстарында индустриалды–инновациялық сектор салаларын дамытуға ерекше көңіл аударылуы керек. Перспективті жобаларды іздеу бойынша әлеуетті инвесторларға және жеке инвесторды қызықтыра алатын, инвестициялық жобаларды әзірлеу мен идентификациялау бойынша кәсіпорындарға қызмет көрсететін, аймақтардағы ақпаратты–консультативтік орталықтарды құру бойынша жұмыс ұйымдастырылуы керек.

Ақпараттық–презентациялық шараларды жүзеге асырудан басқа инвесторлармен тиімді диалог жүргізуге көшу керек, әсіресе, трансұлттық компаниялармен, индустриалды–инновациялық дамудың ірі инвесициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, басымды  өндірістердің инвестициялық тартымдылығын  арттыру мақсатында мемлекетпен  шаралар қабылданады, бағытталған:

  • акционерлер құқығын қорғауды күшейтуге және корпоративті басқарудың тиімділігін жоғарылату;
  • тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;
  • қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін тездетуге;

Индустралды–инновациялық даму айналасында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар көзі – республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, сонымен қатар, мемлекет басқаруындағы кәсіпорындардар (дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары, ұлттық коипаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаржалары болады.

Басымды бюджеттік инвестициялар арасында, индустриалды-инновациялық даму үшін интеллектуалды және инфрақұрылымды негіз құратын салалар қалу керек. Яғни, бюджетті инвестициялар, жоғары технологиялық өндірістердің қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын және аймақтардағы іскерлік және инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасайтын, қажетті басымды және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына бағытталуы қажет.

Индустриалды–инновациялық секторлар салаларына бюджеттік инвестициялардың бағытталуы – негізгі қызметі несие капиталының ішкі және сыртқы нарығында қаражаттарды, сонымен қатар, экономиканың басымды салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін институционалды инвесторлар қаражаттарын тарту болып табылатын – дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Әр өндірістің әлеуетін анықтаған соң, инвестициялық саясат өз күшін Қазақстан экономикасының шикізат секторының  кішірек участігіне тоқтату керек. Тек осы жағдайда ғана, өндіруші сектормен бірге ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканың негізін құра алатын, бірнеше жаңа қуатты салалардың пайда болуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, мемлекеттің  инвестициялық және әкімшілік ресурстары шектеулі, немесе барлық ресурстарды  көптеген салаларға тарату тек жоғары қосылған құны бар орта дамыған салалардың пайда болуына алып келуі мүмкін, бірақ, халықаралық ауқымдағы бәсеке қабілеттілігінің жоғары емес деңгейінде.

Индустриалды–инновациялық дамудағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізудің басқа құралы – ұлттық компаниялар. Мемлекет осы компаниялардың иесі ретінде экономиканың стратегиялық салаларында олардың ресурстарын, шикізат емес секторында жоғары технологиялық өндірістердің дамуына, инвесторлар ретінде және өнімді тұтынушылар ретінде де тарту керек.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын жетілдіру жолдары