Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Оффшорлық компаниялар Багам аралдарында банк шоттарын ашуға, жергілікті заңгерлер қызметін пайдалануға, қаржылық құжаттама мен қаржылық есептілік жүргізу мен сақтауға, акционерлер жиналысын өткізуге құқылы. Сонымен бірге, Багам аралдарында тіркелген компаниялардың акцияларын иеленуге болады.

Работа содержит 1 файл

Багам аралдарында тіркелетін оффшорлық компаниялар Халықаралық кәсіпкерлік компаниялар International Business Company.docx

— 197.07 Кб (Скачать)

Багам аралдарында тіркелетін оффшорлық компаниялар Халықаралық  кәсіпкерлік компаниялар International Business Company (IBC) формасында құрылады. Олар ұйымдық-құқықтық формасы бойынша жауапкершілігі шектеулі жабық компаниялар болып табылады.

 

Багам аралдарында тіркелген  оффшорлық компанияларға Багам  аралдарынынң териториясында орналасқан кез-келген меншікке (өзінің офисінен басқа) ақша салуға, ел азаматттарымен кәсіпкерлікті жүргізуге тыйым  салынған. Сонымен қоса банктік, трасттық, сақтандыру, қайта сақтандыру қызметімен айналысуға болмайды.

 

Оффшорлық компаниялар Багам  аралдарында банк шоттарын ашуға, жергілікті заңгерлер қызметін пайдалануға, қаржылық құжаттама мен қаржылық есептілік  жүргізу мен сақтауға, акционерлер  жиналысын өткізуге құқылы. Сонымен  бірге, Багам аралдарында тіркелген  компаниялардың акцияларын иеленуге болады.

 

Жергілікті лицензиясы бар, тіркелген агенттер ғана оффшорлық  компанияны тіркеуге құжат ұсынуға  құқылы. Оны тіркеу үшін Багам аралдарының  Компания тіркеушісіне жарғыны және құрылтай құжаттарын ұсынуы тиіс.

 

Оффшорлық компанияның жарғылық капиталына ешбір талаптар қойылмаған, алайда ол 50 000 US$ аспаса, тіркеу лицензиялық жарнасы 350 US$, ал асса 1000 US$ болмақ.

 

Оффшорлық компаниялар тек  атаулы акциялар шығаруға құқылы, алайда олар жарияланған немесе жарияланбаған  құнымен болуы мүмкін.

 

Багам аралдарының заңнамасына  сәйкес, ең төменгі акционерлер саны– 1, сонымен бірге акционер директор бола алады және акционер ретінде  жеке немесе заңды тұлға болуы  мүмкін.

 

Багам аралдарында тіркелген  барлық оффшорлық компанияларда  тіркелген офисі және тіркелген  агенті болуы керек.

 

Оффшорлық компаниялар акционерлер  реестрін және акционерлер мен директорлар  жиналысының хаттамасын жүргізуге  міндетті. Алайда, акционерлер мен  директорлар жайлы мәліметермен қоса, бұл құжаттар компаниялардың ішкі құжаттарына жататындықтан, жалпыға  жарияланбайды.

 

Компания өзінің мөрін  офисінде сақтауға тиіс, ал оның бедерлемесі  алғашқы акционерлер жиналысында  тағайындалуы керек.

 

Заң бойынша оффшорлық  компаниялар жылдық қаржылық есептілігін  тапсыруға міндетті емес.

 

Компания жыл сайын  мемлекеттін бажды төлеуге міндетті. Егер оны төлемеген жағдайда компания мемлекеттік тізімнен алынып, шаруашылық қызметін жүргізу құқығынан айырылады, алайда акционерлер міндеттемелері бойынша толықтай жауапкершілігін  сақтайды.

 

Келесі бес жылда мемлекеттік  баж бен айыппұлдар төленсе, компания мемлекеттік тізімге оңайлықпен қайта оралады. Бес жылдан астам  мерзімнен кейін компанияны мемлекеттік  тізімге  қайта орналастыру тек  жергілікті сот шешімімен ғана жүргізіледі.

 

Багам аралдарындағы оффшорлық  компаниялар валюталық реттеуден  босатылады.

 

Кез-келген оффшорлық және оффшорлық емес компаниялар Багам  аралдарында қызметін жалғастыру туралы келісімді тіркеу арқылы Багам аралдарына ауыстырылуы мүмкін.

 

Багам аралдарында оффшорлық  компаниялар толықтай салықтан босатылған. Бірақ Багам аралдары дүниенің ешбір  мемлекетімен қосарлана салық салуды жою туралы келісімге қол қоймаған.

 

Багам аралдарында тіркелген  оффшорлық компаниялар атауларына Limited, Ltd, Corporation, Corp., Incorporated, Inc., Sociedad Anónima, SA, Gesellschaft mit beschränkter Haftung, GmbH қосымшаларын қосуға міндетті.


Информация о работе Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы