Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 18:17, курсовая работа
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іс-керлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өң-делуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшы-лыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағ-дайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.
Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар.......................
-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка.ө 0,2 0,5
Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 0,02;
жыл соңында – 0,1;
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Аралық
өтеу коэффициентінің қалыпты
Кар.ө 1
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 1,5;
жыл соңында – 0,98;
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Кағ.ө 2
Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:
жыл басында – 2,6;
жыл соңында – 2,2;
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Жалпы
алғанда соңғы екі өтімділік
коэффициенттерінің шамалары талап
етілген шектеуге жауап бергенімен,
жыл соңында олардың мәндері
азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта
бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның
се-бептерін анықтаған жөн.
2.4.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын талдау.
Талдау
жүргізушінің келесі әрекеті баланс
активінің құрылу көздерін талдау болады.
Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі,
оны сатып алу және оны құ-рылуы да, кәсіпорынның
өзінің де, қарызға алынған капиталдың
да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін
есте сақтау керек. Ал меншікті капитал
мен қарызға алынған капиталдың арасындағы
қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.
Нарық
қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі
және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен,
яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге
асырылады. Тек ол капитал жетпегенде
ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде
қиын болса да сырттан тартылған капиталдан
қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын
алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес.
Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы
активтерінің құрастырылу көздерін шектеу
керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны
қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір
кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден
жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда,
ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен
және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.
Активтердің
қорлану көздерін талдау кезінде
меншікті және қатыстырылған капиталдың
көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезеңіндегі олардың өз-геру себептері
анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде
өз меншігіндегі капи-талға басты назар
аударылады, себебі өз қаражаттарының
қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының
барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:
Ктс = Мк:Ак
Мұндағы:
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк
- меншікті капитал;
Ак
- авансталған капитал (баланс валютасы
жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл
коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық
тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе,
алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың
азаятындығын көр-сетеді.
Батыс
экономистері тәуелсіздік коэффициентінің
неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс
деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің
тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік
береді. Инвесторлар, несие берушілер
дәл осындай құры-лымды таңдайды, себебі
ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің
кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның
қаражаты көп болса, соғұрлым үздік-сіз
жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында
алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер
әр түрлі резервтерді құру жолымен және
жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей
қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге
тырыса-ды.
Қаржылық
талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары
инвесторлар мен не-сие берушілерді қамтамасыз
ететін, меншікті капиталдың оның жалпы
сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып
табылады деп есептейді [21,22].
А.Д.Шеремет,
А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және
тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі
мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін
өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете
алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады
[2,18,6] деп санайды.
АҚШ
және Еуропа елдерінде тәуелсіздік
коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі
болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың
баланс валютасына қатынасы саналады.
Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі
төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптастырылған
мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған
каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір
себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын
өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына
болады.
Жабдықтаушылар
мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық
міндет-темелер қатаң сақталатын және
фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық
экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік
коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды
қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге
болады).
Жоғарыда
келтірілген меншіктік
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.
Әрине,
авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда
қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.
Каржылық
есеп берудің активтерінің қалыптасу
көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей
талдау 5-кестесі құрылады.
Кесте-5
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.
Көрсеткіштер | Сомасы, мың тг. | Құрылымы, % | Өзгеріс (+;-) | |||
Жыл басында | Жыл соңында | Жыл басында | Жыл соңында | Мың тг. | Үлес салмағы% | |
Меншікті капитал | ||||||
Жарғылық капитал | 13 395 | 13 395 | 3,63 | 3,72 | 0 | |
Қосымша капитал | 223 375 | 223 375 | 60,49 | 62,09 | 0 | |
Резервтік капитал | 3 225 | 3 225 | 0,87 | 0,90 | 0 | |
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) | 60 480 | 59 415 | 16,38 | 16,51 | -1 065 | -1,76 |
Жиыны | 300 475 | 299 410 | 81,37 | 83,22 | -1 065 | -0,35 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 0 | 0 | 0,00 | 0,00 | 0 | |
Қысқы мерзімді міндеттемелер | ||||||
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт | 5 325 | 3 175 | 1,44 | 0,88 | -2 150 | -40,38 |
Кредитолық борыш | 44 325 | 41 835 | 12,00 | 11,63 | -2 490 | -5,62 |
Алдағы кезең кірістері | 3560 | 3 570 | 0,96 | 0,99 | +10 | +0,28 |
Баса да несиелік борыштар | 15 565 | 11 775 | 4,22 | 3,27 | -3 790 | -24,35 |
Жиыны | 68 775 | 60 355 | 18,63 | 16,78 | -8 420 | -12,24 |
Барлығы | 369 250 | 359 765 | 100,00 | 100,00 | -9 485 | 2,57 |
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары