Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 18:02, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................3
Негізгі бөлім:
I. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталы туралы түсінік..............................................................................................................................................4
II. Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталына инвестициялар..............................................................................................................................7
Қорытынды........................................................................................................................12
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................13

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындағы айналымнан тыс активтерді басқару.doc

— 271.00 Кб (Скачать)

 

 

ЖОСПАР:  

 

Кіріспе...................................................................................................................................3  

Негізгі бөлім: 

 

I. Кәсіпорынның айналымнан  тыс активтері мен негізгі  капиталы туралы түсінік..............................................................................................................................................4  

 

II. Кәсіпорынның айналымнан  тыс активтері мен негізгі  капиталына инвестициялар..............................................................................................................................7  

Қорытынды........................................................................................................................12  

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................................13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Айналым активтерін басқару саясаты  кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын  қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның айналым құралдары  дегеніміз өндіріс пен сатылудың  үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады.

Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты  жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан  айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру  кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. 
Жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның  айналымнан тыс активтері мен  негізгі капиталы туралы түсінік

 

Кәсіпорын активтерін басқару әдістерін зерттеу кезінде осы терминге анықтама беру қажет.

Активтер (ағылш. assets) деп, кез-келген үлгіде кездесе алатын, ұйым қызметінің өткенде болған оқиғалары нәтижесінде  пайда болған және болашақта мүмкін болатын пайдалану кезінде экономикалық пайда табу мақсатымен ұйым бақылауының астындағы шаруашылық құралдарды түсінеміз. Болашақ экономикалық пайда – бұл активтердің ақшалай қаражаттарды ұйымға қарай тікелей немесе жанама түрде тарту мүмкіндігі.

Егер де актив:

- сатуға арналған өнімді, жұмыстар мен қызметтерді өндіру үдерісі кезінде басқа активтермен бірге немесе жекеше түрде пайдаланыла алатын болса;

- басқа активке айырбастала  алатын болса;

- міндеттемелерді өтеу үшін  пайдаланыла алатын болса;

- ұйым иелері арасында бөліне  алатын болса, онда ұйымға болашақта экономикалық пайда алып келеді деп саналады.

Сонымен, кәсіпорын активтерін анықтаудың келесі негізгі жолдары бар (1 кесте).

1 Кесте  — «Актив» атауының анықтамасы

Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға  негізделе отырып, өз анықтаманы шығарып  алуға болады: кәсіпорын активтері  – бұл кәсіпорын меншігіндегі мүліктің, ақшалай қаражаттардың және материалдық емес активтердің жиынтығы, кең мағынада алып қарағанда – ақшалай құны бар кез-келген құндылықтар. Бұл – ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, материалдық қорлар, банктегі салымдар, бағалы қағаздар, сондай-ақ иелердің қаражаттары салынған интеллектуалды өнім, патенттер, авторлық құқықтар, басқа кәсіпорындардың борыштық міндеттемелері, қорларды пайдалану үшін берілетін ерекше құқықтар.

Активтер шаруашылық қызметте пайда  табу мақсатымен қолданылатын мүліктік құндылықтар жиынтығы түріндегі кәсіпорынның экономикалық ресурстары болып табылады.

Кәсіпорын активтерінің қалыптасуы оның өмірлік циклінің түрлі сатыларындағы  үш негізгі кезеңдерімен байланысты:

1. Жаңа кәсіпорынды құру. Бұл  активтердің қалыптасуындағы, әсіресе ірі кәсіпорындарды құру кезіндегі едәуір жауапты кезең (олардың алғашқы қалыптасуының үдерісі). Осы кезеңде қалыптасатын активтер көп жақтардан бастапқы капидалға деген қажеттілікті, пайданы табу шарттарын, сол активтердің айналу жылдамдығын, олардың өтімділік деңгейін және т.б. анықтайды.

2. Әрекет етуші кәсіпорынды кеңейту,  қайта құру және жаңарту. Активтердің  қалыптасуының осы кезеңін кәсіпорынның  өмірлік циклінің негізгі сатыларындағы  активтердің дамуының тұрақты  үдерісі ретінде қарастыруға  болады. Әрекет етуші кәсіпорын активтері құрамының кеңеюі және жаңартылуы, инвестициялық қорларды қалыптастыру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, кәсіпорын дамуының стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әрекет етуші кәсіпорынның  жаңа құрылымдық бірліктерінің (еншілес кәсіпорындарының, бөлімшелерінің және т.б.) құрылуы. Бұл үдеріс жаңа құрылымдық мүліктік кешендердің (олардың жаңадан құрылысы негізінде) құрылуы немесе біртұтас мүліктік кешен үлгісінде активтердің дайын жиынтығын  сатып алу (осындай сатып алу нұсқалары ретінде әрекет етуші мемлекеттік кәсіпорынды, банкротқа ұшыраған кәсіпорынды сатып алу және т.б. алып қарауға болады) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін[6, б.11].

Активтердің қалыптасуының екінші және үшінші кезеңдері әрекет етуші  кәсіпорынның инвестициялық қызметінің үлгілері болып табылады.

Алдағы уақытта кәсіпорынның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету үшін, сол кәсіпорын активтерінің қалыптасу  үдерісі мақсатты сипатта болуы  тиіс. Кәсіпорын активтерін қалыптастырудың  негізгі мақсаты операциялық үдерісті қамтамасыз ету үшін активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау мен оны қанағаттандыру, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің тиімді болу шарттарын қамтамасыз ету үшін активтер құрамын оңтайландыру болып табылады.

Осы мақсатты ескере отырып, кәсіпорын активтерінің қалыптасу үдерісі келесі ұстанымдар негізінде құрылады:

1. Операциялық қызмет пен оның  кеңею үлгілерінің жақындағы  даму әлеуетін есептеу. Кәсіпорынды  құру кезінде оның активтерінің  құрылуы ең алдымен кәсіпорынның  операциялық қызметінің даму мәселелеріне тәуелді.

Бұл ретте, кәсіпорынның өмірлік циклінің алғашқы сатыларында операциялық  қызметтің көлемі едәуір жоғары қарқынмен  өсетіндігін (кәсіпорынның нарықтағы  өз орнын дәл табуы жағдайында) естен шығармаған жөн. Сондықтан  да, алғашқы сатыда қалыптасатын кәсіпорын активтерінің иелігінде жақын уақытта өнім көлемінің өсуі мен операциялық қызметтің кеңею мүмкіндігін қамтамасыз ететін белгілі бір резервті әлеуеті болуы тиіс.

3. Қалыптасушы активтердің көлемі  мен құрамын өнімді өндіру мен сатудың көлемі мен құрамына сәйкестендіруді қамтамасыз ету. Бұндай сәйкестік жаңа кәсіпорынды құрудың бизнес-жоспарын жасау кезінде активтердің жеке түрлеріне деген қажеттілікті анықтау арқылы қамтамасыз етілуі керек.

Жаңадан құрылатын кәсіпорын активтерінің құрамы бірқатар ерекшеліктерге ие:

- кәсіпорынды құру сатысында  кәсіпорынның айналымнан тыс  активтерінің құрамында ұзақ  мерзімді қаржы жұмсаулары іс  жүзінде жоқ – олар кәсіпорынның  келесі инвестициялық қызметінің  үдерісі кезінде құрылады;

- кәсіпорынның айналымдағы активтерінің құрамында олардың қалыптасуының алғашқы кезеңінде дебиторлық қарыз іс жүзінде жоқ, бұның себебі шаруашылық қызметтің әлі басталмағанында. Бұдан басқа, қысқа мерзімді қаржы жұмсаулары минимумға дейін қысқартылған (ал көп жағдайда – мүлдем жоқ). Олар активтер құрамына құрылтайшылардың жарғы қорына берген жарналары да осындай қысқа мерзімді қаржы құралдары түрінде төленген жағдайда ғана кіргізіледі.

Жоғарыда айтылғанды есепке ала  отырып, жаңадан құрылушы кәсіпорынның активтерге деген қажеттілігін есептеу активтердің келесі түрлері бойынша жүзеге асырылады:

- негізгі құралдар; материалдық емес активтер; өндірістік қызметті қамтамасыз ететін тауарлы-материалды құндылықтардың қоры; - ақшалай активтер; активтердің басқа түрлері[7, б.134].

Негізгі құралдарға деген қажеттілік олардың жеке топтары бойынша  есептелінеді:

- өндірістік ғимараттар мен  үйлер;

- өндірістік технологиялық үдерісте  пайдаланатын машиналар мен жабдықтаулар;

- операциялық қызметті басқару  үдерісі кезінде пайдаланатын  машиналар мен жабдықтаулар.

Алғашқы кезеңде өндірістік технологиялық  үдерісте қолданылатын машиналар мен  жабдықтаулардың жеке түрлеріне  жеген қажеттілік анықталады.

Екінші кезеңде операциялық  қызметті басқару үдерісі кезінде  қолданылатын машиналар мен жабдықтаулардың жеке түрлеріне деген қажеттілік анықталады (кеңсе жиһазы, электронды-есептеуіш машиналар, байланыс құралдары және т.б.).

Үшінші кезеңде тікелей өндірісті (оның барлық қосалқы түрлерін қоса) жүзеге асыру мен басқару персоналын орналастыру үшін ғимараттарға деген қажеттілік анықталады.

 

Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі  капиталына инвестициялар

Материалдық емес активтерге деген қажеттілік операциялық  үдерісті жүзеге асырудың қолданылатын технологиясына сәйкес анықталады.

Кәсіпорынға қажетті айналымнан тыс операциялық активтердің құндық көлемін анықтау кезінде олардың жеке түрлеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру үлгісі есепке алынады – жеке меншікке алу, қаржылық немесе операциялық жалға алу.

Тауарлы-материалдық  құндылықтарға деген қажеттілік олардың келесі түрлері бойынша бөлек есептелінеді:

- шикізат  пен материалдардың  қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік;

- дайын  өнім қорларына авансыланатын  капиталға деген қажеттілік (өнеркәсіптік  кәсіпорындар үшін);

- тауарлар  қорларына авансыланатын капиталға деген қажеттілік (сауда кәсіпорындары үшін) [8, б.86].

Тауарлы-материалдық  құндылықтар қорларына авансыланатын  айналымдық капиталға деген қажеттіліктің  әр түрі олардың бір күндік шығынын  күн бойынша есептелген қор нормасына көбейту арқылы анықталады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының нормаларының әр түрін әр кәсіпорын дербес, өз шаруашылық қызметінің салалық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, орнатады (жаңа кәсіпорындар бойынша бұл нормалар бизнес-жоспар көрсеткіштерінің құрамына қосылады).

Орташаланған  есептеулер үшін шетел тәжірибесінде  бизнес-жоспарларды әзірлеу кезінде  қорлардың келесі стандартты нормалары  қолданылады: шикізат пен материалдар  бойынша — 3 ай (90 күн); дайын өнім бойынша — 1 ай (30 күн); сауда кәсіпорындарымен өткізілетін тауарлар бойынша — 2 ай (60 күн).

Ақшалай активтерге деген қажеттілік олардың  еңбекақыны өтеу бойынша (еңбекақыға есептелген төлемді есепке алмағанда); аванстық және салық төлемдері бойынша; маркетингтік қызмет бойынша (жарнамаға бөлінген шығындар); коммуналдық қызметтер және т.б. бойынша алдағы шығындарына қарай анықталады. Жаңадан құрылатын кәсіпорындардың ақшалай активтерді қалыптастыру тәжірибесінде оларға деген қажеттілік алдағы үш ай бойынша жоғарыда айтылған төлемдер түрлері бойынша анықталады (бұл жағдай кәсіпорынның қызмет етуінің алғашқы кезеңінде борыш төлеу алушылықтың жеткілікті қорын қамтамасыз етеді). Содан соңғы шаруашылық қызметі кезінде активтердің ақша түріндегі нормативтері төмендейді (әсіресе инфляция жағдайында).

Басқа активтерге деген қажеттілік олардың  түрлері бойынша, тікелей санау  әдісі арқылы және құрылатын кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес орнатылады. Басқа активтерге деген қажеттілік айналымдағы және айналымнан тыс  активтер бойынша бөлек есептелінеді.

Өткізілген есептеулер нәтижелері бойынша жаңадан құрылатын кәсіпорынның айналымдағы және айналымнан тыс  активтерге деген жалпы қажеттілік анықталады. Айналымнан тыс активтерге деген қажеттілік негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге және айналымнан тыс активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару жолымен есептелінеді. Осыған сәйкес айналымдағы активтерге деген қажеттілік тауарлы-материалдық құндылықтар қорына, ақшалай активтерге және айналымдағы активтердің басқа да түрлеріне деген қажеттіліктердің жалпы санын шығару арқылы анықталады.

Информация о работе Кәсіпорынның айналымнан тыс активтері мен негізгі капиталы