Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 21:28, реферат
Алжир, Алжир Халық Демократиялық Республикасы (арабша әл-Жумхурия әл-Жазаирия Демократия аш-Шаабия) — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия және Туниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 27,1 млн. адам (1993). Негізгі халқы — алжирліктер — 14,9 млн адам (барлық халықтың 98,4%-і).
Кіріспе .................................................................................................................... 2
Негізгі бөлім .......................................................................................................... 3
1.1 Тарихы ......................................................................................................... 3 - 4
1.2 Әдебиеті мен өнері ......................................................................................... 5
2.1 Экономикасы ............................................................................................... 6 -7 2.2 Авторитаризмнің ұқсас тәсілдері .............................................................. 7- 9
Қорытынды ........................................................................................................ 10
Жоспар
Кіріспе ..............................
Негізгі бөлім ..............................
1.1 Тарихы ..............................
1.2 Әдебиеті мен өнері ..............................
2.1 Экономикасы ..............................
Қорытынды ..............................
Алжир, Алжир Халық
Алжир аймағында алғашқы
адамдар бұдан 400-500 мың жыл
бұрын өмір сүрген. Б.з.б. 12 ғасырда
Алжир жерінде тұңғыш
Алжир халқының әдебиеті араб, кабиль, француз тілдерінде дамыған. Отаршылық қамытынан құтылуға ұмтылған халықтың өр рухына оның биік азаматтық пафосы сәйкес келеді. Халық ақындары (маддахтар) азаттық үшін қарулы күреске үндеді (Абду-л-Қадыр, Саид Абдолла, Мұхаммед Белкаир т.б.). 20 ғасырдың басында араб мәдениетін жаңарту жолындағы қозғалыс басталды. Патриоттық лирика өрістеді. (Мұхаммед әл-Ид, Мұхаммед әл-Лакхани). Алжир халқының 50-60 жылдары поэзиясындағы жетекші тақырыбы ұлт-азаттық күресі (Әбу-ль-Касым Саадалла Муфди Закария). Прозада бұл әсіресе ат-Пахир Ваттар, Фадил Масуди әңгімелерінде айқын көрінді. Араб тілді Алжир әдебиетінде әңгіме жанрының негізін салған Ахмед Рида-Хуху араб тіліндегі алғашқы отандық романның да авторы болды (“Меккеден келген қыз”, 1947). 40 — 50 жылдары француз тілді Алжир әдебиеті дами бастады. Жан Амруш, Аит Жафер, Мұстафа Лашраф сияқты ақын, жазушылар өз шығармаларында ұлттық сананың оянуын бейнеледі. Мұхаммед Дибтің (“Алжир” трилогиясы), Мулуд Фераунның (“Кедей баласы” романы), Мулуд Маммеридің (“Әділет ұйықтап жатқанда”), т.б. жазушылардың реалистік шығармалары жарық көрді. Әсия Жебар, ]]Маргерит Гаос]] әйелдердің рухани жетілуін, сезім тәрбиесі мәселесін көтерді. Аңыз бен тарих, миф пен шындық Ясин Кәтеб туындыларында өзгеше үйлесім, өрнек тапты (“Жазалау шеңбері” драмалық тетралогиясы, “Неджма” романы). 60 — 90 жылдар әдебиетінде Мулуд Ашур, Жамал Амрани, Мұстафа Туми, Набил Фарес, Айша Лемсин, Мұстаф Хашан, Диб, Хажы Әли, Тидафи т.б. шығармалары көрнекті орын алады. Алжир архитектуралық ескерткіштерге бай. 10-13 ғасырда Алжир, Тлемсен, кейінірек Константина қалаларында айтарлықтай архитектуралық құрылыстар (Тлемсеннің үлкен мешіті, 12 ғасыр, Сиди мешіт-медресесі, Мұстафа паша сарайы, Бордо вилласы т.б.) салынды. 1830 жылы елді басып алған француздар Алжирдің жаңа құрылысына Парижбен ұқсастық беруге тырысты. Ұлттық би ансамблі, музыка мен мәнерлеп оқу консерваториясы, Ұлттық музыка институты бар.
Шаруашылығының дамуы
жағынан Алжир Африка
Алжир президенті Әбдел Әзиз Бутефлика ақпанның 3-күні елде саяси реформалар жасайтыны туралы мәлім етті. Аттап басқан қадамы мен аузындағы сөзі бағулы саяси партия өкілдеріне теле-радиолардан еркін сөйлеуге ерік беремін деп «еміренген» Әбдел Әзиз Бутефлика 1992 жылдан бергі төтенше жағдай жүйесін жұмсартуға да келісті. Төтенше жағдайдағы Алжирде қарапайым тұрғындардың еркі мен қақы шектеліп құқыққорғау органдарының қызметіне ерекше құзырет беріліп келеді. 1999 жылы әскерилердің көмегімен билік басына жеткен Әбдел Әзиз Бутефлика 2008 жылы Конституцияға өзгеріс енгізуге пәрмен етті. 2008 жылы Конституцияға енген өзгерістер мен толықтырулар Бутефлика билігіне шектеу қойылмайтындығын заңдастырған болатын.
Алжир президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет. Ел президенті 5 жылда бір рет сайланады. Президент Жоғары Қауіпсіздік Комитетінің басшысы қызметін қатар атқара береді.
Алжир мұнай қоры бойынша дүние жүзінде 14-і орында және сыртқа газ экспорттайды. Темір, фосфат, уран, қорғасын және цинк өндіреді. Алайда, Алжирдегі әлеуметтік ахуал, күнкөріс деңгейі төмен. Халықтың 30 пайызы жұмыссыз.
Алжирдің Сыртқы істер министрі Мұрат Меделси кеше Испанияның El Pais газетіне берген сұхбатында Египет пен Тунистегі оқиға бізде бола қоймайды депті. Мұрат Меделсидің сөзіне қарағанда, Алжирде сөз бостандығы бар, азаматтардың жүріп-тұруына, ойын еркін білдіруіне барлық мүмкіндік жасалған көрінеді. Алайда, Алжирдегі бас алаңға ағылып келіп жатқан шерушілерді полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап, сойыл жұмсап қайтарып салып тұр. Францияның отары болған Алжирде азамат соғысы жылдары 200 мыңға жуық адам қаза тауыпты. Елде ресми тіл араб тілі болғанымен Алжирдің саяси элитасы әм бай-бағландары әлі француз тілінде сөйлейді. Биліктің мақұлдауымен тарайтын мәліметтерге сүйенсек, Алжир халқының 90 пайызы французша біледі екен (бізде орыстілінде сөйлейтіндердің пайыздық көрсеткіші қанша еді, есіңізге түсіріп көріңіз). Бақылаушылар алжирліктердің толқуын авторитарлық билікке қарсылық пен кедейліктің шегіне бұдан әрі шыдаудың мүмкін еместігімен байланыстырады.
2.2 АВТОРИТАРИЗМНІҢ ҰҚСАС ТӘСІЛДЕРІ
Алжирді президенттік таққа 1999 жылы келіп, 2004 жылы екінші мерзімге қайта сайланған Әбдел Әзиз Бутефлик билеп отыр. 2008 жылы президенттік мерзімдерге қойылған шектеуді алып тастау жөнінде Конституцияға өзгерістер енгізілген соң, 2009 жылы Әбдел Әзиз Бутефлик үшінші мерзімге қайта сайланды.
Хосни Мүбәрәк 1981 жылы Египет президенті болды. Содан соң үш мәрте референдум арқылы президенттік мерзімдерін ұзартты. 2005 жылы
Конституцияға жасалған өзгерістерден соң өз партиясының атынан қайтадан президент болып сайланды.
ІІ Абдалла – 1999 жылдан бері Иорданияның королі. Бұл елде конституциялық монархия орнаған.
Әли Абдалла Салех – 1978 жылдан бері Йеменнің үздіксіз президенті.
Бен Әли Тунисті 1987 жылдан бері биледі. 2011 жылы қаңтар айында бұрқ ете қалған халық наразылығынан соң елден қашты.
Орталық Азия биліктерінің әрекеттері де араб билеушілерімен ұқсас – жалған референдумдар өткізіледі, Конституцияға диктаторлар үшін ыңғайлы түзетулер енгізіледі, билеушілердің өкілеттері ұзартылады, «Өмірлік», «Үздіксіз», «Бірінші», «Тұңғыш» президент, «Елбасы», «Ұлт көсемі», «Асқартау», «Түркіменбашы» сияқты толып жатқан атақтар беріледі. Айтпақшы, қазіргі түрікмен президентіне «Арқадағ» деген ерекше атақ берілгені жайлы қалың көпшілікке әуелі Азаттық радиосы хабарлаған еді.
Автократтардың мемлекетті билеудегі лас тәсілдері де ұқсас. «Транспаренси Интернэшнл» халықаралық ұйымының деректері бойынша, 2010 жылы сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша Алжир – 105, Мысыр – 98, Иордания – 50, Тунис – 59, Йемен 146-орынды иеленді.
Оның үстіне, сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша Орталық Азия мемлекеттері араб елдерінен озып кетеді. Тек Қазақстан ғана Алжирмен деңгейлес – 105-орында тұр. Ал Түркменстан мен Өзбекстан рейтингтің соңынан орын алған. Бүкіл билікті қолдарына топтастырған араб пен Орталық Азия билеушілері айналасына жақын туыстары мен өздеріне берілген сенімді адамдарын ғана жинап, сыбайлас жемқорлықтың күрт дамуына мүмкіндік жасайды.
Тунис президенті Бен Әлидің қайын жұрты жайында БАҚ-тарда көптеген мысалдар келтірілді. Олар бір ғана мақсатты – баюды ғана ойлаған. Тунистің бұрынғы президенті мен оның әйелі өз елдерінен қашқан соң Еуропалық одақ олардың активтерін тоқтатып тастады.
