Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:03, реферат
Х ғасырдан бастап исламның саяси iлiмi шеңберiнде мемлекет пен саясатты зерттеу — оны нормативтi-құқықтық және этикалы-философиялық тұрғыда қалыптастырды. Нормативтi-құқықтық бағыт мұсылмандық-құқықтық теорияға сүйендi және басқа iлiмдердiң ықпалын сезiнбедi. Философиялық-этикалық бағытта зерттеушiлер гректiң саяси философиясының дәстүрлерiне сүйендi және оны мұсылман мемлекетi — Араб халифатының ерекшелiктерiне қарай бейiмдеп пайдаланды. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Жасында сонда оқу-тәрбие алып, кейін Бұхара, Александрия, Каир, Дамаск, Бағдат қалаларында тұрып, білімін ұштап, қызмет атқарды.Оны әріптестері көзі тірісінде-ақ «екінші Аристотель» деп атаған болатын.