Орталық Азия елдері басшыларының туыстары да жыл сайын әлемдегі миллиардерлер рейтингінде жылт етіп көрініп қалады. Олардың кейбіреулерінің аты-жөндері сыбайлас жемқорлық жанжалдарына байланысты да естіліп қалады.
МҰНАЙ ДА КЕРЕК, ДЕМОКРАТИЯ ДА КЕРЕК
Наразылық толқындары шарпыған араб елдерінің экономикалары бір-біріне барынша ұқсас. Мысалы, Алжирдің ең басты экономикалық саласы – мұнай-газ секторы. Бұл ел газ қоры бойынша әлемде бесінші, ал мұнай қоры бойынша 14-орында тұр. Елде мұнайдан басқа да пайдалы қазбалар бар. Ауыл шаруашылығы мен теңіз кәсіпшілігі дамыған.
Египеттің қазынасын негізінен Суэц каналы арқылы өтетін кемелерден алынатын салық толтырады. Одан кейінгі орында мұнай экспортынан түсетін табыс тұр. Бұл елде ауыл шаруашылығы мен туризм де дамыған.
Тунис экономикасы мұнай мен минералды шикізаттар экспортына, өңдеуші өнеркәсіпке, туризмнің дамуына негізделген. Йеменнің бюджетін толтыратын негізгі сала – мұнай мен газ.
Аграрлы-индустриалды Иордания – араб аймағындағы ең кедей ел. Бұл елдердегі қызмет көрсету, туризм және ауыл шаруашылығынан өзге экономика салаларының барлығы мемлекетке тиесілі.
Бүкіләлемдік банк пен Халықаралық қаржылық корпорациясы баяндамасының деректері бойынша, бизнеске қолайлылығы жөніндегі 2010 жылғы рейтингте Алжир – 136, Мысыр – 99, Иордания – 107, Йемен – 104, Тунис 58-орында тұр. Бұл елдердегі билік қолайлы бизнес-климат қалыптастыру үшін айта қоярлықтай ешнәрсе жасамағанын сеніммен айтуға болады.
Орталық Азия елдері де шикізаттық экономикаға арқа сүйеп, бизнеске қолайлы жағдай жасауға келгенде ұятты болып отыр. Олардың ішінде бизнеске барынша қолайлы ел Қырғызстан – 47-орында тұр. Ал Қазақстан бұл рейтингіде соңғы орындардың бірінде – 74-орында.
Қорытынды
«Алжир» жөніндегі ақиқат «Жазығы не еді аналардың?» деген талантты журналист Армиял Тасымбековтің сериялы мақалаларында алғаш рет айтылды. Осы мақалалар сол кезде талайларға ой салып, оқырман қауымды көп мағлұматтардан хабардар етті. Автор 1994 жылы «Жан дауысы: Алжир архипелагы» деген еңбегінде соңғылардың бірі болып қалған «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері» түрмесінің әйелдерінің естеліктерін келтіреді. Олар күйеулерінің қалай ұсталғандығы, өздерінің қалай ұсталғандығы, балаларының тағдырлары туралы тереңнен толғаған.
Талантты режиссер Аяған Шәжімбаев осы тақырып төңірегінде кино түсіруді о бастан-ақ армандап жүретін. Сериялы мақала авторы Армиял Тасымбековті тауып алып, екеулеп болашақ киноның сценарийін жаза бастады. Әуел баста қысқа метражды құжаттық фильм деп басталып, кейіннен тақырып ауқымының кеңдігіне байланысты оның көлемі кеңейе түсті. Қызды-қыздымен келіп, екі сериялы көркем фильм болып шыға келді. Кино үйіндегі оның алғашқы қойылымына көрермен қауым көп жиналды. Жазушылар, журналистер, тарихшы-ғалымдар алғашқы қойылымда-ақ бұл фильмге үлкен баға берді. Өйткені бұл сталиндік зұлматтың қайғы-қасіретін әшкерелейтін қазақ киносындағы алғашқы туынды еді.
Тоталитаризм қапасында өмірі қиылған жандардың, сондай-ақ бастан кешкен қасіреті өле-өлгенше санасында жаңғырып, сол қорқынышты шындықты бізге жеткізген, азап көрсе де, аман қалу бақытына ие болған жандардың қай-қайсысы да біз үшін ерекше қымбат, айрықша қастерлі. Олар ұрпақ санасында мәңгі өмір сүреді. Біздер өткен тарихтың бетіне енді ғана тіке қарап, өмірден өкінішпен өткен, артында тек цифр жазылған тақтайша ғана қалған иесіз, атаусыз молаларды еске алуға қол жеткіздік. Жазықсыз жапа шеккен ару аналарды әрдайым еске алып, рухына бас ию – кейінгі ұрпақ – біздердің қасиетті борышымыз.
Информация о работе Корпорациялардың қаржысы: олардың қаржы ортасын ұйымдастыру және ұстау негіздері